1- сұрақ: Ұғым және сөздің өзара байланысын салыстырып (ғалымдардың пікірлерін қосып), өз тұжырымыңызды жасаңыз. Мысалмен дәлелдеңіз



Дата15.04.2023
өлшемі51,08 Kb.
#82670

1- Сұрақ: Ұғым және сөздің өзара байланысын салыстырып (ғалымдардың пікірлерін қосып), өз тұжырымыңызды жасаңыз. Мысалмен дәлелдеңіз.
Жауап: Жалпы, ұғым қай халықта болса да бірдей. Ұғым мен сөзді салыстырып қарайтын болсам, сөз ол ұғымды толықтырушы. Әрбір ұғымды біз сөз арқылы жеткіземіз. Біздің тіл білімімізде сөз бен ұғымды тең дәрежеде қарастырған. Ғалымдардың пікірлерін саралай келе, ұғымның жасалуында сөздің маңызы жоғары екендігін байқадым. Себебі, сөзсіз ұғым болуы әсте мүмкін емес. Біз ұғымды жеткізу үшін сөздің керектігі белгілі. Өйткені, ұғымды сөз білдіреді. Бірақ, бір сөз болса да, көп сөз болса да бір ұғымды білдіруі мүмкін. Кей жағдацларда бір сөйлем бір ұғымды білдіреді. Философиялық тұрғыдан қарастыратын болсам, адам ойлаған кезде оның ойына алдымен ұғым келеді, ол ойына келген ұғымды сөз арқылы жарыққа шығарады. Ғалымдар, ұғым түйсіктен пайда болады деген болжам жасаған болатын. Адам баласы көрген білгенін түсіну арқылы ұғым пайда болады екен. Мысалы, кәдімгі кей жағдайларда үйде күнделікті қолданып жүрген көмірді алып қарастырып көрейік. Біз көмірді сөнген шоқ деп түсінеміз, ал шоқ деп біз сол көмірдің жаңғаннан кейінгі қалған қалдығын айтамыз. Бұл жерден біздің байқайтынымыз, бәрі біріне-бірі жақын болса да, ұғым мен сөз әртүрлі, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты.
2-Сұрақ: Кәсіби сөздің ерекшеліктері, түрлері мен принциптерін концептуалды кестеге түсіріңіз.
Жауап: Ең алдымен бізге бұл сөздің қызметінің қандай екендігін ұғынып алғанымыз жөн деп білемін. Ол белгіленген арнайы бір шаруашылық түріне және де тек кәсіп атаулыға байланысты қолданылатын, яғни, халық үшін бірдей белгілі болмайтын, кейбір адамдарда ғана қолданыстағы сөздер кәсібилік сөздер болып табылады. Негізінен біздің тілімізде кәсібилік сөздер кеңінен қолданылады, яғни, олардың атаулары көп. Бұл кәсіби сөздердің түрін негізінен екі салаға бөліп қарастыра аламыз.
Бірінші салаға көптеген ауқымды кәсіптің түрлеріне жататын шаруашылық атауларын жатқыза аламыз. Соның ішінде, малмен айналысатын шаруашылық түріне байланысты, астықпен айналысатын, су асты балықтармен айналысатын, бақшадағы көкеністермен айналысатын, сонымен қатар, мақта шаруашылықмен айналысатын шаруашылық секілді кәсіп түрлерін жатқыза аламыз.
Ал, аз мөлшердегі яғни ауқымды емес кәсіп түріне жататын кәсіп атауларына, ұсталықпен, бақташылықпен, өрімшілік, тоқымшылықпен, зергерлікпен, сондай-ақ басқа да көптеген кішігірім кәсіп түрлерінен тұратын сөздерді жатқыза аламыз.
Жалпы бұл кәсіптік сөздердіғ ерекшеліктерін салыстырмалы түрде диалектпен салыстарытн болсам, кәсіптік сөздердің әдебиеттік тілінде балама түрлері кездеспейді. Сол үшін де бұл кәсіптік сөздердің тигізер әсері мол деп айта аламын. Яғни, әдебиеттік сөздік қорымызды байыта отырып, халық араасындағы қолданысқа сіңіп, өз орнын табады.
3-Сұрақ: Төмендегі сөздер қандай мағынада жұмсалғанда, омоним болады? Қол, ат, ара, жай, ай, көк, жал, айт, бауыр, ор.
Жауап: Жалпы, барлығымызға белгілі омоним сөздер дегеніміз ол сөздердің жазылу бірдей болып келгенімен, айтылғандағы мағынасының өзгеруі. Бір сөздің екі-үш түрлі мағынада айтылып қолданылуы болып табылады.
Мысалы ретінде Қол сөзін алып қарастыратын болсам, біріншіден ол қол сөзі адамның дене мүшесінің бірі болып табылады, екінші мағынадығы қол сөзі ол әскер, жасақ деген сөздермен тікелей байланысты, яғни, кезінде батырларымыз жауға аттанар алдында қздерінің қолдарын жинаған деген секілді мағынада қолданылады.
Келесі бір сөз ол ат сөзі. Ат сөзінің бір мағынасы ол адамның аты болса, яғни адамның есімі ретінде қолданылып түрса, бір жағдайда төрт түлік малдың бірі жылқыны да кей жағдайда ат деп атаймыз. Сонымен қатар, бір нәрсені немесе бір затты ату мақсатында да қолданылады. Мысалы ағаларымыз аңға шыққанда аңды мылтықпен атып ұстап келеді деген секілді.
Дәл осылай Ара сөзіне мысал келтірсем, Мен ағашты арамен араладым, менің қолымды ара жақты деп екі сөйлем алып қарастыратын болсам, бұл жерде ара сөзі екі түрлі мағынада қолданылып тұрғаны баршамызға белгілі. Бірінші сөйлемде, ара сөзі затты білдіріп тұрса, екінші сөйлемде жәндік екендігін білдіріп тұр.
Ай сөзіне мысал келтіре кетсем, Ай туыпты, қазір қай ай, оның айы оғынан туыпты деген секілді мағыналарда қолданылады. Бірінші мағынадағы ай сөзі бұл жерде аспан денесіне қатысты айдың тууын сипаттап көрсетіп тұр, қазақ халқы өзі ырымшыл халық болғаннан кейін ай туған уақытта сәлем салып, амандасу керек деген сияқты ырым бар бір жағынан ай сөзі осы мағынада қолданылып тұр. Сондай-ақ ай сөзі бір жылдың ішінде кездесетін ай аттарына да байланысты, ал, үшінші мағынасы ол біреудің жолы болған уақытта айы оңынан туыпты деген секілді тіркестер де кездесіп жатады.
Жай сөзіне мысал келтірсем. Жай сөзі бір мағынада мекенді білдірсе, бір мағынасында сын-қимылды білдіреді, ал бір жағдайда басына бір жай түскендей деген секілді мағынада да қолданылып жатады.
Көк сөзінің мағынасы ол көк алдымен түсті білдіреді, сондай ақ кесінде жыртқыш аң қасқырды көк бөріге теңеген болатын, сонымен қатар, көк шөп деген де мағынада кездеседі.
Жал сөзіне тоқталсам, жал ол бір мағынасында баршамызға белгілі жылқы малында кездеседі,жылқының жал құйрығы деген мағынада қолданылады, сондай ақ жал сөзі қырат деген мағынада, яғни, жер бедерінің бір түрі ретінде қолданылады.
Айт сөзі біріншіден мұсылмандардың діни мерекесі құрбан айтқан байланысты қолданылса, екінші мағынада әке-шешеңе сәлем айт, соңғы сқзіңді айт, деген мағынада қолданылады.
Бауыр сөзі бір мағынасында өзіңнің туған бауыр етің бауырың мағынасында қолданылады, ал, бір жағдайда адамның дене мүшесінің бір бөлігі болып табылады, сонымен қатар, салт-дәстүрге де байланысты құйрық-бауыр асату деген секілді дәстүрде де қолданылады.
Ор сөзіне тоқталсам, Мысалы, біреуге ор қазба өзің түсерсің және шөпті шалғымен ор деген екі түрлі мағынада қарастырсақ болады. Бірінші мағынада біреуге жамандық ойламау мақсатында болса, екінші мағынасында іс-әрекетті білдіріп тұр

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет