«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет25/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   145
Суретпен  жұмыс.    Оқушыларға  суреттер  көрсетіледі, 
сол  суреттер  бойынша  диалог  құру  керек.  Диалог  ішінде 
синоним сөздер болуы тиіс.
1-топ.  Қой  бағып  тұрған  кісінің  суреті  көрсетіледі  де, 
оның  кім  екені  сұралады.  Оқушылар  қойшы,  бақташы, 
шопан деп жауап береді де, ол сөздердің өзара синонимдес 
екенін түсінеді. 
- Қойлар қайда жайылып жүр?
-  Өрісте,  жайылымда  немесе
  тауда,  беткейде,                            
қырда, жотада, белде деп жауап береді.
2-топ. Дәрігердің суреті көрсетіледі. 
- Бұл кім?
Дәрігер, емдеуші, ақ халатты абзал жан, т.б.
- Ол кімді емдейді?


36
-  Ол  ауру  адамды,  дімкәс  адамды,  науқастарды, 
сырқат, дертті адамдарды емдейді.
Дәл осы жұмыс оқушылардың ойлануына, білгенін есте 
сақтауына көмектеседі.
3-топ. Мұғалім суреті көрсетіледі.
- Ал мына суретте кім бейнеленген? 
-  Бұл  суретте  мұғалім,  ұстаз,  оқытушы,  педагог 
бейнеленген.
- Ол кімдерді оқытады?
Оқушыларды, шәкірттерді, т.б. оқытады.
4-тапсырма.  Графикалық  диктант.  Синоним  сөздердің             
екі сыңарын табу. 
адам
байлық 
әлем
әуелі 
мықты 
                 күшті      жаһан     алдымен   қазына   пенде                     
5-тапсырма. Тест жұмысы.  
1. Синоним дегеніміз – 
А) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
Ә) қарама-қарсы сөздер;
Б) жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер.
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) мықты;       Ә) атақ;        Б) дәулет.
3.  «Қадірлі,  құрметті,  қадірменді»  синонимдік  қатары  
қай сөз табына жатады?
А) сын есім;        Ә) зат есім;         Б) үстеу.
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) шәкірт;          Ә) дос;         Б) кісі.
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап. 
А) күлу, сықылықтау, жылау;
 


37
Ә) зат, мүлік, нәрсе, бұйым;
Б) көне, жаңа, ескі.
Бұл тапсырманы оқушылар тест түрінде орындап, жұп-
жұбымен тексеріп, бір-біріне баға қояды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет