Сабақтың тақырыбы Әлемді өзгерткен жаңалықтар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі66,21 Kb.
#117831
түріСабақ
  1   2   3


Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Әлемді өзгертетін жаңалықтар

Мектеп: №10



Күні:

Мұғалімнің есімі: Тургумбаева Л.С.



СЫНЫП: 5



Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әлемді өзгерткен жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сәйкес)

5.7.1.1. Әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ғылыми жаңалықтар не екенін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Жаңалықтардың әлемді қалай өзгертетінін біліп, түсінетін болады.

Кейбір оқушылар:

  • Дүниежүзінің дамуына үлес қосқан ғалымдар жайлы білетін болады.

Бағалау критерийі

Білу - Оқушылар ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін және әлемді өзгерткен жаңалықтарды біледі.
Түсіну - Жаңа технологиялардың не екенін түсінеді.
Қолдану - Ғылыми жаңалықтарға ауызша мысал келтіре алады Талдау - Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Оқылым: Оқулықтан әлемді өзгерткен жаңалықтар туралы оқиды.

  • Тыңдалым: Әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар(ДНК) туралы видеоролик тыңдайды

  • Жазылым: Термин сөздерді дәптерге жазады

  • Айтылым: Оқулықтан басқа тағы қандай жаңалықтар болып жатқанын ортаға салып айтады. Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады

Пәнге тән терминология: Жаңалық, ғалым, ғылым, прогресс, техника, технология, зерттеулер, ұялы телефон, ғаламтор, «жасыл революция», ЭКСПО-2017.

Құндылықтарға баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

  • Өмір бойы оқуға дайын болу;

Пәнаралық байланыс

Физика пәнімен телефон жасауда электр тоғын пайдалану керектігін, биология пәнімен ДНҚ туралы мәлімет алуда байланыстыра алады.

Алдыңғы тақырып

Оқушылар аса маңызды ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, жоқ оқушыларды түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал тудыру.
Ынтымақтастық құру «Мінезің қандай?» әдісі.
Оқушыларға түрлі геометриялық фигуралар (кеспе қағаздар) беріледі. Сол кеспе қағазда жазылған мінез өзінің мінезіне сейкес келеме келмейтіндігі туралы сөз етеді. Сол геометриялық фигуралардың көмегімен оқушыларды «Топтастыру» әдісі бойынша 4 топқа біріктіруге болады
Сен көшбасшысың, үнемі белсенді
болып жүргенді ұнатасың (1 топ)
Сен еңбекқорсың, оқығанды жақсы
көресің, үйренгенді жақсы көресің (2 топ)
Сен өте шығармашыл адамсың,
сенен ғажайып түрлі идеялар
мен ойлар шығады (3 топ)

Сен жайдары адамсың, жүргенді ұнатасың (4 топ)


Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі
Үй тапсырмасын суреттер арқылы сұрау. Оқушыларға алдын – ала ұялы телефон, теледидар, микроскоп, компьютер, радио, батарея, автомобильдің шығарылған суреттері беріледі. Оқушылар суреттерді таңдай отырып, суреттің артында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ол суретті тақтаға жабыстырады. Суреттің артында өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар берілген. Ал суретте бүгінгі жаңа тақырыпқа байланысты суреттер бейнелеген.
Сұрақтар
1. Қызыл кітап қандай құжат?
2. Қызыл кітапты жасаудың мақсаты неде?
ҚР Қызыл кітабы қанша томнан тұрады?
3. Мұқабаның қызыл түсі нені білдіреді?
4. Кітапқа қанша түр енгізілген?
5. Қызыл кітапқа енген 3 өсімдік пен 3 жануарға мысал келтір
6. Не мақсатта Қызыл кітапқа өсімдіктер мен жануарлардың түрлері енгізіледі?
7. Халықаралық табиғатты қорғау одағы қай жылы құрылды?
8. Қызыл кітап қай жылы жарыққа шықты?
9. Табиғат компоненттерін қалай қорғауға болады?
10. Өз аумағыңда Қызыл кітапқа енген жануар мен өсімдік түріне мысал келтір.







Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады.
Мұғалім оқушыларға әлемде болып жатқан қазіргі таңдағы қандай жаңалықтар туралы білетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет