Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Улы және фотохимиялық тұман



Pdf көрінісі
бет26/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131
Улы және фотохимиялық тұман 
Улы тұман «смог» ағылшын сөзі, түтін деген мағынаны білдіреді. 
Улы түтін өнеркәсіп және басқа қажеттіліктер үшін көмір мен мазутты 
пайдаланғанда қалыптасады.   
Үлкен  қалаларға  тән,  жиі  байқалатын  құбылыс  -  улы  туман 
(тұман  мен  түтіннің    қосылысы).  Улы  тұмандар  үш  түрлі  -  ылғалды, 
құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) 
–  газ  тәрізді  ластаушы  заттар,  шаң  және  тұман  тамшыларының 
қосылыстары.  Бұл  қосылыстағы  заттар    бір-бірімен    химиялық  
реакцияға    түсіп  бастапқы  түрлерінен  әлдеқайда  қауіпті  қосылыстар 
түзеді.  Атмосфералық  ауаның  100-200  метр  биіктігінде    улы,  сарғыш  
түсті  лас,  ылғалды  улы    тұман  осылай  пайда  болады.  Мұндай    тұман 
теңізге жақын, тұманды, ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы  жоғары  
елдерде  түзіледі.  Лондондық    тұман    типі-  негізгі  көзі  көмір  мен  
мазутты    пайдаланғанда  түзілетін    күкіртті    газдың    атмосферада 
концентрациясының  көбейіп  кетуі.  Бұл  құбылыс  Лондон  қаласының 
ауа  бассейінінде  алғаш  рет  1873  жылы  есепке  алынған.  1952  жылы 
Лондон  қаласында    улы    қара  тұмандық  түтін  2  жұма    бойы    тұрып  
алған. Нәтижесінде 4000-нан астам  адам  қаза болған.  
Құрғақ    улы    тұман  (Лос-Анджелестік  тип)  –  озонның    пайда 
болуы  кезінде  химиялық  реакциялардың  әсерінен  атмосфералық 
ауаның  екінші  рет  ластануы.  Құрғақ  улы  тұман  Лос-Анджелесте 
(АҚШ)  қалың  тұман  емес,  көкшіл  түтін  түзеді. Улы  тұманның  үшінші 
түрі  -  мұзды  улы  тұман  (Аляскалық  тип).  Ол    Арктика    мен  
Субарктикада    антициклон  кезінде  төменгі  температурада  пайда 
болады.  Мұндай  ауа  райында  ластағыш  заттардың    аз    мөлшерде 
бөлінуінің  өзі  мұздың  майда  кристалдарынан  тұратын    қалың  
тұманның  пайда  болуына  алып  келеді. Сондай-ақ улы тұман  ойыс, 
ойпатты    жерлерде  орналасқан  қалаларға,  мысалы,  Алматы,  Ереван, 
Кемерово,  Новокузнецк,  Братск,  Мехико  және  т.б.тән.  Улы  тұман 
кезінде,  жарықтың    әсерінен    зиянды    заттардың    ауа,    ылғал 
компоненттерімен  фотохимиялық  реакциялары  нәтижесінде  қосымша 
улы  өнімдер  (альдегидтер,  кетондар)түзіледі.  Атмосфералық    ауаның  
тұмандануы    қала    микроклиматының  нашарлауына  –  тұманды  
күндердің   көбеюіне,  атмосфераның ластануына   әсер    етеді.  Мысалы, 
1948  жылы    26    қазанда    Донора  (АҚШ,  Пенсильвания)  қаласында 
қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы тұман) жолдың көрінуі  өте  
нашарлап  қаланы қара  күйе  басып  қалған. Адамдардың тыныс алуы  
қиындап,  тамақтары    ауырып,  көздері    ашып,  құсу    пайда    болған. 
Сонымен  жаңбыр  жауғанға  дейін  3-4  күннің  ішінде  14000  қала 
тұрғындарының    6000    тұрғыны    ауырып,  20  адам    қайтыс    болған. 
Сонымен  қатар    көптеген  құстар,  иттер  мен  мысықтар  да  өлген.  1952 


 
 
37 
жылы  Лондон  қаласында    улы    қара  тұмандық  түтін  2  жұма    бойы  
тұрып    алған.  Нәтижесінде  4000-нан  астам    адам    қаза  болған.  Себебі  
ауасы  лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті 
ангидридтің мөлшері  қатты  көбейіп  кеткен. 
XX  ғасырдың  30-шы  жылдарынан  бастап  Лос-Анджелес 
қаласында  да  жылдың    жылы    маусымында,  әдетте  жазда  және  ерте 
күзде  ылғалдылығы  70%    құрайтын    тұман  пайда  бола  бастады.  Бұл 
тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Атмосфера қабатында азот 
оксидтері,  көмірсулар,  озон,  күннің  радиациясының  фотохимиялық  
реакцияға  ұшырауы  нәтижесінде  пайда  болатын  улы  түтін.  Оның 
Лондондық  тұманнан    айырмашылығы    автокөлік    газдарынан    пайда 
болады.  Улы    тұман    кезінде    көріну  қабілеттілігі  нашарлап,  үй  
жануарлары (ит, құс) өле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, 
көздері  жасаурап,  тамақ  пен  мұрынның  шырышты  қабаттарының 
тітіркенуіне, өкпе  және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып 
келеді.  Улы  тұман  өсімдіктерге,  әсіресе  бұршақ,  қызылша,  астық 
тұқымдастар,  жүзім  және  сәнді  өсімдіктерге  де  зияны  көп.  Алдымен 
жапырақтары  ісініп,  біраз  уақыттан  кейін  жапырақтың  төменгі  жағы 
ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет