«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
Тыңдалым
Байқоңыр - планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы және бүгінде ол әлемдегі ең үлкен ғарыш кешені болып саналады. Жерден ұшырылатын ғарыш кемелерінің төрттен бірі Байқоңырдан ұшырылады.
1955 жылы Төретам кентінің жанынан ғарыш айлағының құрылысы басталды. Бір қызығы бастапқыда ғарыш айлағының аты Байқоңыр болмаған. Жобаның аты Тайга болған. Төретамнан 400-дей шақырым жерде орналасқан Байқоңыр аулының жанынан жалған ғарыш айлағын сала бастаған. Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына байланысты барлық құжаттарда сол Байқоңыр ауылы аталып келген. Біртіндеп сол ғарыш айлағының құпиялығы алынып тасталды. Осылайша Тайға атауы Байқоңырға айналып кетті. Айтпақшы, бұл Гагарин ұшқаннан кейін болған.
1957 жылдың 4 қазан күні Байқоңырдан Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды. Жер серігінің атауы Спутник-1 болды. Оны ресейлік конструктор Сергей Павлович Королев жасап шыққан. Спутник-1 диаметрі жарты метрлік сфера пішіндес болған және антенналар мен радио қабылдағыштардан тұрған. Спутник сигнал таратып, жерді 1440 рет айналған, сосын атмосфераның тығыз қабатында жанып кеткен.
Ал 3 жылдан кейін Байқоңырдан бесінші Жер серігі ұшырылды. Бұл жолы Жер серікте жолаушылар болған еді. 1960-жылдың 19 тамызында Белка мен Стрелка өздерінің атақты ғарышқа сапарын жасады. Ал кейін олар әлемдік танымалдыққа ие болды.
Әрине, адамзаттың ғарышты бағындырудағы ең маңызды қадамы 1961-жылдың 12 сәуірінде жасалды. Дәл сол күні Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында Юрий Алексеевич Гагарин бар Восток кемесі ұшырылды. Юрий Алексеевич Гагарин космоста шамамен 2 күндей болып, қайтып оралады. Ғарышқа ұшқан алғашқы адамның құрметіне 12 сәуір Космонавтика күні болып аталып келеді. (170 сөз)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мазмұнына сай сөздерді белгілеңіз.
Восток кемесі
Ғарыш айлағы
Ғарыш кешені
Жасанды серік
Жер серігі
[1]
2. Мәтінді екінші рет тыңдаңыз, мәтін мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз.
1955 жылы ненің құрылысы басталды?
_______________________________________________________________________
Жердің алғашқы жасанды серігі қай жылы ұшырылды?
_______________________________________________________________________
Белка мен Стрелка өздерінің атақты ғарышқа сапарын қай жылы жасады? ______________________________________________________________________
[3]
3-тапсырма. Мәтін бойынша 12 сәуір қандай күн екенін жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
Оқылым
Мәтінді оқыңыздар.
Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. Түркі жұртының, оның ішінде қазақ пен қырғыздың төл өнері болып табылатын сөз сайысының, әсіресе, ұлтымыздың біртұтастығы мен саяси өміріне де зор ықпал еткені анық. Деректерге сүйенсек, тарихтағы қалыпқа түскен, келешекке жеткен алғашқы айтыс Асан Қайғы мен Қотан жыраудың арасында болған екен.
Одан әрі айтыс өнерінің дамуы қарындай түсті. Яғни, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтың қай аймағын алсаңыз да суырып салмалық (импровизация) сөз саптау үрдісі ақындар деңгейінде жоғары сатыға жетті. Бізге жеткен дерек бойынша екі аралықтағы бір ғасырда айтыс ақындарының жыры сақталмаған немесе жаугершілік қиын заман болғандықтан. Айтыстағы өзіндік қолтаңбасын қалдырып, айтқаны ауыздан-ауызға көшіп, аты асқақтаған ақындарға Орынбай, Сүйінбай, Кемпірбай, Құлмамбет, Шашубай, Омарқұл, Мұрат, Жанақ, Шөже, Балта, Әсет, Рысжан, Тәбия, Ж.Жабаев, Шыбыл, Досмағамбет және т.б. жатқызамыз. Олардың барлық айтыстары сақталмаса да, халықтың жадында жатталғаны, кейбірінің қағазға түсуінің арқасында бірді-екілісі бізге жетті.
Алашты әлемге паш еткен қазақтың қаранар жазушысы, көрнекті ғалым, фольклор зерттеушісі Мұхтар Әуезов «Айтыс – сөз барымтасы» деп бекерге айтпаса керек-ті. Ұлтымыздың төл өнерінің бүгінгі жай-жапсарына үңілсек, кешеден сарқыт боп жеткен мұраның күнгей де көлеңкелі жақтары бой көрсетеді. Жалпақ тілге салғанда хан мен қараның арасындағы «алтын көпір» іспетті.Жаратқан жұртымыздың жалауы болған айтысымызға жар болсын!(168 сөз)
Манас Қайыртай
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
Тақырыбы_____________________________________________________________
Идеясы _______________________________________________________________
[2]
2.Мәтінді оқып, жанрын анықтаңыз.
A) әңгіме
B) роман
C) мақала
D) өлең
E) поэзия
[1]
3.Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы туралы берілген ақпаратты анықтап, 2 аргумент жазыңыз.
Ақпарат:______________________________________________________________
Аргумент: ____________________________________________________________
[2]
Жазылым
Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, «Жарқын болашақ жолында» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Мақала жазу барысында сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
[10]
Айтылым
«Айтыс өнерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбында жұбыңызбен сұхбаттасыңыз. Сұхбаттасу барысында сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айтыңыз (8-10 сөйлем).
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |