Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақ спорт және туризм академиясы Баяндама Тақырыбы: Спорт психологиясының дамуы Орындаған: Осф 22-4



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі25,3 Kb.
#126126
  1   2

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақ спорт және туризм академиясы

Баяндама
Тақырыбы: Спорт психологиясының дамуы

Орындаған:Осф 22-4
Үсіпбек Бақберген
Тексерген:Караева Т.Н

Жоспар:
1.Спорт психологиясы дегеніміз не?


2.Психологиялық зерттеу
3.Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық.
4. Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері.
5. Спорттық іс-әрекеттің жалпы және дара ерекшеліктері.
6.Қорытынды
1.Спорт психологиясы — жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Спортпсихологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері — спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортсмендердің психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі билеп, басқара алатын дәрежеге машықтандыру. Спорт психологиясы — жарыс және жаттығу жағдайларында адам нсихикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бағыты. Психологияның басқа да көптеген бағыттары секілді спорт психологиясы XX ғасырдың 60 — 70-жылдарында қауырт дамыды; бастапқыда бұл саладағы негізгі зерттеулер спортшылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін, спорттық жаттығулардың нәтижелілігін арттыру амалдарын зерттеуге жұмылдырылады. Қазіргі уақытта спорт психологиясы зерттейтін мәселелер анағұрлым көбейді. Спорттың әр түріне орай, жалпы, педагогикалық, жастық және әлеуметтік психологияның жетістіктері ескеріле отырып арнаулы жаттығу кешендерінің бағдарламалары жасалуда. Олар спортшылардың физикалық, сондай-ақ психикалық жаттыққандығын, эмоциялық — еріктілік, этикалық, моральдық-адамгершілік және ұжымдық дайындалғандығын кемелдендіруге бағытталады.
2.Бұл зерттеулерде спортшылардың арнаулы қабылдауларының, мысалы, уақытты сезіну, аралық қашықтықты сезіну, қас қағым сәттік оқиғаларды болжау, "допты сезіну", "суды сезіну" секілді қасиеттерінің қалыптасу жолдары мен әдістері анықталады. Бұған қоса байқағыштықты, елестетуді, стратегиялық және тактикалық ойлауды, топтық ойындарда үйлесімді өзара әрекеттестікті жақсарту әдістеріне назар аударылады. Бұл зерттеулер спортшылардың әр жастағы қабілеттерін және оларды арнайы іріктеу амалдарын анықтау, сондай-ақ жаттықтыру салаларында одан әрі тереңдетіледі. Спорт психологиясының психикалық реттелу, жарыс барысында және жарыс жағдаятынан кейінгі ұстаным секілді бағыттары ерекше проблемалар болып табылады. Соңғы жылдардағы зерттеулерде спортшының өз жеңістеріне және жеңілістеріне көзқарасы мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Командалар құру олардағы тұлғалар аралық қарым-қатынастар, олардың топтасқандығын және құндылық-бағдарлық бірлігін нығайту проблемалары, жаттықтырушымен немесе жаттықтырушылар ұжымымен, жанкүйерлермен(бұлардың ішінде "спорт фанаттарымен") қарым-қатынас, командалар аралық қарым-қатынастар мәселелері әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің өз алдына бір бағыты болып саралануда. Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады.
3.Бұл процестің негізгі мақсаты-спортшының психологиялық дайындығын жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет