«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғы-сөзімен жарық көрген



Pdf көрінісі
бет92/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133
Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғы-сөзімен жарық көрген 
бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен 
тереңнен танысады. Оның Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге 
келгенін, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы 
институтын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарғанын 
біледі. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың 
(кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен. Әлі 1937 
жыл болмағандықтан, Голощекин қанша тісін қайраса да олардың басын жойып 
жіберуге құдіреті жетпей, тек "оппортунистер" деп қудалауға ұшыратады. Сол 
себепті Мүтәш ағамыз Арал қаласы парткомының бірінші хатшысы қызметіне 
"жіберіледі". Одан қайтадан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік комитетіндегі мәдениет 
бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия 
комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі 
жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен.1938 жылы Мүкең "халық 
жауы" деген жаламен ұсталады… Қалған өмірін кітаптан оқыр деген ниетпен әрі 
қарай жазбадық. Тек оның, 1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден 
озғанын білдіре кетелік. Аталмыш кітапта оның ата-бабасы, туған-туыстары, бала-
ша-ғасы туралы да мол деректер бар. Бір сөзбен айтқанда, Алаштың бір арысын 
танытуда кітаптың пайдасы зор. Сонымен бірге, "Бесеудің хатының" Президент 
мұрағатынан алынған түпнұсқасы да осы еңбекте еш өзгеріссіз жарияланған.Әттең, 
осындай дерек кітаптар "сол бесеудің" басқалары туралы да болса ғой. Соның 
ішінде хатқа: "1-й секретарь Акмолинского райкома партий Мансур Гатаулин" деп 
қол қойған ақмолалық азамат туралы кім не біледі екен?.. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет