Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

     Жалғаулықты  салалас  сөйлемдер  төмендегідей   жалғаулық   
шылаулар    арқылы    құрмаласады:    1.Ыңғайлас      мәнді    жалғаулық  
шылаулар:  да,    де,    та,      те,      және    әрі.  2.    Қарсылықты    мәнді  
жалғаулық    шылаулар:  бірақ,    әйтсе    де,    сөйтсе    де,    әйткенмен,   
олай    болғанмен,    солай    болғанмен,    дей    тұрғанмен  т.б.  3.  Себеп   
мәнді  жалғаулық    шылаулар:  себебі,    сол      себепті,      өйткені,  
сондықтан,   4. Талғау  мәнді  жалғаулық  шылаулар: я,  я  болмаса,  
яки,   не,  немесе,    не  болмаса т.б.  5. Кезектес   мәнді  жалғаулық  

 
260 
шылаулар:  бірде,    біресе,    кейде.  6.Бейтарап      мәнді    жалғаулық  
шылаулар: мейлі,  құй.  
 
7.11   Салалас   құрмалас  сөйлемнің мағыналық   түрлері 
       
Мағыналық      жағынан      9  түрлі      саралауға  салалас  құрмалас 
сөйлем  бірден  келген  жоқ.  Мәселен,  алғашқы  тілтанымпаз 
А.Байтұрсынұлы  еңбегінде  салалас  құрмалас  сөйлемнің  5  түрі  - 
жайылыңқы,  қайырыңы,  айырыңы,  сұйылыңы,  қойылыңқы  –  деп   
белгіледі.   
Қ.Жұбанов  тарапынан  салалас  құрмалас  сөйлемге  қатысты 
талдау,  мысал  деректемелер  болған  жоқ.  Бірақ  1936  жылы 
жарияланған  алғашқы  оқу-бағдарламада  ыңғайлас,  ереуіл,  талғама, 
себеп-салдар, шарт-жағдай деп 5 түрге жіктеп береді.        
С.Аманжолов  пен  Н.Сауранбаевтың  авторлығымен  1939  жылы 
орталау  және  орта  мектептерге  арналған  «Қазақ  тілінің 
грамматикасында»  жай  сөйлемдердің  жалғасу  түріне  қарай 
жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  салаластар  деп  екіге  ажыратқан. 
Жалғаулықты  түрін  өз  ішінде  тіркес,  қарсылас,  үдетпелі,  талғаулы, 
себепті,  кезектес,  бейтараптық  деп  таратады.  Ал  жалғаулықсыз 
түрі  жікке  бөлінбейді.  Бұлайша  сараламау  мұны  Н.Сауранбаевтың 
іргелес құрмалас деп тануына әкелді.  
    1941ж.  С.Жиенбаев  «Синтаксис  мәселелері»  еңбегінде  салалас 
құрмалас  сөйлемдерді  ыңғайлас,  қарсылас,  талғаулы,  себеп-салдар 
деп жіктеген.     
    1961  жылғы  Т.Қордабаев  пен  М.Балақаевтың  оқулығында  салалас 
құрмалас  сөйлемнің  жалғаулықты  түрлері  жалғаулық  шылаулардың   
ыңғайлас, іліктес, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес деп 
келтірген.  1967  жылғы  грамматикада  жалғаулықсыз  салалас  сөйлем 
құрамын салыстырмалы, шартты толықтырып, жалпы алты сандық 
түр сақталған.   
    Салалас 
құрмалас 
сөйлем 
компоненттерінің 
аралығында 
қойылатын ең негізгі тыныс белгісі — үтір (,). Ол салалас құрмалас 
сөйлемнің  жалғаулықты  түріне  де,  жалғаулықсыз  түріне  де  бірдей 
қызмет  атқарады.  Демек,  екі  жай  сөйлемдік  үлгі  бір-бірінен  үтір 
арқылы  ажыратылады.  Тек  ескеретін  жай:  қарсылық,  себеп,  шарт, 
салыстырмалы  мәнді  жалғаулықтар  екінші  сыңар  құрамының 
басында келеді де, үтір олардың алдынан қойылады. Ал мезгілдес 
мәнді  жалғаулықтар,  негізінен,  бірінші  сыңар  құрамының 
соңында  келіп,  үтір  олардан  кейін  қойылады.  Тек  әр  жалғаулығы 
бірде  бір  рет  беріліп,  екінші  сыңардың  басына  енді,  бірде  екі  рет 
беріліп,  екі  сыңардың ішінде келе береді. Екі сыңарға бірдей келу  — 

 
261 
талғау және кезектес мәнді жалғаулықтарға да тиесілі. Егер екі жай 
сөйлемдік 
үлгіні 
және 
жалғаулығы 
байланыстырса, 
үтір 
қойылмайды.   
Сөйлем  ішінде  (ортасында)  келетін  тыныс  белгілерінің  бірі  - 
сызықша.  Салалас  құрмалас  сөйлемде  сызықшаның  қызметі 
түсіндірмелі  түрінде  көрінеді.  Екі  жай  сөйлемдік  үлгіні  әрі 
құрмаластырушы,  әрі  оның  баяндауышы  (шын  мәнінде,  өзінен 
кейінгі  сыңарға  іс-әрекетті  сілтейді)  қызметін  атқаратын  сол, 
сондай,  сонша,  соншалық,  соншама  сөздерінен  кейін  қойылады.  
Бұлайша қою — кейінгі зерттеудің жемісі.    
     Сызықша 
екі  жай  сөйлемдік  үлгіні  байланыстыратын 
қарсылықты,  себеп   мәнді жалғаулықтардың  түсіріліп айтылуында   
қолданылады. Бірақ алдыңғы сыңардың тыныс белгісі (,) сақталады. 
Мысалы:  Қасындағы  біреуі  Лықбекке  қаңылтыр  тостағанмен  шай 
ұсынып еді,  - алмады (Ж.Аймауытов). Алды, — бердім, енді өкіндім, 
өзіме аз (Абай). 
    Салалас 
құрмалас  сөйлем  түрлері  үшін  қос  нүкте  де 
пайдаланылады.    Бұл  көбіне  түсіндірме  мәнді  салаласқа  қатысты. 
Себеп мәнді жалғаулықтардың түсірілуі де қос нүкте қоюға әкеледі: 
Салған  әні  жан  -  дүниемді  балқытты:  дауысы  аса  әдемі  екен. 
Салалас  құрмалас  сөйлемге  тән  нүктелі  үтірдің  де  қойылатын  жері 
бар.  Бірақ  мұндай  жағдайда,  көбіне,  құрамындағы  жай  сөйлемдер 
саны екіден жоғары болып келуі шарт. 
     Мезгілдес  салалас  құрмалас  сөйлем.  «Мезгілдес»  атауы  қазіргі 
күні әбден орныққан. Кейбір  еңбектерде  «ыңғайлас»  салалас  деп  
те  аталады.    Бұл үлгідегі салалас құрмалас сөйлемдер құрамындағы 
синтаксистік 
компоненттердің 
қарым-қатынасы 
бір 
уақыт 
шеңберінде  болып  жатады.      Басты  ескеретін  жай,  белгілі  бір 
сыңарда  келесі  бір  сыңардың  уақыты,  мезгілі  баяндалмайды,  қайта, 
екі сөйлем құрылымындағы іс-әрекет бір мезгіл көлемін қамтиды. Әрі 
олар  жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  ыңғайда  келе  береді.  Олар 
мыналар: 
      Мезгілдес  салалас  құрмаласта  екі    компонентте    баяндалған  іс-
әрекет бір мезгілде қатар өтіп жатады немесе ыңғайлас мәнде болып 
жатады.  Мысалы:   Шам жағып еді, қалың қырау басқан терезелері 
түксейе қарады (Ғ.Мүсірепов). Таң ата жел де тыңды, бұлттар да 
ыдырады (Ж.Аймауытов). Мезгілдес  салалас компоненттері  да, -де, -
та, -те, -және,  әрі    жалғаулықтары арқылы  да, жалғаулықсыз  да  
құрмаласады.  
      Мезгілдес салалас  сөйлемге компоненттері бірыңғай, біртектес іс-
әрекет,  жай-күйлерді  санамалап,  тізбектеп,  жарыстыра  көрсететін 
сөйлемдер  де  жатады.  Мысалы:  Қуанышы  ботасының  айналасында, 

 
262 
қайғысы  інгенің  маңайында.  Мұндағы  завод  аты  -  Спасс,  кен  аты  - 
Воскресен, Нілдідегі кен аты - Успен (Ғ.Мүсрепов). Төрт-бес жылдан 
бері  мырзаның  ашылмаған  қабағы  биыл  ашылайын  деді,  жасты  көзі 
биыл  құрғайын  деді.  Қымыз  ішусіз,  жұрт  тілсіз  қалды  біразға  дейін 
(Ғ.Мұстафин). 
      Себептес  салалас  құрмалас  сөйлем.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің 
бұл түрі 1936жылы жарияланған оқу прогроммасында  «Себеп-салдар 
салалас»  деген  атпен  тұңғыш  рет  сөз  болды.  Терминдік  жағынан  әр 
түрлі  аталғаны  болмаса,  содан  бергі  зерттеулердін  барлығында  да 
құрмалас  сөйлемнің  бір  түрі  ретінде  салалас  сөйлем  құрамында 
қаралып келеді. 
     Себептес  салалас  сөйлем  деп  компоненттері  бір-бірімен 
себептестік  қатынаста  тұратын  құрмалас  сөйлемді  атайды. 
Салаластың бұл түрі өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті дейтін 
жалғаулықтардын  дәнкекерлігі  арқылы  да,    жалғаулықсыз  да 
жасалады. 
     Өйткені,  себебі  деген  жалғуалықтар  арқылы  құрмаласатын  жай 
сөйлемдердін  соңғысы  іс-әрекетін  себебін  білдіреді  де,  алдыңғысы 
сол  себептен  туған  нәтижені,салдарды  білдіреді.  Мысалы,  Оның 
толқығанын  Әмір  байқаған  жоқ,  өйткені  ол  аң-тан  болып  барлық 
назарын  Әбдірахманын  түрінің  жан  танымастай  өзгеріп  кеткеніне 
аударды.                                                                                                             
Бұл  мысалдағы  салалас  сөйлемде  әуелі  болған,  естілген  іс-әрекет, 
жай-күй  айтылады  да,  соңынан  оның  солай  болу  себебі,  ненің 
нәтежесінде,  неліктен  солай  болғандығы  баяндалады:  оның  бұл 
толқыуын  Әмір  неліктен,  не  себептен  байқаған  жоқ?  Оның 
байқамауының себебі – барлық назарын Әбдірахманға аударғанынан.   
     Сондықтан,  сол  себепті  жалғаулықтары  да  екі  жай  сөйлем 
арасында қолданылады да, өзінен кейінгі жай сөйлем құрамына енеді. 
Бұл  жалғаулықтар  құрамына  енген  компоненттер  алдыңғы 
компоненттегі  іс-әрекет  арқасында  туатын  немесе  туған  нәтижені, 
салдарды  білдіреді  Мысалы,  Менің  кім  екенімді  қысқаша  түрде 
Жұмабайға  әкесі  айтып  берді,  сондықтан  менен  қымыранбай 
сөйледі(С.Мұқанов). Мұнда бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебінен 
туған-нәтижені, салдарды білдіріп тұр.    
     Себептес  салалас  сөйлемдер  компоненттері  бір-біріне  тіркесе, 
іргелес  айтылу  арқылы  жалғаулықсыз  да  жасалады.  Мысалы: 
Сәуленің  Бөлекбай  арқылы  Нұрланныңсырын  білмек  болған  манағы 
ойы әлі арылып кеткен жоқ  еді, соны есіне алып Бөлекбастың бірге 
қайтқанын мақұл көрді (Ә.Әбішев).   
     Қарсылықты  салалас  сөйлем.  Тілімізде  компоненттері  бір-бірінен 
қайшы  мағынада  тұратын  салалас  сөйлемнің  барлығы  қазақ  тілінде 

 
263 
жарық көрген алғашқы зерттеулерден бастап сөз болып келеді. Бірақ 
терминдік  жағынан  болсын,  жасалу  жолдарын  айқындау  жағынан 
болсын  әр  зерттеуші  әр  кезеңде  әр  түрлі  пікір  білдірген.  
А.Байттұрсынұлы  оқу  құралдарында  салаластың  бұл  түріне 
«қайырыңқы салалас сөйлем» деп атаған да, оған «соңғысы алдыңғы 
сөйлемге қарсы мағыналы болып қиысады» деген анықтама берген.   
      Қарсылықты  салалас  қайшы  мәнді  жалғаулықтардың    дәнекерлігі 
арқылы  да,  жалғаулықсыз  да  жасалады.  Компоненттерді  бір-бірімен 
ұштастырып,  олар  арасындағы  мағыналық  қатынасты  айқындай, 
дәлелдей  түсетін  дәнекерлер  қатарына  бірақ,  дегенмен,  әйтсе  де, 
алайда,  солай  болғанмен  деген  жалғаулықтар  және  жалғаулық  мәнді 
сөздер  жатады.  Бұл  дәнекерлер  екі  компонент  арсында  келеді  де, 
өздерінен  кейінгі  сөйлем  құрамына  енеді.  Мысалы:  Онша  үлкен 
төрелігім жоқ, әйтсе де айтып қараңыз (Б.Майлин).   
 Жай  сөйлемдерді  құрмаластыру  функциясында  қолданылғанда 
қарсылық мәнді өзгешеліктері жоқ, бірінің орына бірі қолдана береді.   
        Мағыналары  бір-біріне  қайшы  келетін  жай  сөйлемдер  кейде  ал 
жалғаулығы арқылы да құрмаласады. Мысалы: Ондай студенттер көп 
кездеседі,  ал  ана  доктар  бақытты  кісіге  ғана  кездеседі.  Салаластың 
сөйлемнің мұндай түріндегі қарсылықты мағына екі түрлі құбылысты, 
затты,  іс-әрекетті,  көрністі  салыстыра  баяндауға  негізделеді. 
Сондықтан  ал  жалғаулығы  арқылы  құрмаластын  жай  сөйлемдер 
барлық  жағдайда да қайшы мәнді айтыла бермейді. Мысалы: Әрине, 
кескін-кейіп күн нұрымен жайнар еді, ал тұла бойын көктем  шуағы 
жайлар  еді  (М.  Әуезов),  -  дегенде  жай  сөйлемдер  бір-біріне 
мағыналары  қайшы  әректтерді  баяндап  тұрған  жоқ,  жарыса  қатар 
болған екі түрлі жайды білдіріп тұр. 
     Компоненттердің  мағыналық  қатынастары  жағынан  қарсылықты 
салаластың  жалғаулықты  түрі  мен  жалғаулықсыз  түрі  арсында 
ешқандай өзгешелік жоқ.    
      Компонеттер мағынасы арасындағы қайшылық түрлі  болады:  
     1.  Заттың,  құбылыстың  бұрынғысы  мен  қазіргі  күйін  қарсы 
қою  арқылы    салыстырады.  Мысалы,    Бұрын  бай  еді,  болыстыққа 
таласамын деумен-ақ, малын құртып алды. (Б.Майлин)   
      2.  Бірінші  компоненттегі  субъектінің  іс-әрекетіне,  ой-ниетіне 
екінші компоненттегі субъектінің әрекеті, ісі қайшы келеді. Мысалы,  
Қасындағы ұсақ қыздар мен қалыңдықта күліп алдаусыратпақ болып 
еді, Абай мен Ербол оған көнген жоқ. (М.Әуезов)   
      Талғаулы  салалас  сөйлем.  Салаластың  бұл  түрі  А.Байтұрсынұлы 
еңбегінде  «айырыңқы  салалас»  деп  аталған,    Қ.Жұбановтың 
басқарумен  1936  жылы  шығарылған  мекткп  бағдарламасында 
«Талғама салалас» делінген.     

 
264 
       Талғаулы салаластың осы атқа ие болып, мағыналық жағынан да, 
жасалу  жағынан  да  бір  ізге  келуі  1939  жылы  шығарылған  «Қазақ 
тілінің грамматикасы» атты мектеп оқулығынан басталады.  
       Талғаулы  салалас  сөйлемде  оның  компонентерінде  баяндалған 
әрекетердің  екшеліп,  талғанып  бірінің  ғана  болатындығын  немесе 
болу керектігі баяндалады. 
       Талғаулы  салаластың  компонентері,  салалас  құрмаластың  басқа 
түрлерінде емес, тек интонациялық жағынан ғана болмаса, мағыналық 
жағынан бір-бірінен тәуелсіз дербес әрекеттерді баяндайды. Мысалы: 
Бүгін  қар  жауады  немесе  жаңбыр  жауады  деген  талғаулы 
салаластың  компонеттері  арасында    мағыналық  қатынас  жоқ. 
Мағыналық  жағынан  мұнда  бір-біріне  тәуелсіз  екі  түрлі  әрекет 
баяндалған  да,  олар  өзара  мағына  іліктестігіне  қарай  емес, 
интонациялық бірлігіне қарай құрмаласқан.  
      Талғаулы  салаластың  өзіндік  бір  ерекшелігі  -    мұның  құрамына 
енген  жай  сөйлемдер  бір-бірімен  жалғаулықсыз  құрмаласа  алмайды, 
тек  жалғаулықтар  арқылы  ғана  құрмаласады.  Талғаулықты 
салаластың  жалғаулықсыз  түрінің  болмауының  себебі  де,  жоғарыда 
айтылғандай,  компоненттерінің  мағына  жағынан  бір-бірімен  іліктес 
болмай,  әрқайсысы  дербес  әрекетті  баяндауларынан.  Мағыналары 
іліктестік арқылы байланысып тұрады да ол дәнекерлерден айырылса-
ақ бастары бірікпей бөлек-бөлек  сөйлем болып бытырап кетеді.  
      Сөйлемге  талғаулық  мағына  беретін  және  жай  сөйлемдерді  бір-
бірімен  құрмаластыратын  -не,  немесе,  я,  яки,  болмаса,  я  болмаса, 
әйтпесе, әлде, талғаулық мәнді жалғаулықтар.      
     Талғау  мәндес  жалғаулықтардың  я,  не,  әлде  деген  түрлері  жай 
сөйлем сайын қайталанып   айтыла береді.  Мысалы,  я, мен барайын, 
я сен бар деуге де, мен барайын, болмаса сен бар деуге де болады. 
     Талғау  мәнді  жалғаулықтар  жай  сөйлемдерді  құрмаластырудан 
гөрі  бірыңғай  мүшелер  шарасында  көбірек  қолданылады,  сондықтан 
да  талғаулықты  салалас  сөйлем  жазу  тілімізде  өте  сирек  ұшырайды.                                    
Кезектес  салалас  сөйлем.  Кезектес  салалас  сөйлем  деген  атау  тек 
профессор  С.Аманжолов  оқулығында  ғана  кездеседі.  Құрмалас 
сөйлемді  зерттеген  басқа  ғалымдардың  ешқайсысы  да  салалас 
құрмаластың  ондай  түрі  бар  деп  санаған  емес.  Бірақ  тіл  фактілері 
оның барлығын дәлелдейді.  
     Кезектес  салалас  сөйлем  деп  құрамына  енген  жай  сөйлемдердің 
мағынасынан  байқалатын  іс-әректтердің  бірінен  соң  бірі  кезктесіп 
болып  отыратындығын  білдіретін  салалас    құрмалас  сөйлемді 
айтамыз. 
     Кезектес  салалас  сөйлем  компоненттері  бір-бірімен  бірде,  біресе, 
кейде  деген  кезектестік  мәнді    жалғаулықтар  арқылы  құрмаласады: 

 
265 
Мысалы:  Біресе  бұл-бұл  нақышты,  көп  ырғақты  «жиырма  бесті» 
созады, бірде назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады.   
     Кезектес  мәнді  жалғаулықтардың  бір-біріне  айтарлықтай  мағына 
өзгешліктері  жоқ,  сондықтан  олар  бірінің  орына  екіншісі  қолдана 
береді, бірақ мағынасына ешқандай  нұқсан да келмейді. 
     Шартты  салалас  сөйлем.  Салаластың  бұл  түрі  1961  жылғы  
«Қазіргі    қазақ  тілі»  оқулығынан  бері  қарай  қолданылып  жүр. 
Компонент        мағыналары  өзара  шарттас  болып  келетін  салалас 
құрмалас  сөйлем  шартты  салалас      сөйлем  деп  аталады.    Мысалы,  
Бүгін өзің  қоншы осы жерге, бәрін де көзіңмен көресің. Тағы да екі-
үш  күн  бөгейтін  амалын  тапшы,  қозыдай  көгендеп    қолына  берейік 
(Х.Есенжанов).  Осы  мысалдарда  бірінші  компоненттегі  іс-әрекеттер 
екінші  компонентегі  іс-әрекеттердің  алдағы  уақытта  болуына  шарт 
ретінде алынған.  
     Шартты  салалас  сөйлемдерде  екінші  компоненттегі  әрекеттің 
болу-болмауына бірінші компоненттегі әрекет шарт болып келеді. 
      1.  Екі  компонент  баяндауышы  да  бұйрық  райда  айтылады: 
Біраз  дем  ал,  тынығып  қаласың.  Айтқанды  істе,  зиян  таппайсың. 
Менімен бірге жүр, бәрін де көресің. 
     2.  Бірінші  компонент  ІІ  жақ,  екінші  компонент  І  немесе  ІІІ 
жақта  айтылады.  Осыны  істе,  ақысын  төлеймін.  Жағдайыңды 
түсіндір, ол жәрдемдемдеседі. 
      3.  Бірінші  компонент  баяндауышы  бұйрық  райдың  бірінші 
жағында,  екінші  компонент  баяндауышы  ІІ  немесе  ІІІ  жақта 
айтылады.  Мен  барайын,сен  қорықпайсың  ба?  Пальто  алып  берейін, 
ақша  тауып  бересің  бе?  Мен  ешкімге  айтпаймын,өзі  әкеп  беретін 
болсын. 
     4. Кейде қарсылықты жалғаулықтары арқылы да байланысады: 
Біз білмеген-ақ болайық,бірақ өзі тиіш жүрсінші. 
     5.  І  компонент  баяндауышы  ІІІ  жақта,  екіншінікі  І  жақта.  Ол 
тез  кететін  болсыншы,  біз  үндемейік.  Айтқанды  істесін,  әйтпесе 
ісін сотқа өткіземін. 
   Сөйтіп,  компоненттерінің  мағыналық  қатынастары  жағынан  да, 
шартты  білдіретін  жай  сөйлемнің  орналасу  тәртібі  жағынан  да  
шартты  салалас  сөйлемнің  шартты  сабақтас  сөйлемнен  ешқандай 
өзгешелігі  жоқ.  Бүгін  өзің  осы  жерге  қоншы,  бәрін  де  көзіңмен 
көресің  деген  шартты  салалас  сөйлемнің    Бүгін  өзің  осы  жерге 
қонсаң, бәрін де көзіңмен көресің деген сабақтас сөйлемнен құрылысы 
жағынан  да  өзгешелігі  шамалы.  Бұлардағы  өзгешелік  -тек  шартты 
білдіретін  компоненттердің  баяндауыш  формасында  тиянақсыз 
формада  да  (шартты  рай  формасында)  айтылады  да,  салалас  түрінде 

 
266 
ол  тиянақты  формада  (бұйрық,  қалау  не  ашық  рай  формаларында) 
айтылады. 
     Салыстырмалы  салалас  сөйлем.  Салыстырмалы  салалас  сөйлем 
құрмаластың бір түрі ретінде осы оқулықтың  бірінші басылымынан 
бері қарай ғана қолданылып келеді. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің 
бұл  түріне  бір-біріне  антитеза  немесе  аналогия  ретінде  алынған  екі 
түрлі  субьектінің  іс-әрекеттерін,    қасиеттерін,    жай-күйлерін 
салыстыра  баяндайтын  сөйлемдер  жатады.  Салыстырмалы  салалас 
сөйлем  мақал,  мәтелдерде  жиі  кездеседі.  Мысалы:  Саналы 
адам,сағыңды  сындырмас,  санасыз  адам  жағыңды  тындырмас. 
Білген  адам  тауып  айтады,  білмеген  адам  қауып  айтады.  Жақсы 
байқап  сөйлер,  жаман  шайқап  сөйлер.  Ынтымақты  елге  ешкім 
жетпес,  ынтымақсыз  елдің  өкініші  кетпес.  Тозар  елдің  жанжалы 
бітпес,  озар  елдің  арманы  бітпес.  Мысалдағы  сөйлемдердің  бір 
компонентінде жақсылықтың ізгі қасиеті, жақсылығы, артықшылығы 
айтылса,  екінші  компонентте  оған  жамандықтың  жағымсыз 
нәтижелері, кесапат қылықтары қарама-қарсы қойыла сағастырылған. 
Бірақ  салыстырмалы  салалас  сөйлемнің  барлық  түрі  бірдей  бұлай 
болып  келе бермейді. Ол кейде бір-біріне аналогия ретінде алынған 
екі  түрлі  заттың,  құбылыстың,  іс-әрекеттің  жай-күйін  жай  ғана 
қатарластыра  баяндайды.  Мысалы:  Қарағайға  қарап  тал  өсер, 
қатарына қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз 
бұзар. Өнер – ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып жатқан шырақ. Кең 
киім  тозбайды,  кеңесті  ел  азбайды.  Көп  қорқытады,  терең 
батырады.  Ата  көрген  оқ  жонар,  ене  көрген  тон  пішер.  Міне,бұл 
келтірілген  мысалдағы  сөйлемдер  декомпонентте  баяндалған  іс-
әрекеттің  ешқайсысына  жоғарыдағыдай  артықшылық  мән  бермейді. 
Бір-біріне  анология  ретінде  алынған  субьектілердің    қайсысының 
қандай  қасиеті  барлығы,  қайсысы  қандай  әрекет  жасай  алатындығы 
баяндалады.  Сөйтіп,  мұндағы  салыстырудың,  теңдестірудің, 
анологияның 
негізгі 
компоненттері 
субьектілерінде 
болады. 
Мысалдағы  сөйлемдерде  бір-біріне  анология  ретінде  алынып 
отырғандар:  тал  мен  бала,  су  мен  сөз,  өнер  мен  ілім,  кең  киім  мен 
кеңесті  ел,  көп  пен  терең  т.б.  Бұл  субьектілердің  әрекеттері  өзара 
теңестіріліп,  бір-біріне  ұқсастырыла,  анология  ретінде  баяндалады: 
Тау  мен  тасты  су  қалай  бұзса,  адамзатты  сөз  де  солай  бұзады. 
Қарағайға қарап талдың өсетіні сияқты қатарына бала да өседі т.б. 
     Түсіндірмелі  салалас  сөйлем.  Түсіндірмелі  салалас  сөйлем 
құрмалас  сөйлемнің  бір  түрі  ретінде  осы  оқулықтың  1961  жылы 
жарық  көрген  бірінші  басылымнан  бері  қарай  ғана  есептеліп  жүр. 
Оқулықтың  алғашқы  басылымында  ол  «ілектес  салалас»  деген 
атаумен аталған еді, бірақ бұл атауда біраз үйлесімсіздіктің барлығы 

 
267 
ескріліп,  оқулықтың  1966  жылы  шыққан  екінші  басылымынан  бері 
қарай түсіндірмелі деген атаумен аталып келеді. 
     Түсіндірмелі  салалас  сөйлемде  бірінші  компонент  жалпылық 
мәнде  айтылады  да,  кейінгі  компонентте  оның  мәні,  себептері 
сараланып  ашылады,  талданып  түсіндірледі.    Мысалы,    Жұрттың 
бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, Біреулері оның атын 
айғайлады деген  сөйлемде алдыңғы компоненті жұрттың дүрліккенін 
ғана  айтып  қойса,    кейінгі  компоненті  сол  дүрлігіудің  қалай 
болғандығын, дүрліккен жұрттың не істегендігін талдап түсіндіреді.   
     Компоненттердің  мағыналық  қатынастары  жағынан  алғанда, 
бірінші  жай  сөйлем  баяндауышы    сол,  соншама,  соншалық,сондай 
деген  есімдіктер  мен  үстеу  сөздерден  де  осы  түсіндірмелі  салалас 
сөйлемдерден  болған  сөйлемде  осы  түсіндірмелі  салалас  сөйлемге 
жатады,  өйткені  мұнда  да  бірінші  компонеттің  сыры  кейінгі 
компонттерде  ашылады,  түсіндіріледі.  Дегенмен  салалас  сөйлемнің 
бұл  түрінің  өзіндік  біраз  өзгешеліктері  де  жоқ  емес.  Ол  өзгешелік 
мыналар: 
      Бірінші  жай  сөйлемнің  баяндауыш  қызметін  атқарушы  және  сол 
арқылы екі жай сөйлемді құрмаластырушы болып тұратын сол,сонша, 
соншалық, сондай, соншама сөздері өз бастауыштарының іс-әректке, 
жағдайға ерекше  мән беру, көңіл аударту мақсатымен соған сілтейді 
де,  оның  сыры  кейінгі  сөйлемде  ашылады.  Мысалы,  Менің  де  ойлап 
жүргенім  сол  -  енді  біз  татуласайық  деген  сөйлемдегі  енді  біз 
татуласайық  деген  екінші  компонент  бірінші  компоненттің 
баяндауыш  білдіруге  тиісті  мағынасын  білдіріп  тұр.    Сөйтіп,  бір  ой 
екі  рет  айтылады:  бірінші  ретте  оның  сыры  нақтылы  ашылмайды, 
соған  меңзеу,  сілтеу  түрінде  ғана  айтылса,  екіншісінде  талдап 
ашылады  
      Ал  енді,  бірінші  компонентінің  баяндауышы  сонша,  соншалық, 
сондай, 
соншама 
сөздерінен 
болатын 
құрамаластағы 
жай 
сөйлемдердің  мағыналық  қатынасында  сол  сөзі  арқылы  жасалатын 
құрмаластан  гөрі  біраз  өзгешеліктері  болады.    Мысалы,  Жұрттың 
бәріне  өлең  сөздердінің  қазіргі  жағдайға  үйлесімді  көрінгені  
соншалық - өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды.   
      Бұл  сөйлемнің  бірінші  компонентінің  бастауышы  болып  тұрған 
сөздің мағынасынан байқалатын әрекеттің, жай-күйдің ерекше мәнді, 
әсерлі, күшті болғандығына назар аударып, соған ой салмағын түсіре 
сілтесе,  екінші  компонент  біріншідегі  сол  ерекше  жағдайдың 
нәтижесінде не болғанын баяндайды. 
      Көп  құрамды  салалас    сөйлем  құрамында  да  үш  немесе  одан  да 
көп  жай  сөйлемдер  болады.  Мұндай  көп  компонентті  салалас 
сөйлемдерді  компоненттерінің бір-бірімен мағыналарына қарай атау 

 
268 
мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық 
қатынастары  әр  түрлі  болып  келеді.  Мысалы:  Шұғыл  орысша 
білмейді, Барон қазақ қазақша білмейді, бірақ екеуі де араға тілмаш 
салмай-ақ  түсінісе  береді.(Х.Есенжанов).  Сөйлемінде  алдыңғы  екі 
компонент  өзара  ыңғайластық  қатынаста  айтылса,  соңғы  үшінші 
компонент  ол  екеуіне  қайшы  мағынада  айтылған.  Бұл  жағдай 
құрамында  үш  немесе  одан  да  көп  компоненттері  бар  көп  тармақты 
салалас 
сөйлемдерді 
салаластың 
басқа 
түрлері 
сияқты 
компоненттерінің  мағыналық  қатынастарына  қарай  жіктелмей,  өз 
алдына жеке қарауды керек етеді. 
     Көп  құрамды    құрмалас  сөйлем  компоненттері  бір-бірімен 
жалғаулықтар  арқылы  да,  жалғаулықсыз  да  байланыса  береді. 
Мысалы,  1.  Қатыннан  келген  жалғыз  алашаны  қыстыкүні 
ашыққанда сатпай сақтап едім,  соған жарты пұт тары алып сеуіп 
едім, енді мынау бәрі налогқа кетейін деп отыр.(Б.Майлин). 2. Қарын 
ашады, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап қасқырлар жүрген 
сияқты.  (С.Мұқанов).  Келтірілген  бірінші  сөйлемнің    компоненттері 
бір-бірімен  жалғаулықсыз  іргелес  құрмаласқан.  Екінші      сөйлемнің 
бірінші  компоненті  екінші  компоненттен  жалғаулық  арқылы   
құрмаласқан.  Сонымен,    көп    құрамды  салалас  сөйлем 
компоненттерінің 
 
бір-бірімен 
байланысу 
тәсілі 
жағынан 
жалғаулықсыз болып та, аралас болып та айтыла береді. Көп құрамды 
салалас 
сөйлем 
компоненттері 
жоғарыда 
келтірілген 
мысалдардағыдай әрдайым әрқайсысы әр түрлі мағыналық қатынаста 
келе  бермейді,  мағыналық  қатынастары  жағынан    олар  біртектес, 
бірыңғай  болып  та  тұрады.  Мысалы,  Көш  бетімен  жайылған  мал 
біресе ұйыса, біресе бытырай қонған киіз үйлер, көмір қораларының 
ескі  төмпешіктері    (Ғ.Мұстафин).  Оның  кескіні  күндегідей 
күреңденіп  кеткен,  үстіндегі  киімдері  де  өзгеше  көркем,  кеудесінде 
жылтыраған 
әдемілерді 
қадап 
алған(С.Мұқанов). 
Мұндағы 
компоненттердің  өзара  байланысы  бір  уақыттың,    бір  мезгілдің  
ішіндегі  көріністі,  жай-күйді  суреттегені  болмаса,    оларды 
мағыналары жағынан пәлендей қарым-қатынаста тұр деуге болмайды.   
      Көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемдер  құрылысы,  жасалу 
жолдары  жағынан  ашық  құрылымды  құрмаласқа  да,  синтаксистік  
күрделі  бірлікке  де  ұқсайды.    Олардың      бірінші      компоненті  
жалпылық мағынада айтылып, кейінгілері соның мәнін саралап ашып 
тұратын  түсіндірмелі  сөйлем  түрінде  де  көп  кездеседі.  Мысалы,  
Лашын  әр  түрлі  болады:  біреулері  ілген  үйрегін  ала  жерге  түседі 
екен  де,  енді  біреулері  бір  жолдың  кезінде  бірнеше  үйректі  түсіріп 
қалады екен. (С.Мұқанов).     
 

 
269 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет