Н. Мандела борец против апартеида



Дата23.11.2022
өлшемі337,32 Kb.
#51947
Байланысты:
f608420cccc33d0

"Ешкім дүниеге келгенде, басқа адамның терісінің түсіне, шыққан тегіне немесе дініне байланысты жек көруді білмейді. Адамдар жек көруді жүре-бара үйренеді. Оларға жек көруді үйретпей, сүйіспеншілікке үйретуге тырысу керек, өйткені махаббат адам жүрегіне жақынырақ".


Фотосуреттегі кім? Бұл адам туралы не білесіңдер?
Мына сөздерді кім айтты деп ойлайсыңдар?

Не́льсон Холи́лала Манде́ла — Оңтүстік Африканың мемлекеттік және саяси қызметкері. 1994 жылдың 10 мамырынан 1999 жылдың 14 маусымына дейінгі ОАР Президенті; апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрестегі ең танымал белсенділердің бірі, ол үшін 27 жыл түрмеде отырды. 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

Не́льсон Холи́лала Манде́ла — Оңтүстік Африканың мемлекеттік және саяси қызметкері. 1994 жылдың 10 мамырынан 1999 жылдың 14 маусымына дейінгі ОАР Президенті; апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрестегі ең танымал белсенділердің бірі, ол үшін 27 жыл түрмеде отырды. 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

Нельсон Мандела -апартеидке қарсы күрескер.

Оқыту мақсаты:

11.3.2.3 тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы қорытынды жасау;

11.3.2.5 азаматтық құқық үшін күрестегі тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалау;

11.3.2.6 ОАР-дағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын пайдалану;


Бағалау критерийлері:
  • қоғамның қоғамдық-саяси өміріндегі тұлғаның рөлі туралы қорытынды жасайды;
  •  азаматтық құқық үшін күрестегі тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалайды;
  •  ОАР-дағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын пайдаланады;

Апартеи́д, апа́ртхейд

1948 жылдан 1994 жылға дейін Оңтүстік Африка Одағы мен Оңтүстік Африка Республикасында Ұлттық партия жүргізген ұлттық нәсілдік сегрегация саясаты

Африка тілінен аударғанда "бөлек даму" дегенді білдіреді

(Г) Ақпараттық парақтармен жұмыс

Оқушылар қара нәсілді халыққа қатысты ОАР мемлекеттік саясаты туралы ақпараттық парақтар алады және оның қоғамдық-саяси өмірдің түрлі жақтарына әсерін талдайды.

Бағалау критерийлері:

  • ОАР-дағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын пайдаланады;
  • 1 топ – Аумақтық-нәсілдік сегрегация

    2 топ – Еңбек жүйесіндегі сегрегация

    3 топ – Білім берудегі сегрегация

    4 топ – Жүріп-тұрудағы сегрегация және т.б.

"Адамдар үшін жаралған жүрек" бейнематериалымен жұмыс

Тапсырма: бейнематериалдан қара нәсілді халықтың азаматтық құқықтары үшін күрестегі Нельсон Манделаның рөлін анықтаңдар.

Бағалау критерийлері:

  • Азаматтық құқық үшін күрестегі тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалайды;
  • Дескрипторлар:

  • Нельсон Манделаның қызметінің салаларын анықтайды;
  • Манделаның азаматтық құқықтар үшін күреске қосқан үлесін анықтайды;
  • Бостандық үшін күрескердің белсенді өмірлік ұстанымының маңыздылығын бағалайды;

Рефлексия

Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар:

  • Нельсон Мандела азаматтық құқықтар үшін күрескер деп аталады, себебі………
  • Нельсон Мандела ................... қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанды


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет