«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Отбасы және демографиялық өзгеріс»



Дата19.05.2023
өлшемі17,39 Kb.
#95338
түріСабақ

«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша
Оқылым тапсырмасы: Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, тілдік ерекшеліктерін өзара салыстырып, өңдеп, өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Жазбаңызда шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп бағыныңқы сабақтастарды түрлендіріп қолданыңыз.

1-мәтін


Гендік инженерияда гендерді тасымалдау арқылы түраралық кедергілерді жойып, қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады.
Инженерия түсінігінің өзі «құрастыру» деген мағынаны береді. Олай болса, гендік инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны ауыл шаруашылығында, медицинада пайдалану арқылы өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды.
Соңғы жылдары гендік инженерияның көмегімен бактериялық клеткадан вирустық ауруларды емдеуге қолданылатын интерферон және өсу гормоны – соматотропин нәруыздарын алуға қол жетті. Қант диабеті ауруын емдеуге қолданылатын инсулин гормонын алудың арзан жолы табылды. Бұрын инсулин жануарлардың ұйқы безінен өте қымбатқа түсетін жолмен алынатын еді. Қазіргі кезде гендік инженерия әдісімен ішек таяқшасы бактериясынан бөлініп алынатын болды.
Жануарлар селекциясында гендік инженерияға байланысты аустралиялық ғалымдар гендер құрамына өсу гормонының генін енгізе отырып, кәдімгі шошқаға қарағанда екі еседей жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шығарды.
Ағылшын ғалымдары геномына қанның ұюын тездететін ген енгізілген қой алды. Мұндай қойдан бөліп алынған арзанға түсетін препаратты гемофилия ауруын емдеуде қолданады.

2-мәтін


Гендік инженерияның табысты саласы болып саналатын гендік түрлендірілген өнімдер туралы әлі күнге нақты көзқарас пен саяси шешім қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себебі

  • адамның адам ағзасына қаншалықты әсер ететіндігі әлі толық зерттелмегенінде. Осыған қатысты пікір қайшылығы өте көп.

Александр Панчин, биолог-ғалым: – Табиғи тағамның бәрі пайдалы, ал пайдалысы міндетті түрде табиғи болуы шарт емес. Мысалы, шешек деген – нағыз табиғи патоген. Ол адам ағзасына өте қауіпті. Осы ауруды жеңу үшін оған қарсы вакцина ойлап табылды. Мұндай жасанды екпе болмаса, не істер едік?! Сол сияқты талай адам табиғи патогендер туындатқан неше түрлі инфекциялық аурулардан көз жұмып жатыр. ГМО-дан өлді деген бірде-бір жағдайды естіген жоқпыз.
Евгений Климов, эколог-биолог: – Гендік модификацияланған өнімдер зиянды деген пікірмен келісемін. Трансгендік өнімдерді жан-жақты зерделей келе, мұның шынымен де өзекті мәселе екеніне көз жеткіздік. Модификацияланған өнімдерді тұтыну тұрмақ, осындай азық-түлікті өсіріп шығаратын елдерде қуықалды безі мен сүт бездерінің қатерлі ісігі басқалардан төрт есеге көп болатыны анықталған. ГМО енді жетіліп келе жатқан ағзаға қауіпті. Сондай-ақ мұндай өнімдер бала туу жасындағы әйелдерге де зиянды. Белгілі ғалым Ирина Ермакованың зерттеулері соны меңзейді. ГМО туу көрсеткішін кемітіп, жер бетіндегі адамдар санын азайту үшін ойлап табылған деген пікірдің жаны бар. Асқа асылық айтпаймыз десек те, көзге көрінгенді жей берген де дұрыс емес екенін есте ұстаған жөн. [5]

А мәтіні. Ерекшелігі

Ә мәтіні. Ерекшелігі

Тақырыбы

Тақырыбы





Қызметі

Қызметі





Тілдік ерекшелігі

Тілдік ерекшелігі






Жазылым


Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]


  1. «Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, эссе (аргументативті) жазыңыз.

  2. Сіз теледидардан әлем жаңалықтарын қарадыңыз. Кешкісін естіген хабарыңызды ой елегінен өткізіп ойланып отырсыз. Кейбір нәрселер сізді толғандырып, мазасыздандырды. Өз бойыңыздағы осы сезімді сипаттап жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет