Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет1/2
Дата26.04.2022
өлшемі65,64 Kb.
#32341
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ




Бекітемін

Институт деканы


Ж.Б. Аширбекова

« » 20 ж.


SYLLABUS


Пәннің коды және толық атауы,

циклы


AT 1202 Әлеуметтану тарихы

Білім беру бағдарламасының

коды және толық атауы



6В03101-Әлеуметтану

Оқыту нысаны (күндізгі, қашықтан оқыту технологиясын

қолдану арқылы күндізгі бөлім), курс ж/е семестр



Күндізгі бөлім, 1 курс, 1 семестр

Оқытушы туралы мәлімет (А.Ж.Т., қызметі, ғылыми

дәрежесі , ғылыми атағы және байланыс телефондары, эл.пошта)



Ахмуллаева Мадина Фархадовна

Әлеуметтік жұмыс магистрі, аға оқытушы

87471649962

madinakarat@inbox.ru



Кредит саны

5 кредит

Пәннің пререквизиттері (БББ бойынша пән )

Қазақстанның тарихы (мектеп курсы)


Алматы 2021


Пәннің сипаттамасы: Әлеуметтану тарихын меңгере отырып, қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіріп, қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болуы табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабардар етеді. Әлеуметтану – бұл қоғамның және оның құрылымдық элементерінің қызмет етуі мен дамуының заңдылықтары жөніндегі, әлеуметтік процестер мен қатынастардың механизмдері мен байқалу формалары, адамдардың, топтар мен қауымдастықтардың әлеуметтік мінез-құлқының заңдылықтары жөніндегі ғылым.



Курстың мақсаты: Әлеуметтанудың объектісі, пәні және әдістері жөнінде терең түсінік беру. Студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның шығу тарихы мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институтардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қатынастың ерекшеліктері жайлы, аадамның әлеуметтік нақтылықпен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беруді қамтамасыз ету.

Курстың міндеттері:

- студенттерге өздері өмір сүріп отырған қоғам туралы, әлеуметтік шындықты социологиялық тұрғыдан, оның әлеуметтік жүйесі туралы, қоғам элементтері мен процестері туралы мағлұматтар беру;

- қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер және оның себептерін түсіндіру; қоғам дамуына мәдениеттің әсері, оның қызметтері мен өзгерістерін көрсету;

- отбасы әлеуметтануы, құқық әлеуметтануы, экология, экономика әлеуметтануы тәрізді арнайы социологиялық теориялар арқылы студенттердің білімін жан-жақты толықтыру;

- социология ғылымының теорияларын, ұғымдарын, терминдерін нақтылы түсініп, ғылыми ойлауды дамытуға, шығармашылықпен айналысатын және сын көзбен қарайтын мамандар дайындау, арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға тарту, әр түрлі әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізуге қабілетті ету;


  • социологиялық білімдер мен әдістерді тиімді қолдануға үйрету және оларды нақты міндеттерді шешуде пайдалануға көмек көрсету;

  • студенттерді мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету және қоғамдағы құндылықтарды насихаттау арқылы белсенді өмірлік позициясын және әлеуметтік маңызды қасиеттерді, дүниетанымын қалыптастыруға және топтарда және қоғамда әлеуметтік рөлді игеруге көмек беру;

  • социологиялық зерттеулерді өткізу методологиясы мен тәсілдер арқылы алынған теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.


Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері:

Оқыту нәтижелелерін (ОН) білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелерімен үндестіре (байланыстыра) отырып көрсету

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері

Пәнбойыншаоқытунәтижелері

Нәтижежетістіктерінің индикаторы

OН5-Әлемдік және отандық әлеуметтану білімі дамуының негізгі бағыттары мен тенденцияларының қалыптасуын талдайды;

OН6-Әлеуметтанулық білімді қазіргі күннің жаһандық мәселелерімен байланыстыра отырып, проблемаларды шешу және пайымдаулар жасау үшін түсінік қалыптасып, әлеуметтанулық білім саласында математикалық модельдеуді қолданады;

OН8-Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асырады, әлеуметтанулық және демографиялық мәліметтергесалыстырмалы, контент-анализдік т.б. талдап, болжам жасайды;


ПОН1-Әлеуметтану тарихы ғылым ретінде қарастырып, негізгі мектептер және әлеуметтанулық ойдың даму бағыттарын, социологияның қалыптасуы мен оның даму кезеңдерін талдайды;

ПОН2-Әлеуметтанулық теориялар мен тәсілдер туралы түсінік қалыптасады;

ПОН3-Әлеуметтік білімнің онтологиялық, эпистемологиялық және этикалық критерийлерін, теорияларды аналитикалық ұғыну тарихындағы парадигмаларды меңгереді.


1. Тақырып бойынша зертеу жұмысының жоспары

2. Қысқаша аңдатпа

3. Зерттеуді презентациялау,

4.Ғылыми материалдарды логикалы түрде ауызша және жазбаша жеткізу;

Таңдалған платформа негізінде (Zoom, Cisco Webex, Microsoft teams және т.б.) қысқаша өзінің презентациясын баяндау





Күнтізбелік-тақырыптық жоспары

апталар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет