Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.42 Mb.
Pdf просмотр
бет32/43
Дата25.12.2016
өлшемі5.42 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43

Әдебиет
1.
 
Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы  
2.
 
Правила кредитной системы обучения (проект) Алматы 2003. 
3.
 
Кредиттік жүйе керек пе? 
 
 
 
 
 
 

 
 
274 
ӘОЖ 811.512.122`373:392.143 
 
АТ ТЕРГЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАНЫМЫ 
 
Сагалиева Ж.Б. 
(Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ) 
 
 
 
Қазақтың  кең  даласы  –  рухани  болмыс,  тіл  мен  мәдениет  бірлігі,  салт-дәстүр, 
әдет-ғұрып  тұтастығының  негізі.  Бұл  көзқарас  қазақтардың  ат  қою  салтында  ерекше 
көрінеді.  Себебі  бұл  рәсімде  ұлт  болмысының  барлық  этномәдени  ерекшелігі  мен 
әлеуметтік сипаты басшылыққа алынады.  
Мифтік наным-сенім  бойынша  ерте  замандағы  адамдар  тіл  мен  сөздің  магиялық 
күшіне  сенген,  сондықтан  болар  қазақ  халқы  әдетте  қарғыстан,  балаларын  мақтаудан 
қорыққан.  Соның  нәтижесінде  Күшікбай,  Жаманбала,  Салбыр,  Қасым,  Сағал, 
Кенесары  сынды  жалқы  есімдер  дүниеге  келген.  Олар  «көз  тимесін»,  «балам  аман 
болсын»  деген  ырымнан  туған  екен.  Сол  сияқты  дүниеге  келген  балаға  Артықбай, 
Несібелі,  Бекенбай,  Мырзагелді  сияқты  ат  қою  арқылы  оған  белгілі  бір  қасиеттерді 
дарытуды  көздеген  мақсат  қойылған.  Тілеміс,  Тұрлыбек,  Сағындық,  Есенгелді  
лингвокультуремалары  ұл  күту,  бала  тілеу,  балалары  тұрақталмаған  себебінен  туған 
антропонимдер.  Сонымен  антропонимика  (гр.  anthropos  -  адам,  опута  ат)  дегеніміз  — 
адамдардың  өзіне  меншікті  есімдерін,  аты-жөнін,  жалған,  бүркеншік,  жасырын 
аттарын, ру аттарын зерттейтін ономастиканын тармағы [1]. 
«Әр  елдің  заңы  басқа»  дегендей  қазақ  халқының  мәдениетіндегі  сөз  магиясына 
сенушілік  пен  сол  сезімнің  нәтижесінде  пайда  болған  табу  мен  эвфемизмдер  де  сан 
алуан болып келеді. Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес 
кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл 
проблеманың  қазақ  және  түркі  тіліндегі  табиғаты,  тілдік  көрінісі  Ә.Ахметовтің 
еңбегінде  арнайы  зерттелген  [2,8-10].  Солардың  нәтижесінде  оның  дәстүрлі 
мәдениетпен  сабақтастығы,  оның  генезисі  анықталады.  Антропонимдер  мен  жалқы 
есімдерді  қолданған  кезде  мұндай  сөздік  тыйымдар,  яғни  табу  сөздер  қазақ  әйелінің 
сөздік ғұрпында болған. Қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің 
жақын  туыстарының,  ата-енесінің  аттарын  атамай  жанама  ат  қойып  алатын.  Атап 
айтқанда, қайынсіңілілерін  шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, 
ерке қыз, ал ер адамдарды  төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт  т.б. деп атайды.  
Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан бұл ізгі дәстүр қазақта 
«ат тергеу» деп аталады. Ат тергеу дегеніміз - қайын жұртын тікелей атымен атамай, 
арнайы  ишаралап  ат  қою  дәстүрі.  Бұл  жас  келіннің  түскен  жеріне,  күйеуінің 
туыстарына  деген  ізгі  құрметінің,  әдебінің  игі  көріністерінің  бірі  болып  саналады. 
Қазақта осы жайды аңғартатын мынадай бір аңыз бар. 
Ауылдағы  ақсақалдар  мен  қайын  ағаларының  атын  атамайтын  келін  бір  күні 
қамыстың арғы шетіндегі өзенге суға барса, бір қойды қасқыр жеп жатыпты. Келіншек 
қойды қасқырдан құтқарып алып, бауыздайды да, ауылына жүгіріп келіп:  
«Ата! Ата! 
Сылдыраманың ары жағында, 
Сарқыраманың бері жағында 
Маңыраманы ұлыма жарып кетіпті. 
Жаныманы білемеге, жанып-жанып тез әкелсін біреу», – деп шырылдайды. 
Қазіргі қазаққа мұны түсінуі үшін мынандай сөздік керек. 
Сылдырама – қамыс. 

 
 
275 
Сарқырама – өзен, 
 
Маңырама – қой, 
Ұлыма – қасқыр. 
Жаныма – пышақ 
Білеме – қайрақ. 
Сөйтсе әлгі жаңа түскен келіннің: 
Қамысбай деген атасы бар екен 
Өзенбай деген қайнағасы бар екен. 
Қойбағар деген қайнысы бар екен. 
Қасқырбай деген тағы бір қайнағасы бар екен. 
Пышақбай деген атасы бопты. 
Қайрақбай деген тағы бір шал бар болса керек [3]. 
Міне,  баяғы  заман  келіншегі  солардың  ешқайсысының  көңілін  қалдырмай, 
әдептен озбай, аруақтан аттамай, салт-дәстүрді сақтай білген. 
Бұл  ерекше  салт  туралы  құнды  деректерді  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин, 
Г.Н.Потанин,  Н.И.Ильминский,  А.И.Самойлович,  Т.  Жанұзақов  секілді  ғалымдардың 
еңбектерінен көреміз. 
Қазақ  әйелінің  сөздігіндегі  табуға  айналған  жалқы  есімдер  эвфемизмдермен 
алмастырылған.  «Эвфемизм  (грек.  «eu»  –  жақсы,  «phemі»  –  айтамын)  –  мағынасы 
тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы 
моральдық,  этикалық  норма  негізінде  қалыптасып,  сыпайыгершілік  пен  әдептілікке 
байланысты  туған.  Эвфемизм  –  тілдегі  ауыспалы  мағынадағы  сөздерді  толықтырып 
отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі» [4,123-9]. Мысалы өтірік айту - 
қосып  айту,  ұрланыпты  –  қолды  болыпты,  өлді  –  қайтыс  болды,  дүниеден  озды,  о 
дүниеге аттанды және  т.б. 
Профессор  Т.Жанұзақ  былай  деп  жазады:  «Личные  имена  заменялись 
нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли 
қайынаға  (деверь).  При  запрете  личное  имя  определенного  человека  употреблялось  в 
искаженной  форме,  например  вместо  Али  –  Сали,  Турсын  –  Мурсын.  Для  замужней 
женщины  являлись  запретными  и  нарицательные  имена»  [5,45].    Әйелдер  күйеуінің 
атын  атамай  «әлгі»,  «біздің  үйдегі»,  «от  ағасы»  немесе  баласының  атымен 
«Баймырзаның әкесі» деген атаушылық қоғамымызда әлі де кездеседі.  
Ат  тергеу  салтында  түрлі  әдістің  болғаны  байқалады.  Кейде  адамдарды  түр-
келбеті,  дене  пішініне  қарай:  «бауырсақ»,  «айыр  сақал»,  «бай  семіз»,  «мес»,  «төрт 
сақал»,  «саққұлақ»  деп  атау  болған.  Кейде  тыйым  салынған  есімдерді  тергеп  айтуға 
мүмкіндік  болмаса,  есімдердің  басты  әріптерін  өзгертуге  тура  келген.  Жоғарыда 
айтылып  кеткен  Әли  орнына  Сәли,  Тұрсын  орнына  Мұрсын,  Мәмбет  орнына Сәмбет, 
Ахмет – Сахмет, Жақып демей Мақып деп атаған [6,81]. Ат тергеуде әйелдердің мәндес 
сөздерді шебер қолданғаны байқалады. Бұның өзі әйелдердің ой-өрісінің кеңдігін және 
тіл байлығының деңгейін көрсетеді. Ат тергеу дәстүрінде олардың ерекше тапқырлығы, 
ойының ұшқырлығы, қара сөзге дес бермейтін шешендігі көрініп тұрады. 
Тілші-ғалым Ә.Хасенов  эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып 
баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты 
антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді:  - кісі аттарына байланысты эвфемизм 
мынадай  болып  келеді:  ауылдағы  үлкен  кісінің  аты  Жаман  болса  -  Соқпақ  жол, 
Сүттібай  болса  –  Желінді  уыз,  Бұқабай  –  Сүзербай,  Өгізбай,  Қарабас  –  Боран  шеке, 
Сарыбас – Шикіл шеке, Сары – Шикіл, Бейсембі – Күн жұма аттас, Көжекбай – Қоян 
ата,  Үзікбай  –  Дөдеге,  Жамантай  –  Жайсыз  тай,  Ақбай  –  Қылаң  ата,  Түңлікбай  – 
Қайырма, Қозыбақ – Кене, Жусанбай- Сыбақ, Қойлыбай – Жандық ата, Қамшыбек  – 
Ат  жүргіш,  Бүйенбай  –  Жуан  ішек  ,  Еламан  –  Халық  есен,  Асубай  –  Тарпаң,  Асыл  – 
Бекзат ата, Ақылбай – Ой ата, Мергенбай – Атқышыл, Жылқыбай – Туар т.б. [7,66]. 

 
 
276 
Қазақ  әйелдерінің  арасында  берік  қалыптасқан  ат  тергеу  салты  туралы  белгілі 
этнограф  А.Н.Самойлович  те  жазыпты.  Ғалымның  пікірінше,  қазақ  әйелдері  өздеріне 
атауға тыйым салынған адам аттарын тергегенде, белгілі қалыптасқан жүйе бойынша, 
туысқандық  қарым-қатынасты  білдіретін  ортақ  терминдерді,  яғни  арнайы  сөздерді 
пайдаланған.  Мәселен,  әйел  күйеуінің  ағаларын  қайнаға  десе,  қайын  атасы  мен  оның 
рулас  тең-тұстарын  ата,  күйеуінен  жастары  біршама  үлкен,  бірақ  қайын  атасынан 
жастау  қайнағаларын  би  ағалар,  ал  олардың  жасы  үлкен  балаларын  мырза  ағалар
ортаншы  балаларын  ортаншым,  кенжелерін  кішкенем  деп  атаса,  күйеуінен  жасы 
үлкен  адамдардың,  яғни  би  ағаларының  әйелдерін  шешей,  күйеуінің  жасы  үлкен 
әпкесін  апа,  жас  жағынан  ең  кіші  інісін  кенжем,  ерке  бала  немесе  кенжетай,  ал 
қарындасын  кенже  қыз  деп  атаған.  Сонымен  қатар  келіннің  ата-енесі  ол  келін 
түскеннен бұрын дүниеден озып өтсе, ата деген термин қайын атасынан кейінгі інісіне, 
ал ене сол кісінің әйеліне ауысатын болған [8]. 
ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ бұл проблеманың әлеуметтік, этномәдени аспектісіне 
мән  беріп,  түркітанудың  болашағы  өзекті  мәселелерінің  бірі  ретінде  Акдемик 
А.Н.Самойлович:  «чтобы  исследователи  разных  тюркских  народов  обратили  особое 
внимание  на  личные  имена,  о  том,  что  следовало  бы  составлять  полные  алфавитные 
списки личных имен, как мужских, так и женских, по отдельным народам и племенам с 
подробными указаниями, в каких случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему 
давалось  то  или  иное  имя,  что  в  последствии  позволило  бы    произвести  весьма 
интересные в культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных 
имен всех тюркоязычных народов» [9,299].  
Қорыта  келгенде,  ат  тергеу  немесе  ат  қою  –  біздің  халқымыздың  адам  сыйлау 
жөніндегі  ізеттілік,  кішпейілділік  қасиеттерінің  биік  көрінісі.  Өзінен  үлкен  адамның 
атын  тура  атау  тәрбиесіздік,  көргенсіздік  болып  табылады.  Бұлар  ертеден-ақ  діни 
наным-сенімге негізделсе, қазіргі күнде ғұрыптың бірі. Табу сөздерді эвфемизмдермен 
алмастыра білген келінді аталарымыз «көргенді қыз», «тәрбие көрген қыз» деп мақтап 
отыратыны да бар. Осыдан келіп шығатын қорытынды табу сөздерді қолдану бұл таңда 
– әдептіліктің белгісі. «Қыз – өмірдің қызғалдағы» демекші, қыз баланың салт-сананы 
сақтауы,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсетуі,  әрине  анасының  берген  ақылы  мен 
үйінде  көрген  тәрбиесіне  байланысты  болмақ.  Өйткені  қыз  баланың  жасалған  әрбір 
қадам-әрекетінен, сөйлеген сөзінен тәрбиенің деңгейін көруге болады.  
Дегенмен  де  қазіргі  енелер  келіндерінен  «мыстан»,  «енешка»  дегенді  көптеп 
еститін  болды.  «Күйеуімнің  мамасы»,  «Ана  үйдегі  кемпошка»  деген  сияқты 
немқұрайлы салқын атаулар да қоғамымызда көптеп кездесетін болды. Қыз тәрбиесіне 
тек  қана  ана  емес,  радио  мен  теледидар,  газет-журнал,  кітаптар  мен  кинолар,  бүгінде 
етек алған планшеттер мен ұялы телефондар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер 
етуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары бар. Оның бәрін дұрыс 
қабылдап түсіне білу керек.  
Ұлттың  бойындағы  бар  жақсы  қасиеттерді  -  тілін,  дінін,  әдет-ғұрпын,  салт-
санасын,  дәстүрін  атадан  балаға  жеткізуші,  әрине,  әйел-ана.  Демек  халқымыздың 
ырысты  ынтымағын,  береке-бірлігін  іске  асырып,  туыстың  татулығын  одан  әрі 
дамытқан  әйел  адамның  өмірінде  «ат  тергеу»  салты  жоғары  бағаланған.  Сол  салт-
дәстүрге деген құрмет қазақ халқының қыз тәрбиелеудегі айнасы болмақ.  
 
 
 
Әдебиет: 
1.
 
 «Қазақстан»:  Ұлттық  энцклопедия  /  Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев.  –  Алматы:  «Қазақ 
энциклопедиясы», 1998. - 719 бет. 
2.
 
Ахметов  Ә.  Түркі  тілдеріндегі  табу  мен  эвфемизмдер.  Доктор.дисс.  авторефераты.  Алматы, 
1995. 8-10 б.  

 
 
277 
3.
 
Мұртаза, Ш. Бір кем дүние. - Алматы: Жазушы, 2008. - 176 б 
4.
 
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық 
сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. - 509 б. 
5.
 
Жанузаков  Т.Дж.  Лично  –  собсвенные  имена  в  казахском  языке.  Автореферат 
дисс.кан.филол.наук. Алма-Ата, 1960. - С. 56. 
6.
 
Ахметов  Ә.  Түбі  түркі  өркениет  құндылықтары.  –  Астана:  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ 
баспасы, 2009. – 191 бет. 
7.
 
Хасенов  Ә.  Тіл  білімінің  теориялық  және  практикалық  мәселелері.  Алматы:  Мектеп,  1985.          
66 б. 
8.
 
Самойловия  А.Н.  Запретные  слова  в  языке  казак-киргизской  замужней  женщины  //  Живая 
старина. Петроград, 1915. - С. 161-168. 
9.
 
Самойлович  А.Н.  К  вопросу  о  наречии  имен  у  турецких  племен  //  Живая  старина.  От 
этнографии, СПб., 1911. - С. 299. 
 
 
 
УДК 811.111:81’373.613 
 
ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІЛЕРДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ЕНГЕН 
СӨЗДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ 
 
Садуахасова М.Б., Бахытбай А.Б.  
(М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ) 
 
 
 
Бұл  баяндамада  әлеуметтік  желілердегі  ағылшын  сөздерінің  қолданыс 
ерекшеліктері  қарастырылған.  Чат,  форум,  блогтарға  сүйене  отырып,  әр  түрлі 
әлеуметтік желі  аясында ағылшын сленгтерінің қолданыс жиілігіне анализ берілді.  
1-2  курс  студенттері    арасында  өткізілген  жазбаша  және  видеолық  сауалнама 
нәтижесінде  білімгерлердің  әлеуметтік  желілерде,  чат,  форум,  блогтарда  ағылшын 
тілінен  енген  сөздер  қолданылатыны  анықталды.    Бұл  өз  кезегінде  тақырыптың 
өзектілігін білдіреді.   
Тақырыптың  өзектілігі:  Тілімізге  әрқашан  болатын  әртүрлі  құбылыстар 
алдымен ауызекі тіл негізінде танылады, себебі ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз 
байланысты.  Сондай-ақ  жазбаша  сөздің  және  ауызекі  тілдің  ара  қатынасын  анықтау, 
яғни  тіл  мен  сөйлеудің  өзара  қарым-қатынасын,  айырым  тұстарын  анықтау  сынды 
көптеген проблемаларды сөз етуге болады. Осындай мәселелердің бірі «интернет тілі» 
проблемасы.  Жаһандану  заманында  әлеуметтік  желілер  және  басқа  да  қатынастық 
бағдарламалар  өте  көп  қолданысқа  ие.  Әлеуметтік  желіде  ең  көп  қолданылатын 
ағылшын тілі екені анықталды. Ағылшын тілінің көп қолданысқа ие болуы  тілдің жаңа 
формалары  пайда  болуына  әсер  етеді.  Сондықтан  да  бұл  мәселе  зерттелу  керек  деп 
ойлаймын. 
Ғылыми  баяндаманың  мақсаты:  Әлеуметтік  желілерге  түсінік  беру,  сонымен 
қатар, интернет желілерінде және What’s up, Viber қарым қатынас бағдарламаларында 
көп  кездесетін  ағылшын  сөздер  қызметінің  ерекшеліктерін  анықтау,  студенттер 
арасында әлеуметтік желіде қолданылатын ағылшын тілді сөздерді анықтау.  
Жалпы Интернет дегеніміз – компютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған 
бүкіләлемдік  қауымдастығы,  бір-бірімен  телекомуникация  арналары  (телефон, радио, 
жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы 
компьютерлік желілердің біріктірілген тарабы и н т е р н е т деп аталады. 
Әлеуметтік  желіні  «әлеуметтік  медиа»  деп  те  атайды.  Бұл  –  адамдардың  бір-
бірімен  ғаламтор  арқылы  өзара  байланысын  қамтамасыз  ететін  интернет  сайт(тар). 

 
 
278 
Жалпыға  ортақ  сөзбен  айтар  болсақ,  әлеуметтік  желі  дегеніміз  бұл  –  адамдар  мен 
олардың бір-бірімен қарым-қатынасы. 
Әлеуметтік желі не үшін керек? 
Бұл сұраққа жауап бермес үшін қарсы бір сұрақ қояйын: Өмірдегі таныс-біліс не 
үшін  керек?.  Әрине,  селбесіп,  араласып-құраласып  өмір  сүру  үшін.  «Адамның  күні 
адаммен»  деп  те  жатамыз.  Шамасы,  адам  баласының  табиғатында  бар  қасиет  болса 
керек, біз өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адаммен танысқанды, белгілі бір тақырыпта 
пікір  алмасуды,  өз  ойымызды  айтуды,  басымызға  түскен  қуаныш  пен  қайғыны 
хабарлағанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. 
Шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық 
технология,  әсіресе  интернеттің  қарыштап  дамыған  заманында  бұл  оңайлана  түсті. 
Өйткені,  біздің  ұғымымызда  «әлеуметтік  желі»,  яғни  «адамдардың  бір-бірімен 
виртуалды  байланысы»  деген  түсінік  пайда  болды.  Демек,  сіз  өзіңіздің  дәл  қазіргі 
көңіл-күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың 
тойындағы  суреттерді  өзгелерге  көрсету  үшін  һәм  өзіңіз  сүйіп  тыңдайтын  әншінің 
шығармашылығы туралы достарыңызбен, не өзіңіз секілді фанатпен сөйлесу үшін, тіпті 
қалаға  көшіп  кеткен  сыныптасыңызбен  сырласып-сөйлесу  үшін  келесі  бір  туған  күн 
кешін  не  басқа  бір  жиынды  күтіп  отырмайсыз.  Бірден  МойМир  әлеуметтік  желісіне 
кіріп,  жаңадан  фото  қосасыз,  статусыңызды  өзгертесіз,  МайлРуАгенттегі 
сыныптасыңызбен  сөйлесіп,  соңғы  хабарларды  естисіз,  сондай-ақ,  өзіңіздің 
достарыңыздың  туған  күні  келіп  қалғанын,  оның  басқа  біреумен  танысқанын,  атақты 
киноактердің қоғамдастығына мүше болғанын білесіз. Тиісінше, сіз де өзгелер секілді 
достарыңыздың  санын  көбейтіп,  бұрынғы  жұмыс  орныңыздағы  адамдарды  тауып, 
олардың  достарының  ішінен  бала  кезіңіздегі  досыңызды  тауып,  өз  ортаңыздағы 
таныстық  шеңберін  кеңейте  түсесіз.  Осылайша,  сіз  әлеуметтік  желінің  мызғымас  бір 
бөлігіне  айналасыз.  Тоқетері,  әлеуметтік  желі  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас 
жасауы үшін керек. 
Әлеуметтік желінің қандай түрлері бар? 
Бірнеше  түрі  бар.  МойМир  секілді  жалпы  әлеуметтік  желілер  немесе  блогтар 
желісі, микроблогтар, тек  қана видео немесе  суреттерді  жүктеуге арналған белгілі  бір 
бағыттағы,  тақырыптық  әлеуметтік  желілер  бар.  Мысал  ретінде  әлеуметтік  видео 
желіге  youtube-ті  айтсақ,  блогтар  желісіне  wordpress,  фотографтар  немесе  жәй  ғана 
суретке түсіргенді  жақсы көретін әуесқойлар үшін flickr, ал микроблоггинг мысалына 
twitter жатады. 
Әлеуметтік желіде ең көп қолданылатын қандай тіл: 
2013 жылдың мәліметі бойынша интернетте көп қолданылатын тілдер: 
1. Ағылшын тілі – 55,5% 
2. Орыс тілі - 6,3%    
3. Неміс тілі - 5,6 % 
4. Япон тілі - 4,9 % 
5. Испан тілі - 4,3 % 
6. Қытай тілі  - 4 % 
Сонымен қатар көп кездесетін ағылшын тілінен енген келесі сөздерге түсінік берген жөн: 
Чат (chat  –  сөйлесу)  –  интернетті  пайдаланушылардың  бір-бірімен  нақты  уақыт 
режимінде  («online»  –  ағылшын  тілінен  аударғанда  «желі  бойында»,  «байланыста»  деген 
мағынаны білдіреді) сөйлесуіне мүмкіндік береді. Желіде нақтылы уақытта, яғни интерактивті 
сұхбаттасу. 
Блог (ағылш. blogweb log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі 
үстелінетін  ұзын  емес  жазбалардан,  суреттерден,  таспалардан  тұратын  мәнді 
мағлұматы бар торап. 

 
 
279 
Қазіргі  таңда  біздің  өмірімізде  көптеген  амалдар  мен  байланыс  жолдары  пайда 
болды.  Өмірімізді  компьютерсіз,  ноутбуксыз,  ұялы  телефонсыз,  смартфондарсыз, 
сонымен  қатар  байланысуға  мүмкіндік  беретін  заманауи  техникаларсыз  елестету 
мүмкін емес. 
 Әрине,  ол  орынды,  себебі  мәтіннің  жіберілу    әдісі  өзгергендіктен,  тілдің  өзі  де 
өзгереді.  Сіздерге  ағылшын  тіліңіздің  сөздік  қорын    әлеуметтік  бірліктермен  ,  хат 
арқылы байланысу түрімен толықтыруды ұсынамыз. 
Қазіргі  ағылшын  тілінде,  сонымен  қатар,  қазақ,    орыс  тілдерінде  заманауи 
коммуникативтік ортада  пайда болған жаңа туынды сөздер көп. Коммуникативтік орта 
адамдар  арасындағы  коммуникацияға  әсер  етеді.  Себебі  смс,  интернеттегі  әлеуметтік 
желілер, ұялы телефондардағы желі т.б. коммуникативті ортаның құрылғылары болып 
табылады. Коммуникативтік ортамда ең көп ағылшын тілі қолданылатыны айдан анық. 
What’s  up,  Viber,    Skype,  We  chat,  Chat  On  бағдарламарында  немесе  Facebook, 
Odnoklasniki,  Twitter,  Мой  Мир,  В  Контакте  әлеуметтік  желілерінде  ағылшын 
акронимдері  өте  көп  кездеседі.  Акронимдер  сөз  тіркесінің  алғашқы  әріптерінен, 
бастапқы дыбыстарынан құрылған қысқарма сөздер.  
Мысалы: LOL (немесе лол; ағылшын laughing out loud — қатты күлу; немесе lots 
of laughs —көп күлу дегенді білдіреді) ...
 
Ағылшын акронимдерінің әлеуметтік желілерде не себепті көп қолданылатынын 
білу қиынға соқпайды.  Интернет арқылы қатынас: 
-
 
синхронды түрде (яғни нақты уақыт тәртібінде жүзеге асуы). 
-
 
асинхронды (яғни сол сәтте сөйлесушіден  жауабын  күтуді қажет етпеуі) юолуы 
мүмкін. 
Бірінші үлгі  лездік хабарламамен алмасу сервистеріне тән. Мәселен , ICQ  немесе  
Skype.  
Бір- бірімен  әңгімелесу үшін тез   жазып,  жауап қайтарып отыру қажет. Бұл үшін 
қысқартылған сөдерді қолдану тиімдірек болып табылады. Қысқартылған сөздер жеке 
лексемаларды,  олардың  бөліктерін,  тіпті  ағылшын  тіліндегі  толығымен  бір  сойлемді 
білдіруі  мүмкін.  Яғни  аталмыш  қысқартылған  сөздер  ағылшын  тіліндегі  сөзді 
алмастыра алады. 
Хабарламаны  асинхронды  жіберу,  мысалы,  электронды  хаттарда,  смс  
хабарламаларында  қолданады.  Яғни  жауапты  лезде  емес,  асықпай  қайтаруыңызға 
болады.  Онлайн  қатынасқа  қарағанда,  жауабын  қай  уақытта  қайтаруымыз  керектігін 
жіберуші өзі біледі. Сондықтан   электронды хаттарда акронимдер сирек кездеседі. Ал, 
смс хабарламаларында керісінше жиі   қолданылады. Бұл жерде бірінші орынға басқа 
аспекті шығарғанымыз жөн. Ол – шектеулі  көлемдегі хабарлама және әр хабарламаға 
ақша төлеу қажеттілігі. 
Хабарламаларда,  сонымен  қатар,  әлеуметтік  желілерде  әңгімелесу  барысында 
ағылшын  әріптер,  сандар,  сөз  тіркестері  мен  аббревиатуралар  өзара  заңдылықтарына 
сәйкес  қолданылады.  Мысалы,  сөздердің  ұзындығын  қысқарту  үшін  сандар 
қолданылады:    sk8  –  skate,  алайда  сөдің  мағынасын  түсіну  үшін  сөздерді  әдеттегідей 
оқып, санды толығымен оқу керек. Келес мысалдарға назар аударсақ, 
2  to  демеулігінің  орнына,  too  -  сөзінің  орнына,  two    сан  есімінің  орнына,  
тіркесінің орнына қолданылады  Олардың  да өзіндік ерешеліктері  бар.  2day = today, 
going  2 work [tэ]   дыбыс      me2 = me too; 4 for көмекші сөзінің орнына 4ever  = forever 
four  сан  есімінің  орнына,  gud4u  =  good  for  you,  [fo]  дыбыс  тіркесінің  орнына 
қолданылады.  Бұл  заңдылықтар  әріптерге  де  тән  болып  табылады..  Егер  әріптер  бір 
бірінен бөлек тұрса,   онда әр сөздің өзіндік бір мағына беретінін ескергеніміз жөн. 
Мысалы C U  - see youB there (be there ), bee [bi] зат есім 2 b or not 2 b (to be or 
not to be ) 

 
 
280 
Әлеуметтік  желілерде  және  СМС  хабарламаларында  көп  кездесетін  ағылшын 
тілінен енген қысқартылған сөздерге назар аударайық.   
LOL = lots of laughs = күлкіден ішек қатты 
BTW = by the way = айтпақшы 
ROFL = rolling on the floor laughing = күлкіден жерде аунау 
IMHO = in my humble opinion =  менің жеке пікірім 
IMO = in my opinion = менің ойымша 
CU = see you = көріскенше 
B4now = bye for now = әзірше сау бол 
b/f = boyfriend= жігіт 
g/f = girlfriend = қыз 
BRB = be right back = сәлден соң қайтып келемін 
ABT = about = туралы 
K = okey = жарайды  


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет