3. Еуразия идеясының ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың заманауи түсінігінше дамуы, оның Еуразия халықтарының ортақ игілігі үшін өзара тиімді, тығыз өзара қатынастардың қажеттігін негіздеуі
Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта:«Қазақ КСР-нің халықаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды.