Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
15 минут
|
Тыңдалым тапсырмасы
Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып тыңдауға шақырады. Тыңдалымды бастамас бұрын мәтінге қатысты тапсырмаларды таныстырады.
«Еліміздегі демографиялық жағдай» тақырыбында тыңдалым мәтінімен танысады.
2-тапсырма
Мәтінді оқушылар мұқият тыңдап болғаннан кейін мәтіннен демографияға байланысты негізгі ақпараттарды анықтайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
3-тапсырма
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ақпараттарға байланысты сұрақтар қойылады, оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын білдіреді,ақпараттарды өмірмен байланыстырады.
Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінде көтерілген мәселелерге қатысты өз ойларыңызды білдіріңіздер, қазіргі өмірмен байланыстырыңыздар.
Әлемде көлемі жағынан 9-орынды алатын территориямызға демографиялық жағдайымыз сәйкес келеді ме?
Біздің кең байтақ жерімізге шамамен қанша адам қоныстану керек?
Еліміздегі жалғыз балалы отбасылардың демографияға әсері қандай?
«Өзің үшін өмір сүр» қағидасына көзқарасың қандай?
Ұлттың қуатты болуы үшін не қажет?
Дескриптор:
|
Еліміздегі демографиялық жағдай
https://www.youtube.com/watch?v=OB2uLfKXtsM
(алғашқы 5 минуты)
|