Қазақ тілінің анықТАҒышы


§24. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды кірме сөздерге қазақ



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет16/47
Дата28.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
§24. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды кірме сөздерге қазақ

тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы

буынындағы  дауысты   дыбыс  жіңішке  болса,  қосымша  да  жіңішке,  жуан

дауысты   дыбыс   болса,  қосымша  да   жуан   болып   айтылады   және   солай

жазылады,  ль  дыбысына  аяқталған кірме  сөздерге тек  қана тәуелдіктің  ІІІ

жағында   жіңішке   қосымша   жалғанып,   жіңішке  айтылады.   Мысалы:



фестиваль+ға – фестивальға,  бірақ  фестивалі, календарь+ға – календарьға,

календары.

Кль,   брь,   бль  тәрізді  дауыссыз   дыбыстар   мен  жіңішкелік   белгісіне

аяқталған  сөздерге  және   жіңішкелік   белгісіне   аяқталған   бір  буынды

сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады, яғни сөздің

соңғы   буыны   тұтас   өзі  жуан   болса   да,  қосымша   буын   үндестік   заңына

бағынбай   жалғанады   және   жіңішке  айтылады  (әрі  солай   жазылады).

Ансамбілге  (жазылуы:  ансамбльге),   ансамбілдер  (жазылуы:  ансамбльдер),

ансамбілі  (жазылуы:  ансамблі,  мұнда   сөз   түгелімен  жуан,   тек  соңғы

дауыссызы   жіңішке  ль),  бинокльдің  (айтылуы:  бинокілдің),   биноклім

(айтылуы: бинокілім), бинокльдер (айтылуы: бинокілдер). Мұнда сөздің соңғы

буыны нокль жуан. Тюльтюльдің (айтылуы: тюлдің), тюльге, тюлі (сөз бір



буынды,  бірақ   жіңішке  ль  дыбысына  аяқталған),  князьдің, князьдер, князі

(сөз  зь  дыбысына  аяқталған   және   бір  буынды  болғандықтан,   қосымша

жіңішке жалғанып тұр).

Бұл   сияқты  дауыссыз   дыбыстары,  әсіресе   сөз   соңындағы   дауыссызы

орыс   тілінде   жіңішке  айтылатын  сөздердің   қазақша   дыбысталуында

дауыстылардың ыңғайы (жуан-жіңішкелігі) емес, дауыссыздардың айтылу

ыңғайы шешуші рөл атқарады.

Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қазақша қосымша жалғап, дұрыс

айтып көріңдер:

Капсюль,   бандероль,   ноябрь,   верфь,   автомобиль,   акрополь,   бронь,

водевиль, виолончель, вестибюль, госпиталь.

§25. Соңғы буынында  ë, э, ю дыбыстары бар  кірме сөздерге қазақ тілі

қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып,  солай айтылады  әрі  жазылады.

Мысалы:  актëрлер,   актëрге,  актëрі,  дирижëрлер,  дирижëрі,  Пëтрге,

Пëтрден, дуэтке, дуэті, полюске, полюстер, парашютке, парашюті, дуэльге,

дуэлі, велюрдің, велюрі, дебютке, дебюті.

§26.  Ер   адамның   фамилиясы  -ов,   -ев,   -ин  жұрнақтары   арқылы

жасалған  болса,  -ов,   -ев  жұрнақты   фамилияларға   қазақ   тілінің

қосымшалары түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не

жіңішке   түрде   жалғанып  айтылады  (және  солай   жазылады).   Мысалы:



Омаровтың,   Омаровқа  (сөз   түбірі  О-мар,  соңғы  мар  буыны   жуан),

Әуезовтің, Әуезовке (сөз түбірі Ә-уез, соңғы уез буыны жіңішке), Мұсаевқа,

Мұсаевтан  (сөз   түбірі  Мұ-са,  соңғы   буыны   жуан),  Құдайбердиевке,

Құдайбердиевтен  (сөздің   соңғы   буыны  ді  жіңішке).   Ал  -ин  жұрнағымен

жасалған   фамилияларға   қазақ   тілі   қосымшалары   әрдайым   жіңішке

жалғанып, жіңішке айтылады: Оразалинге, Дербісалинге, Сембинге.

§27.  Кейбір  өлшем   атаулары  жазылуда   шартты   түрде   қысқартылып

беріледі.   Ал   қысқартулар  не  әріптерден,  не  арнайы   алынған   өзгеше

белгілерден тұрады. 

Мысалы:  10   см,   5   га,   3   мм,   10°,   40м,   100%,   220V,   70W.   Бұларды

ауызша айтқанда қысқартылып берілген әріптерді емес, сол әріптер білдіріп

тұрған сөзді толық айту керек: он сантиметр, бес гектар, үш миллиметр, он



градус   жылы,   қырық   метр,  жүз  пайыз,  екі   жүз  жиырма   вольт,  жетпіс

ватт.  Бұларға   жалғанып   тұрған   қосымшаларды  (олар   дефис  арқылы

жазылып беріледі) оқығанда, белгілерге тіркеп емес, тұтас сөзге тіркеп айту

керек. Мысалы:  көйлегімнің етегін 5 эсэмге  немесе  сымыға ұзарттым  деп

емес,  бес   сантиметрге   ұзарттым  деп  айту  керек.   Сол   сияқты:  машина



сағатына   60   км-ден   жүріп  отырды  деп  жазылғанды  алпыс   километрден

(алпыс ка-эмнен немесе алпыс км-нен емес) жүріп отырды, комбайыншы 400

гектардай (га-дай емес) жердің егінін орды деп айту керек.

§28.  Жекеше   II   жақтағы   жіктік   жалғауы  тек  қана  -сың, -сің  түрінде

(яғни соңғы  дыбысы  ң  болып) айтылады  және солай  жазылады. Мысалы:

есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі):

І жақ мен мұғаліммін, диктормын

ІІ жақ сен мұғалімсің, дикторсың

ІІІ жақ ол мұғалім, диктор.

Етістікке жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі):



І жақ мен білемін, айтамын, барғанмын, барармын

ІІ жақ сен білесің, айтасың, барғансың, барасың

ІІІ жақ ол біледі, айтады, барған, барар

Кейде   ауызекі   сөйлеу   тілінде   бұл   жалғау  -сын,   -сін  түрінде   (сен



мұғалімсін,   дикторсын)   де   келеді   және  солай   жазылып   та  кетуі   мүмкін.

Бірақ әдеби нормада сөйлегенде, тек -сың, -сің түрінде дыбыстау керек. Ал



-сын, -сін  қосымшасы етістіктің III жақтағы бұйрық-қалау рай  деген түрін

білдіреді. Мысалы:



І жақ мен барайын, біз барайық

ІІ жақ сен бар, сендер барыңдар

ІІІ жақ ол барсын, олар барсын

Сондықтан әр түрлі қызмет атқаратын қосымшалардың тұлғаларын да

шатастырмай, бірін  -сың  түрінде, екіншісін -сын  түрінде  айту  керек. Бұл

екеуін   айыру   қиын   емес:   егер   жіктік   жалғаулы   сөз  сен  деген   есімдікпен

айтылуға тиіс болса,  -сың  түрі,  ол  деген есімдікпен айтылуға тиіс  болса,

-сын түрі жалғанады: сен барасың, ол барсын.

Мына  шумақтардағы үш нүкте қойылған  сөздерге  мағынасына қарай



-сың  немесе  -сын  қосымшасының   қайсысы   жалғанып   айтылатынын

көрсетіңдер:



Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап, алдар бірақ.

Ертең өзің қайда..., білемі...,

Өлмек үшін туған..., ойла, шырақ. (Абай)

Досты қайдан табар...

Кеңесерге адам жоқ.

Әрлі-берлі шабар...

Жалғыздықтан жаман жоқ. (Абай)

Өзгеге, көңілім, тояр...

Өлеңді қайтіп қояр...

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жояр...

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оян...

Жыла..., көзден жас ақ...

Омырауым боял...

Тыңдамаса еш адам

Өз жүрегім толған...

Әр сөзіне қара...

Іштегі дертім қозғал... (Абай)

Баса... аяғыңды ырғаң-ырғаң,

Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң.

Жай жүріп шаттана... әсерленіп,

Әсем... жүйрік аттай мойның бұрып. (Халық өлеңі)

§29.  Кейбір   шылаулардың   дыбыстық   қатарлары  болады,  яғни   өзіне

қатысты алдыңғы сөздің аяқталар дыбысының әуеніне қарай шылау сөздің

басқы  дыбысы да не  ұяң,  не  қатаң  болып  құбылып  айтылады (және солай

жазылады). Мысалы: Ол өлең айтып қана қоймады, домбыра да тартты.



Жақып қана жаңа келді, өзгелер әлдеқашан келген-ді. Тек қана бір тілегім

бар  деген   мысалдарда   шылау  қатаң  қ  дыбысынан   басталады   және   солай

жазылады,  өйткені  шылаудың  алдындағы  сөздер  (айтып, Жақып, тек)  п, к

деген қатаң дыбыстарға аяқталып тұр.  Ал мына сөйлемдерде шылау  ғана

түрінде  айтылады (және жазылады):  жалғыз  ғана  тілегім  бар;  жаңа  ғана



келдім; ол радиодан ғана сөйледі. Бұларда шылаулардың алдындағы сөздер

не дауысты дыбысқа (жаңа), не ұяң, сонор дыбыстарға (жалғыз, радиодан)

аяқталып тұр.

Осы  сияқты  мен, бен, пен  (домбыра  мен  қобыз,  қобыз  бен  домбыра,

дауыс  пен  үн),  да/де, та/те  (барса  да,  барып  та  келді),  дағы, тағы  (барса

дағы,  айтып  тағы  үлгерді),  ғой, қой  (айттың  ғой,  хат  қой  менің күткенім),

құрлы,   ғұрлы   (жат   құрлы,   бала   ғұрлы)  деген   шылаулар  да  өздерінің

алдындағы   сөздің   соңғы  дыбысына  қарай   бірде   ұяң,   бірде   қатаң

дыбыстармен айтыла береді (және солай жазылады). Сондықтан бала құрлы

ақылың жоқ, айтарың осы қана ма, келіп де үлгердің бе  деген сияқты етіп

айтуға, дыбыстауға болмайды. (Бала ғұрлы, келіп те деп айтылуы керек).



§30.  Кейбір сөздердің дыбыстық екі вариантының қатар айтыла беруі

әдеби тіліміздің орфоэпиясына қайшы келмейді. Бірақ мұндай сөздер онша

көп емес. Мысалы: мұның – бұның, мұнда – бұнда, шейін – дейін, нажағай –

найзағай,   уану   –   жұбану,   разы   –   риза,   жаздың   күні  –  жаздыгүні.  Бұл

сөздердің варианттылығының басты себебі орфоэпияға байланысты емес,

өзгеде.

Сол сияқты  шайтан – сайтан, үкімет – өкімет, айқай – айғай, құдай –



құдая,   заман   –   замана,   ашық   –   ғашық  сияқты   бірқатар   сөздер   де   екі

вариантта   қолданылады.   Бұлардың   орфоэпиясы   жазылған   түрінде   болуы

керек. Өйткені бұл сөздерді екі түрлі етіп қолдануда қазіргі тіліміз белгілі

бір мақсатты көздейді.  Мысалы,  өкімет  пен  үкімет  (екеуінің түбірі – бір

сөз) деген сөздердің алғашқысы  “государство”  дегеннің баламасы ретінде

қалыптасты; шайтан ~ сайтан сөздерін ақын-жазушылар көбінесе стильдік

мақсатта   ажыратып   қолданады:  шайтаны  “кәдімгі   жын-шайтанды”

білдірсе,  сайтаны  көбінесе   “өжет,  өзгені   билеп   алатын   сиқыр   қылықты”

деген   жақсы   мәнде   жұмсалады.  Мысалы,  Жұбан   Молдағалиевтің   мына

жолдарына   назар   аударыңыз,   мұнда  сайтан  сөзі   “жын-шайтан”   мәнінде

емес, жақсы мәнде:



Мен қазақпын, қара көз сайтан қызбын,

Сөйлей қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

Сүйе қалсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмен айқасқам балтам жүзін.

Ашық   (асық)  –  ғашық,   құдай   –   құдая,   заман   –   замана  сияқты

параллельдерді ақындар буын санының артық-кемі қажет болған сәттерде

кезек   таңдап   қолдана   береді.   Олар   сол   қолданылған   түрінде  айтылады

(дыбысталады). Мысалы, Абай:



Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,

Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да, –

дегенінде  асық  вариантын алады,  өйткені  дауыстыдан  басталған  асық  сөзі

алдындағы   сөздің   соңғы  буынымен  кірігіп,  сор-ла-сық  түрінде   үш  буын

құрайды,  егер  ғашық  вариантын  алса  сор-лы ға-шық  болып 4  буын  болып

кетер еді де, 11 буынды тармақтың өлең өлшемі дұрыс шықпас еді. Ал өзге

сәттерде   Абай  “ғашықтың  тілі   –   тілсіз   тіл”  немесе   “сен  шошыдың



ғашығыңнан” деп ғашық вариантын жұмсайды. Міне, бұл тәрізді бір сөздің

белгілі бір мақсатпен әдейі қолданылған екі вариантының екеуі де әдеби

нормаға жататындықтан, олардың айтылуы да екі түрлі (яғни қалай берілсе,

сол түрінде) болуы керек.



§31.   Бір   сөздің   екі   түрлі   дыбысталып   айтылатындарының   ішінде

жергілікті   ерекшеліктеріне   (диалектизмдерге)   қатыстыларын   жоғарғы

көрсетілген   вариантты   сөздермен   шатастырмау   керек.   Яғни   көптеген

сөздердің  әр  жерде   әр   түрлі   дыбыстық   өзгерісі   болғанмен,   әдеби   тілдегі

түрінше   айту   –   орфоэпиялық  норма   болады.   Мысалы:  маңдай  –  маңлай,

шаңырақ   –   шаңғырақ,   киіз  –  кигіз,   ие   –   еге   (үйдің   иесі),   шатақ   –   чатақ,

сияқты – сиықты, аула – әулі, жоңышқа – жоңырышқа, қабырға – қабыртқа,

жоқ – джоқ, масқара – машқара, бес тиын – беш тиын, ас пісті – ас пысты,

мысық – мышық, балалар  –  баладар  сияқты  параллель  сөздердің алдыңғы

сыңарлары   әдеби  норма   да,  екіншілері   –   жергілікті   (диалектілік)

варианттары.   Бұлардың   айтылуында   әдеби   нормадағы   тұлғасын   ұстау


қажет.   Олай   дейтін   себебіміз   –   кейде   автордың  не  кітап,  журнал

шығарушылардың салақтығынан  я  болмаса білместігінен кейбір сөздердің

әдеби  варианты   емес,  жергілікті   қолданыстағы   тұлғасы  жазылып  кетеді.

Мұндайда   сөзді   түзетіп   оқыған   (айтқан)   абзал.  Ал  пьесаларда  немесе

фельетон,  сықақ әңгімелерде  автор  сөздің жергілікті  не  қарапайым сөйлеу

тіліндегі варианттарын әдейі берсе, оларды, әрине, сол берілген тұлғасында

айту (оқу) керек екендігі белгілі.

§32.  Қазақ тілінде одағай  сөздер  де дыбыстық, тұлғалық  варианттары

бар   сөздер  тобына   жатады.   Бірақ   бұлардың   барлығында  қалай   берілсе

(жазылса),   солай   айтуға   (оқуға)  болады.   Мысалы:  япырау  –  япырмау  –

ойпырмау – ойпырмай – ойпырым; ойбой – ойбай, ах – аһ – еһ – ех, аһ-аһ – еһ-

еһ, аха-қа – еһе-һе, уа -уау -уай, па – паһ, бәлі – пәләй, әй – ей, астапыралла –

астағыпыралла т.б.

Жалпы   одағай   дегендер   –   дыбысталуы   жағынан   өте   құбылмалы

тұлғалар. Сондықтан жазушы өзінің қалауынша бір одағайды бірнеше түрлі

құбылтып, қатарлап, дыбыстарын созып бере береді.  Мысалы:  Ә-ә,  солай

де! Ой-қой, дүние-ай! Бәрекелді-і, жігіт-ақ екен! Паһ- паһ-паһ, мына сұлудың

кербезін-ай! Осы сөйлемдерді: Е, солай-де! Ой, дүние-ай! Бәрекелді, жігіт-

ақ екен! Паһ, мына сұлудың кербезін-ай! деп те беруі мүмкін.

Одағайлар   адамның   түрлі   сезім   дүниесін   білдіретін   ишараттар

болғандықтан,  актер   немесе   фельетон  оқушы   пьесалардағы,   сықақ-

фельетондардағы   одағайларды   өзгертіп,   бірінің  орнына  екіншісін

айтпағанмен, образдың ыңғайына қарай,  дыбыстарын созып немесе  келте

қайырып,   бір   одағайды   екі-үш   рет   қайталап  немесе  бір-ақ   рет   айтып

дегендей, құбылтуына  болады. Мысалы,  пьесадағы ситуацияға қарай:  жә,

болды!  түрінде   де,  жә-жә-жә,  болды!  түрінде   де  айтылуы  мүмкін.

Алғашқысында   өктем   бұйырып,   тұжыртып   тастау  реңкі   болса,   одағайды

екі-үш қайталап айтуда сәл өзгеше реңк пайда болады.

§33.  Кейбір етістіктердің толық және ықшам варианттары, сондай-ақ

олардың қосымшалы, шылаулы қолданыстарының  да  түрлері жарыса келе

береді.   Олар   сол   қолданылған   түрінде,   ықшам  да,   толық   та   айтылады.

Мысалы,  келіп   қалды,   болып   отыр  деген  тұлғалар  кеп   қалды,   боп   отыр

түрінде келуі мүмкін.

Сондай-ақ  барамын,   келемін,   айтамын  деген   тұлғалар  барам,   келем,



айтам  түрінде айтыла береді.  Барғаннан соң, келгеннен соң  деген тұлғалар

қысқарып,  барған   соң,   келген   соң  түрінде,   тіпті   одан   ары   ықшамдалып,



барғасын, келгесін  түрінде  де айтылуы  жиі ұшырайды.  Немесе  барғанмын,

келгенмін  дегендерді   ақын,   жазушы  не   драматург  барғамын,   келгемін

тұлғасында қолдануы да әбден ықтимал. Едім, едің деген етістік тұлғалары



ем, ең түрінде, бармаймын, алмаймын деген тұлғалар барман, алман түрінде

ықшамдалып   келе   береді.   Ықшам   тұлғалар   әсіресе   поэзияда   көбірек

ұшырасады. Мұндайда тұлғаларды қалай берілсе (ықшам не толық), солай

айту керек. Кеп, барам, барғасын, барғамын деп жазылғанды келіп, барамын,



барғаннан соң, барғанмын  деп айтуға (оқуға)  болмайды немесе  керісінше:

толық түрінде беріліп тұрса, оны қысқартып айтуға болмайды.

Осы   ережеге   байланысты  сөздерді  тауып,   мына  үзінді   шумақтарды

дұрыс оқып (айтып) көріңдер.



Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,

Түбін ойлап уайым жеп айтқамын.

Ақылдылар арланып, ұялған соң,

Ойланып, түзеле ме деп айтқамын. (Абай)

Сен үшін әлі босқа жанам, күйем,

Көңіліңе қайырым салсын мейірімді ием,

Өзің біл танам десең уағдадан,

Өмірімше ұмытпаймын, мен шын сүйем. (Бернияз Күлеев)

Сенің алма бағыңа

Шыбық шаншып кетіп ем.

Алдағы өмір бағына

Соны белгі етіп ем.

Келдім қайтып майданнан,

Таптым іздеп сені алғаш.

Сол шыбықтан жайқалған

Өсіпті бір алма ағаш.

Тұр жайқалып бағыңда,

Қызығамын, тамсанам.

Өзің де бұл шағыңда

Кем емессің дәл сонан.

Неткен жақсы жер еді

Жас шыбығым жайқалған!

Бір сөз айтқым келеді,

Тіл жетпейді, айта алман. (Қасым Аманжолов)

Ей, халайық, барым ең сен,

Зарыңа зар қосып ем.

Жатың емес, досың ем мен,

Дос бейілін тосып ем!

Бауырым жара, сөзім нала,

Дертпен келем мен бүгін.

Аямас жау мені айнала

Салды салмақ сұмдығын!

Алдыңа кеп жар саламын,

Тап жауымды жабылып.

Өш аламын, өш аламын

Қанды кекті жамылып! (Мұхтар Әуезов)

§34.  Әдетте   грамматикалық  норма   бойынша  етістіктің   ауыспалы

шағының ІІІ жақтағы жалғауы  -ды/-ді  түрінде келеді. Өлең тілінде, кейде

қара   сөзде   де   өлең   өлшемі,   ұйқасы   сияқты   шарттарға   орай   бұл   жалғау

ықшамдалып, жалаң -д түрінде қолданылуы мүмкін. Мұндай тұлғалар тіпті



т  дыбысымен  де айтылады. Мысалы,  Әсет ақынның “Iнжу-маржан” деген

өлеңінің бірінші шумағы:

Әуелетіп ән салса әнші Әсет,

Аққуменен аспанда жер тілдесет.

Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы

Жүрегінен күңіреніп желдей есет, –

деп   келеді.   Мұндағы   етістіктер   әрі   ұйқас   үшін   (бірінші   жолдағы  Әсет

сөзімен ұйқасу үшін), әрі өлшем үшін (өлең жолдары 11 буыннан аспауы

керек)  тілдесед,   есед  (тілдеседі,  еседі  деудің  орнына)   болып  қолданылып

тұр.


Екінші мысалға “Ақан сері-Ақтоқты” драмасынан Ақтоқтының сөзін

алуға болады:

Саған көнсем, сүйгенім бе ед?

Көңілім құлағанын қашан көріп ең?

Ақаннан безсем, шыным ба еді?.

Жүрегімді жерге төсеп,

Әрең айтпап па ем “ие” деп?

Ақан жаққан от бар да,

Сен қатырған мұз бар...

Отым қашан сөніп ед,

Мұзым қашан еріп ед!...

Осы жолдардың дұрыс айтылуы:

Сағаң көнсөм / сүйгөнүмбет /

Көңүлүм / құлағанын / қашаң гөрүбең //

Ақаннанбессем / шынымбет//

Жүрөгүмді / жергетөсеп /

Әрең / айтпаппем / иедеп /

Ақан жаққан / отбарда /

Сеңғатырған / мұзбар /

Отұмғашан / сөнүбет /

Мұзұмғашан / ерібет //

§35.  Қазақ   тіліне   өзге   тілдерден   енген   сөздердің   дұрыс  айтылуы

жөнінде мына жайттарды ескерген жөн:

1)  Қазақ тіліне  енген араб, парсы  сөздері  сол  тілдердің дыбысталуын

сақтамай,   “қазақшаланған”,   яғни   қазақ   тілінің   дыбыстық   жүйесіне



бейімделіп қалыптасқан тұлғада  айтылады.  Олардың кейбіреулерінің күні

бүгінге   дейін   бір   тұлғада   орнықпай,   екі-үш   түрлі   болып   айтылып   (және

жазылып) жүргені байқалады. Мысалы: үрдің қызы – хордың қызы – һүрдің

қызы; ыждағат – еждиғат, бихабар – бейхабар; үкімет – өкімет, ақиқат –

хақиқат, есеп – қисап, уәде – уағда; шәр – шаһар; әрдайым – әрдәйім, мәлімет

– мағлұмат, мақұлық – мақлұқ, мәліғұн – мәлғұн, несіп – нәсіп  т.т.  Бұндай

жарыспалы   тұлғалардың   бірсыпырасы   “бас-басына   отау   тігіп”,   екеуі   екі

мағынадағы сөздің баламасы ретінде қолданылып жүр.  Мысалы:  үкімет –

“правительство”,  өкімет   –  “власть”,  мәлімет   –  “сообщение,   справка”,



мағлұмат – “сведение”, есеп – “счет”, қисапсыз, қисабы жоқ дегендерде қисап

тұлғасы “өте көп,  мол”  дегенді білдіреді.  Ал  енді бірқатарының бір ғана

тұлғасы   орфографиялық   және   өзге   де   сөздіктерде   әдеби  норма  ретінде

ұсынылып жүр. Мысалы, болымсыздықты білдіретін бей- (би-) элементімен

келген  сөздерді  бей-мен жазуды (және айтуды) жөн деп табамыз:  бейкүнә,

беймаза,   бейтарап,   бейуақ,   беймезгіл  т.т.   Сол   сияқты  мақлұқ   ~   мақұлық,

мәлғұн    ~  мәліғұн,   мәкрүк   ~   мәкүрік  деген   параллельдердің   екі  буынды

тұлғасы (мақлұқ, мәлғұн, мәкрүк) әдеби норма деп ұсынылады. Бірақ айтуда

бұларды  мақұлұқ,   мәліғұн,   мәкүрүк  деп   үш  буынды  етіп  айту  керек.

Әрдайым, тәкаппар, дүдамал  сияқты 2-3 буындары  жуан  жазылатын  араб,

парсы  сөздерін  де  айтуда   алғашқы  жіңіщке буынның  әуенімен  тәкәппар,



әрдәйім, дүдәмал деп айту керек болады.

2)  Орыс  тілінен   енген   орыс   сөздері   мен   интернационалдық   сөздер,

негізінен,   орыс   тіліндегі   дыбысталуынша   айтылу   дағдыға   айналды,   яғни

сөздің орыс тілінде айтылудағы екпін тұрған орнын сақтап, қазақ тілінде

жоқ  в,   ч,   щ,   ц,   э  сияқты   дыбыстарын   сақтап  айтылады.   Мысалы:  вице-

президент (битсе емес), республика (респөблике емес), парламент (пәрламент

емес),  экономика   (економике  емес).   Тек,   ертеректе  еніп,   “қазақша”

қалыптасқан  самауыр,   қамыт,   доға,   жәшік,   сіреңке   (сырянка),   білте

(фитиль), пәтер (квартира) сияқты сөздер ғана сол қалыптасқан тұлғасында

айтылады.  Кейінгі   дәуірде   енген   сөздерден  газет   (газета-ның  орнына),



цифр (орысша цифра дегеннің орнына), минут (минута-ның орнына) сияқты

5-10 сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп қолданылады (солай айтылады

әрі жазылады).


Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет