Жоба Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының № нормативтік қаулысы



Дата29.04.2023
өлшемі40,17 Kb.
#88318
түріКодекс
Байланысты:
НП-Кассация-каз


Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ
НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

2018 жылғы « » Астана қаласы




Кассациялық сатыда азаматтық істер бойынша іс жүргізу тәртібі

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі –АПК) кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібін реттейтін 54-тарауын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.





  1. АПК-нің 413-бабының бірінші бөлігінде көзделген апелляциялық қарау шегінің негізінде сот актілеріне шағым жасаудың апелляциялық тәртібін сақтау деп іске қатысатын қандай да болмасын адамның және (немесе) оның өкілінің апелляциялық шағымды беруіне қарамастан, азаматтық істің апелляциялық іс жүргізудің барлық сатыларынан өтуін түсінген жөн.

Апелляциялық шағымды қараудың осындай тәртібі сақталған кезде кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттарды іске қатысқан, апелляциялық сатыға сот актісіне шағым жасамаған адамдар да беруге құқылы.
Заңда белігеленген тәртіппен апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаты кері қайтарылған немесе олардан бас тартылған жағдайда, сот актілері апелляциялық сатыдағы сотта қарау нысанасы болмағандықтан, кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.

  1. АПК-нің 434-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған кассациялық тәртіппен қайта қаруға жатпайтын істер бойынша сот актілерінің тізбесі түбегейлі болып табылмайды.

АПК-нің 429-бабының жетінші бөлігіне орай істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болмайтын жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары кассациялдық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.
Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері бірінші сатыдағы соттың шешімі жойылған және АПК-нің 277-бабының 4), 6) тармақшаларында көзделген негіздерде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.
АПК-нің 434-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мағынасы бойынша тараптары талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) кем болған кезде жеке тұлғалар немесе талап қою сомасы отыз мың АЕК-тен кем болған кезде заңды тұлғалар ғана әрекет ететін ақшалай бағалауға жататын мүліктік талап арыздарға ғана қолданылады.
Қорғалатын мүдделердің сипатына қарамастан мұндай талаптарға (жеке, жариялы, үшінші адамның құқығын қорғауға, белгісіз адамдар тобының құқықтарын қорғауға) сомалық шектеулер қағидаты қолданылады.
Егер мәлімделген талап арызда мүліктік емес сипаттағы талаптар мір мезгілде қамтылса, осындай істер бойынша шығарылған сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатады.
АПК-нің 15-бабының бірініші бөлігіне орай азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық процеске қатысатын тараптарға АПК-де өзінің ұстанымын қорғауға тең мүмкіндіктер берілген.
Осыған байланысты егер азаматтық істің тараптары талап қою сомасы екі мың АЕК-тен кем болғанда жеке және заңды тұлғалар болып табылса, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру құқығына екі тарап та тең дәрежеде ие болады.

  1. АПК-нің үшінші бөлігіне орай жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, АПК-нің 434-бабының екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері, сонымен қатар кассациялық сатының қулылары АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі –Бас Прокурор) наразылығы бойынша немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының (бұдан әрі – Жоғарғы Соттың Төрағасы) ұсынуы бойынша ғана кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

  2. Кассациялық сатының сот отырысында қарау үшін іспен бірге өтінішхат беру туралы судьяның қаулысы, АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы, өз бастамасымен немесе АПК-нің 435-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаттары бойынша енгізілетін Бас Прокурордың наразылығы түскен кезде істі кассациялық сатыда қарау жүзеге асырылады.

Шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған кезде АПК-нің 435-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдар алдыңғы сот сатыларында істі қарауға қатыспаған жағдайларда да заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге құқылы.
Сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат беру құқығына ие басқа да адамдардың қатарына іске қатысушы болып табылмайтын адамдар, материалдық-құқықтық мүдделері сот актілерінде қозғалатын адамдар жатады.
Мұндай адамдардың өтінішхаттарын қарау кезінде кассациялық сатының зерттеу нысанасы сот актілерінің олардың құқықтары мен міндеттеріне қалай әсер еткендігі туралы мәселе болып табылады. Сондықтан мұндай адамдар өтінішхаттың мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды сақтаумен қатар, сот актісінде нақты құқықтар мен міндеттердің бұзылғанын көрсетуге, өз дәлелдерін бекіту үшін тиісті дәлелдемелерді, егер олар істе болмаса қоса беруге тиіс.
АПК-нің 53-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, егер құқық мирасқорлығының негізі сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін туындаса, шығып қалған тараптың және іске қатысатын басқа адамдардың құқық мирасқорлары сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты беруге құқылы.

  1. АПК-нің 6-бабы төртінші бөлігіне сәйкес даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады.

Процестік заңнамада Жоғарғы Сот Төрағасына енгізілген ұсынуды кері қайтаруға құқық беретін норманың болмауына байланысты, мұндай даулы жағдайда өтінішхат, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатының сотына арыз беру жолымен прокурордың енгізілген наразылықты кері қайтаруға құқығын белгілейтін АПК-нің 435-бабы үшінші бөлігінің нормасы қолданылады.
Тиісінше, егер ұсыну сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша енгізілген болса, оны Жоғарғы Соттың Төрағасы іс мәні бойынша қаралғанға дейін қайтарып алуы мүмкін.
Бұл жағдайда өтінішхат иесіне сот актілерін қайта қарау үшін айрықша негіздердің жоқтығы туралы жауап беріледі.
Ұсынуды қайтарып алудың ұқсас тәртібі Жоғарғы Сот Төрағасы өз бастамасымен сот актілерін қайта қарау туралы ұсынуын енгізген кезде де қолданылады.

  1. Өтінішхат, наразылық түскен кезде кассациялық сатыдағы сот автордың АПК-нің 436-бабының бірінші бөлігінде көзделген процестік мерзімдерді сақтағанын тексеруге тиіс.

Кассациялық сатының соты апелляциялық шағым жасау мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі нысанасын тексереді. Мұндай сот актілерінің күші жойылған жағдайда, кассациялық сатының соты апелляциялық шағым жасау мерзімін қалпына келтіріп, істі апелляциялық шағымды мәні бойынша қарау үшін апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.
Алты айлық мерзім өткізіп алынғаннан кейін және оны қалпына келтіру туралы өтінішхатсыз берілген өтінішхат АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 444-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес оны берген адамға қайтарылады.
Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдарына, қаулыларына өтінішхат беру мерзімдері АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау жағдайларына қолданылмайды.

  1. Егер алты айлық мерзім бұзылып берілген және оны қалпына келтіру туралы өтінішхаты бар өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша шағым берілген сот актілерін қайта қарау бойынша кассациялық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарылса, онда сот отырысында кассациялық сатыдағы сот осы мерзімді АК-нің 450-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қалпына келтіру туралы мәселені шешеді. Кассациялық сатыдағы сот прокурордың наразылық беру мерзімін қалпына келтіру мәселесін ұқсас тәртіппен қарайды. Белгісіз себептермен өткізіп алынған өтінішхатты (наразылықты) беру мерзімі қалпына келтірілуге жатпайды, өтінішхат (наразылық) қараусыз қайтарылады.

  2. АПК-нің 126-бабы бірінші бөлігінің мағынасы бойынша процестік мерзімді ұзарту институтын қолдану сот тағайындаған мерзімге ғана мүмкін болады.

АПК-нің 436-бабының бірінші бөлігінде айқындалған, заңды күшіне енген сот актілеріне дау айтудың, наразылық келтірудің алты айлық мерзімі заңда белгіленген мерзімге жатады.
АПК-нің 126-бабының екінші бөлігіне қатысты АПК-да белгіленген мерзімдерді, егер өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.
Әркімнің сот актілеріне шағым жасау құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 13-бабының екінші тармағында белгіленген құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалатын конституциялық құқығының құрамдас және ажырамас элементі болып табылады.
АПК-нің 2-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Конституцияның жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. АПК мен Конституцияның нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда, Конституцияның ережелері қолданылады.
Осыған байланысты, егер кассациялық наразылықты келтіру туралы өтінішхат белгіленген мерзім сақтала отырып, прокурорға берілген болса, бірақ ол бойынша шешім қабылданбаса және ол туралы наразылықта көрсетілсе, кассациялық сатыдағы сот наразылық келтіру мерзімін қалпына келтіруге тиіс.

  1. Заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға негіздер болып табылады.

АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша АПК-нің 434-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген сот актілері ұсыну, наразылық бойынша және АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген салдарлар болмаған кезде ғана қайта қаралуы мүмкін.
Іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойып, істі соттың жаңадан қарауына бірінші сатыдағы сотқа жіберген сот актісіне өтінішхат беру процестік әрекет болып табылады. Мұндай істі лауазымды адамдар сұратқан кезде сот АПК-нің 198-бабына сәйкес өтінішхат шешілгенге дейін істі талқылауды кейінге қалдырады.

  1. АПК-нің 438-бабы төртінші бөлігінің нормасы императивті болып табылады және прокурорға іске қатысатын тұлға ретінде іс прокуратураға түскен күннен бастап отыз күн ішінде кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты қарау жөніндегі процестік міндетті жүктейді.

Осыған байланысты кассациялық сатыдағы сот прокурордың наразылық келтіру туралы өтінішхатты қараудың процестік мерзімін сақтағанын тексеруге және осы мерзім бұзылғандығы анықталған жағдайда, оған жекеше ұйғарым шығаруға міндетті.

  1. АПК-нің 448-бабына сәйкес қайта қарау үшін өтінішхат берілген, наразылық келтірілген сот актісінің орындалуы өтінішхатта, наразылықта мұндай өтініштің болу-болмауына қарамастан, үш айдан аспайтын мерзiмге толық немесе бір бөлігінде тоқтата тұрылуы мүмкін. Қайта қарауға өтінішхат берілген, наразылық келтірілген сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы Жоғарғы Сот Төрағасының немесе Бас Прокурордың тоқтата тұру мерзімі көрсетілген уәжді қаулысы шығарылып, тиісті органдарға орындау үшін шұғыл жіберілуі тиіс.

Заңды күшіне енген сот актісінің орындалуын істі бір мезгілде сұрата отырып тоқтата тұруға жол беріледі және кассациялық өтінішхат, наразылық, ұсыну қаралғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, одан кейін өтінішхат берілген, наразылық келтірілген сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады.

  1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттардың, наразылықтардың мазмұны АПК-нің 440, 441-баптарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

АПК-нің 438-бабы алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша берілген өтінішхат пен келтірілген наразылықта сот актілерін қайта қарау үшін негіздің ерекшелігі нені қамтитыны көрсетілуі тиіс.
Аталған талаптар орындалмаған кезде, өтінішхат пен наразылықты кассациялық сатының судьясы кемшіліктерді жою үшін авторларға үш жұмыс күні ішінде хатпен қайтарады. Өтінішхат пен наразылықты қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылғаннан кейін осы адамдар, АПК-нің 435-бабының үшінші бөлігінде көзделген өтінішхаттан бас тарту жағдайларын қоспағанда, жалпы негіздермен кассациялық сатыдағы сотқа қайтадан жүгінуге құқылы.

  1. АПК-нің 444-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өтінішхатты алдын ала қарау нәтижесі бойынша судья қаулы қабылдайды.

Өтінішхатты қайта қарау қорытындысы бойынша судья қабылдаған қаулыда АПК-нің 438-бабында көзделген сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің бар-жоғын растайтын істегі мән-жайлар көрсетілуі тиіс.
Өтінішхатта келтірілген, қаулыны қабылдауға негіз болған дәлелдер кассациялық сатының сот отырысында қарау үшін өтінішхатты іспен бірге беру туралы қаулыда көрсетілуі тиіс.
АПК-нің 444-бабы екінші бөлігі 6), 7) тармақшаларының мазмұнынан сот актілерін қайта қарау үшін негіздер болмаған кезде, кассациялық сатының сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беруден бас тарту туралы қаулыда судья өтінішхаттың барлық дәлелдерін теріске шығаратын негізделген түйінді және қабылданған процестік шешімнің уәждерін көрсетуге тиіс.

  1. Тараптардың диспозитивтігі мен тең құқықтығы қағидатының негізінде АПК-нің 446-бабында көзделген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға, наразылыққа пікір білдіру іске қатысатын адамның құқығы болып табылатыны түсіндірілсін.

Егер іске қатысатын адам өтінішхатқа, ұсынуға, наразылыққа қатысты пікір білдіру құқығын пайдаланса, онда ол пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін іске қатысатын адамдардың саны бойынша ұсынуға міндетті.

  1. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау шектері АПК-нің 449-бабында белігленген. Кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесі үшін өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым берілген, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы. Өтінішхатта, ұсынуда немесе наразылықта келтірілмеген, бірақ дау айтылған сот актілерінің заңдылығына әсер еткен және сот актілерінің күшін жоюға шартсыз негіз болап табылатын азаматтық және азаматтық процестік заң нормаларының бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар шешім қабылдау кезінде бұзылғанын кассациялық сатыдағы сот анықтаған жағдайда мұндай процестік әрекет мүмкін болады.

Мұндай мән-жайлар анықталған кезде кассациялық сатыдағы сот оның өтіншхатта, ұсынуда, наразылықта көрсетіліп-көрсетілмегеніне қарамастан сот актілерін жояды.

  1. Өтінішхаттарды, наразылықтарды, ұсынуларды қарау бойынша сот отырысы АПК-нің 450-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

АПК-нің 450-бабының екінші бөлігіне байланысты істі қарау уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген өтінішхат берген адамның, прокурордың қатыспауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Іске қатысатын басқа да адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі келтірмейді. Алайда, кассациялық сатының соты, егер келмеу себептерін дәлелді деп таныса, талқылауды кейінге қалдыруға құқылы.
Істі қарауды кейінге қалдыра отырып, кассациялық сатының соты уәжді ұйғарым шығаруға тиіс.

  1. Өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қарау нәтижесі бойынша кассациялық сатының соты АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін шығарады.

Бірінші сатыдағы соттың шешімі АПК-нің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздермен жойылған жағдайда ғана апелляциялық сатыдағы сот істі өзінің іс жүргізуіне бірінші сатыдағы соттың қағидаларымен мәні бойынша қарау үшін қабылдауға құқылы.
АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасына қатысты, егер апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексермесе, онда кассациялық сатының соты апелляциялық алқа қаулысының ғана күшін жоюға және азаматтық істі апелляциялық соттың жаңадан қарауына жіберуге құқылы екенін ескерген жөн.
Егер кассациялық сатының соты бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілерінің күшін жойған жағдайда, азаматтық іс бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарау үшін жіберілуге тиіс.
Мәні бойынша дұрыс сот актісі формальды пайымдаулар бойынша қайта қаралуы мүмкін емес. АПК-нің 427-бабының төртінші бөлігінде қамтылмаған, істі қарау кезінде сот жол берген және соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын куәландыратын бұзушылықтарды формальды пайымдаулар деп түсінген жөн.
Мұндай жағдайда кассациялық сатының қаулысында материалдық және процестік құқықтың уәждері, нормалары көрсетіледі, оларға сәйкес сот актілерінің күші жойылмайды.

  1. Сот қолданған материалдық және (немесе) процестік заң нормаларының құқықтық ережесінің нақты мағынасын бұрмалайтын және заңсыз әрі негізсіз сот актісін шығаруға әкеп соққан заң түсіндірмесін кассациялық тәртіппен сот актілерін қайта қарауға алып келетін құқық нормаларын түсіндіру мен қолданудағы біркелкіліктің бұзылуы деп түсінген жөн.

  2. АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне байланысты кассациялық сатыдағы сот қаулысының құрылымы мен мазмұны АПК-де кассациялық сатыдағы сотта сот ісін жүргізу ерекшеліктерімен бірге апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі туралы кассациялық сатыдағы соттың түйіндері іс материалдарына негізделіп, істе жоқ дәлелдемелерге сүйенуге тиіс емес. Істі кассациялық тәртіппен қарайтын сот іс материалдарында фактілер туралы деректердің болуына қарамастан, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар зерттемеген және сот актілерінде анықталмаған немесе сот теріске шығармаған фактілерді дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.
Қаулының уәжді бөлігі кассациялық сатыдағы соттың өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қабылдамау негіздері туралы түйінді, бірінші және (немесе) апелляциялық сатылардың сот актілерін өзгеріссіз қалдыру, олардың күшін жою немесе өзгерту не жаңа шешім шығару, іс жүргізуді тоқтату немесе қойылған талапты қараусыз қалдыру негіздерін қамтуы тиіс. Кассациялық сатыдағы сот түйін жасау үшін негізге алған уәждер, басшылық еткен, сот шығыстары бөлінген заңға сілтеме келтірілген.
Кассациялық сатыдағы сотқа істі дұрыс шешуге қажетті дәлелдемелердің бар-жоғын анықтау құқығы берілмеген. Сотт актілері заңды күшіне енгеннен кейін туындаған мән-жайлар кассациялық сатыдағы соттың қарау нысанасы бола алмайды, өйткені олар бірінші және (немесе) апелляциялық сатылардың соттарында қаралмады және қаралуы мүмкін болмады. Іс үшін маңызды болып табылатын және бірінші немесе апелляциялық сатылардағы соттардың материалдық немесе процестік заңды қате қолдануын куәландыратын және істің дұрыс шешілуіне әсер ететін өтінішхатқа, наразылыққа, ұсынуға берілген қосымша материалдар, егер бірінші және (немесе) апелляциялық сатылардағы сотқа дәлелді себептерге байланысты оларды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана, сот актілерінің күшін жоюға және істі соттың жаңадан қарауына жіберуге негіз болуы мүмкін.
Сот актілерінің күші жойылған және іс қайта қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы соттың қаулысында іс бойынша қандай бұзушылыққа жол берілгені және ол қалай жойылуға тиіс екендігі, қандай мән-жайлар анықталмағаны, істі қайта қарау кезінде қандай процестік әрекеттерді жасау қажеттігі көрсетілуі тиіс.
Кассациялық сатыдағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
Кассациялық сатыдағы сот АПК-нің 452-бабының екінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысында қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады, сонымен қатар осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығарылады.

  1. АПК-нің 453-бабы кассациялық сатыдағы сот қабылдаған қаулының мәтіні дайындалғаннан кейін толық жариялауды көздемейді, яғни оның қарар бөлігі жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді.

  2. Кассациялық сатыдағы соттың алқалы құрамына кіретін, өтінішхатты, ұсынуды және (немесе) Бас Прокурордың наразылығын мәні бойынша қараған, көпшіліктің шешімімен келіспейтін судья АПК-нің 36-бабының ережелеріне сәйкес өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады. Кассациялық сатыдағы сот АПК-нің 438-бабы алтыншы бөлігінде көзделген негіздермен Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе келтірілген Бас Прокурордың наразылығы бойынша істі қарау кезінде ерекше пікірмен танысуға құқылы.

АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздермен Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе келтірілген Бас Прокурордың наразылығы бойынша істі шешу кезінде кассациялық сатыдағы соттың алқалы құрамына кіретін судьяға ұқсас тәртіппен ерекше пікірін жазбаша түрде баяндау құқығы берілген.

  1. АПК-нің 270-бабына ұқсас кассациялық сатыдағы сот заңдылықты бұзу және іске қатысатын адамдардың, лауазымды немесе өзге де адамның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерінің сот отырысында анықталуы бойынша жекеше ұйғарым шығаруға құқылы.

  2. Азаматтық сот ісін жүргізу – тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы, заң мен сот алдындағы теңдігі қағидаттарының негізінде кассациялық сатыдағы сот отырысына іске қатысатын адамдардың дәлелді себептермен (соттан едәуір қашықтықта тұруы, дене мүмкіндіктерінің шектелуі, еңбекке қабілетсіздігі, бас бостандығын айыру орындарында немесе күзетпен ұстауда болуы) қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, олардың өтінішхаттары бойынша кассациялық сатыдағы сот отырысы осы адамдардың орналасқан жеріндегі сот арқылы бейне-конференцбайланыс құралдары қолданылып жүргізілуі мүмкін.

  3. АПК-нің 505-бабының төртінші бөлігінде АПК қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған сот актілеріне АПК-да белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

АПК қолданысқа енгізілгенге дейін сот сатыларында қайта қарау нысанасы болған сот актілерін кассациялық сатыдағы сот АК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе Бас Прокурордың наразылығы бойынша қайта қарауы мүмкін.
25. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты «Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 40-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж. Асанов


Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы Г.Әлмағамбетова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет