Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми



Pdf көрінісі
Дата30.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#3035

Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрлігі

Республикалық ғылыми-

педагогикалық кітапхана

Әдебиетті ғылыми өңдеу бөлімінің 

қызметкері 

Уткелбаева Сарқыт Тұрғынбайқызы

Қазақ хандығына - 550 жыл

Тәуекел хан (1583 -1598)

Туған жылы белгісіз 

Қазақстан тарихында XV-XVI ғасырлардағы Қазақ 

ордасының хандарының жеке тарихи тұлғасы арнайы, 

толық түрде зерттелген емес.Ол мәселе көбіне назардан 

тыс қалып отырды.Тіпті, кейбір хандардың тарихтағы 

орны зерттелінбей, кейбір еңбектерде есімдері де 

аталмайды. XV-XVI ғасырлар Қазақ хандығы 

тарихының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Бұл ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихын шартты 

түрде 1457-1470 жылдар аралығында  хандықтың құрылуы. 

1470-1521 жылдар күшеюі мен нығаюы. 1521-1538 жылдар 

хандықтың “уақытша әлсіреуі”.1540-1598 жылдары хандық 

тың қайта көтерілуі немесе этникалық территориясының 

қалыптасуының аяқталу кезеңі деп бөлуге болады.

Әрбір кезеңнің басты белгілерін хандықтың сол тұс-

тардағы ішкі және сыртқы саяси жағдайының қан-

дай болғандығы, жекелеген хандардың жүргізген 

саясаты, сонымен қатар, билік басындағы хандар-

дың жеке тұлғалық қасиеттері арқылы анықтауға 

болады. 

Керей мен Жәнібек 

Бұрындық 

Қасым

Хақназар



Билік құрған 

кезіндегі Қазақ  

хандығының 

саяси жағдайы 

осыған дәлел.

Хандардың

Хақназар хан қайтыс болған соң,

хан тағына Жәнібек ханның  

немере інісі, сексенге келген 

Шығай хан (1580-1582 жылдары) 

отырды.

Деректерде, 1580 жылдан кейін 

Хақназар ханның аты кездеспейді, ал, 

оның немере інісі Шығай (Сығай) Қазақ  

ханы деп аталған еді.Осы уақытқа 

дейінгі деректерде, Шығайдың аты көп 

аталмаса да, сұлтан деп берілетін. 

Шығай әйгілі Жәнібек ханның тоғызын 

шы ұлы Жәдік (Йадык ) сұлтанның 

баласы. Анасы Абайхан бегім еді.

В.В.Вельяминов- Зернов өз еңбегінде:“Жәдіктің 

ұлы Шығай ұзақ ғұмыр кешкен, шамамен 80-жыл 

дай”,- дейді.

Т.Сұлтанов:” Шығай тосыннан болған хан. Оның 

үлкен гаремі, көп әйелдері  және ол үлкен отбасы 

ның басшысы еді. Биліктің пирамидасына 

Шайбанилық  Абдолла  ханның ықпалымен келді”, 

дейді.   

А.Миллер:”Денесі мен рухы әлсіз, кәрі, 80- жас-

тағы Сығай Қазақ ханы болды.Жәнібек әулетін-

дегі ең үлкені болғандықтан да билікке келді“,-

дейді.

Осы мәселені зерделенген, Қойшығара Салғараұлы 

Шығайдың хандық билікке келуінің үш себебі бар деп 

көрсетеді. 

Олар: ”Біріншісі-

Шығай сұлтанның 

өзінің жеке басының 

елге сыйлылығы. 

Оның көзсіз батыр-

лығы жөнінде халық 

- тың (XIX-ғасыр) 

әлі күнге дейін жыр 

қылып, тамсана 

айтатынын дәлел  

етуге болады.

Екіншісі -

Шығайдың 

ұлдарының 

(Тәуекел, Есім, 

Ондан,және 

т.б.) хандыққа 

тіреніш, ханға 

демеу болған. 

Үшіншісі – Шығай  Қазақ 

хандарының іргелі тұқымы 

Жәнібектің кенже ұлы 

Жәдіктің баласы болды 

Және де Абдолланың әкесі 

Ескендірдің таққа отырып 

ал, баласы оның атынан 

барлық істі тындыруы  

сияқты, Тәуекел де өз 

әкесін хан етіп, өзі барлық  

істерге белсене қатысып 

жүрген”.

1582 жылдың басында Абдаллаһ хан 

Шығай және оның баласы Тәуекел 

сұлтанмен күш біріктіріп, Баба сұлтан 

мен оның жақтастарына қарсы кезек-

ті Ұлытау жорығын жасады.

Олар бұл жолы жеңіспен аяқтады.

Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-

Қыпшақ даласына қашты.

Шығай хан сол жорықта қайтыс 

болды.

1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін 

Тәуекел хан болды.



Барақ хан 

Жәнібек 

Жәдік 

Шығай 

Тәуекел хан

Сартақтай       Қоныша     

Сасы Бұқа

Шымытай

Орыс хан

Құйыршық хан

Шыңғыс ханнан Тәуекел ханға дейін он төрт ата болған 

Шыңғыс хан

Жошы

Орда Ежен

Қазақ хандығының  билеушісі Тәуекел хан 

1583-1598 жылдары билік құрған .



Тәуекел хан Шығай ханның екінші 



бәйбішесінен туған бірінші перзенті.



Анасы Жағат әулетінен шыққан 



Яхшым-Бикем. Тәуекелдің отбасы тура-

лы деректерде кездеспейді. 

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII

ғасырдың басынан дейінгі Қазақ 

хандығының тарихы Шығайдың 

Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің 

одан қалуы, қазақ сұлтандары 

қатысқан

Кейбір деректерде Тәуекелдің 

аты әр қалай кездеседі.

Тевеккел, Тевкел, Тәуке, Тукай.

И.В. Ерофееваның айтуынша:



“Қазақ хандығының басында тұрғандағы барлық 



кезеңінде Тәуекел өзін талантты және тез шешім 

қабылдай алатын қолбасшы, сыртқы саясатта шебер 

тактика пайдалана алатын хан ретінде көрсете алды. 

Тәуекел жастық шағын елінен алыста Бұқара 

хандығында өткізіп, 16 ғасыр 80 жылдары өз әскерімен 

Абдолла ханға қосылып, бірігіп белсенді түрде Баба 

Сұлтанмен күресіне қатысты”,-дейді.

Тәуекел

• Жастық шағы елінен алыста Бұқара 



хандығында өткізді.Бұқара ханы 

сыйластықпен өзіндік ерекше 

мейірімділікпен қарады.

Тәуекел

• Көптеген сұлтандармен әскери жарыстарда 



Тәуекел көзге түсіп, осы үшін де бірнеше рет 

“алтын жіппен тігілген халат, қымбат тастармен 

әшекейленген бас киім мен белбеумен 

марапатталды.”

Тәуекел ханның ішкі  

және сыртқы 

саясаты

• Тәуекел хандық билікке өте қиын 



кезеңде отырды.

Т.Сұлтановтың айтуынша:



“Бір жағынан Шайбанилық Абдолла, Моғол және 



Жоңғар қатынастары шиеленісте болды. 

Осындай тұста Тәуекел соғыстың білгірі, епті 

саясаткер екенін көрсете алды”.

Орта Азия – Қазақстан айма-

ғындағы тарихтың дамуына 

едәуір дәрежеде ықпал еткен 

еді. Сол кезде Қазақ 

сұлтандары Сауран билеушісі 

Ишанкелді аутаршы мен 

Наурыз би құсшының 

өздеріне қаскүнемдік жасауға 

дайындалып жатқанын біліп,

өзбек әскеріне қарсы 

аттанды. 

Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін 

күресті бастап, 1586жылы Ташкентті 

алуға әрекет жасайды. Абдаллаһ ханның 

әскерлері оңтүстікке шоғырланғанын 

біліп, бұл ұрыстарда   

қазақ әскерін Тәуекел өзі бастайды  

Тәуекел жас кезінде қол бастаған.

Мың жылдық мұрат жолына бас-

ын байлаған Тәуекелдің көкейінде 

жалғыз-ақ нәрсе тұрған.



Ол ұлттың мерейі, халқының

баянды болашағы еді.Туған хал-

қының бар жақсы қасиетін бой

-ына сіңірген Тәуекел іргелес кө-

шілерін де жете біліп өседі.Ата

-бабаларының іскер өнерін, ел

басқару ісін игеру мен қатар

болашақ дұшпаны-Бұқара хан-

дығында соғыс өнері мен жұрт

ұстау жүйесін танып- меңгерген.



1583жылы хан көтерілген



шағында Тәуекел жастығына

қарамай,тәжирбелі әскер ба-

сы әрі білгір саясатшы,кемел

тұлға болатын.Тәуекел таққа

мінген күннен бастап –ақ

Қазақ Ордасы өзінің ежелгі

күш- қуатын қайта табады.

1588 жылғы оқиға қазақ халқының 

тарихында маңызды оқиғаладың бірі 

Ташкент көтерілісі.  

Бұл көтеріліс үш айға созылған.

Ташкент өңірінде болған 1588-жылғы көтеріліс сол 

кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар 

қатарына жатады. 

Бұл көтерілістің себебі Абдолла ханның заңсыз хандық 

билікке келуінде болатын. . 

Өйткені Абдолла заңды мұрагері емес еді.

Алайда бұл көтерілісте қазақ сұлтандары мен 

бүлікші әмірлері жеңіліс тапты.   

Бұл көтеріліске көшпелі тайпаларда қатысқан.

Әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай 

аяқталды.

Тәуекел хан өз ойын іске асыру үшін 

бірде тапқыр саясат қолданса, енді бірде 

әскери күшті ұтымды пайдаланды.

Өзбек ханына қарсы күресте әскерді 

одақтас ету үшін ол Мәскеу мен қарым –

қатынасын жолға қойды. 

Тәуекелдің хан жағдайын 1586 

және 1594 жылдар арасында 

жүргізілген ұзақ та табанды 

күрес нәтижесінде жеңіп алғаны,

оның содан кейін Мәскеумен 

қатынастар жасау кезінде нағыз 

хан ретінде әрекет еткені анық 

болды. 1594 жылы Тәуекел өзін 

бодандығына қабылдауды 

өтініп, Федор патшаға Құл-

Мұхамедті елші етіп жіберді.

1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап 

грамотасы тапсырылды, онда Тәуекелге қазақ хандығын

«өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған

және  «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге 

үәде етеді де, одан әрі мынандай тілек айтады: 

Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан 

және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен

соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын

боласыздар»

Ресей мен Орта Азия халқы мен сауда      

саттық қарым – қатынасы.

Экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның 

өзі қазақ хандығының ішкі жағдайы жақсартуға,

халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді 

болды. Орта Азия мен Сібірге апаратын жол  Қазақ 

хандығының аумағы арқылы өтті. Тобыл қаласынан 

Орта Азияға апаратын сауда жолы Ертіс өзені 

арқылы Есіл өзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан 

Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы 

Түркістанға дейін, сонан соң Сырдария өзені арқылы 

Бұқараға өтетін еді. 

1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының 

мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды.

Абдаллаһ хан Тәуекелді лайықты қарсылас деп 

санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер жіберген.

Тәуекел хан жаңа шапқыншылық соғыс қозғап, 

жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауреннахрды

Басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқанд 

қалаларын басып алды.

ТАШКЕНТ

САМАРҚАНД

Бұл аймақтардың Қазақ хандығы 

құрамына қосылуының тарихи маңызы 

зор болды. Бұл оқиғалар Қазақ хандығына 

ғана емес,Шайбанилік мемлекеттерге де 

елеулі ықпал жасады, өйткені Орта 

Азиядағы әулеттер ауысуының солармен 

тікелей байланысы болды.

Тарихшы М.Х.Әбусейтованың айтуынша

Тәуекел хан өзінің басты мақсаты - Мауреннахрды қазақтардың 

қол астына кіргізе алған жоқ. Бірақта, Түркістан,Ташкент,

Ферғана белгілі бір кезеңдерге дейін қазақ жерлерінің құрамына 

кірді. Ал,бұл өз кезегінде қазақ және Орта Азиялық хандарының 

арасында нақшбанди орденінің сопы шейхтерінің ықпалымен 

жасалынған бейбіт бітіммен нығайтылды. 



Тәуекел хан өзінің 

туысы Есім сұлтанды 20 

мыңдай әскер мен 

Самарқанда қалдырып, 

өзі 70- 80мың әскерімен 

Бұқараны алуға 

аттанды. Қазақ әскерлері 

Бұқараны 20 күн 

қоршады. Қала бекінісі 

түбіндегі бір шайқаста 

Тәуекел хан ауыр 

жараланып, Ташкентке 

қайтып келіп қаза болды. 



Әбілхайыр хан мен Ұрыс ханның ұрпақтары 16 ғасыр соңында 

мәреге әртүрлі дәрежеде жетті. Мауреннахрды билеп-төстеп 

Шайбанилық әулеттің дәуірлеуі аяқталды, ал қазақтарды 

бастаған Тәуекел хан өзінің жеңісі мен көздеген мақсатына  

жетті. Осылайша, Қазақ хандығы бір ғасыр бойы Түркістан 

аймағы үшін күресті, ол күрестің босқа кетпегендігін  тарихтың 

өзі дәлелдеп берді. Міне, 17 ғасырда қазақ хандарының 

жүргізген саясаты тарихта өз таңбасын қалдырды. Ал, талай-

талай қияң-кескі жағдайларды басынан өткеріп келе жатқан 

Қазақ хандығы бұл кезеңнің қиындықтарына да төтеп беріп, өз 

тәуелсіздігін сақтап қалып, өміршең Қазақ мемлекеті екенін 

тарихта тағы бір дәлелдеді.

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

1) Қазақ хандығының Тәуекел хан тұсында тұрақтану және үшінші өрлеу жылдары (1583-1598 

ж.ж.) //Аяған  Б.Ғ.   Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы /Б.Ғ. Аяған. - Алматы, 

2011. – 149-153 б. 

2) Маданов Х. Қазақ халқы мен қазақ хандығының  құрылуы //Маданов Х. Қазақ халқының  арғы–

бергі тарихы /Х. Маданов. – Алматы, 1995. – 68-69 б. 

3) Тәуекел //Қазақстан  тарихы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2006. -688-689 б.

4) Тәуекел  Бахадұр ханның ұлы жеңісі // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі /М. Мағауин. -

Алматы, 1995. – 30-41 б. 

5) Тәуекел хан //Ислам: энциклопедиялық  анықтамалық. - Алматы, 2010. – 467-468 б.

6)  Тәуекел ханның Мауереннахрға жорығы // Қазақстан  ұлттық  энциклопедия /бас. ред.  Б. 

Аяған. – Алматы, 2006. – 306-307 б.

7) Ұлы хандар. Тәуекел  хан //Б. Тоғысбаев. Тарихи тұлғалар: танымдық–көпшілік басылым: 

мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілік оқырмандарға арналған оқу құралы  /Б. Тоғысбаев,  А. 

Сужиков. – Алматы, 2011. - 47 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет