Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі қазақ тағамтану академиясы



Pdf көрінісі
Дата20.02.2017
өлшемі1,75 Mb.
#4560

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  

БІЛІМ  ЖƏНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАЗАҚ  ТАҒАМТАНУ  АКАДЕМИЯСЫ 

 

ТƏЖІБАЕВ Ш.С., БАЛҒЫНБЕКОВ Ш.А., ҚАЙНАРБАЕВА М.С.

 

 

Артық дене салмағы мен 

семіздіктің  алдын алу 

(2 МОДУЛЬ)

 

Алматы, 2012



УДК 616.4

ББК 54.15

Т 28

Қазақ тағамтану Академиясы, 

Профилактикалық медицина Академиясы жəне 

Ұлттық салауатты тағамтану орталығының Біріккен ғылыми  

кеңесінің шешімі бойынша басылымға ұсынылды 

(№6 хаттама «12» қыркүйек 2012 ж.)

Т 28. Артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алу (2 Модуль)/ 

Ш.С.Тəжібаев жəне т.б – Алматы, 2012. – 32 б.

Оқу-əдістемелік құралы ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 

«Қазақстандағы артық дене салмағы мен семіздік эпидемиясының 

кешенді профилактикасы» жобасы бойынша дайындалған. 

Оқу құралында «Артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алу» 

тақырыбындағы  2 оқу модулінің мазмұны жəне ақпараттық-ағарту мате-

риалдары беріледі. 

Басылым медициналық жəне медициналық емес жоғарғы оқу 

орындары мен колледждерінің оқытушылық құрамына, медицина 

қызметкерлеріне, салауатты өмір салты қызметі мен АМСЖ мамандары-

на, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған.

ISBN  978-601-7408-35-0

© Тəжібаев Ш.С., Балғынбеков Ш.А., Қайнарбаева М.С., 2012

© Қазақ тағамтану Академиясы, 2012


3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ДДҰ  

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 



ЖОО  

Жоғарғы оқу орны 



ЕӨБ  

Еуропалық Өңірлік Бюро



ЕО   Еуропалық Одақ 

ЖИА  

Жүректің ишемиялық ауруы 



ДСИ  

Дене салмағының индексі 



ҚР БҒМ   

ҚР Білім жəне ғылым министрлігі 



ДС   Дене салмағы 

ҮЕҰ  

Үкіметтік емес ұйым 



ТДБД  

 

Тамақтану, дене белсенділігі жəне  

 

 

   денсаулық 



бойынша 

жаһандық 

стратегия 

АМСЖ  

Алғашқы медициналық-санитарлық жəрдем 



ЖҚА  

Жүрек-қантамыр аурулары 



ББӨҚ  

Бел жəне бөксе өлшемдерінің қатынасы 



ХС                

Холестерин



ЭҚ   Энергетикалық құндылығы

4

КІРІСПЕ 

Семіздік – бұл организмде майдың шамадан артық жинақталуымен 

сипатталатын, денсаулықтың бұзылысына апаратын жағдай. Бұл жағдай 

ауру алды немесе ауру ретінде саналады. 

Семіздіктің таралуының өсуіне сай барлық əлем үшін өзекті мəселе 

болуда. ДДҰ сарапшылары 2000 жылмен салыстырғанда 2025 жылға 

таяу семіздікке шалдыққан адамдар санының екі есе артатындығын бол-

жауда. Бұл сан АҚШ халқының 45-50 %, Австралия мен Англияда 30-

40% құрап,  Бразилияда 20% аспақ. Қазақстанда ересек халықтың 36,1%-

да артық салмақ бар, ал  24,0% семіздіктің түрлі дəрежесіне шалдыққан.

Семіздіктің барлық жерде жиі кездесуінің артуына байланысты ДДҰ 

семіздікті едəуір экономикалық ауыртпалығы бар эпидемиялық ауру 

ретінде сипаттауда. Дамыған елдерде семіздікке шалдыққан аурулар-

ды емдеуге кететін қаржы көлемі денсаулық сақтау саласының барлық 

шығындарының 10% құрауда, ал тікелей жұмсалатын қаржы  барлық 

шығынның 3% - 5% құрайды. 

Балалар мен жасөспірімдердің семіздігіне үлкен назар бөлінуде, 

бұл жуырда ғана мəселе ретінде аталды. Бұрынырақ балалар семіздігі 

сирек кездесетін, көптеген жылдар бойы балалық шақтағы семіздік 

пен ересек жастағы дене салмағы арасында байланыс болуы туралы 

дəлелдер болмай келді. Бірақ, жақында алынған деректер балалардың 

10% клиникалық семіздікке шалдығуы мүмкін екендігін жəне артық 

салмағы бар жасөспірімдердің көпшілігі ересек жаста да артық салмағын 

сақтауы айқын екендігін болжауға мүмкіндік береді. Балалар мен 

жасөспірімдердің үйлесімсіз тамақтануы мен артық салмағы денсаулыққа 

айқын қауіп төндіретіндігі, ересек шағында жүрек-қантамыр аурулары 

мен жуан ішек қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары екендігі дəлелденген. 

Бұл дегеніміз артық салмаққа байланысты асқынулардың жылдар бойы 

дамитындығын білдірмейді, керісінше, бүгінде біз мектеп оқушыларының 

аурушаңдығының артуын байқаймыз. Балалар денсаулығының 

нашарлауының бір себебі – мектепте жəне үйдегі үйлесімсіз тамақтануы.  

Біздің оқу құралымыздың басты мақсаты - медициналық жəне 

медициналық емес жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің 

оқытушылық құрамына, медицина қызметкерлеріне, салауатты өмір 

салты қызметі мен АМСЖ мамандарына, жалпы білім беретін мектеп 



5

мұғалімдеріне оқыту материалдарын беру, бұл материалдар ата-аналар 

мен олардың балаларына (жасөспірімдік жастағы) салмақ төмендету 

мен салауатты тамақтанудың «тамаша» дене пішіміне ие болу үшін 

емес, алдымен, артық салмақтан пайда болатын аурулардың алдын алу 

жəне емдеу үшін қажеттігін түсіндіруде қажет. Ата-аналар мен балала-

ры жігері мен жауапкершілігін жұмсау арқылы денсаулығына өздігінше 

ықпал етуі тиіс. Мектепте салауатты тамақтану негіздері бойынша білім 

беру халықты сауықтырудың маңызды элементі екендігі анықталған, 

бұл отбасылық дағдыларды түзету жəне өзгертумен, отбасындағы 

тамақтануды тиімді етумен, отбасының басқа мүшелерінің салмағын 

төмендету жəне тұрақтандыруымен қатар жүреді. 



6

Жалпы 

ақпарат

Артық дене салмағы мен семіздік - барлық əлемнің 

қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мəселесі, 

себебі, соңғы онжылдықтарда семіздіктің таралуы мен 

медициналық жəне əлеуметтік-экономикалық салдары едəуір 

өскен. 


ДДҰ деректері бойынша 2005 жылы əлемде 15 жастан 

асқан 1,6 млрд.адамда артық дене салмағы тіркелген, 400 

млн. астам адам семіздікке жəне одан туындайтын ауруларға 

шалдыққан. Семіздік таралуының əр тарапта артуына  сай 

ДДҰ оны эпидемиологиялық ауру ретінде сипаттайды. 2015 

жылға таяу артық дене салмағы бар адамдар саны 2,3 млрд. 

жетпек, ал семіздікке шалдыққан науқастар 700 млн.асады. 

Дамыған елдерде семіздікке шалдыққан ауруларды емдеу-

ге кететін қаржы көлемі денсаулық сақтау саласының барлық 

шығындарының 10% құрауда, ал тікелей жұмсалатын қаржы  

барлық шығынның 3% - 5% құрайды.

Артық дене салмағы мен семіздік мүшелер мен тіндерге 

түсетін жүктемені арттырады, қызметтік жүйелер жұмысын 

қиындатып, көптеген аурулар даму мүмкіндігін арттырады. 

Олардың ішінде – алмасу жəне жүрек-қантамыр аурула-

ры, бауыр мен өт қабы аурулары, буын дерттері, жуан ішек 

қатерлі ісіктері, аналық без жəне сүт безінің қатерлі ісіктері 

бар. Əдетте, семіздік тері, шаш жəне тырнақ  жағдайына 

əсер етеді. Артық дене салмағы организмнің тез қартаюына 

себепші болады. 

Қазақстанда ересек халықтың 36,1% артық салмақ бар, 

24,0% семіздіктің түрлі дəрежесіне шалдыққан.



Міндеттері

• Тыңдаушыларды салауатты тамақтану негіздерімен таны-

стыру;

• Салауатты тамақтану ұстанымдары арқылы қалайша артық 



дене салмағы мен семіздік дамуының алдын алу жайында тү-

сінік алу;

• артық дене салмағы мен семіздікті бағалауда қолданылатын 

ДДҰ критерийлерімен таныстыру;

• ересек жəне балалық шақта артық дене салмағы мен семіз-

діктің дамуының негізгі факторларымен  таныстыру;

• артық дене салмағы мен семіздіктің денсаулық пен адам 

өмірі үшін қандай салдары бар екендігін түсіну;

• артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алудың негізгі 

ұстанымдарымен таныстыру.



МОДУЛЬДІҢ МАЗМҰНЫ

7

Мақсат-

тары

Осы модульді тəмəмдаған қатысушының үйренетіндері:

• халықтың өлім-жітім көрсеткіштері мен мүгедектігінің 

анықталуында артық дене салмағы мен семіздік мəселесі 

өзектілігінің артуын көрсету .

• Организмнің оңтайлы физиологиялық жағдайын қолдауда, 

денсаулығын сақтауда, артық дене салмағы мен семіздіктің 

алдын алуда салауатты тамақтанудың маңызын көрнекі түрде 

көрсету.


• артық дене салмағы мен семіздік қаупінің негізгі факторла-

ры туралы айтып беру.

• артық дене салмағы мен семіздіктің дамуында ауқатқа 

тəуелді бұзылыстардың маңызын көрсету.

• артық дене салмағы мен семіздікті бағалауда қолданылатын 

ДДҰ критерийлері туралы айтып беру.

• артық дене салмағы мен семіздік кезінде адам организмінде 

орын алатын өзгерістер туралы, сонымен қатар, семіздікке 

байланысты созылмалы жұқпалы емес аурулардың даму 

қаупі жайында айтып беру.  

• салауатты тамақтану ұстанымдарының қадағалануына ерек-

ше мəн бере отырып, артық дене салмағы мен семіздіктің ал-

дын алудың негізгі ұстанымдары туралы айтып беру.

Сабақ беру 

стратеги-

ясы

• қазіргі жағдайда артық дене салмағы мен семіздік мəселесінің 

əр тараптарын қарастыру негізінде оқыту;

• 2004 жылы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында 

қабылданған тамақтану, дене белсенділігі мен денсаулық (ТДБД) 

бойынша Жаһандық стратегияның негізгі ережелерін талқылау;

• «Семіздіктің алдын алудағы көп секторлық тəсіл: Ата-

аналардың, мектептің, азаматтық қоғамның, ҮЕҰ, жеке сектор 

мен мемлекеттің ролі» пікірталасы.

Бұл модуль 

бойынша 

оқытушы 

Нутрициология жаттықтырушысы жəне дəрігер-диетолог 



Болжа-

натын 

ұзақтығы 

мен 

хрономе-

тражы

170 минут:

Жаттықтырушыны таныстыру

Жаттықтырушының қатысушылармен танысуы

«Артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алу»

Презентациясы

Үзіліс


«Ми шабуылы»

«Шағын топтарда жұмыс істеу»

Үзіліс

Орындалған жұмыстың презентациясы



Пікірталас. Жаттықтырушы түсіндірмесі

Қорытынды тестілеу

Қорытындылау

5 мин.


10 мин.

35 мин.


10 мин.

20 мин.


30 мин.

10 мин.


15 мин.

15 мин.


10 мин.

10 мин.


8

Білімді 

бағалау 

(Бақылау 

сұрақтары)

1.  Артық дене салмағы мен семіздік дегеніміз не?

2. 

Салауатты тамақтану дегеніміз не жəне оның 



ұстанымдары қандай?

3.   «Тамақтану пирамидасы» дегеніміз не?

4.  Артық дене салмағы мен семіздік мəселесіне байланы-

сты  Қазақстанда қалыптасқан жағдай қандай? 

5.  Артық дене салмағы мен семіздік даму қаупінің негізгі 

факторлары қандай? 

6. Қандай ауқаттық бұзылыстар, алдымен, артық дене 

салмағы мүмкіндігін тудырып, соңынан семіздікке апа-

рады? 

7.  Артық дене салмағы мен семіздіктің гендерлік статус 



пен жасқа тəуелділігі.

8.  Əлемде жəне ҚР балалар мен жасөспірімдер арасында 

семіздіктің таралуы.

9. 


Артық дене салмағы мен семіздікті бағалауда 

қолданылатын ДДҰ критерийлері

10. Метаболикалық синдром (МС) дамуындағы семіздіктің 

шешуші ролі.

11. МС  критерийлері.

12. 


Кардио-респираторлық жүйе жағынан негізгі 

патологиялық өзгерістер.

13. 

Эндокриндік жүйе жағынан негізгі патологиялық 



өзгерістер.

14. АІЖ ағзалары жағынан негізгі патологиялық өзгерістер.

15. 

Тірек-қимыл жүйесі жағынан негізгі патологиялық 



өзгерістер.

16. Семіздіктегі емдік тамақтанудың негізгі ұстанымдары.

17. Жеке деңгейде ұсынылатын дене салмағы артуының 

ауытқуларын жоюға бағытталған алдын алу шаралары.

18. Қоғамдық  жəне  мемлекеттік  деңгейлерде  өткізілетін 

артық салмақты жəне семіздіктің алдын алу.

19. Артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алуда ата-

аналар мен мектептің ролі қандай? 

20. Азаматтық қоғам мен ҮЕҰ артық дене салмағы мен 

семіздіктің алдын алуда қандай роль атқаруы тиіс? 



9

Əдебиет

1.  World Health Organization, 2002. Diet, nutrition  and the 

prevention of chronic diseases. Report of  the Joint WHO/FAO 

Expert Consultation   Geneva, Switzerland: WHO, 2002.

2.  Шарманов Т.Ш. Тамақтану – адам денсаулығының аса 

маңызды факторы.Алматы: Асем-Систем, 2010. – 480 б.

3. Мартинчик А.Н, Маев И.В., Петухов А.Б..Адамның 

тамақтануы (нутрициология негіздері). -М.: ГОУ-

ВУНМЦМЗРФ, 2002.– 572 б.

4. Беляков Н.А., Мазуров В.И. Семіздік. дəрігерлерге 

арналған нұсқаулық - Санкт-Петербург, 2003. - 520 б.

5. Бессенен Д.Г., Кушнер Р. Артық дене салмағы мен 

семіздік. Профилактика, диагностика, емдеу. - Мəскеу, 

«Бином», 2004. – 240б.

6.  Гинзбург М.М., Крюков Н.Н. Семіздік. Метаболикалық 

синдром дамуына əсері. Профилактика жəнеемдеу. – 

М.:Медпрактика-М. – 2002  – 128 б.

7. Жүсіпов А.К., Абылайұлы Ж.А., Шалхарова Ж.С., 

Ошақбаев К.П.Метаболикалық синдром. – Алматы, 

2003. – 176 б.

8. Алмазов В.А., Благосклонная Я.В., Шляхто Е.В. 

 

Метаболикалық жүрек-қантамыр синдромы. – СПб.: 



СПбГМУ, 1999. – 298б.

9.  Маймулов В.Г., Якубова И.Ш., Чернякина Т.С. Тамақтану 

жəне балалардың денсаулығы. - СПб.: И.И.Сеченов 

атындағы СПбГМА, 2003. -354 б.

10. Базарбекова Р.Б., Ахментаева Д.А. Балалар арасындағы 

семіздік: таралуы жəне клиникалық-зертханалық сипат-

тамасы // Вестник АГИУВ. 2007.№ 1. С.

11. Салханов Б.А. Семіздік. Алматы, 2001. – 148б. 

12. Сандер Дж. Робинс. Липидтік бұзылыстарды түзету. 

Терапиялық араласуларды тəжірибеде іске асыру жəне 

негізгі ұстанымдары. Ағылш. Ауд.В.А.Метельская. - 

Мəскеу, «Медицина», 2001. – 176б.

13. Смолянский  Б.Л.,  Лифляндский  В.Г.  Семіздікпен 

метаболикалық синдром кезіндегі тамақтану //

Кітабында: Диетология. Дəрігерлерге арналған 

жаңартылған нұсқаулық. - Мəскеу: Санкт-Петербург 

«Сова», 2003. – б.647-664

14. Шакиева Р.А. Семіздікті тамақтанумен емдеу. Алматы, 

2003. – 24 б.


10

АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ 

МАТЕРИАЛЫ

1. СЕМІЗДІК ЖƏНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ 

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) артық дене салмағы 

мен семіздікті бағалауда қарапайым сандық критерий – дене салмағы 

индексі (ДСИ), Кетле индексін тиімді санайды. Семіздіктің жіктелуі 

мен бірқатар созылмалы жұқпалы емес аурулардың даму болжам-

ды қаупін бағалауда ДСИ - кеңінен қолданылатын көрсеткіш. ДСИ 

эпидемиологиялық зерттеулермен қатар жеке қауіпті бағалау үшін 

қолданылуы мүмкін. 

ДСИ  25кг/м

2

 шамасынан асатын болса, дене салмағы артық саналады. 



ДСИ 30 кг/м

2

 шамасына тең немесе артық болса, семіздікке сəйкес келеді. 



ДСИ байланысты семіздіктің үш дəрежесі анықталады (1 кесте).

 

1 кесте. Ересектердегі дене салмағының жіктелуі жəне созылмалы 



жұқпалы емес аурулардың пайда болу жиілігі 

Дене салмағы индексі жоғарылаған сайын семіздік дəрежесі арта 

түседі, сəйкесінше, созылмалы жұқпалы емес аурулар қаупі де жоғары. 

Жіктелуі

ДСИ, кг/м

2

Аурулардың пайда болу ықтималдығы 

Жүрек-


қантамыр

Бронх-өкпе

Эндокриндік

Жеткіліксіз 

салмақ

18,5 артық Төмен



Артқан

Төмен


Норма

18,5-24,9

Төмен

Төмен


Төмен

Артық дене 

салмағы

25,0 артық



Семіздік алды

25,0-29,9

Орташа 

Төмен


Төмен

І дəрежелі 

семіздік 

30,0-34,9

Артқан

Төмен


Орташа 

ІІ дəрежелі 

семіздік

35,0-39,9

Едəуір артқан

Мүмкін, 


артқандығы

Артқан


ІІІ дəрежелі 

семіздік


40,0 артық Едəуір артқан Артқан

Едəуір немесе 

мəнді түрде 

артқан


11

ДСИ -  артық дене салмағы мен семіздіктің болуын анықтау үшін 

ыңғайлы критерий. ДСИ - Кетле формуласы негізінде құрастырылған 

графикалық диаграмма артық дене салмағы мен семіздіктің болуын тез 

анықтауға мүмкіндік береді (1 сурет).

1 сурет. ДСИ диаграммасы

Бірақ, ДСИ сіздің дене бітіміңіздің ерекшеліктерін ескермейді. Ал, 

халықаралық зерттеулер нəтижелері көрсеткендей, артық дене салмағы 

болуында май тіні, көбінесе, бел мен бөкседе жинақталады. 

Сəйкесінше, семіздіктің екі түрі бар (2 сурет).

•  андроидтық (висцералдық, абдоминалдық, орталық) –көбінесе, май 

тінінің белде жинақталуы;

•  гиноидтық (жалпы) –май тінінің, көбінесе, бөкседе жинақталуы.



2 сурет. Семіздіктің түрлері 

12

Андроидтық семіздік ерлерде, гиноидтық–əйелдерде жиі кездеседі. 

ДСИ мəні бірдей болуында гиноидтыққа қарағанда андроидтық семіздікте 

жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары болады. 

Семіздік түрін –андроидтық немесе гиноидтық, бел өлшемі негізінде 

анықталады. Белдің қалыпты өлшемі əйелдерде 80 см аспауы жəне ер-

лерде 94 см аспауы тиіс. Əйелдерде бел өлшемі 88 см асатын болса, ер-

лерде 102 см асуында жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі артады 

(3 сурет). Бел өлшемін өлшеу жүрек-қантамыр ауруларының жеке қаупі 

туралы ақпарат береді, бірақ, бұл критерий дене бітімінің ерекшеліктерін 

ескермейді. 

 

3 сурет. Бел өлшемі мен жүрек-қантамыр 



ауруларының қаупі 

Бұл жетіспеушілікті болдырмау үшін, бел мен бөксе өлшемінің 

қатынасын өлшейді (ББӨҚ):

ББӨҚ = белдің өлшемі, см/ бөксе өлшемі, см

Əйелдерде ББӨҚ 0,85 шамасынан асуы, ерлерде 1,0 асуы организм-

де метаболикалық үрдістердің бұзылысымен жəне жүрек-қантамыр ауру-

лар қаупінің артуымен байланысты. ББӨҚ көрсетілген шектік мəндерден 

артуы андроидтық семіздік түріне сəйкес келеді. 

ДСИ-нің 30 кг/м

2

 шамасынан артық немесе тең болатын бірдей 



мəнінде шекаралық мəндерден асатын ББӨҚ мəндеріне қарағанда 

қалыпты  шекарадан аспайтын ББӨҚ мəндерінде жүрек-қантамыр 

ауруларының қаупі төмен.

Артық дене салмағын анықтаудың басқа тəсілдерін табу 

қарастырылған. Кеңінен белгілі қатынас: 

Салмақ кіші немесе тең = (бой - 100)



13

Бұл формуланың денсаулық нығайту бағдарламаларына қосары жоқ, 

себебі:

•  теңсіздіктің оң жəне сол жақтарындағы шамалардың өлшемі сəйкес 



келмейді (салмақ килограммен өлшенеді, бой - сантиметрмен, коэф-

фициент 100 - өлшемсіз);

•  100 коэффициентін таңдаудағы логика айқын емес (99, 101, т.б. 

коэффициенттерді  де алуға болады)

•  ешбір эпидемиологиялық зерттеу бұл қатынастың созылмалы 

жұқпалы емес аурулар даму қаупімен байланыстылығын көрсетпеген. 

Майдың дененің түрлі бөліктерінде жинақталуын, яғни, семіздік 

түрін ББӨҚ есептеу көмегімен ғана емес, тері қыртысының қалыңдығын 

(пликометрия)өлшеу арқылы да білуге болады. Бірақ, бұл тəсіл аса 

ауқымды, сонымен қатар, тері қыртысы қалыңдығының созылмалы 

жұқпалы емес аурулар даму қаупінің факторы ретіндегі болжамдық 

ақпараттылығы зерттелмеген.  

Организмдегі майдың таралуын бағалаудың ықшамды тəсілі – 

импеданстық тəсіл. Ол аяқ-қол мен дененің электрлік кедергісін өлшеуге 

негізделген. Бұл орайда май, сүйек жəне бұлшық ет тіндерінің электрлік 

кедергісі əр түрлі. Өлшеулер нəтижелері компьютермен автоматты түрде 

өңделінеді. 

Организмдегі май тінінің қалыпты мөлшері – салмақтың 17-20% 

құрайды. Организмдегі бұлшық ет тінінің қалыпты мөлшері салмақтың 

50% тең немесе одан артық. 

Қарқынды дене жүктемелерімен айналысатын адамдар үшін 

ДСИ есептеуге қарағанда импеданстық тəсіл тиімдірек. Бұл бірдей 

көлемдегі бұлшық ет тіні салмағының май тіні салмағынан асуына 

байланысты. Сондықтан, ұдайы қарқынды дене жүктемелерін алатын 

адамдарда ДСИ бойынша артық дене салмағын анықтау қателік туды-

руы ықтиал. 

Импеданстық тəсіл денсаулық сақтау бағдарламаларында шектеулі 

қолданыс тапқан. Организмдегі май, сүйек жəне бұлшық ет тіндерінің 

пайыздық қатынасын анықтау үшін арнайы құрал-жабдық қажет. 

Импеданстық тəсілді автоматтандырғанның өзінде ДСИ немесе ББӨҚ 

есептеу амалдарынан гөрі кететін уақыт көбірек. Сонымен қатар, 

жиынтық деңгейінде импеданстық тəсіл нəтижелерінің созылмалы 

жұқпалы емес аурулар даму қаупімен байланысы зерттелмеген. 


14

Жиынтықтағы зерттеулерде ДСИ 21 кг/м

2

 шамасынан асуында 



жүрек-қантамыр ауруларының ықтималдығы артуы байқалатындығын 

атау қажет. Бірақ, бұл ұлғаю аса мəнді емес, ал ДСИ 30 кг/м

2

 шамасынан 



артуында жүрек-қантамыр ауруларының ықтималдығы едəуір артады. 

Артериалдық гипертензия мен семіздік арасындағы байланыс жақсы 

зерттелген. Көптеген зерттеулер систоликалық жəне диастоликалық 

қысым шамалары мен дене салмағы арасында айқын оң байланыс бар 

екндігін көрсетеді. Артериалдық гипертензия семіздікпен қосарлануында 

100% жағдайда коронорлық қан айналымы бұзылыстарының дамуына 

апаратындығы дəлелденген.  

Ерлердің 70% жəне əйелдердің 61%-да артериалдық қысым 

семіздікпен қосарланған. Артық салмақтың əр 4,5 кг-да систоликалық 

артериалдық қысым 4,5 мм сын.бағ. артады. Тағаммен тұздың 

тұтынылуына тəуелсіз түрде ДСИ жəне артериалдық қысымның артуы 

арасында қатаң байланыс анықталған. 

Салмағы жеткіліксіз адамдарда бронх-өкпе ауруларының дамуы 

жоғары келеді. Басқа жағынан алғанда, семіздіктің дамуы бронх-өкпе ау-

рулары даму қаупін арттырады. Кейбір зерттеушілердің бағалаулары бой-

ынша, ДСИ 30 кг/м

асуында, басқаларының ойынша - 40 кг/м



2

 асуында 

аталған қауіп артады. 

Семіздік эндокриндік дерттердің даму ықтималдығын арттырады. 

Артық салмағы бар адамдарда гипоталамус жəне гипофиз қызметінде 

өзгерістер байқалады, бұл барлық эндокриндік бездер жұмысына əсер 

етеді. Қалқанша без қызметінің төмендеуі жиі кездеседі, бұл негізгі 

алмасудың төмендеуімен, майдың түзілуі мен жинақталуының күшеюімен 

қосарланады. Ұйқы безі де зардап шегеді – инсулин бөлінісінің бұзылысы 

тəбетке жəне май түзілуі үрдістеріне əсер етеді. Артық салмағы бар адам-

дарда диабет дамуы ықтималдығы көп есе артады, алдымен ІІ типті қант 

диабетінің дамуы артады. Бүйрек үсті бездерінің күшейген жұмысы 

артериалдық гипертонияға апарады, ал жыныс бездері қызметінің 

бұзылысы – етеккір айналымының бұзылыстары мен бедеулікке душар 

етеді. 

Меңдей бастаған семіздік кезінде тері қоректенуі бұзылады, көгеру 



пайда болады, шаш түсіп, тырнақтар сынғыш келеді. Көптеген əйелдерде 

целлюлит пайда болады – бөксе, жамбас, іш терісінде майдың біркелкі 

жинақталмауы нəтижесінде пайда болатын, өзіне тəн төмпешіктер мен 


15

ойылыстар көрініс береді. Терінің созылу бөліктері көрінеді (əуелі тері 

түсті-қызғылт, одан кейін сұр-сары түсті). Терінің созылмалылығының 

əрі қарай төмендеуі жарық секілді төбешіктердің пайда болуына апа-

рады. Қантамырлар  қабырғалары зардап шегеді, теріде өзіне тəн «та-

мыр жұлдызшалары» (телеанги¬оэктазиялар) пайда болады. Қабыну 

үрдістеріне бейімділік жиі анықталады (фолликулит, ұзақ фурунку-

лез, терінің, тырнақ пен шаштың зеңді зақымдануы, экзема). Лимфа 

ағынының (лимфостаз) қиындауы, ісінулер, аяқ веналарының кеңеюі тəн. 

Артық дене салмағы тірек-қимыл аппаратына (сүйек, бұлшық ет, 

буындар, байламдар) жүктемені күшейтіп, көптеген аурулардың (дефор-

мациялайтын спондилез, остеоартроз, жүйелі остеопо¬роз, аяқ ұшы мен 

тізе деформациялары, майтабан) дамуына ықпал етеді.

Бұлшық еттердің тартылып тұруы (пресс) əлсірейді. Ішек 

моторикасының төмендеуімен ішек қызметі бұзылады. Шажырқай мен 

шарбы тұсында майдың артық жинақталуы  атоникалық іш қатуына, 

кебуіне, іштегі ауырсынуға əкеледі. Веналық қан іркілуі күшейеді, 

геморроидалдық веналардың варикоздық кеңеюі артады. 

Семіздік артуына пропорционалды түрде бауырдың салмағы да 

артады (майлық инфильтрация есебінен), оның көптеген қызметтері 

бұзылады, холестерин өндірілуі артады, өт бөлінуі жолдарының аурула-

ры дамиды (дискинезия, холецистит, өт-тас ауруы). 

Семіздікке көбінесе бүйректегі тас ауруы да қосарланады. 

Толық адамның артық салмаққа байланысты ұдайы қосымша дене 

жүктемесіне душар болатындығы белгілі. Жүрек-қантамыр жүйесінің 

бұзылыстары, əрі қарай – салмақты аурулар (миокар–диодистрофия, АГ, 

атеросклероз) пайда болады. Тыныс алу жүйесінің де қызметі бұзылады, 

аздаған дене жүктемесінің өзінде ентігу, ұйқышылдық пайда болады, қан 

айналымының жеткіліксіздігі өршиді.

Семіздіктің, қант диабетінің, жүрек-қантамыр дерттерінің 

қосарлануы кейде «Х метаболикалық синдромы» аталады.

Семіздіктің басқа да созылмалы жұқпалы емес аурулармен байланы-

сы 2-кестеде берілген. 

ДСИ қалыпты нормасынан 1 кг/м

2

 шамаға артқанда əйелдерде 



медициналық шығындар 7%, ерлерде 16% ұлғаюымен қатар жүреді. 

Қосымша шығындар артериалдық гипертензия, қант диабеті, т.б. ауру-

ларды емдеуге байланысты туындайды. 


16

Жүрек-қантамыр 

жүйесінің аурулары

Айқын: артериалдық гипертония, жүректің 

ишемиялық ауруы, инсульт.

Ықтимал: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, 

жүрек жеткіліксіздігі.

Метаболикалық 

аурулар 

Айқын: II типті қант диабеті, глюкозаға 

төзімділіктің бұзылысы, гиперинсулинемия, 

дислипидемия. 

Ықтимал: өт тасы ауруы, гиперурикемия, 

бауырдың майлық дистрофиясы.



Тірек-қимыл 

аппаратының 

бұзылыстары 

Айқын: буындардың кері бұзылыстық аурулары, 

остеоартрит. 

Ықтимал: тізе буынының артрозы.



Қан ұюы жүйесінің 

бұзылысы 

Ықтимал: гиперфибринемия, қан плазмасындағы 

плазминоген тежеуіші концентрациясының 

азаюы.


Тыныс алу жүйесі 

қызметінің 

бұзылысы 

Айқын: түнгі апноэ. 

Ықтимал: бронх демікпесі.

Онкологиялық 

аурулар 

Кейбір жаңа ісіктер пайда болу қаупінің айқын 

артуы (мысалы, эндометрийдің, сүт безінің, жуан 

ішектің қатерлі ісіктері)



Жыныстық жүйе 

бұзылыстары

Ықтимал: либидо, ұрықтылықтың төмендеуі, 

етеккір айналымының бұзылыстары.

2 кесте. Семіздікке байланысты туындайтын 

созылмалы жұқпалы емес аурулар


17

2. СЕМІЗДІК ДАМУЫНЫҢ ҚАУІПТІ 

ФАКТОРЛАРЫ 

Даму механизмі бойынша семіздіктің екі түрі бар:

•  эндокриндік, эндокриндік бездердің ауруларымен байланысты (ги-

потиреоз, аналық без қызметінің бұзылыстары, Иценко-Кушинг 

ауру мен синдромы);

•  ауқаттық, тамақтану бұзылыстарымен байланысты.

Қазіргі уақытта ауқаттық семіздік көбірек орын алады. Ауқаттық 

семіздіктің себебі – энергияның оң балансы. Организмге түсетін барлық 

артық энергия май түрінде жинақталады, келесі қатынасқа сəйкес: 

Артық дене салмағы = түсетін энергия –шығындалатын энергия

ДДҰ семіздіктің жаһандық деңгейде таралуына апаратын келесі 

негізгі себептерді айқындайды: 

1. 

Тамақтану құрылымының жаһандық өзгерісі. Қазіргі заман 



адамының тамақтану рационында май мен тазартылған қанттардың 

мөлшері мол, дəрумендер мен минералдық заттектердің мөлшері 

төмен, энергия сыйымдылығы мол тағам өнімдері үлкен орын ала-

ды. Көпшілік адамдар табиғи өнімдерден гөрі жартылай фабрикат-

тар мен дайын тағамға көңіл қояды.

2.  Дене белсенділігінің төмендеуі, бұл өндірістің механизациясы мен 

автоматтандырылуымен,  қалаға айналумен, қозғалыс тəсілдерінің 

өзгеруімен, т.б. байланысты.

Қала тұрғындарында семіздік даму қаупі ауыл тұрғындарына 

қарағанда жоғары келеді. 

Ерлерде семіздік даму қаупі əйелдерге қарағанда жоғары болуы 

ықтимал. Ата-анасының біреуі семіздікке шалдыққан адамдарда да 

семіздік даму қаупі жоғары болуы мүмкін. 

ІІ типті қант диабеті болуында семіздік даму қаупінің артуы ықтимал. 

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, табыс деңгейінің төмендігі 

семіздік даму қаупінің жоғары болуымен қосарланады. Бұл табыс деңгейі 

төмен адамдардың тамақтану рационының жұтаңырақ келетіндігімен 

байланысты болуы мүмкін.

ДДҰ алаңдатып отырған жағдай –балалар мен жасөспірімдер ара-

сында семіздіктің кең таралуы. Қазіргі уақытта Еуропада балалардың 20% 

дейін артық дене салмағынан зардап шегеді, 6% - семіздікке шалдыққан. 

Бұл тенденция өзгермеген жағдайда 2010 жылға қарай балалардың 10% 

семіздікке шалдығады. 


18

Семіздікке шалдыққан балалардың ересектерге қарағанда ІІ типті 

қант диабетіне шалдығу қаупі жоғары келеді. Мұндай балалардың 

болашақта жүрек-қантамыр ауруларына, ұйқы бұзылуына, психикалық-

əлеуметтік сипатты мəселелерге шалдығу қаупі де жоғары. Орташа ша-

мамен алғанда, олардың болашақтағы өмір жас ұзақтығы семіздікке 

шалдықпаған құрбыларына қарағанда 5 жылға кемиді.  

Артық дене салмағы - балалық шақтағы денсаулық бұзылысының 

аса таралған түрі. Балалық шағында семіздікке шалдыққан адамдардың 

ересек өмірінде семіздікке душар болу ықтималдығы жоғары келеді. 

Сарапшылардың пікіріне сай, балаларда семіздік даму қаупінің 

қосымша факторлары келесідей:

•  Ананың жүктілік кезінде үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтануы;

•  Ана сүтімен қоректендіруді 6 айлық жасқа дейін жеткізбеу;

•  Балаларды «ересек» тамақтануға ерте көшіру;

•  Тəуліктік рационда көкөністер мен жемістердің жеткіліксіз мөлшері 

болуы;

•  Қанттарды тұтынудың жоғары болуы;



•  Теледидар бағдарламаларын көріп отырып тамақтану;

•  Телебағдарламалар, телефильмдер, мультфильмдерді, т.б. ұзақ уақыт 

бойы көру.

Ересектерге қарағанда балаларда семіздікті анықтау қиынға түседі. 

Бұл жоғарыда келтірілген ДСИ жəне ББӨҚ нормативтерінің ересек 

жиынтыққа арналуына байланысты.  Балалық шақтағы ДСИ жəне ББӨҚ 

созылмалы жұқпалы емес аурулармен байланысы аз зерттелінген. ДДҰ 

балаларға арналған ДСИ шектік критерийлерін ғана жасаған. 

Өкінішке қарай, Еуропалық өңірде семіздіктің таралуы эпидемия 

сипатын алған. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын тікелей 

қаржы мөлшерін 6% өсуге апарды. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі мен 

табыс деңгейі төмендеген; өмір жас ұзақтығы едəуір азаяды деп күтілуде. 

Семіздік эпидемиясын 2015 жылға дейін тоқтату қиынға түспек. 

Семіздік даму қаупі факторларын анықтау үшін алты сұрақтан 

тұратын сауалнама ұсынылады (1 қосымша). Бірақ, респонденттің 

оңтайлы тамақтану жəне оңтайлы дене белсенділігі туралы нақты түсінігі 

болуы қажет. 


19

3. СЕМІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ 

ҰСТАНЫМДАРЫ 

Семіздіктің алдын алу екі деңгейде жүргізіледі: мемлекеттік жəне 

жеке деңгейде. 

Алдын алудың мемлекеттік деңгейі келесі шаралардың жүзеге асы-

рылуын қарастырады:

•  Салауатты өмір салтының əлеуметтік жарнамасы;

•  Спорттық құрал-жабдық құрылымдарын дамыту жəне халықтың кең 

ауқымына қол жетімділік жағдайын қамтамасыз ету;

•  Қалалық инфрақұрылымды дамытуда халықтың дене белсенділігін 

қолдауды ескеру (жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің,т.б. жол-

дарын салу);

•  Көкөністер мен жемістерге салықты азайту;

•  Жоғары калориялы өнімдерге салықты арттыру;

•  Өнімдерге құрамы, майлар мөлшері, калориялығы көрсетілуімен 

міндетті таңбалауды енгізу;

•  «салауатты емес» тағам өнімдерін жарнамалауды шектеу немесе 

тиым салу;

•  Мектептерде жəне мектепке дейінгі балалар мекемелерінде дене 

шынықтыру сабақтары аясын кеңіту;

•  Білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің тамақтану 

рационын  оңтайландыру;

•  Оңтайлы тамақтану жəне дене белсенділігі бойынша ұлттық 

ұсыныстарды жасау.

Семіздікті алдын алудың жеке деңгейі келесі шараларды қарастырады: 

•  Нольдік энергетикалық балансқа қол жеткізу; майларды тұтынуды 

шектеу; көкөністерді, жемістерді, дəнді дақыл өнімдерін тұтынуды 

арттыру; қанттарды тұтынуды шектеу;

•  Дене белсенділігін, кемінде, күніне 30 минутқа дейін, арттыру.

Семіздіктің алдын алудың жеке деңгейін ұйымдастыру үшін əңгіме 

жүргізу, көрнекі насихат құралдары жарамды. Көрнекі насихат үшін 2 

қосымшада келтірілген «Семіздік туралы он фактор» пайдалы болуы 

мүмкін. 


Семіздіктің емдеуді талап ететін ауру екендігін білу шарт. Семіздікке 

шалдыққан адамдарда артық дене салмағына бейімделудің дамуы 

байқалады. 

Семіздікті емдеу - кешенді амалдар нəтижесінде дене салмағын 

бақылап отырып төмендету. Бұл орайда сəйкес психологиялық жəне 


дəрігерлік қолдаусыз өткізілетін липоксация секілді операциялар 

косметологиялық қана əрекет етіп, емдік əсер бермейді. Дене салмағын 

жылдам төмендету организм үшін зиянды болуы мүмкін. Аптасына 0,5-

1 кг, айына 5 кг артық емес салмақ төмендету қажет. Дене салмағын 

қарқынды төмендету 6-12 ай бойы жүргізілуі қажет, одан кейін 6-12 ай 

бойы дене салмағын тұрақтандыру жүргізіледі. Қажет болған жағдайда 

осы айналым қайталанады. Дене салмағын 5-10 кг азайтқанның өзінде 

жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі төмендей бастайды. 

Дене салмағын азайтудың негізінде тамақтану рационы жатады. 

Төмен калориялық емдəм (энергияның теріс балансын қамтамасыз ететін) 

немесе изокалориялық емдəм (энергияның нольдік балансын қамтамасыз 

ететін) таңдалады. Осымен қатар  жеке адамның мүмкіндіктеріне 

сəйкес келетін дене жүктемелері тағайындалады. Бірақ, изокалориялық 

тамақтануда адам ағзасына тағам күйінде түсетін энергия келесі түрде 

жұмсалады:

•  Негізгі алмасу - 60-70%;

•  Дене жүктемелері -25-30%;

• термогенез- 

10%.

Осылайша, семіздікпен күресте тек дене жүктемелерінің көмегімен 



мəнді нəтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Ал төмен калориялық 

емдəмдердің көпшілігі науқастарға жарамсыз келеді, жайсыздық туды-

рады. 

 

Көптеген зерттеулерге сай тек өмір салтын өзгерту жəне төмен ка-



лориялы емдəмге көшу семіздікке тиімді əрекет етпейді: зор күшпен 

жоғалтылған килограмдар 0,5-1 жыл ішінде қайта оралады. 

Семіздік – ауыртпалығы мол ауру, оны емдеу дене жаттығулары мен 

емдəм кешенін қолдану арқылы мүмкін болады.  ДСИ > 30 кг/м2болуында 

дене жаттығулары мен емдəмге қосымша ретінде маман тағайындайтын 

дəрі-дəрмектік емдеу ұсынылады.



21

Осылайша, емдəм, дене жүктемесі, дəрі-дəрмектік емдеу жəне дене 

салмағын бақылап отырып азайту семіздікке шалдыққан адамдарда 

аталған аурулардың даму қаупін азайтуға мүмкіндік береді, өлім-жітімді 

азайтады, өмір сапасын жақсартады.

Балалар мен жасөспірімдердің арасында артық дене салмағы 

мен семіздіктің алдын алуда көп секторлық тəсілге маңыз беріледі, ол 

мемлекеттік жəне жеке сектордағы көптеген қатысушылардың энергия-

сын, қорын, тəжірибесі мен білімін жұмылдыруға ықпал етеді. 

Балалардың ата-аналары, білім беру мекемелері, азаматтық қоғам, 

ҮЕҰ, жеке сектор жəне үкімет салауатты қоршаған ортаны қалыптастыруда 

жəне балалар мен жасөспірімдер үшін тамақтанудың салауатты 

нұсқаларына қол жетімділік пен жарамды бағасын қамтамасыз етуде 

маңызды роль атқарады. Сондықтан, ДДҰ мақсаты – осы серіктестерді 

жұмылдыру жəне тамақтану, дене белсенділігі мен денсаулық (ТДБД) 

бойынша Жаһандық стратегияны жүзеге асыруға тарту. 



Ата-аналар ролі 

Ата-аналар үйіне салауатты тағам өнімдері мен сусындарды 

əкелуімен, дене белсенділігін қолдап отыруымен балаларының мінез-

құлқына, дағдыларына əсер ете алады. 

Осымен қатар, ата-аналарға салауатты өмір салтын ұстап, нығайту 

ұсынылады, себебі, балалардың мінез-құлығы көбінесе байқау мен 

бейімделу арқылы қалыптасады. 

Үйде салауатты тамақтануды қамтамасыз етуге арналған ұсыныстар 

Емшек жасындағы жəне жас сəбилер үшін:

•  4-6 айлық жасқа дейін тек ана сүтімен қоректендіруді жүргізу;

•  Құрғақ балалар қоспасымен қоректендіруде қанттар мен крахмал 

қоспауға тырысу;

•  Баланың энергия тұтынуды реттеу қабілетін қабылдау жəне тарелкаға 

салынған тамақты қалайда тауысуға итермелеуден алшақ болу;

• Оңтайлы дамуға қажетті сəйкес қоректік микроэлементтерді 

тұтынуды қамтамасыз ету.

Балалар мен жасөспірімдер үшін:

•  Мектепке кетер алдында салауатты таңғы ас беру;

•  Мектеп буфеттерінде салауатты тағам беру (тұтас дəндер, көкөністер, 

жемістер);

•  Жемістер мен көкөністер тұтынуға септестік ету;

•  Қоректік микроэлементтерінің мөлшері төмен, жоғары калориялы 

өнімдерді тұтынуды шектеу (мысалы, қаптамалардағы бірасарлар);


22

•  Тəтті салқындататын сусындарды тұтынуды шектеу;

•  Отбасы аясында түскі ас/кешкі астарды ұйымдастыру;

•  Маркетинг əсерін шектеу (мысалы, теледидар бағдарламаларын 

көруді шектеу);

•  Балаларды маркетинг стратегияларының үгітіне қарсы тұруға 

үйрету;

•  Салауатты тағам таңдау үшін ақпарат пен машықтармен қамтамасыз 



ету.

Үйдегі дене белсенділігін ынталандыру үшін ұсыныстар 

•  Белсенді емес істердің уақытын азайту (мысалы, теледидар, ком-

пьютер алдында өткізетін уақыт);

•  Мектепке жəне басқа қоғамдық іс-шараларға қауіпсіз түрде жаяу/ве-

лосипедпен баруды қолдау;

•  Дене белсенділігін отбасы өмірінің бір бөлігіне айналдыру, ол үшін 

отбасылық серуен немесе бірлескен белсенді ойындарға уақыт бөлу;

•  Дене белсенділігі жасқа сəйкес болуын қадағалау, жəне бас, білек 

жəне тізеге киетін қорғаныс киімдерімен қамтамасыз ету.



Мектеп ролі

Балалар арасындағы семіздік эпидемиясына қарсы күрес үшін мек-

тептерде салауатты тамақтану мен дене белсенділігін ынталандыру қажет. 

Балалар мен жасөспірімдер өмірінің көпшілік уақытын мектепте 

өткізетіндіктен оларды мектепте қоршайтын орта салауатты таңдау мен 

дене белсенділігін арттыруға қатысты білім мен машықтарды алу үшін 

аса оңтайлы келеді. 

Өнегелі болуына сай мұғалім оқушылардың өмір салтына ұзақ 

мерзімді əсер ете алады. 

Мектептерде салауатты тамақтануды қамтамасыз 

етуге арналған ұсыныстар 

•  Оқушылар денсаулыққа оң əсері бар жағдайға ие болып, салауат-

ты мінез-құлық, дағдыларды таңдауына, ақпараттану көмегімен 

шешімдер қабылдауына қажетті білім, сенім, ұстаным мен машықтар 

алуы үшін санитарлық ағартуды қамтамасыз ету;

• Мектептегі азық-түлік бағдарламалары шеңберінде салауатты 

тағамға қол жетімділікті кеңейту шарасын қамтамасыз ету (мысалы, 

таңғы астар, түскі астар жəне/немесе төмен бағалы бірасарлар);

•  Су, сүт өнімдері, шырындар, көкөністер мен жемістер, май мөлшері 

төмен бірасарлар мен сэндвичтер секілді салауатты тағам өнімдерін 

ғана сатуға арналған сауда автоматтарын орнату;


23

•  Мектептерде берілетін тағам өнімдерінің тамақтанудың минималдық 

стандарттарына сəйкес келуін қамтамасыз ету;

•  Мектеп оқушылары мен қызметкерлерін қадағалайтын медицина 

қызметі денсаулықты нығайтуға жəне аман-саулыққа септестік етіп, 

оқушылар мен қызметкерлердің денсаулық бұзылыстары немесе 

денсаулыққа қатысты маңызды мəселелерін емдеп, бақылап, азай-

тып немесе болдырмауға ықпал етіп, сəйкес мамандарға бағыттап 

отыруы қажет;

•  Мектеп бау-бақтарын тағам өнімдерінің шығу тегі туралы білімді 

дамыту үшін қолдану;

•  Ата-аналарды жұмылдыруға септестік ету.

Метептерде дене белсенділігін ынталандыруға арналған ұсыныстар 

•  Оқушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен қабілеттерін 

мейлінше ескере отырып күнделікті алуан түрлі дене шынықтыру 

сабақтарын ұсыну;

• Қоғамдық іс-шаралар ұсыну: жарыс сипатты емес мектеп 

бағдарламалары мен мектептік спорт сабақтары (мысалы, сабақ 

арасындағы үзілістердегі белсенді сабақтар);

•  Мектепке жəне басқа қоғамдық іс-шараларға баруда қауіпсіз түрдегі, 

көлік қолданбайтын қозғалу түрін қолдау;

•  Оқушылар мен қауымдастықтар үшін дене белсенділігін ұштауға 

арналған орындар мен құрал-жабдықтарға қол жетімділігін 

қамтамасыз ету;

•  Оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен қауымдастықтардың 

дене белсенділігін қолдау.



Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың ролі 

Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) салауат-

ты тамақтануға ықпал ететін жəне дене белсенділігін ынталандыратын 

институттарға, жеке адамдардың мінез-құлығына əсер ететін қабілеті 

бар. 

Ұлттық жəне халықаралық серіктестермен бірлесе еңбек ете оты-



рып олар тамақтану, дене белсенділігі мен денсаулық (ТДБД) бойынша 

Жаһандық стратегияға қолдау көрсетеді.

Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың атқаратын істері:

•  халықты жаппай жұмылдыруды жүргізу жəне балалардың са-

лауатты тамақтану мен дене белсенділігі мəселесін қоғамдық 

бағдарламаларға енгізуді қолдауға ат салысу;



24

•  үйлесімді, салауатты тамақтану мен дене белсенділігі көмегімен 

балалар арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алу туралы 

ақпаратты кеңінен таратуды қолдау;

•  балалар үшін салауатты тамақтану өнімдеріне қол жетімділік пен 

дене белсенділігі мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған 

ынталық топтар мен жүйелер құру;

• балаларға арналған денсаулықты нығайту бағдарламаларын, 

санитарлық ағарту кампанияларын қолдау  жəне насихаттау;

•  жеке сектор компаниялары секілді басқа қатысушылармен жұмыс 

істеп, мониторинг өткізу;

•  білім мен нақты деректерді тəжірибеде қолдануға септестік ету.



Жеке сектордың ролі 

Жеке сектордың келесі өкілдері балалардың салауатты тамақтануына 

септестік етіп,  салауатты өмір салтын ынталандыруда едəуір маңызды 

роль атқаруы мүмкін:

• тамақ 

өнеркəсібі;

•  бөлшек сауда кəсіпорындары;

•  тамақтануда қызмет көрсету компаниялары;

•  спорт тауарларын өндірушілер;

•  жарнамалық жəне ойын-сауық компаниялары;

• фармацевтикалық 

компаниялар;

• БАҚ.

Жеке сектордың жауапкершілігі 



ТДБД тамақ өнеркəсібі мен спорт тауарларының өндірушілеріне 

арнаған үндеуі:

• Ұлттық басшылыққа алынатын ұстанымдарға, халықаралық 

стандарттарға,  тамақтанудың, дене белсенділігі мен денсаулықтың 

Жаһандық стартегиясының мақсаттарына сəйкес балалардың салау-

атты тамақтануына септестік ету жəне дене белсенділігін ынталан-

дыру;

•  Өңделген тағам өнімдерінде қаныққан майлардың, трансмайлы 



қышқылдардың, бос қанттар мен тұз мөлшерінің деңгейін шектеу 

жəне тағам үлестерінің (порциялық)  көлемін шектеу;

• Балаларға арналған инновациялық, салауатты жəне қоректік 

нұсқаларды кеңінен енгізу;

•  Балаларға арналған маркетингтің қазіргі кезеңдегі тəжірибесін 

қайта қарастыру, əсіресе, құрамында қаныққан май, трансмайлы 



25

қышқылдар, бос қанттар мен тұз бар тағам өнімдері маркетингі мен 

таратылуына қатысты;

•  Балалар мен жастарға тағам өнімдері туралы сəйкес жəне түсінікті 

ақпарат беру;

• 

Балалардың дене белсенділігін ынталандыру бойынша 



бағдарламаларды жасауға жəне жүзеге асыруға  септестік ету.

Мүше-мемлекеттер ролі 

«Тамақтанудың, дене белсенділігі мен денсаулықтың Жаһандық 

стартегиясы» (ТДБД) тамақтануды жақсарту жəне дене белсенділігін ын-

таландыру бойынша ұлттық саясатты, стратегиялар мен əрекет ету жо-

спарын жасауға жəне нығайтуға ықпал етеді.

Үкімет қоғамдық денсаулық сақтау саласында тұрақты өзгерістерге 

қол жеткізуде шешуші роль атқарады. Үкімет ТДБД қабылдау мен дамы-

туда негізгі бағыттаушы жəне басқарушы роль атқарады, оның өткізілуін 

қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада əрекет етуіне мони-

торинг жасауды қамтамасыз етеді.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы, тамақтану мен дене 

белсенділігі бойынша ұлттық институттар арнайы білім беріп, жағдайдың 

дамуына мониторинг жасап, іс-шараларды үйлестіре алады, халықаралық 

деңгейдегі бірлескен еңбек етуге қатысып, шешім қабылдайтын 

тұлғаларға кеңес береді. 


26

1 қосымша

Семіздік даму қаупін анықтауға арналған

 САУАЛНАМА 

1.  Сіздің тамақтануыңыз оңтайлы ма? - иə/ жоқ

2.  Сіздің дене белсенділігіңіз оңтайлы ма? - иə/ жоқ

3.  Сіздің ДСИ 25 кг/м2 асады ма? - иə/ жоқ

4.  Сіздің беліңіздің өлшемі 80 см (əйелдер үшін) жəне 94 см (ерлер 

үшін) асады ма? - иə/ жоқ

5.  Теледидар алдында тамақтанасыз ба? - иə /жоқ

6.  Теледидар алдында күіне 1 сағаттан артық уақыт өткізесіз бе? - иə/ 

жоқ

Егер Сіз «иə» деп 2 немесе одан артық рет жауап берсеңіз, Сізде 



семіздік даму қаупі жоғары. 

27

3 қосымша

СЕМІЗДІК ТУРАЛЫ 

ОН ФАКТ 

1. Семіздіктің таралуы  эпидемия деңгейіне жетіп, соңғы екі 

онжылдықта үш есе көбейген. Уақытылы шаралар қолданбаған 

жағдайда, 2010 жылға қарай ересектердің 20% жəне балалардың 

10% семіздікке душар болады. РФ қазірдің өзінде халықтың 30% 

артық дене салмағы бар.

2.  Семіздік, əсіресе, балалар үшін қауіпті саналады. Семіздік - балалық 

шақтағы аса таралған дерттердің бірі. Балаларда кездесетін семіздік 

II типті қант диабетінің, артериалдық гипертензияның, ұйқы 

бұзылыстарының даму қаупінің жоғары болуымен қосарланады. 

 

Болашақта мұндай балаларда психологиялық жəне əлеуметтік 



мəселелер байқалады. Сонымен қатар, балалық шақтағы семіздік 

ересек жастағы семіздік даму ықтималдығын арттырады. Орта-

ша шамамен алғанда, семіздікке шалдыққан балалардың өмір жас 

ұзақтығы сау құрбыларына қарағанда 5 жылға кемиді.

3.  Семіздік энергияның оң балансымен байланысты. Семіздік кезінде II 

типті қант диабетінің, жүрек-қантамыр ауруларының, онкологиялық 

аурулардың даму қаупі жоғарылайды. Семіздіктің болуы ДСИ 30 кг/

м2 артуында анықталады. 

4.  Қоғам семіздікке байланысты орасан шығындарға батады. Денсаулық 

сақтау саласының семіздікке байланысты тікелей шығындары 

 

6% құрайды. Жанама шығындар өмір жас ұзақтығының, еңбек 



өнімділігінің төмендеуімен байланысты.

5.  Семіздік халықтың əлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылған топ-

тары арасында кең таралған. Семіздік əр түрлі теңсіздікке душар 

етеді. Табысы төмен адамдар өздерінің тамақтану рационын шек-

теуге мəжбүр болады, спорттық құрал-жабдықтарды қолдануға да 

мүмкіндігі аз келеді. 

6.  Семіздік дамуының себептері кешенді сипат алған. Қоғамның зама-

науи əлеуметтік-экономикалық жағдайын «семіздік тудырушы» орта, 

яғни, семіздік даму ықтималдығы артатын орта ретінде сипаттауға 

болады. Қалаларда барлық халықтың 2/3 бөлігі тұрады, сондықтан, 

артық дене салмағы болуы туралы тек қана жеке адамдарды кінəлау 

дұрыс емес жəне тиімсіз. 



7. Соңғы онжылдықтарда адамдардың тағамдық дағдылары жəне 

мінез-құлығы аса өзгерген. Тағам өнімдерінің саны өскен, дайын 

өнімдер мен жартылай фабрикаттар пайда болған. Тағам өнімдерінің 

бағалары төмендеген. Майлар мен қанттарды тұтыну артқан. Мы-

салы, XX ғ. басында Еуропада адам басына шаққанда жылына 5 кг 

қант тұтынылған болса, қазір - 40-60 кг құрайды. Көкөністер мен 

жемістер тұтыну төмендеген. Күнделікті көкөністер мен жемістерді  

ұл балалардың 30% жəне қыз балалардың 37% ғана тұтынады.

8.  Ересектердің үштен екі бөлігінде дене белсенділігінің жекіліксізігі 

байқалады. Дене белсенділігінің төмендеуі жалғасуда. Ең кемінде 

дене белсенділігі күніне 30 минут құрауы тиіс. Ұдайы дене 

белсенділігі семіздік даму қаупін төмендетіп, өмір жас ұзақтығын 

3-5 жылға ұзартуға ықпал етеді. 

9. Эпидемияны тежеуге бағытталған стратегиялар көкөністер мен 

жемістер тұтынуды арттыру жағдайында майлар мен қанттар 

тұтынылуын азайтуды қарастыратын тиімді тамақтануға негізделуі 

қажет. Салауатты тағамды арзанырақ ету қажет. Энергетикалық 

құндылығы жоғары тағам өнімдерін жарнамалауға тиым салу қажет.

10. Семіздікпен күреске арналған мемлекеттік стратегия жасалуы қажет. 

Басуға 23. 11. 2012 қол қойылды.

Жылтыр қағаз.Офсеттік басылыс. Əріп түрі «Times New Roman». 

Пішімі 64х92 1/16. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс №191/4



«M-ARi» баспасы, Алматы қ.,Абдуллиндер көшесі, 34-9. Тел.: 8 (727) 278 01 72


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет