"ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ" АҚ
"Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысының шешімімен
(2011 жылдың 23 маусымындағы № 19 хаттама)
Б е к і т і л д і
"Қазақстан қор биржасы" АҚ
Биржалық кеңесінің шешімімен
(2011 жылдың 31 наурызындағы
№ 07 хаттама)
М а қ ұ л д а н д ы
Биржалық кеңес туралы
Қ А Ғ И Д А
Алматы қ.
2011
Биржалық кеңес туралы Қағида
2
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1. Биржалық кеңес туралы осы Қағида (бұдан əрі – Қағида) Қазақстан Республикасы
заңнамасына, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан əрі – "Биржа"), Биржаның басқа да ішкі
құжаттарына сəйкес əзірленіп, Биржаның Директорлар кеңесінің (бұдан əрі – "Биржалық
кеңес") құқықтық мəртебесін жəне қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптерін
анықтайды.
2. Биржалық кеңес Биржаның басқару органы болып табылады жəне, Қазақстан
Республикасының "Акционерлік қоғамдар" заңымен (бұдан əрі – "Заң") жəне Биржа
Жарғысымен (бұдан əрі – "Жарғы") Биржа акционерлерінің жалпы жиналысының ерекше
құзіреттілігіне жатқызылған мəселелерді шешуді қоспағанда, Биржа қызметіне жалпы
жетекшілік етеді.
3. Өз қызметін жүзеге асырғанда Биржалық кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасын
сондай-ақ Биржаның Жарғысын, Биржаның корпоративтік басқару кодексін (бұдан əрі –
"Кодекс") жəне осы Қағиданы басшылыққа алады.
2. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ
4. Биржалық кеңестің ерекше құзіреттілігіне:
1)
Биржа қызметінің басым бағыттарын анықтау;
2)
акционерлердің жылдық жəне кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы шешім
қабылдау;
3)
акцияларды орналастыру (сату) туралы, соның ішінде жарияланған акциялар саны
шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны туралы, оларды
орналастыру (сату) əдісі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
4)
орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды Биржа қайта сатып
алуы жəне қайта сатып алудың бағасы туралы шешім қабылдау;
5)
Биржаның жылдық қаржылық есебін алдын ала бекіту;
6)
Биржа облигацияларының жəне туынды бағалы қағаздарының шығарылым
шарттарын анықтау;
7)
Басқарманың сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін, жетекшісін жəне мүшелерін
сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттілігін мерзімнен бұрын тоқтатуды анықтау;
8)
Басқарма жетекшісі мен мүшелерінің қызметтік окладтарының көлемін жəне еңбекақы
жəне сыйақы төлеу шарттарын анықтау;
9)
ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін анықтау, жетекшісі мен
мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттілігін мерзімнен бұрын тоқтату, ішкі
аудит қызметінің жұмыс тəртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбекақы көлемі
жəне сйыақы төлеу шарттарын анықтау;
10)
корпоратвитік хатшының өкілеттілік мерзімін анықтау, сондай-ақ оның өкілеттілігін
мерзімнен бұрын тоқтату, корпоративтік хатшының қызметтік окладының көлемі жəне
сйыақы төлеу шарттарын анықтау;
11)
аудиторлық ұйымның, сондай-ақ Биржа акцияларына төлеу ретінде берілген немесе
ірі мəміле заты болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау бойынша
бағалаушының қызметтеріне төлеу көлемін анықтау;
12)
Биржа ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (Биржа қызметін ұйымдастыру мақсатында
Басқармамен қабылданатынды қоспағанда), соның ішінде аукциондар өткізу жəне
Биржа бағалы қағаздарына жазылу шарттары мен тəртібін анықтайтын, құжаттарды
бекіту;
13)
Биржа өкілеттіліктерін ашу жəне жабу туралы шешім қабылдау жəне олар туралы
ережелерді бекіту;
Биржалық кеңес туралы Қағида
3
14)
Биржаның басқа заңды тұлғалардың он жəне одан көп пайыз акцияларын (жарғылық
капиталындағы үлесін) сатып алуы туралы шешім қабылдау;
15)
он жəне одан көп пайыз акциялары (жарғылық капиталындағы үлесі) Биржаға тиесілі,
заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзіреттілігіне
жатқызылатын қызметтер мəселесі бойынша шешім қабылдау;
16)
Биржа міндеттемелерін, оның меншікті капиталы көлемінің он жəне одан көп пайызын
құрайтын мөлшерге, ұлғайту;
17)
алдыңғы Биржа тіркеушісімен келісім-шартты бұзған жағдайда, Биржа тіркеушісін
таңдау;
18)
қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын,
Биржа немесе оның қызметі туралы ақпаратты анықтау;
19)
ірі немесе Биржаның мүдделілігі бар, мəмілелер жасау туралы шешім қабылдау;
20)
Заңда жəне Жарғыда қарастырылған, акционерлердің жалпы жиналысының ерекше
құзіреттілігіне жатқызылмаған, өзге де сұрақтар жатқызылады.
5. Қағиданың 4 тармағында белгіленген мəселелер тізімі, Биржа Басқармасына шешім
қабылдауға берілуі мүмкін емес.
6. Биржалық кеңес Жарғыға сəйкес Басқарма құзіреттілігіне жатқызылған мəселелер
бойынша, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы шешімдеріне қайшы келетін шешім
қабылдауға құқығы жоқ.
7. Биржалық кеңес:
1)
лауазымды тұлғалар жəне акционерлер деңгейінде əлеуетті мүдделер шиеленістерін,
соның ішінде Биржа меншігін заңсыз пайдалану жəне мүдделі мəмілелер жасасқанда,
теріс пайдаланушылық таныту мүмкіндігін байқап, жойып отыруға;
2)
Биржадағы корпоративтік басқару практикасының тиімділігіне бақылау жасауға
міндетті.
3. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС КОМИТЕТТЕРІ
8. Ең маңызды мəселелерді қарау жəне олар бойынша Биржалық кеңеске нұсқаулар
дайындау үшін:
1)
стратегиялық жоспарлау жəне бюджет;
2)
ішкі аудит;
3)
кадрлар, əлеуметтік мəселелер, сыйақы төлеу жəне этика;
4)
Биржаның ішкі құжаттарымен қарастырылған, өзге сұрақтар бойынша Биржалық кеңес
комитеттері құрылуы мүмкін.
9. Комитет Биржаның жұмыс органы болып табылады, оның міндетіне Биржалық кеңеске
нұсқаулар əзірлеу, сондай-ақ Биржалық кеңеспен жүктелген өкілеттілігіне сəйкес, Биржа
қызметінің кейбір сұрақтарын қарап, олар бойынша шешім қабылдау кіреді.
10. Биржалық кеңес комитеттері Биржалық кеңес мүшелерінен жəне, осы комитетте жұмыс
жасау үшін қажетті кəсіби білімдері бар, сарапшылардан тұрады.
11. Биржа Президенті Биржалық кеңес комитетінің төрағасы бола алмайды.
12. Биржалық кеңес комитетін құру жəне жұмыс тəртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы,
Биржалық кеңеспен бекітілген, Биржаның ішкі құжаттарында белгіленеді.
13. Қажетті жағдайда комитет жұмысына арнайы білімдері бар мамандар жəне тиісті қызмет
ету саласында жұмыс тəжірибесі бар мамандар тартылуы мүмкін.
Биржалық кеңес туралы Қағида
4
4. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ
14. Биржалық кеңес мүшесі тек жеке тұлға бола алады.
15. Биржалық кеңес мүшелері:
1)
жеке тұлға – акционерлер;
2)
акционерлердің өкілі ретінде Биржалық кеңеске сайлануға ұсынылған (нұсқалған)
тұлғалар;
3)
басқа тұлғалар (Қағиданың 17 тармағында белгіленген шектеулерді ескеріп) арасынан
сайланады.
16. Биржалық кеңес мүшелерін сайлау кумулятивті дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
Акционер дауыс бергенде оған тиесілі акциялар бойынша тиесілі дауыстарын бір үміткерге
немесе бірнеше Биржалық кеңестің мүшесі болуға кандидаттары арасында бөліп дауыс
беруіне болады. Егер Биржалық кеңес мүшелігіне екі үміткер теңдей дауыс жинаған
жағдайда, олардың арасында қосымша дауысқа салу өткізіледі.
17. Биржалық кеңес мүшелігіне, Биржа акционері болып табылмайтын жəне акционер өкілі
ретінде ұсынылмаған (нұсқалмаған) жеке тұлға сайлана алады. Осындай тұлғалардың
саны Биржалық кеңес құрамының елу пайызынан аспауы тиіс.
18. Басқарма мүшелері, жетекшісін қоспағанда, Биржалық кеңеске сайлануы мүмкін емес.
19. Биржалық кеңес мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс жəне Биржалық кеңестің
сандық құрамы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен белгіленеді.
20. Заңға сəйкес Биржалық кеңес мүшелері санының кемінде үштен бір бөлігі тəуелсіз
директорлар болуы тиіс.
21. Биржалық кеңес құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, Қазақстан
Республикасының заңнамасында, Жарғыда жəне Қағидада анықталады.
22. Жарғыға сəйкес, Биржа Президенті Биржалық кеңес құрамына тұрақты негізде, дауыс
беруге қатысу құқығымен, кіреді (қызметі бойынша).
23. Биржалық кеңестің құрамына тұрақты негізде, дауыс беру құқығымен, саны Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген, уəкілетті мемлекеттік орган өкілдері кіреді.
5. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІЛІК МЕРЗІМІ
24. Биржалық кеңес мүшелігіне сайланған тұлғалар, Қазақстан Республикасының
заңнамасында жəне Жарғыда өзгесі қаралмаған жағдайда, шексіз сан рет қайта сайлана
алады.
25. Биржалық кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімін акционерлердің жалпы жиналысы
белгілейді.
26. Биржалық кеңес мүшелерінің əкілеттілік мерзімі, акционерлерінің жалпы жиналысында
Биржалық кеңестің жаңа құрамын сайлау сəтінде, аяқталады.
27. Акционерлердің жалпы жиналысы Биржалық кеңестің барлық мүшелерінің немесе олардың
кейбіреуінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
28. Биржалық кеңес мүшесі бастамасымен оның өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
Биржалық кеңеске жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
29. Осындай Биржалық кеңес мүшесінің өкілеттілігі, Биржалық кеңес жазбаша өтінішін алған
сəттен бастап, тоқтатылады.
30. Биржалық кеңес мүшесінің өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, Биржалық
кеңестің жаңа мүшесін сайлау акционерлердің жалпы жиналысында кумулятивті əдіспен
дауыс беру арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте Биржалық кеңестің жаңа сайланған
мүшесінің өкілеттілік мерзімі, түгел Биржалық кеңестің өкілеттілігі мерзімімен бірге,
аяқталады.
Биржалық кеңес туралы Қағида
5
6. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
31. Биржалық кеңес мүшелеріне үміткерлер кəсіби тəжірибелі, білімді жəне іскери беделді,
Биржалық кеңес жұмысына өз үлесін қосуға қабілеті жəне ортақ мақсаттарға қол жеткізу
үшін жұмысқа ниеті болуы тиіс.
32. Биржалық кеңес мүшелері Биржаның жетекшілік етуші қызметкерлері болуы тиіс жəне
Биржалық кеңес құрамына сайлағаннан кейін олар уəкілетті органда мақұлдаудан өтеді.
33. Биржалық кеңес мүшелігі қызметіне:
1)
жоғарғы білімі жоқ;
2)
бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгіленгендей, тізімі уəкілетті органмен
белгіленетін, халықаралық қаржылық ұйымдарында жұмыс тəжірибесі жоқ, жəне
(немесе) қаржылық қызметтер көрсету жəне (немесе) қаржылық қызметтерді реттеу
жəне (немесе) қаржылық ұйымдардың аудитін өткізу аясында жұмыс тəжірибесі жоқ;
3)
мінсіз кəсіби беделі жоқ;
4)
бұдан бұрын уəкілетті орган, қаржылық ұйымның консервациясын жүзеге асыру,
мəжбүрлеп акцияларын қайта сатып алу, қаржылық ұйымның лицензиясынан айыру,
сондай-ақ қаржылық ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес
белгіленген тəртіпте мəжбүрлеп жою немесе банкрот деп мойындау туралы шешім
қабылдауына дейін бір жылдан аспайтын кезеңде, айтылмыш ықпалшаралар
қолданылған ұйымның, директорлар кеңесінің бірінші жетекшісі, басқарманың бірінші
жетекшісі (тіркеушінің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асырған
тұлға, трансферт-агенті) жəне оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі-қатысушы – жеке
тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – заңды тұлғасының бірінші жетекшісі болған
тұлға сайлана алмайды. Айтылмыш талап, уəкілетті орган, қаржылық ұйымның
консервациясын жүзеге асыру, мəжбүрлеп акцияларын қайта сатып алу, қаржылық
ұйымның лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржылық ұйымды Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес белгіленген тəртіпте мəжбүрлеп жою немесе
банкрот деп мойындау туралы шешімін қабылдағаннан кейін бес жыл бойы
қолданылады;
5)
өзге қаржы ұйымында басшылық етуші қызметкер қызметін атқару кезінде басшылық
етуші қызметкер қызметіне тағайындалыуна келісімі қайтарып алынған тұлға бола
алмайды. Айтылмыш талап, уəкілетті органның осы тұлғаны жетекші қызметкер
қызметіне тағайындау келісімін қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін,
қатарынан соңғы он екі ай бойы қойылады.
34. Уəкілетті орган Биржалық кеңес мүшесін, Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сəйкес, Биржалық кеңес мүшесінің əрекеттерін сəйкессіздігін мойындауға
жеткілікті мəліметтер негізінде, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
35. Уəкілетті орган мынадай негіздер бойынша Биржалық кеңес мүшелігіне сайлауға келісімін
қайтарып алуға құқылы:
1)
келісім беруге негіз болған мəліметтердің жалғандығы анықталғанда;
2)
уəкілетті органның Биржалық кеңес мүшесіне жəне (немесе) Биржаға уəкілетті орган
жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай бойына кемінде үш рет) санкциялар
қолданғанда;
3)
уəкілетті орган Биржалық кеңес мүшесін, аталмыш қызметкердің əрекеттерін
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкессіздігін мойындауға
жеткілікті мəліметтер негізінде, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
4)
кешірілмеген немесе өтелмеген сотталғандығының бар болуы.
36. Уəкілетті орган Биржалық кеңес мүшелігіне сайлаған келісімін қайтарып алған жағдайда,
Биржа осы Биржалық кеңес мүшесінің өкілеттілігін тоқтату бойынша шаралар қолдануы
тиіс.
Биржалық кеңес туралы Қағида
6
37. Биржалық кеңес мүшесі:
1)
шешімдерді барлық акционерлердің жəне Биржаның мүддесіне объективті, саналы
жауапкершілікпен қабылдауға;
2)
Қазақстан
Республикасы
заңнамасының,
Жарғының
жəне
Биржаның
ішкі
құжаттарының талаптарына сəйкес, барлық акционерлердің жəне Биржаның
мүддесіне, ақпараттану, айқындық негізінде əрекет етуге;
3)
оған жүктелген функцияларды тиімді орындауға қол жеткізетіндей, соның ішінде басқа
ұйымдарда басқару органдарында қызметтерді қосып атқаруға жеткілікті уақыты
болуға;
4)
Биржа мүддесіне сəйкес келеді деп санаса, өзінің объективті пікірін айтып, оны
қорғауға;
5)
қызметке тағайындалғаннан бастап, қандай да бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының
мүддесіне емес, Биржа жəне оның акционерлерінің мүддесін қорғау;
6)
барлық акционерлерге бірдей əділетті болып, корпоративтік мəселелер бойынша
тəуелсіз объективті ой-пікірін айтуға;
7)
Биржаның мəмілелер жасасуына мүддесінің бар болуы туралы ақпараттарды
жасырмай жəне толық көлемде ашуға;
8)
Қазақстан Республикасы заңнамасында жəне Жарғыда белгіленген талаптарға сай
болуға міндетті.
7. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТƏУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЫ
38. Тəуелсіз директор деп:
1)
Биржаның аффилиирленген мүшесі болып табылмайтын жəне оның Биржалық
кеңеске сайлануына дейін үш жыл қатарынан осындай мүшесі болмаған (Биржаның
тəуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда);
2)
Биржаның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болып
табылмайтын;
3)
Биржаның лауазымды тұлғаларымен немесе Биржаның аффилиирленген тұлғалар –
ұйымдарына бағыныштылық байланысы жоқ жəне осы тұлғалармен, Биржалық кеңес
мүшелігіне сайланар алдында үш жыл бойы, байланысы болмаған;
4)
мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын;
5)
Биржа аудиторы болып табылмайтын жəне Биржалық кеңес мүшелігіне сайланар
алдында үш жыл бойы осындай аудитор болмаған;
6)
Биржа аудитіне аудитор ретінде қатыспайтын, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс
істемейтін, жəне Биржалық кеңес мүшелігіне сайланар алдында үш жыл бойы осындай
аудитке қатыспаған, Биржалық кеңес мүшесі мойындалады.
39. Тəуелсіз директорларға Заңмен қойылатын талаптардың критерийлеріне ықпал ететін,
Қағиданың 38 тармағында белгіленген жағдайлардың бірі немесе бірнешеуі орын алған
жағдайда, тəуелсіз директор Биржалық кеңесті осындай жағдайлардың туындағаны туралы
өтініш беріп, ескертуі тиіс. Бұл ретте, Биржалық кеңес осы туралы акционерлерді
ақпараттандырып, ал қажетті жағдайда, жаңа тəуелсіз директорды сайлау үшін
акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыртуға құқылы.
8. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
40. Биржалық кеңес мүшесі өз міндеттерін тиісті орындау мақсатында:
1)
Биржалық кеңес отырысын, Заң жəне Жарғыда белгіленген тəртіпке сəйкес,
шақыртуға;
Биржалық кеңес туралы Қағида
7
2)
Басқармадан жəне Биржа қызметкерлерінен Биржалық кеңестің жəне, өзі мүшелік
ететін, Биржа комитеттерінің құзіреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша қажетті жəне
толық ақпараттарды уақытында алуды талап етуге;
3)
Биржалық кеңес мүшесі міндеттерін атқаруға байланысты, өз құзіреттілігі шегінде
əрекеттер жасап, шешімдер қабылдауға;
4)
Биржалық кеңестің шешімі бойынша, Биржалық кеңес қызметінің негізгі бағыттары
бойынша кəсіби біліктілігін арттыруға арналған оқулардан өтуге;
5)
Биржалық кеңестің шешімімен, Биржаның атқарушы органы қызметкерлеріне арналған
ерікті сақтандыру бағдарламасына/бағдарламаларына енгізілуіне;
6)
Биржалық кеңестің шешімімен, Биржалық кеңестің бір немесе бірнеше мүшелерін
Биржа басқа аумаққа, белгілі бір мерзімге, Биржаның мүддесіне осы Биржалық кеңес
мүшелері əрекеттер жүргізуге жолдануына байланысты шығындарды көтеруді
жəне/немесе өтеуді талап етуге құқылы. Бұл ретте осындай шығындарды көтеру
жəне/немесе өтеу, ҚР заңнамасында жəне/немесе Биржаның ішкі құжаттарында
Биржаның атқарушы органының қызметкерлері үшін іссапараға жолдағанда
белгіленген нормалары мен шектеулері шегінде, расталған құжаттарды ұсыну
шартымен жүзеге асырылады.
41. Биржалық кеңес мүшесі:
1)
өзіне жүктелген міндеттерді адал орындап, Биржа жəне оның акционерлерінің
мүдделерін ең жоғарғы дəрежеде қорғайтындай, амалдарды қолдануға;
2)
Биржа мүлігін Жарғы жəне акционерлердің жалпы жиналысы мен Биржалық кеңес
шешімдеріне қайшы, сондай-ақ жеке басының мүддесіне қолданбауға жəне өзінің
аффилиирленген тұлғаларымен мəмілелер жасасқанда асыра пайдаланушылыққа
жол бермеуге;
3)
бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп берушілік, соның ішінде тəуелсіз аудит өткізу,
жүйелерінің бүтіндігін қамтамасыз етуге;
4)
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес, Биржа қызметі туралы
ақпараттарды ашу жəне беруді бақылауға;
5)
егер өзгесі Биржаның ішкі құжаттарында белгіленбесе, Биржа қызметі туралы
ақпараттың, соның ішінде Биржадағы жұмысын тоқтатқан сəтінен бастап үш жылға
дейін, құпиялығын сақтау;
6)
Қазақстан
Республикасы
заңнамасының,
Жарғының
жəне
Биржаның
ішкі
құжаттарының жəне келісім-шарттың талаптарына сəйкес, ақпараттандыру, айқындық
негізінде, Биржа жəне оның акционерлерінің мүддесіне əрекет етуге;
7)
барлық акционерлерге əділетті болып, корпоративтік мəселелер бойынша тəуелсіз
объективті ой-пікірін айтуға;
8)
Биржалық кеңес отырыстарына белсене қатысу;
9)
Биржалық кеңес отырысына қатыса алмаған жағдайда Басқармаға себептерін айтып,
ескертуге;
10)
Биржалық кеңес мүшесінің мүддесі мен Биржа мүддесі арасындағы шиеленіске əкеп
соқтыратын немесе əкеп соқтыруға əлеуетті қабілетті əрекеттерден тартыну, ал
осындай шиеленіс орын алған жағдайда – осы туралы Биржалық кеңеске
ақпараттарды ашып, өзінің бұдан əрі əрекеттерінің тəртібін сақтауға шаралар
қолдануға;
11)
мүдделі мəміле жасасу ниеті туралы жазбаша түрде Биржалық кеңеске хабарлауға,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында ақпараттарды ашу бойынша
белгіленген тəртіпте жасасқан мəмілелері туралы ақпараттарды ашуға;
12)
мүддесі бар сұрақтар (Биржалық кеңес мүшесінің немесе оның аффилиирленген
тұлғаларының мүддесі бар мəміле) бойынша дауыс беруден тартынуға міндетті. Бұл
ретте, Биржалық кеңес мүшесі хатшы арқылы мүдделіліктің факті жəне оның туындау
негіздері туралы хабарлауға;
Биржалық кеңес туралы Қағида
8
13)
Биржалық кеңес мүшесінің міндеттерін атқару мерзімінде жəне Биржадағы жұмысы
аяқталғаннан кейін, Биржаның ішкі құжаттарында белгіленген мерзім бойы, Биржа
туралы ақпараттарды, инсайдерлік ақпаратты, сондай-ақ заңмен қорғалатын
коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жарияламауға жəне жеке басының
немесе үшінші жақтың мүддесі үшін пайдаланбауға міндетті.
42. Биржалық кеңес мүшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған, өзге
де құқықтары бар жəне өзге де міндеттерді атқарады.
9. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
43. Биржалық кеңестің Төрағасы, оның мүшелерінің жалпы саны арасынан, дауыстардың
көпшілігімен, ашық дауыс беру арқылы сайланады.
44. Егер өзгесі Жарғыда белгіленбесе, Биржалық кеңес кез келген уақытта төрағаны қайта
сайлауға құқылы.
45. Биржалық кеңес Төрағасы Биржалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады, оның
отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ Жарғыда белгіленген басқа міндеттерді атқарады.
46. Биржалық кеңес төрағасы болмаған кезде, оның міндеттерін Биржалық кеңес шешімімен
Биржалық кеңес мүшелерінің бірі атқарады.
47. Биржалық кеңес, Биржалық кеңестің Төрағасы болмаған кезде оның орнын басуға құқылы,
Биржалық кеңес мүшелерінің арасынан ең көбі екі адамды сайлауы мүмкін.
10. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ШАҚЫРТУ
48. Биржалық кеңес отырысы Биржалық кеңес Төрағасының бастамасымен немесе Басқарма
бастамасымен немесе:
1)
Биржалық кеңестің кез келген мүшесінің;
2)
Биржаның ішкі аудит қызметінің;
3)
Биржаның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның;
4)
ірі акционердің бастамасымен шақыртылуы мүмкін.
49. Биржалық кеңес отырысын шақырту туралы талап қою, Биржалық кеңес Төрағасына тиісті
жазбаша хат-хабарын жолдау арқылы, Биржалық кеңес отырысының ұсынылатын күн
тəртібі көрсетіліп, жүзеге асырылады.
50. Биржалық кеңестің Төрағасы отырыс шақыртудан бас тартқан жағдайда, бастамашы
айтылмыш талапты Басқармаға қоюға құқылы, ал Басқарма Биржалық кеңестің отырысын
шақыртуға міндетті.
51. Биржалық кеңестің Төрағасы немесе Басқарма Биржалық кеңес отырысын, шақырту
туралы талап келіп түскеннен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей, егер өзгесі Жарғыда
қарастырылмаса, шақыртуы тиіс.
52. Биржалық кеңес отырысы, міндетті түрде айтылмыш талапты қойған тұлға шақыртылып,
өткізіледі.
53. Биржалық кеңес мүшелеріне Биржалық кеңес отырысы өткізілетіні туралы хабарлама
жолдау тəртібін Биржалық кеңес анықтайды.
54. Биржалық кеңес отырысының күн тəртібі сұрақтары бойынша материалдар Биржалық
кеңес мүшелеріне отырыс өткізілер алдында кемінде үш күн бұрын берілуі тиіс.
55. Ірі мəміле жəне (немес) мүддесі бар мəміле жасасу туралы шешім қабылдау туралы
сұрақты қарастырған жағдайда, мəміле туралы ақпаратта мəміле тараптары, мерзімі,
мəмілені орындау шарттары туралы, тартылған тұлғалардың үлес көлемі мен сипаты,
сондай-ақ бағалаушының есебі (Заңмен қарастырылса) туралы мəліметтер қоса берілуі
тиіс.
Биржалық кеңес туралы Қағида
9
11. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ ОНЫҢ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКІЗУ
56. Биржалық кеңес отырысын өткізуге қажетті кворум Жарғыда анықталады, бірақ Биржалық
кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем болмауы тиіс.
57. Биржалық кеңес мүшелерінің жалпы саны Жарғымен белгіленген кворумға жеткіліксіз
болған жағдайда, Биржалық кеңес акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын
шақыртып, Биржалық кеңестің жаңа мүшелерін сайлауы тиіс. Биржалық кеңестің қалған
мүшелері тек акционерлердің осындай кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы
шешімін ғана қабылдауға құқылы.
58. Биржалық кеңестің əр бір мүшесінің бір дауысы бар.
59. Биржалық кеңестің шешімдері, егер өзгесі Заңда жəне Жарғыда қарастырылмаса,
Биржалық кеңес мүшелерінің қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданады.
60. Дауыстар саны тең болған жағдайда Биржалық кеңес төрағасының дауысы немесе
Биржалық кеңес отырысында төрағалық ететін тұлғаның дауысы шешімді болып саналады
деп Жарғыда белгіленуі мүмкін.
61. Биржалық кеңестің шешімі, егер өзгесі Биржалық кеңестің шешімімен, Қазақстан
Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен немесе Биржаның ішкі құжаттарымен
қарастырылмаса, Биржалық кеңес қабылдаған сəттен бастап өз күшіне енеді.
62. Биржалық кеңестің хатшысы Корпоративтік хатшы, немесе, Биржалық кеңестің тиісті
шешімімен оның орнын басатын тұлға, болып табылады.
63. Биржалық кеңес өзінің жабық отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы, осындай
отырысқа тек Биржалық кеңес мүшелері ғана қатыса алады.
64. Биржалық кеңестің қарауына ұсынылған сұрақтар бойынша Биржалық кеңестің шешімдерін
сырттай дауыс беру арқылы қабылдауы туралы жəне осындай шешімді қабылдау тəртібі
Жарғыда жəне (немесе) Биржаның ішкі құжаттарында қарастырылуы мүмкін.
65. Сырттай дауысқа салынған шешім, белгіленген мерзімде тапсырылған бюллетеньдердің
кворумы болған жағдайда, қабылданды деп саналады.
66. Биржалық кеңестің сырттай өткізілген отырысының шешімі жазбаша түрде рəсімделеді
жəне оған хатшы мен Биржалық кеңестің Төрағасы қол қояды.
67. Рəсімделген күннен кейін жиырма күн аралығында шешім Биржалық кеңес мүшелеріне,
осы шешімді қабылдауға негіз болған бюллетеньдерімен қосып, жолданылуы тиіс.
68. Көзбе-көз тəртіпте өткізілген отырыста қабылданған Биржалық кеңестің шешімдері,
хаттамамен рəсімделіп, отырыста төрағалық еткен тұлғамен жəне Биржалық кеңес
хатшысымен отырыс өткеннен кейін үш күн ішінде құрастырылып, қол қойылуы тиіс,
хаттамада:
1)
Биржаның атқарушы органының толық атауы жəне орналасқан жері;
2)
отырыс өткен күні, уақыты жəне жері;
3)
отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мəліметтер;
4)
отырыстың күн тəртібі;
5)
дауысқа салынған сұрақтар жəне, Биржалық кеңес отырысының күн тəртібіндегі əр
сұрақ бойынша Биржалық кеңестің əр мүшесінің дауыс беру нəтижесі көрсетілген,
дауысқа салу қорытындылары;
6)
қабылданған шешімдер;
7)
Биржалық кеңес шешімімен өзге де мəліметтер қамтылуы тиіс.
69. Биржалық кеңестің отырыс хаттамалары жəне, сырттай дауысқа салу арқылы қабылданған
Биржалық кеңестің шешімдері Биржаның мұрағатында сақталады.
70. Биржалық кеңестің хатшысы Биржалық кеңес мүшесінің талабы бойынша Биржалық кеңес
отырысының хаттамаларын жəне сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімдерін
танысуға беруге жəне (немесе) хаттамадан жəне шешімнен, Корпоративтік (немесе
Биржалық кеңес туралы Қағида
10
Биржаның басқа да өкілденген қызметкерінің) хатшының қолымен расталған, Биржаның
мөрі басылған, үзінді көшірмесін беруге міндетті.
71. Биржалық кеңестің отырысына қатыспаған немесе, Биржалық кеңестің Заңмен немесе
Жарғымен белгіленген тəртіпті бұзушылықпен қабылданған шешіміне қарсы дауыс берген
Биржалық кеңес мүшесі сот тəртібінде қарсы шығуға құқылы.
72. Акционер, Заңмен жəне Жарғымен белгіленген тəртіпті бұзушылықпен қабылданған,
Биржалық кеңес шешіміне, егер айтылмыш шешіммен Биржаның жəне (немесе) осы
акционердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, сот тəртібінде келіспеуге
құқылы.
73. Биржалық кеңестің отырыстары (көзбе-көз немесе сырттай түрінде өткізілген) қажетіне
қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.
74. Биржалық кеңес Биржалық кеңес жұмысының регламентін бекітуге құқылы, бұл Биржалық
кеңес қызметін ұйымдастыруға байланысты, бірақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында, Жарғыда, Кодексте жəне Қағидада қарастырылмаған сұрақтарды қосымша
реттейтін Бижаның ішкі құжаты болып табылады.
75. Биржалық кеңестің қызметін ұйымдастыру шегінде оның Төрағасы:
1)
Биржалық кеңестің өзге органдармен жəне Биржаның дербес құрылымдық
бөлімшелерінің жетекшілерімен тиімді өзара қызметін қамтамасыз етеді;
2)
Биржалық кеңес отырыстарының күн тəртібін құрастырады жəне Биржалық кеңес
мүшелеріне күн тəртібіндегі сұрақтар бойынша шешім қабылдауға қажетті
ақпараттарды уақытылы ұсыну бойынша тиісті шараларды қолданады;
3)
Биржалық кеңес мүшелерінің айтылмыш сұрақтар бойынша өз пікірін еркін айтуын
жəне ашық талқылауын қолдайды, қаралатын сұрақтар бойынша шешім жобаларын
қалыптастыруды бастамалады.
76. Президент жəне Басқарма мүшелері, Биржаның дербес құрылымдық бөлімшелерінің
жетекшілері, соның ішінде Корпоративтік хатшы арқылы, Биржалық кеңес отырысының күн
тəртібіндегі сұрақтар жəне Биржалық кеңестің кез келген мүшесінің сауалы бойынша толық
жəне расталған ақпараттарды уақытылы ұсынады.
12. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ
77. Корпоративтік хатшы – Биржалық кеңес мүшесі болып табылмайтын, Биржалық кеңеспен
тағайындалған жəне Биржалық кеңеске бағынышты, Биржа қызметкері.
78. Корпоративтік хатшы Биржа акционерлерінің мүддесіне қызмет етеді жəне оның жұмысы
мынадай негізгі мəселелерді шешуге бағытталады:
1)
Биржа акционерлерінің жалпы жиналысын дайындап, өткізуге байланысты іс-
шараларды жүзеге асыру;
2)
акционерлерге Биржа туралы ақпараттарды ашуға себептесу;
3)
акционерлердің құқығын бұзушылық себепті пайда болған шиеленістерді Биржа
органдарымен уақытылы қарауын қамтамасыз ету;
4)
Биржалық кеңес отырыстарын дайындап, өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
5)
Корпоративтік хатшы қызметіне қатысты, Биржаның құжаттарын сақтауды қамтамасыз
ету;
6)
акционерлердің жалпы жиналысы жəне Биржалық кеңес шешімдерінің орындалуын
бақылау;
7)
Биржаның корпоративтік басқару принциптерін сақтауды қамтамасыз ету;
8)
Биржа органдары арасындағы байналыс арналарының тиімді жұмысын қамтамасыз
ету.
Биржалық кеңес туралы Қағида
11
79. Корпоративтік хатшы өз қызметі шегінде акционерлердің жиналысы жəне Биржалық кеңес
отырыстарын дайындап, өткізуді бақылайды, акционерлердің жалпы жиналысының жəне
Биржалық кеңес отырысының күн тəртібіндегі сұрақтар бойынша материалдарды
дайындауды қамтамасыз етеді, олармен танысу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
80. Корпоративтік хатшы Биржалық кеңес мүшелеріне Биржалық кеңес отырысының өткізілуі
жəне оның күн тəртібі туралы хабарлайды, Биржалық кеңес отырыстарының хаттамасын
жəне, Биржалық кеңестің сырттай қабылданған шешімдерін рəсімдейді, сондай-ақ
айтылмыш құжаттарды, Биржаның ішкі құжаттарында белгіленген тəртіпте, Биржа
мұрағатына өткізуді жүзеге асырады.
81. Корпоративтік хатшының құзіреттілігін жəне қызметін, Биржалық кеңес бекіткен, Биржаның
ішкі құжаттары анықтайды.
82. Корпоративтік хатшы қызметіне үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын анықтау,
оның өкілеттілік мерзімін белгілеу, қызметке тағайындау жəне өкілеттілігін тоқтату
Биржалық кеңестің құзіреттілігіне жатады.
13. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ
83. Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы төлеу көлемін жəне шарттарын анықтау Биржа
акционерлерінің жалпы жиналысының ерекше құзыреттілігіне жатады. Бұл ретте, егер
Биржа акционерлерінің жалпы жиналысы Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы төлеудің
қандай да бір шарттарын анықтамаса, Биржа акционерлерінің жалпы жиналысының
шешіміне қарсы келмеген бөлігінде, Қағиданың осы бөлімінде қарастырылған сыйақы
төлеу шарттары қолданылады.
84. Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы төлеу көлемі Биржа акционерлерінің жалпы
жиналысының шешімімен белгіленеді.
85. Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері болып
табылатын, Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы белгіленбейді жəне төленбейді.
86. Қағиданың 87 – 108 тармақтары, соның ішінде Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы
төлеудің көлемі мен шарттарын анықтауға қатыстысы, Қазақстан Республикасының
уəкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері болып табылатын, Биржалық кеңес
мүшелеріне қолданылмайды.
87. Биржалық кеңес мүшесіне төленетін ай сайынғы сыйақысының көлемі ұлттық валютада
(теңгемен) белгіленіп, осы сомадан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес,
салықтары мен міндетті аударымдары ұсталады.
88. Биржа акционерлерінің жалпы жиналысымен анықталған Биржалық кеңес мүшелеріне
сыйақы төлеу көлемі, егер өзгесі акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен
белгіленбесе, Биржалық кеңестің өкілеттілік мерзіміне түгел анықталады.
89. Істегі Биржалық кеңес өз міндеттерін орындау барысында Биржалық кеңестің жаңа мүшесі
тағайындалған жағдайда, Биржалық кеңестің жаңа мүшесіне төленетін сыйақы көлемі істегі
Биржалық кеңестің мүшелеріне төленетін сыйақы көлеміне тең көлемде белгіленеді.
90. Биржалық кеңес мүшесі бір күнтізбек айдан асатын мерзімде болмаған кезде (негізгі жұмыс
орны бойынша еңбек демалысында болу, ұзақ іссапарға кетуі, сырқатануына байланысты
немесе басқа да себептермен), Биржалық кеңес Төрағасына жəне Биржа Басқармасына
жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
91. Биржалық кеңес мүшесі бір күнтізбелік ай бойы болмаған жағдайда жəне Биржалық кеңес
жəне (немесе) Биржалық кеңес комитеттерінің отырыстарына, сондай-ақ Биржалық
кеңестің жəне (немесе) Биржалық кеңес комитеттерінің сырттай қабылданатын
шешімдеріне дауыс беруге қатыспаған жағдайда, осындай Биржалық кеңес мүшесіне осы
кезеңге сыйақы төленбейді.
92. Биржалық кеңес мүшесінің Бижалық кеңес отырыстарына жəне Биржалық кеңестің сырттай
дауыс беруіне қатысу (қатыспау) есебін үнемі Корпоративтік хатшы немесе оның орнын
басатын тұлға жүргізеді.
93. Биржалық кеңес мүшесінің Биржалық кеңес комитеттерінің отырыстарына жəне Биржалық
Биржалық кеңес туралы Қағида
12
кеңес комитетінің шешім қабылдауы бойынша сырттай дауыс беруге қатысу (қатыспау)
есебін Биржалық кеңес комитетінің хатшысы немесе, Биржалық кеңес комитеті
төрағасының шешімімен, оның орнын басатын тұлға жүргізеді. Есепке алу нəтижелері
есептік ай аяқталғанда Корпоративтік хатшыға үнемі беріліп тұрады.
94. Ай сайынғы сыйақы Биржалық кеңес мүшесіне айына бір рет, есептік айдан кейінгі келесі
айдың бесінші жұлдызынан кешіктірмей Биржа акционерлерінің жалпы жиналысының
шешімімен, Қағидада жəне Биржалық кеңес мүшесімен жасалған келісім-шартта
белгіленген көлем мен тəртіпте төленеді.
95. Биржалық кеңестің барлық мүшелеріне, олардың Биржалық кеңес комитеттеріндегі
мүшелігіне қарамастан, Қағиданың 96 жəне 97
тармақтарында қарастырылған
жағдайларды қоспағанда, ай сайынғы сыйақы көлемі бірдей етіп тағайындалады.
96. Биржалық кеңес Төрағасына, Биржалық кеңестің мүшелеріне белгіленген, ай сайынғы
сыйақысына 30 (отыз) пайыз көлемінде үстемақы тағайындалады.
97. Биржалық кеңес төрағасы болмаған кезде, ай сайынғы сыйақыға үстемақысы оның орнын
басқан тұлғаға төленеді.
98. Биржалық кеңес комитеттерінің төрағаларына жəне олардың орнын басатын тұлғаларға,
Биржалық кеңес мүшелеріне белгіленген, ай сайыңғы сыйақыларына үстемақы
тағайындалмайды.
99. Биржалық кеңес Төрағасымен жəне əр бір мүшесімен, Қазақстан Республикасының
уəкілетті мемлекеттік органдарының өкілдерін қоспағанда, тиісті азаматтық-құқықтық
келісім-шарт жасалып, акционерлердің жалпы жиналысымен уəкілеттенген тұлға қол
қояды.
100. Биржа акционерлерінің жылдың жалпы жиналысында Биржа қызметінің нəтижелерін
қарастырғанда, Биржалық кеңестің есептік жылдағы сыйақылық төлемінің жалпы сомасын
белгілеу жəне Биржалық кеңес мүшелеріне төлеу туралы шешім қабылданады.
101. Биржалық кеңес мүшелерінің жылдық сыйақылық төлемінің жалпы сомасының көлемі
Биржалық кеңес мүшелерінің есептік кезеңдегі ай сайынғы сыйақысының сомасынан
20 (жиырма) пайызынан аспауы тиіс.
102. Жылдық сыйақылық төлем сомасын Биржалық кеңес мүшелеріне бөлу, Биржалық кеңес
шешіміне сəйкес, Биржалық кеңестің əр бір мүшесінің есептік жылдағы жұмыс нəтижесін
бағалауы негізінде, жүзеге асырылады.
103. Биржалық кеңес отырыстарының, Биржалық кеңес отырыстарының, Биржалық кеңес
шешім қабылдағанда Биржалық кеңес мүшелерінің сырттай дауыс беруінің жəне Биржалық
кеңес комитеттері отырыстарының, Биржалық кеңес комитеті шешім қабылдағанда
Биржалық кеңес комитеттері мүшелерінің сырттай дауыс беруінің елу жəне одан көп
пайызына қатыспаған Биржалық кеңес мүшелеріне жылдық сыйақылық төлем төленбейді.
104. Биржалық кеңес мүшелеріне жылдық сыйақылық төлемін төлеуді, акционерлердің жылдық
жалпы жиналысының шешіміне сəйкес, Биржалық кеңестің өз мүшелерінің жұмысын
бағалауы негізінде, Биржаның аудиттелген жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту
бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілгеннен кейін 10 (он) күнтізбелік
күн аралығында, Биржа жүзеге асырады
105. Биржалық кеңес шешімімен Биржа өзінің қызметкерлеріне қатысты ерікті сақтандыру
туралы туралы келісім-шарт жасасқан жағдайда, сақтандырумен Биржалық кеңес мүшелері
де қамтылады, Биржалық кеңес мүшелеріне арналған сақтандыру өтелімі, Биржалық кеңес
мүшелерінің өз қызметтік міндеттерін атқару мерзіміне, Биржа Басқармасы мүшелеріне
қарастырылған сақтандыру өтелімімен бірдей болады.
106. Ерікті сақтандыру кезінде сақтандырумен қамту, сақтандырылатын Биржалық кеңес
мүшесінің келісімімен, жүзеге асырылады.
107. Биржалық кеңес шешімімен, Биржалық кеңес мүшесінің оқуына, Биржа қызметінің негізгі
бағыттары бойынша кəсіби біліктілігін жоғарылатуға шыққан шығындарын өтеуге/төлеуге
құқылы.
Биржалық кеңес туралы Қағида
13
108. Биржалық кеңес шешімімен, Биржалық кеңес мүшесіне осы Қағиданың 40 тармағы
6) тармақшасында белгіленген жағдайларға жəне шарттарға сəйкес, тиісті шығындарының
өтелуі жəне/немесе төленуі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне (немесе)
Биржаның атқарушы органдарының қызметкерлерін іссапарға жолдау кезінде Биржаның
ішкі құжаттарында белгіленген нормалары мен шектеулері шегінде, қамтамасыз етіледі.
14. БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
109. Биржалық кеңес Төрағасы жəне мүшелері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны
жəне
тиісті
орындамағаны
үшін,
Қазақстан
Республикасының
заңнамасында
қарастырылғандай, жауапты болады.
110. Биржалық кеңес Төрағасы жəне мүшелері Биржа жəне оның акционерлері алдында
өздерінің əрекеттері жəне (немесе) əрекетсіздігі салдарынан пайда болған залалына,
соның ішінде, бірақ тек сонымен шектелмей:
1)
адастыратын ақпараттар беру, немесе əдейі жалған ақпаратты беру;
2)
Заңда белгіленген, ақпараттар беру тəртібін бұзу;
3)
алақол əрекеттер жəне (немесе) əрекетсіздік салдарынан Биржа шығынға
ұшырайтындай, соның ішінде өзі немесе аффилиирленген тұлғалар Биржамен
жасалған мəмілелер нəтижесінде пайда (табыс) алуы мақсатында ірі мəміле жəне
(немесе) мүдделі мəмілелер жасасуға ұсыныс жасау жəне (немесе) шешім қабылдау
нəтижесінде пайда болған шығындарына соқтырғаны үшін жауап береді.
15. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАР
111. Осы Қағида, сондай-ақ оған енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар, Биржа
акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |