«Азапсыз махаббат-арзан махаббат» 6В01701 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы



Дата13.04.2023
өлшемі66,67 Kb.
#82285

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


«Азапсыз махаббат-арзан махаббат»
6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
2-курс
201-топ


Орындаған: Тауекелова А.


Қабылдаған:Қасенов Е.
Алматы 2023 ж
Балтырға күш салып, еңсені түсіре,бір кейде бір жарым сағатқа созылатын университет пен үй арасындағы жолда қаққан қазықтай тұрып келемін.Үйімдегі өз бөлмеме аман жеткенде көзімнің қалай ілінгенін білмей де қаламын кейде. Жол. Үй. Демалыс. Ұзақ уақытқа ұйқыға кеткен адамның әлем жаңалығынан құр қалғандай шошына оянатыны секілді, мені ұйқы құшағынан қорқыта суырып алған, көшедегі көршілердің айқайы. Некелескендеріне жыл толмағаны бір-біріне деген көзқарасынан білінетін жас отбасы еді. Паналап жатқан үйіміз бір-біріне жақын тұрғандықтан, әрі олардың бар дауысымен айқайлауы естімейін десең де байқаусыз құлақ түруге әкелетін. Талай бұрым ішінен таңдағаным деп сыйлайтын ер, болашағымды байланыстырған бақытым деп құрметтейтін келіншек көре алмадым. Екі дүние, екіжүзділік бар жерде екі тараптан болатын қателіктер де бар. Ұрыстарының себебі бірін-бірі түсінбеуден туған екі жақты қателіктен шығар, анығын білмедім. Алайда ішкі ойыммен келіншекті аяп отырдым. Бес уақыт сәждеге бас қоятын күйеуі пышағын іздеп аласұрғанда қорықпады ма екен? Бәлкім қорыққан да шығар...Көп қыздың ішпейтін, шекпейтін, намаз оқитын жар тілегені секілді, бұл да тілегені алдынан шыққандай көз байлап тұрмыс құрды ма екен? Түсінгенім адамнан мінсіздік іздемеген абзал. Ал күйеуі өзімен ыстық-суыққа қарамай жалдамалы пәтерде болсын бірге тұруға келіскен жұбайын неге алақанында ұстамайды екен? Күйеуінің жүрекке тікен сұққандай шаншу салатын тіліндегі ауыр сөздері, келіншекті жылатты ақыры. Өксікке толы тамағынан, дірілді даусынан менің санама" Күйбеңі қанша қан жылатса да, Сүйгенін бірақ жылатпайды адам" деген сөздер келе қалды. Сонда сүйгенін жылатқаны ма? Әлде сүймегені ме...Олар өзара тартыстарын аяқтай бергенде тартыс менің санамда басталды. Бір ойым ыдыс-аяқ сылдырламайтын отбасы болмайды десе, енді бір ойым бір-біріне айтылған ащы сөздерден соң қалай бірге тұрады дейді. Көңілдің аппақ пердесін кескілеп тастап, артынан қайта тіккенмен жамауы көрініп тұрмай ма? Барлығы айтатын сүю сөзінің антонимі жек көру емес, екінші жүректің сезімдеріне салғырт қарау секілді. Меніңше сүйгеніңнің сезімдері алаңдатпаған сәттен жеккөру басталады. Үнді халқында екі адам бірін-бірі жеккөруі үшін ұзақ уақыт бірге шынжырлап, байлап қояды екен. Сонда қаншалықты деңгейде жақсы көрген болсаң дәл солай жек көріп кетуге болады. Демек, қанша жақын болса сонша алыс. Мүмкін таңнан кешке дейін көретінің сол адамның бейнесі ғана болған соң тулаған қаның басылып, ыстық жүрек суынар. Сонда сенсіз өмір сүре алмаймын деген құр сөз бе? Демек адамдар да бір-бірінен демалу керек кездер болады екен деп ойларымның қақтығысын тәмамдадым.
Жаратушы сыйға берген әр уақыттың сұрауы болатынын біле тұра ақымақтыққа салынып әлеуметтік желіде отырмын. Кенет Дінмұхамед Қонаевтың жұбайы Зухраға "Зухра сенен болмаған баланың қажеті жоқ" -деген сөзін көріп кеше тоқтатып қойған ой таспасын бүгін қайта айналдыруға тура келді. Сонда шексіз, күмәнсіз жақсы көру болады екен ау. Ой таспам Шаханов айтқан "Махаббат-екі адамның сана биігінде тоғысуы" деген сөзінен басталды. Бәлкім парасат-пайымы тоғысқан жандар сезімде тоқырауға жолықпайды. Бірақ Шахановтың өзіне "Сіз өз жарыңызбен парасат биігінде жолыға алдыңыз ба" - деп кері сауал қойылғанда "жоқ" деп жауап бергені қалай? Сонда ауыз толтырып айтарлықтай ғұмырын махаббатсыз өткізді ме? Өз ойымды қорытқанда, мүмкін "Махаббат әуелі Жаратушыға, кейін жаратылғанға арналуы керек ау" - деген ой келді. Себебі, Алла өзі сүйген құлына кез-келген жүректі бұрып бермейді ме...

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет