Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


ОРНЫҚТЫ  ДАМУДЫҢ   ҒАЛАМДАНУЫ



Pdf көрінісі
бет46/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131
ОРНЫҚТЫ  ДАМУДЫҢ   ҒАЛАМДАНУЫ. 
ТҰРАҚТЫ  ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ 
 
Жоғарыда    айтылып    өткендей,  адамзат  қоғамының  алдында 
тұрған  экологиялық  мәселелер  оның  дамуының  барлық  тарихи  
кезеңдерінде    орын    алып  отырды.  Бірақ    өндірістік  қоғам  мен 
демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа кері әсерінің 
нәтижелері  ғаламдық  сипатқа  ие  болды.  Экологиялық      мәселенің   
мәні — табиғаттағы  қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған  
адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін 
қамтамасыз  ету.  Қазіргі  жердегі  тіршілік  адам  қызметінің  сипатына 
тәуелді.  Адамзат  өркениеті  дамуының  материалдық  негізі    болып  
табылатын  дүниежүзілік  шаруашылық  қоршаған ортаға  әсер  етуде. 
Жекелеген    елдердің    қоршаған  ортаға  зиянды  әсері  ең  алдымен, 
экономикасының  даму  деңгейімен    анықталады.    Қазіргі    кезеңде  
дамыған    мемлекеттермен  бірге  дамушы    мемлекеттер    жедел 
қарқынмен дамуда,бұл адамзаттың табиғатқа кері әсерін күшейтуде. 
Қазіргі  кезең  адамның    ерекше  биосфералық  қызметі  — 
биосфераны  қорғау  мен  сақтап  қалу  қызметімен  анықталып  отыр. 
Экологиялық    мәселелердің    алдын  алу  үшін    адам  ретсіз  дамудан 
тиімді,  реттелген,  табиғат  пен  қоғамның  даму  заңдарына  негізделген 
дамуға    өтуі  тиіс.  Тек  осы  кезде  ғана  адамзат    қоғамының    дамуы  
үздіксіз, ұзақ  уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік 
дағдарыссыз дамиды. Мұндай  дамуды — тұрақты  даму  деп  атайды. 
Бірақ    бұл  үшін    адамдардың  сана-сезімі,  олардың    мақсаты  мен 
адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. 
Планетадағы  тіршілікті  қорғау  бүкіл  адамзаттың  бірігуін  талап 
етеді.  
1987  жылы    БҰҰ-ның  Дүниежүзілік  қоршаған  орта  мен  даму 
комиссиясы  “Біздің  жалпы  болашағымыз”  атты  есебінде  “қоршаған 
орта  үшін  қауіпсіз,  жолдан  экономикалық  дәуірге”  аяқ  басуға 
шақырды. 
БҰҰ-ның 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған 
орта  және  даму  жөніндегі  Дүниежүзілік  конференциясында  тұрақты  
даму  концепциясы  қабылданды.  Бұл    тұжырымдама  табиғат  пен 
қоғамның өзара үйлесім негізінде  дамуын  көздейді, мұндай  жағдайда 
адамзаттың  қазіргі    сұраныстарын    өтеу    болашақ    ұрпақтардың  
мүмкіндіктері    мен  қажеттіліктерін  шектемейтіндей  болуы  қажет. 
Тұрақты даму концепциясының негізгі тұжырымдары төмендегідей: 

адамдар  табиғатпен  үйлесімді  түрде,экологиялық  сауаттылық 
пен салауатты  өмір сүру құқығына ие болуы керек; 

қоршаған  ортаны  қорғау  қоғамның    даму  үрдісінің  ажырамас 


 
62
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
бөлігіне  айналуы қажет,  сондықтан  оны жеке-дара  қарастыру 
мүмкін емес; 

қоршаған  ортаны  жақсарту  мен  сақтау  қажеттілігін  қазіргі 
ғана  емес,  болашақ  ұрпақтың  алдына  қойылатын  мақсаты 
ретінде қарастыруы қажет; 

елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және 
кедейлік пен қайыршылықты жою; 

елдер  тұрақты  дамуға  қол  жеткізу  үшін  өндіріс  пен 
тұтыныудың  осы  мақсатқа  кедергі  келтіретін  мәселелерін 
мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет. 
Сонымен  тұрақты  даму концепциясы өзара тығыз байланысқан  
үш  құрамдас  бөлікті:  экожүйелерді  пайдалану,  тиімді  экономика, 
әділетті  қоғамды  біріктіреді.  Ал  тұрақтылық  принциптері  табиғат, 
экономика, 
әлеуметтік 
элементтерді 
біртұтас 
жүйе 
ретінде 
қарастырады. 
“Тұрақты  даму”  дегенде  қазіргі  уақыттың  қажеттілігін 
қамтамасыз  ете  отырып,  болашақ  ұрпақтардың  өзінің  қажеттіліктерін  
қамтамасыз    етуіне   қауіп   туғызбайтын   даму   деп   түсіну  керек.  “Біз 
ата-бабаларымыздың  жерін  мұраға  алған  жоқпыз.    Біз  оны  өзіміздің 
балаларымыздан қарызға алдық”. (БҰҰ материалдарынан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет