Қазақстан республикасы ғылым және білім



Дата08.10.2023
өлшемі66,89 Kb.
#113420

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


Тақырыбы: Араб-парсы тілінен енген әскери терминдердің мағынасын анықтап, олардың қазіргі тілде қандай мағыналық, тұлғалық өзгерістерге ұшырағанын көрсетіңіз.
"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
4 курс студенті

Орындаған: Абдурахманова Нозли
409 топ
Алматы 2023

Түрік тілдеріне араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі. Қазақтың біртұтас халық тілі қалыптасудан көп бұрын, орта ғасырлардың алғашқы кезеңінен басталады. Араб, парсы сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды. Олар тұлғасы жағынан да, семантикалық топтары жағынан да, қазақ тіліндегі игерілуі жағынан да әртүрлі дәрежеде.

Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбеген. Оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүрген. Жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған байырғы сөздер көптеп табылады.

Мысалы: аса, абырой, ар, дүние, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай,т.б. Бұл сөздер кірмелігіне қарамастан, ұзақ өмір сүрген. Сөздік қордағы сөздерге тән барлық қасиетке ие болған.


Қазіргі қазақ тілімізге араб-парсы тілінен енген сөздер бар. Соның ішінде әскери сөздер де кездеседі. Конфискация – тәркілеу,арыз, дәреже,үкім, балуан – палуан,атырап, ноқат, лауазым. құқық (право) сөзі арабтың хаққун деген сөзінің көпше түрі, бірақ қазақ тілінде бұл лексикалық бірлік көптік жалғауын қабылдай алады, яғни қазақ тілінің заңдылығына сай көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Сол сияқты лауазым сөзі дәреже деген сөзбен қатар қолданылып, «титул, должность» деген мағынаны береді. Ол арабтың ләзим сөзінің көптік формасы болып табылады, бірақ қазақ тіліндегі мағынасы араб тіліндегі мағынасынан алшақ, араб тілінде ләуәзим «құрал-жабдық, сайман» деген мағынаны береді. Біздің пайымдауымыз бойынша, лауазым сөзінің түптөркіні ләуәзим емес, муләзим деген сөзі болғанға ұқсайды, себебі муләзим «армиядағы қызметтің, шеннің атауы», демек араб сөзінің мағынасы қазақ тілінде кеңейіп, «шен, ықпал» деген мағынаны беретін болса керек, себебі лауазымды адам деуді «белгілі дәрежедегі шені бар, бір мәселені шешуге ықпал ете алатын адам» деп түсінуге болады. Сол сияқты тілімізге ертеректе еніп, «қазақыланған» сөздің бірі – бұқара. Бұл сөз арабтың фақир (кедей) сөзінің көптік тұлғасы фуқара деген сөзден шыққан, қазіргі тілімізде тіліміздің терминдер жүйесінде «массовый» деген орыс сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр.
Арнаулы лексикадағы сөздер жалпы қолданыстағы сөздердің бірқатар семантикалық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде байи түседі. Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі ғылыми мәтіндерде қолданылуы арқылы жүзеге асады. Бұл сөздердің терминдік мағынасы мен жалпы лексикалық мағынасы арасында байланыс сақталады. Араб тілінде طبل тибл сөзі қолмен ұрып ойнайтын музыкалық аспап – барабанның атауы. Бұл сөз әдеби тілде дабыл түрінде «жаугершілікте, жорықта, той-думанда халықты бір жерге жинау үшін қолданылатын аспап» мағынасында белгілі. Сонымен қатар бұл сөз медициналық және әскери термин ретінде де белгілі. Дабыл жарғағы медицинада «сыртқы есту жолын ішкі құлақ құрылысынан бөліп тұратын жұқа, серіппелі зат» деген мағынаны беретін анатомиялық атау. Ал әскер ісіндегі дабыл – ерекше жағдайда берілетін шартты белгі, сигнал.
Конфискация – тәркілеу
1) соттың жарлығымен мүлікті немесе ақшаны мәжбүрлеп тартып алу, қазір бұл сөздің «тәркілеу» деген баламасы қолданылады; 2) баспа басылымын айналыстан алу. ..
Арыз- еке адамның мекеме басшысына ресми түрде жазған шағымы .
Дәреже- атақ, лауазым. Қазақ тілінде «мәртебе, бедел», «мемлекет тарапынан берілетін шендік белгі», «мақтаныш, абырой», «деңгей, меже», «шама, күй, мөлшер 
Үкім- Соттың қылмысты істер жөніндегі шешімі, жаза.
Балуан- Күреске түсетін адам, күрес өнерімен айналысушы, жеңімпаз адам. 
лауазым-дәреже
құқық- Саяси әлеуметтік, қоғамдық ерік; қақы.
а) жауынгерлік қару-жарақ атаулары: شطبة [šaṭpah] – қылыш; خازوق [ḫāzūq] – қазық, баған; يراق [ịarāq] – қару; قليج [qilīš] – семсер түрі; قمشه [qamše] – шыбық, қамшы; سنجق [sanğaq] – байрақ, ту мағынасында; قور [qur] – соғыс қаруының түрі.
ә) жауынгерлік киім-кешек атаулары: بّزَّة [bözze] – мақта мен зығырдан жасалған киім атауы; قاووق [qāụūq] – лауазымға байланысты өзара ерекшеленетін феска түріндегі бас киім; قرقلا [qaraqlā] – сауыт түрі; الجوسَنْ [ğūsan] - الجوشن[ğūšan] – арнайы сауыт түрі; القبوط [al-qabūṭ]), قابوت [qabūt] немесе қибут قبوط [qibūṭ] – қыстық қалың сырт киім; صولق [ṣūlaq] – мәмлүктер кезінде қолданыста болған жауынгердің сол жақ беліне байланатын теріден жасалған кішкене қапшық немесе дорба;
б) қолбасылар мен әскери құрамалардың атаулары: атабек (أتابك) [ʼatābek] немесе الأطابك [al-ʼaṭābek] – әмірші; атабек аскер (أتابك العسكر) [-ʼatābeku-l-‘askar] әскерлердің басшысы немесе әміршісі; آغا [ʼāǧā] – үлкен, аға, кіші офицер, аға офицерлер, басшы, мырза; باش العسكر [bašu-l-‘askar] – бас әскер; باش بوزوق [baš būzūq] – әскерден тыс немесе әскери жүйеге бағынбайтын бүлікшіл топтың басшысы; بنباشي [binbāšī] – мың басы, мыңға жуық әскерлердің билеушісін, басшысын айтады; شاويش [šāụīš] – соғыс барысында пошта иесі қызметі, адамдар арасындағы хат-хабар жеткізуші, сондай-ақ тыңшы, ондықты билейтін әскери атақ; طابور [ṭābūr] – бірінің артынан бірі жүретін адамдар тобы немесе төрт топтан тұратын жаяу әскери құрам; وجاق [ošāq] – бірнеше мағынасы бар, негізгі мағынасы ошақ, балшықтан немесе темірден соғылған пеш, ал туынды мағынасы: жамағаттың немесе бір топтың бір жерде жиналуы немесе олардың бас қосатын жері, қолөнершілердің тобы және белгілі бір әскерлердің жиынтығы; قورجي [qūrǧī] – қарулы немесе қаруланған жауынгер; صولاق [ṣūlaq]– жылдам әскер, كلب صولاق [kalb ṣūlaq] – жылдам тазы ит; السنجقدار [sanjaqdār] – сұлтанның немесе әміршінің артында туды көтеретін адам; سفرلي [safarlī] – бейбітшілік кезінде, соғыста сұлтанды қорғап жүретін адамдар тобы; جبخانة [jabaḫāna] – қару-жарақ сақтайтын қойма; بيرقدار [baịraqdār] – байрақ, ту ұстаушы, мәмлүктер билігі кезінде соғыс алаңында немесе сұлтанның шеруге шығу кезінде ту көтеріп жүретін жауынгер; بالطه جي [bālṭaǧī] – балта асынған адам, сарай күзетшілерінің тобы; تفكجي [tufakšī] – қару-жарақты жасаушы және оны тасушы.
Жоғарыда көрсетілген әскери терминдер арасында ерекше атаулар да кездеседі. Мысалы, قورجي [qūršī] сөзіне араб тіліндегі сөздіктерде қарулы немесе қаруланған жауынгер деген анықтама беріліп, قور [qūr] – соғыс қаруының түрі, ал -шы (جي) [-šī] сөз тудырушы жұрнақ деп көрсетілген. Б.М. Сабыр «Хұсрау мен Шырын» ескерткішінде «атқыш, мерген» мағынасында қолданылған курчы сөзі құрбан сөзімен түбірлес дей отырып, қазақ тілінде құр бау деген мағына беретіндігіне қарағанда ерте дәуірде садақтың адырнасын құр деп атап, кейін тұтас қаруды құр сөзімен атаған деп болжайды .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Н.Д.Оңдасыновтың «Арабша-қазақша» сөздігі. «Парсыша-қазақша сөздігі»
2.Е.Б.Бекмұхаметовтің «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» 1977
3.Л.З.Рүстемовтің «Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері» 1982

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет