Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады



Дата15.12.2023
өлшемі16,38 Kb.
#138700
Байланысты:
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті талдау (1)

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады . 


Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады. 
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие. 
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады. 
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға 
жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі. 
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері: 
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау; 
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау; 
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді); 
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады. 
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады. 
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі. 
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады. 
Азаматтық-құқықтық жауапкерш ілігінін ерікті немесе міндетті сақтандыру тэртібімен сақтандырылғанына не сақтандырылмағанынан қарамастан, заңды жэне жеке тұлғалар зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен нақты зиян мөлшерінің арасындағы айырмаш ылықты төлейді. 
Азаматтық құқықта зиян келтірушілік пен құқыққа кайшылық бір-бірінен ажырамайтын түсініктер болып табылады. Заңсыз әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) жоқтығы оларды азаматтық-құқықтық жауапкерш іліктің негізін құрауш ы ретінде қарастыру мүмкіндігін жояды. 
Азаматтық қүқық бұзушылықтың құрамы тек үш элементтен: заңға қайшы эрекеттерден, зияннан жэне әрекеттер мен орын алған зиянның арасындағы себепті-салдарлы байланыстан ғана құралатынын айта кету керек. Азаматтық кұқық теориясында кінэсіз келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу тұлғаға азаматтық-құқықтық жауапкерш ілік шараларын қолдану ретінде қабылдануы мүмкін емес деген пікірлер бар. Біздің ойымызша, бұл не дегенмен де жауапкерш ілік болып табылады. 
Қазіргі кезде сотқазылардың өмірі мен денсаулығын жэне мулкін сақтандыру қарастырылуда. Міндетті сақтандыру сондай-ақ азаматтық-күкыктық жацуапкершілікті сақтандыру саласында да дами бастады. Соған сәйкес, автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкерш ілігі міндетті сақтандыруға жатады. Жоғарыда міндетті сақтандыру қатынастарын реттейтін заңдарға шолу жасалған. 


Әдебиеттер тізімі
1. Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.- Алматы: Заң әдебиетi. Т. 1. 2003. 264 б.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. Жалпы бөлім. 1994 жыл желтоқсан. №409-1. Алматы: Юрист, 2008.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз. Алматы: «Жеты Жарғы» 2008.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет