Табиғи әдіске сәйкес келетін жаттығулар: 1. Мұғалімнің әңгімесі сыныптағы объектілерге және суреттердің мазмұнына шоғырланады;
2. Оқушылар дайын болмаса, олардан бірдеңені айтуды талап етудің қажеті жоқ, бірақ олар мұғалімнің өтініштері мен сұрақтарына басқа бір тәсілмен жауап береді деп күтіледі;
3. Оқушылар қазақ тілінде сөйлесе бастауға дайын болғанда, мұғалім оған қарапайым жауап беруге мүмкіндік береді.
4. Мұғалім сұрақ қойғанда ақырын және анық сөйлей отырып, бір сөзден тұратын жауап беруге жағдай жасайды. Яғни сұрақтар иә/жоқ деп жауап берілетін сұрақтардан бастап кеңейтілген жауап талап ететін сұраққа қарай біртіндеп күрделене береді.
5. Оқушылар белгілі бір сөздерді көп рет естімес бұрын, оларды белсенді қолданады деп күтуге болмайды.
6. Графиктер, диаграммалар, суреттер, жарнама және басқа да өмірден алынған заттар сұрақ қоюда кеңінен қолданылуы керек.
7. Жаттығулар тілдік нысандарды қолдануға емес, негізінен саналы қарым-қатынас жасауға бағытталуы керек.
8. Жұптық және топтық жұмыс жүргізу және мұғалімнің жетекшілігімен бүкіл топ атсалысатын пікірталастар да пайдалы.
Тыңдау – көру – орындау тәсілі (ТКО)
Мұғалімдер оқытуда «тыңдау – көру – орындау» тәсілін (TКО) де қолдана алады. TКО жаттығуларын орындау кезінде оқушылар мұғалім ұсынып отырған тілді түсінеді. Суреттерді, дене қимылын және іс-әрекеттерді пайдалану арқылы түсінік пайда болады. Сол арқылы оқушылар «кіріспе ақпаратты» түсінеді және өздерінің түсінгенін тіл арқылы емес, дене қимылымен көрсете алады. Себебі, оқушылар дене қимылымен жауап бергенде, бұл қимыл ол сөздің оның жадысында орын теуіп, өзара байланысты сөздік қор қалыптастыруға көмектеседі деп күтіледі.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен тыңдалым дағдыларын оқытуда мынадай тиімді тәсілдерді қолдануға болады:
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен тыңдалым дағдыларын оқытуда мынадай тиімді тәсілдерді қолдануға болады: