Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау 2-нұсқа 1. Баяндауышы ауыспалы келер шақ етістіктен болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А)Ол ерте тұрады. В)Ол ертең келеді. С)Сәуле келмек еді. Д)Менің келгім келді. Е)Ол оқып жатыр.
2. Етістіктің бұйрық рай түрінде тұрған сөзді табыңыз.
А)Колхозға барыңдар. В)Көрген болар. С)Айтып кеткен еді. Д)Көшіп кеткен болатын. Е)Ол келді.
3. Жіктік жалғауында тұрған есімшені табыңыз.
А)Келемін. В)Айтарым. С)Бармассың. Д)Көрермен. Е)Барса.
4.Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
А)Бара сал. В)Келе ғой С)Қарсы ал. Д)Оқып отыр. Е)Айтады.
5. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз
А)Арман, қағаз. В)Баратыным, көретінім. С)Жүздеген, біреу. Д)Күлгіз, орғыз. Е)Айтатын.
6.Ауыспалы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті. В) –атын, -етін, -йтын, -итін. С) –ған, -ген. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
7. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістік жұрнағы дұрыс жалғанғанын белгілеңіз.
А) Балама айт. В) Бұл да бір амал ма? С) Сен ойлама. Д) Балдай тәтті алма. Е) Ол жақсы бала ма?
8. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.
А) Жүзген. В) Жүзді. С) Жүзбек Д) Жүзер. Е) Жүзеді.
9. Дұрыс жазылған етістікті табыңыз.
А) жуыу В) байыу С) кею D) сыйу Е) төку
10. Қимылдың атын білдіретін, шақпен, жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсетіңіз. A) Тұйық етістік D) Көмекші етістік B) Сабақты етістік E) Болымды етістік C) Құранды етістік 11. Бұйрық райдың ІІІ жағын табыңыз.
А) табыңдар В) түсініңіздер С) үйренгісі келеді Д) жетсін Е) ұнатты
12 Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
А) –ған-ген-қан-кен В) –а-ып-ғалы-й С) –атын-етін-р Д) –е-іп-ар-ер Е) –с-атын-гелі-п
Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-нұсқа
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек. В) -етін, -йтын, -итін. С) –а, -е, -й. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
2. Жалаң нақ осы шақты табыңыз.
А) Бар. В) Кел. С) Айт. Д) Күл. Е) Жүр.
3. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені табыңыз.
А) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі. В) Туған жердей жер болмас. С) Ел аралаған сыншы болар.
Д) Ат айналып қазығын табар. Е) Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
4. Етістіктің жедел өткен шақ түрін табыңыз.
А) Баяндалған. В) Баяндалды. С) Баяндама. Д) Баяндар. Е) Баянда.
5.Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.
А) Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.В) Арақты сатпау керек. С) Темекі шегу денсаулыққа зиян.
D) Нанды жерге тастауға болмайды.Е) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.
6. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.
A) Тасыу B) Кепу C) Жуу D) Жайу E) Суыу
Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
А) айтқаным В) есіңе алғайсың С) келіссе игі еді Д) бара салайық Е) тентіретті
7. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?
А) шартты рай В) ашық рай С) ешбір Д) қалау рай Е) бұйрық рай
8.Қай сөйлем бұйрық райда тұрған жоқ?
А) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді. В) Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер
С) Менің дәптерімді табыңдар. Д) Олар үйге ертерек жетсін.
Е) Күн жылы болса,тауға шығамыз.
9. Қимылдың атын білдіретін,шақпен,жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсет.
А) Тұйық етістік В) Сабақты етістік С) құранды етістік
Д) Көмекші етістік Е) Болымды етістік
10. Қай қосымша жіктелмейді?
А) –атын В) –ғалы С) –ған Д) –ар Е) –мақ
11. Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін табыңыз.
А) келгелі, үйренгелі В) айттым, қалдым С) бітіпті, тозыпты
Д) табатын, үндемес Е) барған емеспін, келер еді
12.Есімшенің тәуелденген түрін табыңыз.
А) аяқта, ұқ В) бұзар, шабар С) егер, ендеше Д) көргенің, айтарым Е) жазым, басылым