ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ГЕНДЕРЛІК БАҒЫТЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ресейде гендерлік бағытты дамытушылар
М.Арутюнян
Т.Рурко
А.Клецин
О.Воронина
Т.Клименкова
В.Бодрова
1990
Зерттеуші А.В.Кирилина өз еңбектерінде «гендер» және «жыныс» ұғымдарын ажыратып берді: «Гендер (социальный или социокультурный пол) не является языковой категорией, но его содержание может быть раскрыто путем анализа структур языка, что объясняет востребованность лингвистической компетенции для изучения культурной репрезентации пола»
Гендерлік лингвистика теориясын, әдістемесін талдап-түсіндіруде еңбек сіңірген ғалымдар:
Батыс лингвистері
Дж.Лакофф,
Д.Спендер
О.Есперсон
Орыс лингвистері
А.В.Кирилина,
М.А.Китайгородская,
Н.Н.Розанова
Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипатқа ие. Гендер факторы қазақ ағартушы, зиялыларының еңбектерінде де жиі ескеріліп отырған. Қазақ гендерлік лингвистикасының негізін қалаушы көрнекті ғалым, тұңғыш профессор Қ.Жұбанов әртүрлі халықта әйелдер тіліне тән ерекшеліктер болатынын көрсеткен. Қ.Жұбановтың еңбектерінде әйел тілінің спецификалық ерекшеліктеріне баса назар аударылған
Гендерлік лингвистика – қазіргі тіл білімінде қарқынды дамып келе жатқан лингвистикалық бағыттардың бірі. Лингвистикалық әдебиеттерде «гендер» термині жүйелі қолданылмағандықтан, ғалымдардың еңбектерінде «жыныс» және «гендер» сөздері қатарласа қолданылады. Гендер - әйел мен ердің әлеуметтік қоғам қалыптастырған, жасаған үлгісі. Ол әйел мен ер жынысының әлеуметтік ортадағы, қоғамдық-мәдениет ошақтарындағы өзіндік орны мен ролін айқындайды.
Неміс ғалымдары Ф.Вернер мен К.Наринз
жынысқа қатысты психологиялық сөйлеу айырмашылығына баса назар аударып, әйелдердің сөйлеу әрекетінің артикуляциялық жағынан гөрі кәсіптік тілін көбірек зерттеп жүр. Өйткені адам психикасымен байланысты сөйлеу процесі кезіндегі мидың қызметінің қандай болатыны, сөйлеу мүшелеріне тигізетін әсерін қарастыру тіл білімі үшін де, психология ғылымы үшін де аса маңызды. Яғни сөйлеуді тілсіз, ал сөйлегенді қабылдауды психологиясыз шешу мүлдем мүмкін емес. Сондықтан аталған екі ғылым бірлесе отырып, осы мәселелерді шешуі тиіс.
Кезінде гендерлік зерттеулер туралы қазақ тіл білімінде нақты сөз қозғалып, ғылыми зерттеулер жазылмаса да, оның ұшқынын қазақ халқының таным-түсінігінде әйелге қатысты қалыптасқан тілдік ерекшеліктерді сөз еткен Ә.Ахметовтің «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер», М.Бимағамбетованың «Қазақ сөз этикеті» еңбектерінен табуға болады. Бұдан біз қазақ тіл білімінде гендерлік мәселелер бұрын да ғалымдардың назарына іліккендігін байқаймыз, дей тұрса да бұл факторлар қазіргі кезде Отандық тіл білімінде жан-жақты арнайы қарастыруды талап етеді.