ЕТІСТІК ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ермекбаева
Г.Ғ.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе
университетінің магистранты
Қазақ тіл білімінде әріден зерттеліп келе жатқан етістік
тұлғаларын бір ізге салу барысында ғалымдар арасында әр түрлі
қайшылықтар кездесіп отырған. Етістік тұлғаларын зерттеу қазір
де ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Етістік – тіліміздегі сӛз таптарының ішіндегі ең күрделі және
кӛлемі ең кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен
кӛлемділігі оның аса ӛрісті лексика-семантикалық сипатымен, бай
лексика-грамматикалық формаларымен, кӛсіліңкі синтаксистік
қызметімен тығыз байланысты.
Ғалымдардың кӛпшілігі сӛз таптарының ішіндегі сӛзге молы,
күрделісі етістік екендігін және бұл сӛз табының күрделілігін оның
лексика-семантикалық
ерекшелігінен,
грамматикалық
категорияларының кӛптігінен, сӛйлемде атқаратын қызметінен,
туынды сӛз жасау жүйесінен т.б. қасиеттерінен кӛруге болатынын
айтқан. Ӛзінің кӛнелілігімен де ерекшеленетін бұл сӛз табына
талай ғалымдар анықтама беріп кеткен.
Ахмет Байтұрсынұлы «Етістік дегеніміз – заттардың еткен-
етпеген істерін кӛрсететін сӛздер» [ 1, 231] деп оның болымды,
болымсыз, есімше, кӛсемше түрлерін атап кӛрсетеді. Ы.Маманов
«Етістіктер дегеніміз – заттың іс, қимыл процесін, күйін білдіретін,
шаққа, жаққа, райға, етіске, болымды, болымсыз болып түрленіп,
сӛйлемді құрастыруда ерекше қызмет атқаратын сӛз табы» деп
анықтама берсе [2], Сауранбаевтың айтуынша: «Етістік қимылды
немесе қимыл түрінде ӛтетін түрлі процестердің атын білдіретін
сӛз табы» [3, 8].
Етістік туралы басқа да оқулықтарда, грамматикаға арнап
жазылған еңбектерде беріліп жүр. Солардың ішіндегі «етістік –
қимыл, іс-әрекеттің атауы» дегенді С.Исаев қатеге шығарады:
«Етістік қимыл, іс-әрекеттің атауын емес, нақ ӛзін білдіреді, ал
атын (атауын) етістіктің белгілі бір формасы (қимыл атауы)
білдіреді» [4, 81].
Етістікке қатысты ӛзге де даулы пікірлер кездеседі. Мәселен,
етістіктің негізі, түбірі туралы кӛзқарастар. Ә.Тӛлеуов етістіктің
морфологиялық белгілерін айта келе «Етістіктің түбірі ІІ жақтың
бұрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына
қосымшалар
қосылу
арқылы
жасалады.
Яғни,
оның
морфологиялық категориялары бұйрық райдан ӛрбіп жатады: оқы,
-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды, -пты т.б.» дейді [5].
Етістік – күрделі сӛзжасам жүйесі бар сӛз табы. Ол туынды
сӛздерге ӛте бай, етістік құрамын тілдің тарихи дамуы бойында
үнемі толықтырып отырған. Етістіктің сӛзжасам жүйесінде түрлі
тәсілдер қолданылады. Олар синтетикалық, аналитикалық,
семантикалық тәсілдер. Етістікте алғашқы екі тәсіл ӛте ӛнімді.
Етістік жасауға негізі түбір және туынды түбір сӛздер негіз
болады. Әрі қарай мағыналы морфемаларға бӛлуге келмейтін: ал,
аш, ақ, біл, кел, кет, қаш, төк, өл, өш, ұқ т.б. кӛбіне бір буынды
түбірлер негізгі түбір делінеді. Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан тасы,
шоқы, сандал, тебірен т.б. кӛптеген етістіктерді де бүтін бір
морфема, яғни негізгі түбір етістік есебіне аламыз.
Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл деп жаңа туынды
етістіктердің,
олардың
неше
алуан
семантикалық
категорияларының
түбірге
я
негізге
белгілі
мағыналы
формалардың қосылуы, жалғануы арқылы жасалуын айтамыз.
Мысалы: жинастырылды – жи – түбір, на-жұрнақ, с-ортақ етіс
жұрнағы, тыр-ӛзгелік етіс жұрнағы, ыл-ырықсыз етіс жұрнағы, ды-
ӛткен шақ жұрнағы. Мұндай етістіктің негізгі мағынасына
үстелетін семантикалық категориялар (етіс, шақ, жақ) белгілі
форманттардың (жұрнақтардың) негізгі түбірге қосылып жалғануы
арқылы жасалған.
Аналитикалық (синтаксистік) тәсіл деп негізгі етістіктерге
және есімдерге кӛмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жаңа сӛз
жасалуын айтамыз. Мысалы, тұра тұру, дем алу, қайтып келу,
таң ату, кетіп қалу, телефон соғу, дауыс беру, сөйлесіп жүру,
барса игі еді, қайтса игі еді. Мұнда әрбір тіркестегі жеке
етістіктер, я есім мен етістіктер жеке-жеке дара ұғымды білдірмей
күрделі бір ұғымды білдірген: барса игі еді – бар негізгі етістік,
негізгі ұғым осында, са – шартты райды, игі – қалауды, тілекті
білдіреді, еді – негізгі етістікке шақтық, жақтық мағына береді.
Аналитикалық
тәсіл
арқылы
етістіктің
сӛзжасамына
қатысатын элементтер етістік түбірлер мен есім түбір сӛздер.
Оқулық, ғылыми курстарда қолданылып жүрген: күрделі сӛздер,
біріккен, кіріккен және қос сӛздер делінетіндердің бәрі де – осы
амалдан туған нәтижелер. Мысалы: алып кел, алып бер, алып кет,
алып бар дегендерден кіріге бірігіп: әкел, апар, әкет, әпер
жасалынған да, ер жет, бас бол, жәрдем ет тәрізді есім етістік
құрамды етістік сӛзжасам нәтижелері, ӛзінің грамматикалық
болмысында бар, кел, өл, өт дегендер тәрізді етістік түбіріне тән
сипаттардың бәріне ие болады. Сонда ІІ жақ сен деген жіктеу
есімдігіне қаратыла, бұйыру мәнінде айтылады. Сондықтан да
аналитикалық сӛзжасам нәтижелері етістік түбіріне тән осы
грамматикалық қасиетке ие болады.
Түрколог ғалымдардың дені етістік сӛз тобын ӛзге тілдер
әсеріне шалдықпайды деп есептейді. Бірақ М.Б.Балақаев,
Қ.М.Есенов, Е.Н.Жанпейісов, Н.О.Оралбаева секілді лингвист-
ғалымдар сӛзжасам саласындағы бұл пікірді жоққа шығарады да,
синтетикалық тәсіл жұрнақтары арқылы қосылып жасалған
мынадай мысалдар арқылы дәлелдейді: автоматта-н-дыр, колхоз-
да-с, асфалт-та, тонна-ла-п т.б. туынды түбір етістік, одан
ӛрбіген
есімше,
кӛсемше
тұлғаларды
жүздеп
санауға
болатындығын айтады. Сондай-ақ: звон-да, звонить ет деп екінің
бірі айтады.
Қазақ тілінде бар түбір жұрнақтармен заңды жасалым арқылы
туынды түбір жасалып, ынта-ла-н-дыр-у тәрізді орыс тілінің
стимулировать жаңа етістігіне балама ретінде дүниеге келген
сӛздер де бар. Сӛзжасамның осы тәрізді семантикалық тәсілімен де
етістік санының молаятындығын да ғалымдарымыз атап ӛткен [ 6,
239-240].
Қазіргі таңда етістік категориясы мектеп бағдарламасында
тӛмендегідей үлгіде оқытылып келеді. Біз оны мынадай кесте
түрінде беріп отырмыз.
ЕТІСТІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Етістік
(қимыл,
іс-әрекет)
не істеді?
Негізгі
етістік
Туынды
етістік
күл, тұр, сал, қал,
жүрді, салды, т.б.
Есімдер
- ла, -ле; шеге- ле, таза-ла, т.б.
-да, -де, -та, -те; тіс-те, бас-
та, т.б.
-а, -е; ойн-а, түн-е, т.б.
-ай, -ей, -й; мол-ай, көб-ей, қара-й, т.б.
-ар, -ер, -р; ағ-ар, көг-ер, қысқа-р, т.б.
Еліктеуіш сӛздер -ыра; сарқ – ыра , -іре;
үлб-іре, т.б.
тұлғасына
қарай
Дара
НЕГІЗГІ
кел, айт, көр, бар, т.б.
Күрделі
маңырап жатыр екен
Тіркес
негізгі етістік кӛмекші етістік
Болымды
Негізгі -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе + «жоқ», «емес»
+ кел – ме, айт – па,
Туынды келген жоқ, келер емес
Болымсыз
Туынды
Мысалы: жүрді, көргенбіз, жинасам, т.б.
ТУЫНДЫ бас – қар, таза – ла, көг –ер, т.б.
Негізгі
Салт
Б.с.Ж.с.Ш.с.К.с. ауылға қайт, түсінде көрді,
үйден келді, поезбен келді.
сабақты –ыл, -іл, -л. (ырықсыз етіс) салт
Хат жаз – ыл – ды.
Сабақты
Т.с. (кімді? нені? не?)
Алайда осы кезге дейін ғалымдар етістік жӛнінде түрлі
пікірлер беріп жүр. А.Ысқақов етістік негізі әрдайым бұйрық
(тілек, ӛтініш, т.б.) мәнін білдіріп, бұйрық райдың екінші жағының
анайы тұратындығын айтады [ 7, 275]. Бірақ С.Исаев бұны жаңсақ
пікір деп бірнеше дәлел келтіреді: бұйрық райдың жекеше ІІ жақ
формасындағы етістіктердің барлығы түбір бола бермейтіндігін
(мысалы: келтірме, оқытқызба, т.б.), бұйрық мәнді етістік түбірге
тән грамматикалық мағына болса, осы түбірге түрлену
формаларында жұмсалғанда бұйрықтық мағына сақтала берілуі
керек болады, бірақ қимылдық мағына сақталғанымен бұйрықтық,
ІІ жақтық мағына сақталмайтындығын (келгенмін, оқыпсың); ІІ жақ
бұйрықтық мағынаның грамматикалық жағынан тектес серіктері,
бірақ арнайы грамматикалық формалары бар ІІ жақ сыпайы және
кӛпше түрдегі бұйрық рай тұлғаларын қайда жатқызатындығын;
бұйрық рай етістіктің грамматикалық түрлену жүйесіндегі таза
грамматикалық категорияның бір түрі екендігін, етістіктің түбірі
тікелей жіктелмейтінін, ал ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы жіктелудің
бір грамматикалық-парадигмалық кӛрінісі болып табылатынын
дәлелдеп кӛрсетті [4, 83].
«Қазақ грамматикасында» аталған мәселеге байланысты
мынадай қорытынды жасалған: Етістіктің түбір тұлғасы қимылды,
іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол – етістіктің жеке сӛз
табы екендігі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы
грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың ІІ жағы сол етістіктің
сӛйлеу процесінде басқа сӛздермен қарым-қатынасқа түсудің
нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нӛлдік форма арқылы
кӛрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық
мағынасы болып табылады» [ 8, 497].
Қазақ тіл білімінде тілдің даму процесінде әріден зерттеліп
келе жатқан етістік категориясы туралы аталған пікірлерден де
басқа қорытындылар жеткілікті. Алайда етістік тұлғаларын зерттеу
қазір де ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тақырыпта
жазылған еңбектер ӛз құндылықтарын жоғалтпайды деген
сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
салт
ӛзгелік етіс сабақты шамды сөн-
дір
-ді.
1. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты
еңбектері). Алматы: Ана тілі, 1992.
2. Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Мектеп, 1966.
3. Академик Н.Сауранбаевтың еңбектері. Алматы: Кенже пресс, 2000.
4. С.Исаев. Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық және
практикалық сабақтардың мазмұны (әдістемелік құрал). Алматы, 2003.
5. Ә.Тӛлеуов. Сӛз таптары. Алматы: Мектеп, 1982.
6. Қазіргі қазақ тілінің сӛзжасам жүйесі. Алматы: Ғылым, 1989. 368 бет.
7. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974.
8. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сӛзжасам, морфология, синтаксис:
Астана: Елорда, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |