1 Мәтінді оқып үйренудің көпқырлылығын түсіндіріңіз.
2 Автор (мәтін тудырушы) және мәтін – оқырманның арақатынасы туралы баяндаңыз.
3 Мәтін филологиялық зерттеудің нысаны екенін дәлелдеңіз.
4 Мәтін және оны қабылдаудың дұрыстығы жайлы әңгімелеңіз.
5 Аялық білімнің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
6 Мәтінді оқып үйренудегі функционалдық талдауды сипаттаңыз.
7 Мәтінді оқып үйренудегі прагматикалық талдаудың қарастыратын мәселелерін анықтаңыз.
8 Мәтін және оның бірліктерін сипаттаңыз.
9Байланыс пен тұтастықтың мәтіннің сындарлы белгілері екенін дәлелдеңіз. 10 Әр түрлі тілдік бірліктердің мәтін құрушылық мүмкіндігін мысалдармен сипаттаңыз.
Мәтінді оқып үйренудің көпқырлылығын түсіндіріңіз.
«Мәтін» ұғымын анықтауда оның әр түрлі қырынан қарастырып, соған лайықты, яғни алдына қойған мақсатына сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданады.
«Мәтін грамматикасы», «мәтін стилистикасы», «мәтін синтаксисі», «мәтін лингвистикасы» сияқты терминдер мәтін ұғымын кеңейтеді. Лингвистикада мәтінге әр түрлі анықтамалар беріледі, мұның себебі мәтін ұғымының көпқырлылығында. Сондықтан да «сөйлемдер тізбегі», «сөйлемнен жоғары тұрған бірлік» деген анықтамалар мәтіннің сыртқы материалдық құрылымдық жағын сипаттайды, ал оның «экстралингвистикалық» көрсеткіштері, коммуникацияға қатысушылардың рөлі ескерусіз қалады. Мәтін сөйлемдердің жиынтығы емес, мәтін сол сөйлемдер арқылы жүзеге асады, яғни мәтіннің мағыналық сыңары орындалады. Оның қоса мәтін мағынасы оны жасаушының уәжімен анықталады.
Демек, мәтін көпқырлы дүние болғандықтан да, оған әр түрлі анықтамалардың берілуі заңды. Мәтінге анықтама беруде оның түрлі сапалық белгілері ерекшеленеді. Мысалы, мәтін – ақпараттық кеңістік немесе тілдік шығарма, немесе таңбалардың тізбегі және т.б. Семиотикада кез келген таңбаның мағыналық тізбегін мәтін деп қабылданып, коммуникацияның кез келген формасын (би, салт-дәстүрлер т.б.) да мәтіннің қатарына жатқызады.
Оның формасына, құрылымдық ұйымдастырылуын көрсетеді.
Байланыс. Құрылымдық байланыс эксплицидті және имплицидті болуы мүмкін. Бөлмеде демалатын ауа қалмады. Біз көшеге шықтық. (Себеп-салдарлы байланыс сөздер арқылы немесе логикалық-интонациялық құралдар арқылы жүзеге асқан).
Мысалы: Ботаникалық шығанақты мұз құрсаулапты. Зәулім қарағайлар суықтан қақ айырылыпты. Тынымсыз соққан жел мұздық бетіндегі құрғақ қарды үрлеп алып кетіпті. Қараңғы түсе салысымен шығанақ қара әйнек секілді жарқырап, бетінде жұлдыздар шағылысады.
Мәтін тұтастығы – ең бірінші тақырыптық, концептуалдық модальдік бірлік.