Қазақстан республикасы білім және ғылым ​​​ министрлігі​​​



бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі135,42 Kb.
#142124
  1   2   3
Байланысты:
Айдар Назерке білім беру СӨЖ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ​​​
МИНИСТРЛІГІ​​​
​​​
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ​​
Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Балалардың психологиялық денсаулығын жетілдіруде қолданылатын тренингтік ойындар
Орындаған: Айдар Назерке
Алматы 2023

Мазмұны

  1. Кіріспе

  • Балалар психологиясы




  1. Негізгі бөлім

  • Тренингтің құрылысы

  • Психологиялық мәселелерді зерттеу

  • «Қазақ» журналы және Алаш Идеясы

  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен – әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет.Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалану қажет. Тренинг (ағылш. training, train – оқыту, тәрбиелеу) – білімді жетілдіруге бағытталған белсенді оқытудың әдісі.Тренингтің даму тарихы оқыту тарихы сияқты мың жылға созылған. Дегенмен, тренингтің дамуын әлеуметтік псхолог Курт Левиннің шығармашылық зерттеу кезеңіне жатқызуға болады.1946 жылы Курт Левин өзінің әріптестерімен бірге алғаш рет тренинг-топтарды (Т-топ) құрды
1970-ші жылдары ГДР-да М.Форвергтің жетекшілігімен ол әлеуметтік-психологиялық тренинг деп атаған әдіс жасап шығарылды. Біздің елге де тренинг осы атауымен келді.
Біздің елімізде тренингтер қарым-қатынас тренингінен басталды. Қарым-қатынас тренингі іс жүзінде кез келген басқа тренинг үшін базалық бағдарлама болып табылады. Басқа бағдарламалар (өз-өзіне сенімділік тренингі, келіссөздер тренингі, сауда-саттық тренингі, топ қалыптастыру тренингі, жанжалсыз мінез-құлық тренингі және басқалары) жасап шығарылғанда, бұл бағдарламалардың негізіне әлеуметтік-психологиялық тренинг алынды. Сондықтан әлеуметтік-психологиялық тренинг атауы әлеуметтік-психологиялық тренинг қағидаттарында құрылған басқа тренингтік бағдарламаларды белгілеу үшін де жиі пайдаланылады.
Егер Артур Ребер құрастырған «Үлкен түсіндірмелік психологиялық сөздікке» жүгінетін болсақ, тренингтің мынадай анықтамасын көреміз: «Жалпы тренинг дегеніміз – олардың жүзеге асырылуы нәтижесінде қандай да бір белгілі реакцияға (реакцияларға) немесе қандай да бір күрделі, шеберліктерді қажет ететін қызметке қатысуға қабілетті организм түріндегі ақырғы өнімді алу үшін жасап шығарылған процедуралар жиынтығы немесе кез келген оқу бағдарламасы». Бұл кез келген, соның ішінде адамды ғана емес, оқытуды қамтитын өте кең анықтама. Бұл анықтаманың негізгі ойы тренингтің жаттығу, дағдылар мен шеберліктерді жинақтау болып табылатындығында.
Тренингтің тағы бір анықтамасын Ю.Н.Емельянов берген: «Тренинг дегеніміз – қызметтің кез келген күрделі түріне, соның ішінде қарым-қатынасқа үйренуге және оны меңгеруге қабілеттіліктерді дамыту әдістерінің тобы».
И.В.Вачков тренингтің мынадай анықтамасын ұсынады: «Практикалық психологияның өзін-өзі тану және өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді әдістерінің жиынтығы».
«Психологиялық сөздікте» (1990) әлеуметтік-психологиялық тренинг (ары қарай ӘПТ) «Практикалық психологияның қарым-қатынастағы хабардарлықты дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін пайдалануға бағдарланған саласы» ретінде анықталады.
Бұл анықтама тренинг ұғымын қарым-қатынас тренингіне әкеліп саяды да, оның аясын одан әрі тарылтады. Көбінесе «әлеуметтік-психологиялық тренинг» атауы қарым-қатынас тренингінің, іскерлік қарым-қатынас тренингінің, әріптестік қарым-қатынас тренингінің және т.б. синонимі ретінде қолданылады.
«Психологиялық» сөзінің қолданылуын психологтар дәстүрлі түрде тек психолог қана жаттықтырушы бола алады деп түсіндіреді, әйтсе де, соңғы кезде жаттықтырушылардың едәуір бөлігінің психологиялық білімі жоқ және олар оны алуға ұмтылмайды да. Мен психолог ретінде жаттықтырушының психологиялық білімі болуы тиіс, өйткені тренинг механизмдерінің көпшілігі психологиядан алынған деген пікірді ұстанамын. Психология негіздерін түсінбеу көбінесе қателерге ұшыратады.
Жаттықтырушының қатесі тренинг нәтижесіздігінің негізгі себебі болып табылады, ал тренинг болса – нақты дағдылар мен шеберліктерге үйрету бойынша ең тиімді технология. Жаттықтырушының қатесі тренингті уақыт пен ақшаны еш пайдасыз, босқа жұмсауға айналдырады.
Жаттықтырушының ең басты қатесі – топтық жұмыстың механизмдерін түсінбеуі: кез келген топта, және әсіресе тренингтік топта бірнеше өзара байланысты үдерістер болады. Ең маңызды үдеріс – жаттығу, жаңа дағдыларды меңгеру үдерісі, жаңа шеберліктерге үйрену. Бұл үдеріс топтық динамикаға негізделеді. Топтық динамиканың, қатысушылардың ұйымшылдығының, қауіпсіздік пен қолдау ахуалының арқасында оқыту тиімдірек болады. Сондықтан жаттықтырушының басты міндеті топ динамикасын үнемі ынталандырып отыруда, басқаша айтқанда, жаттықтырушы топта қолайлы ахуалдың қалыптасуына көп көңіл бөлуі тиіс.
Өкінішке орай, кейбір жаттықтырушылар топтық динамиканың механизмдерін түсінбей, оған жеткілікті көңіл бөлмейді, сондықтан көбінесе топтар аз нәтижеге қол жеткізеді, ал кейде тренингтер жалпы қанағаттанбаушылықпен аяқталады.
Көбінесе, жаттықтырушының ойынша, топ өз міндетін орындай алмағанда, жаттықтырушы ашуланады. Өз әріптестеріне ол топтың «тым енжар» екендігін, қатысушыларының ештеңені «түсінбейтіндігін», орынсыз сұрақтар қоятындығын және т.б. айтып шағымданады. Егер, оның ойынша, олар нашар үйренетін болса, ол оларды барлығын тезірек жасаулары тиіс деп есептеп, тықырта бастайды. Ал олар, неге екені белгісіз, баяу істейді, және тек уақыт мағынасында ғана емес, түсіну мағынасында да. Бірнеше ойын ойналып, бірнеше жағдай талқыланғандай болғанмен, олар тағы да қате жібереді. Бұл жаттықтырушыны ашуландыра бастайды және, әрине, бұл топтық үдерістер мен оқып-үйрену үдерісін одан әрі тежей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет