Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет119/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131
Ботаникалық  бау  –  ботанический  сад  –  жер  шарындағы 
өсімдіктер  әлемінің  байлығын,  коллекциясын  жинау,  оларды  өсіру 
арқылы  ғылыми-зерттеулер  жүргізілетін,  оқу-үйренуге  маманданған, 
қолданбалы ғылыми мекеме. 
Биогенді  заттар  –  вещество  биогенное  –  организм  әрекетінен 
жер  бетінде  пайда  болған  химиялық  қосындылар,  екіншісі:  тіршілік 
үшін қажетті химиялық қосылыстар. 
Биологиялық тепе-теңдік – биологиялық жүйенің динамикалық 
күш- қуат тұрақтылығын сақтау. 
Биом  –  белгілі  бір  аймақта  тіршілік  ететін  өсімдіктер  мен 
жануарлар түрлері. 
Биомасса  –  түзілген  органикалық  заттар  мен  барлық  даралар 
жиынтығында  түзілген  энергияның жалпы  мөлшері  немесе  бір  түрге 
түрлер тобына жататын организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі 
массасының жалпы саны. 
Биосфера  (грек  .bios  -  өмір  және  sphaira  -  шар)  –  Жер 
планетасының тірі ағзалар тіршілік ететін, ең үлкен экожүйе. 
 Биосфера 
эволюциясы 
– 
түрлердің, 
олардың 
арақатынастарының  үздіксіз  бір  мезгілде  өзгеру  және  бір  түрдің 
түсіп  қалып,  бұрын  болмаған  екінші  бір  түрлердің  пайда  болу 
құбылыстары. 
 Биогенді  зат  –  тірі  емес  заттар,    тірі  ағзалардың  тіршілік 
әрекеті нәтижесінде пайда болған (кейбір шөгінді жыныстар: әктас, 
бор  т.б. және мұнай, газ,тас көмір). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет