Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Қ. Жантлеу  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет66/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   216
Қ. Жантлеу  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
құқықтану мамандығы, 4-курс студенті;  
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің  экономика  және  құқық  факультеті,  құқықтану  кафедрасының  аға 
оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Т. Ш. Бисембиев. 
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУДІҢ  
ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қазақстан  Республикасының  Президентінің  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Төртінші  өнеркәсіптік 
революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  2018  жылғы  10  қаңтардағы 
Жолдауына  сәйкес:  «Заңнамаға  қылмыстық  процестегі  азаматтардың  құқықтарын  қорғау  ісін 
күшейтуді,  оның  әсіре  қатаңдығын  бәсеңдетуді  көздейтін  нормалар  енгізілді.  Құқық  қорғау 
органдарының  өкілеттігі  мен  жауапкершілік  шегі  айқындалды.  Азаматтардың  конституциялық 
құқықтарына  кепілдікті  нығайту,  құқық  үстемдігін  қамтамасыз  ету,  құқық  қорғау  қызметін 
ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.   
Қоғамдық  тәртіпті  сақтау  және  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  саласында  көшелерде  және 
адам  көп  жиналатын  қоғамдық  орындарда  бейнебақылау  жүргізетін,  азаматтарды  анықтайтын 
және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек»,  –
делінген
1
.  
Мемлекетіміздің  дамуы  заңдылық  пен  құқықтық  тәртіптің  сақталуына  байланысты.  Бұл 
мәселелерді шешуде құқық қорғау органдары, прокуратура, юстиция және  Ішкі істер министр-
лігі  атқарады.  Өйткені  бұл  органдар  мемлекеттік  және  жеке  меншіктегі  мүліктің  сақталуына, 
адам  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының  сақталуына  және  кемсітпеуіне, 
қылмыспен  күресуге,  маскүнемдік  пен  алкоголизмге  қарсы  күрес  жүргізуге  міндетті  болып 


130 
табылады, сонымен қатар, кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға  және оны туындататын 
мәселелердің жолын кесуге міндетті. 
Қазіргі уақытта тергеу аппаратының  қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеуді жүргізу 
кезінде  тек қана жедел іздестіру органдарымен, мамандармен және қоғаммен байланыста болуы 
аздық етеді. Әр уақытта мемлекеттік  бақылаушы орган маңызды рөл атқарады және оның қыз-
меті заңдылық пен құқықтық тәртіпті бекітетін құрал ретінде танылады. 
Қылмыстармен  күресуде  тергеу  аппаратының  бақылау  органдарымен  ара-қатынастары 
бірнеше жағдайлармен шартталған. 
Қылмыстық  сипаттың  сапалық  өзгеруі,  қоғамның  криминализациялануы  жағдайларында 
теріс,  жағымсыз  ой-мақсаттардың  алдын  алудың  кешенді  шараларын  өңдеу  үшін  әлеуметтік 
және заң ғылымдарының ынтымақтастығы өзекті мәселеге айналуға тиіс. 
Жалпы  мемлекеттік  көлемдегі  немесе  оның  құқық  қорғау  органдарындағы  жетістіктер 
кадрлардың кәсіби шеберлігіне, заңды игерген дайындығына, отандық және шетелдік кримина-
листика  ілімдерінің  ғылыми  техникалық  жетістіктерін  пайдалана  білу  қабілетіне  байланысты 
болып келеді. 
Бүгінгі  таңда  қылмыстық  іс  жүргізудегі  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  —  айғақтарды  оқиға 
болған жерде тексеру мен нақтылауды жан-жақты дұрыс жүргізуді қамтамасыз ету.  
Қылмыстық  іс  жүргізу  заңының  қылмыстық  іс-жағдайларын  жан-жақты,  толық  және 
объективті зерттеу жөніндегі танымал талабы монгормафияларда, сот пленумының қаулыларын-
да,  сот  және  тергеу  практикаларының  шолуларында  жиі  қайталанады,  бірақ  бұл  талаптың 
мазмұны  ашылмайды.  Сот,  прокурор,  тергеуші,  анықтаушы  істі  дұрыс  шешуге  қажетті  және 
жеткілікті    мән-жайларды  жан-жақты,  толық  және  объективті  зерттеу  үшін  заңда  көзделген 
барлық  шараларды  қолдануға  міндетті.  Қылмыстық  ізге  түсу  органдары  нақты    деректерді 
анықтайды,  солардың  негізінде  іс  үшін  мәні  бар  мән-жайлар  белгіленеді.  Қылмыстық    істі 
қараушы  сот  объективтілік  пен  бейтараптылықты  сақтай  отырып,  айыптау  және  қорғау 
тараптарына  олардың  істің  мән-жайларын  жан-жақты  және  толық  зерттеу  құқықтарын    жүзеге 
асыруы үшін  қажетті жағдай туғызады. Сот тараптардың пікірімен байланысты емес және оның 
бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті шаралар қолдануға  
құқылы. Айыпталушыны әшкерлейтін де, ақтайтын да, сонымен қатар, оның жауаптылығы мен 
жазасын жеңілдететіп ауырлататын да мән-жайлар іс бойынша анықталуға жатады. Қылмыстық 
процесті  жүргізуші  орган  кінәсіздігі  немесе  кінәсінің  аздығы  туралы,  сондай-ақ  сезіктіні, 
айыпталушыны немесе олардың жауаптылығын  жеңілдететін дәлелдердің  бар  екендігі  туралы  
барлық  мәлімдемелерді  тексеруі  тиіс.  
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстарды тергеу 2 
нысанда жүзеге асырылады: 
-  алдын ала тергеу (негізгі түрі); 
-  анықтау. 
Қылмыстардың  ауыр  түрі  бойынша  алдын  ала  тергеу  жүргізіледі,  ал  анықтама  ауыр  емес 
қылмыстар жүйесіне қолданылады. (285-бап)
2

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, қылмыстық істер  бойынша анықтама қызметi
3
. Бұл 
қылмысты толығымен ашудың 1-нысаны болып табылады. 
Анықтау органының қызметкерлерi тексеру жүргiзген кезде жәрдемдесуге және тергеушiнiң 
тапсырмасы  бойынша  оқиға  болған  жердi  күзету,  көрген  адамдарды  анықтау,  қылмыс  жасаған 
адамдарды  анықтау  және  ұстау,  зардап  шеккендердi  көшiру,  қаза  болғандарды  тасымалдау, 
жалғасып  жатқан  қылмыстылардың  жолын  кесу  және  олардың  қайталануының  алдын  алу, 
оқиғаның өзге зардаптарын жою жөнiндегi қажеттi шараларды жүргiзуге мiндеттi
4

Тұрғын үйдi тексеру кезiнде сол үйде тұратын кәмелетке толған адамның болуы қамтамасыз 
етiлуі  тиiс.  Оның  қатысуы  мүмкiн  болмаған  жағдайда  жергiлiктi  атқарушы  органның  өкiлдерi 
шақырылады.  Ұйымның  үй-жайлары  мен  аумағындағы  тексеру  олардың  әкiмшiлiк  өкiлдерiнiң 
көзiнше  жүргiзiледi.  Дипломатиялық  өкiлдiктер  орналасқан  үй-жайлардағы,  сондай-ақ  дипло-
матиялық  өкiлдiктердiң  мүшелерi  мен  олардың  отбасылары  тұратын  үй-жайларды  тексеру  тек 
дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оның орнындағы адамның өтiнiшi бойынша немесе 
олардың  келiсiмiмен  және  олардың  көзiнше  жүргiзiледi
5
.  Дипломатиялық  өкiлдiң  келiсiмiне 
Қазақстан  Республикасының  Сыртқы  iстер  министрлiгi  арқылы  сұрау  салынады.  Тексеру 


131 
жүргiзiлген  кезде  прокурордың  және  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  iстер  министрлiгi 
өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. 
Адам мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан тексеру жұмысы тексерудiң жалпы ережелерiн 
сақтай  отырып  және  сот  медицинасы  саласындағы  маман  дәрiгердiң,  ал  оның қатысуы  мүмкiн 
болмаған жағдайда өзге дәрiгердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Мәйiттi тексеру үшiн 
басқа да мамандар тартылуы мүмкiн
6

Оқиға  болған  жерде  айғақтарды  тексеру  мен  айқындау  куәгерлердiң  қатысуымен,  қажет 
болған  жағдайда  маманның  қатысуымен  жүргiзiледi.  Оқиға  болған  жерде  бiрнеше  адамның 
айғақтарын  бiр  уақытта  тексеру  мен  нақтылауға  жол  берiлмейдi.  Айғақтарды  тексеру  мен 
нақтылау жауап алынып отырған адамға оның айғақтары тексерiлетiн бағыт пен орынды ерiктi 
түрде көрсетудi  ұсынудан басталады.  Айғақтар айтылғаннан кейiн және iс-қимылдарды бейне-
леп  көрсеткеннен  кейiн  айғақтары  тексерiлiп  отырған  адамға  сұрақтар  қойылуы  мүмкiн.  Бұл 
адам,  сондай-ақ  iске  қатысушы  өзге  адамдар  жүргiзiлiп  отырған  тергеу  әрекетiне  байланысты 
өздерiнен қосымша жауап алуды талап етуге құқылы
7

Оқиға болған жерде көрсетпені тексеру мақсаты — қолда бар дәлел-демелерді зерттеу және 
нақтылау ғана емес, сонымен қатар, жаңа дәлелдемелер алу. Дәлелдемелерді тексеру барысында 
тергеуші:  
а) сезікті немесе айыпкер айтқан оқиға жерінің бар екендігіне (көрсетпеде белгіленген және 
іс жүзіндегі белгілері бойынша); 
ә) кінәлі тұлға оқиға болған жерге барған немесе сол жерден қайтқан жолдың іс жүзінде бар 
екендігіне; 
б)  оқиға  орнына  бару  маршруты  туралы,  сол  жер  туралы,  қылмысқа  қатысушылармен 
кездесуі  орны  туралы,  сол  жердегі  олардың  іс-әрекеттері  туралы  бірнеше  сезіктінің  немесе 
айыпкердің көрсетпелерінде қайшылық-тардың бар-жоқтығына; 
в)  көрсетпесі  тексерілетін  тұлғаның  тергеудегі  істің  іс  жөніндегі  мән-жайлары  туралы 
білетіндігіне көз жеткізеді.    
Сонымен,  мақаланың  мақсатына  айғақтарды  оқиға  болған  жерде  тексерудің,  яғни  сотқа 
дейінгі қылмыстық үдерістің тәртібін жеңілдетудің және тергеу жұмысының көлемін азайтудың 
бір  жолы    Қылмыстық-процессуалдық  кодекске  о  баста  енгізілгендей,  анықтау  тәжірибесін 
процессуалдық  түрге  сәйкестендіру  болып  табылатын,  алдымызға  қойылған  мақсатымызға 
келесі міндеттерді орындау арқылы қол жеткіздік деп ойлаймыз: 
  -  айғақтарды  оқиға  болған  жерде  тексеру  мен  нақтылау  ұғымы  және  оның  маңызын 
анықтау; 
  - сезіктінің жауабын оқиға болған жерде тексеру үшін толықтай зерттеу; 
  -  айғақтарды  оқиға  болған  жерде  тексеру  мен  нақтылаудың  кезеңдері  мен  тәсілдерін 
қарастыру; 
  -  оқиға  болған  жерде  айғақтарды  тексеруді  жүргізу  тактикасын  және  процессуалдық 
тұрғыдан бекітілуін қарастыру; 
  -  оқиға  болған  жерде  сезіктінің    айғақтарын  тексеруде  қолданылатын  психологиялық 
негіздерін ашып көрсету және тағы басқа да мәселелер. 
Жоғарыда  қарастырылған  мәліметтерге  сүйене  отырып,  жалпылама,  алдын  ала  тергеу 
әрекеттері  заңға  сәйкес  жүргізілген  жағдайда  қылмыскерге  тиісінше  жаза  қолданылып,  әділет-
тілік өз мәресіне жетеді деуге болады.  
Оқиға  орнында  көрсетпені  тексеруді  сезіктінің  тергеудегі  қылмысқа  қатыстылығы  туралы 
мәселені шешетін тәсілдердің бірі деп қарастыруға болады және тексеру барысында тексерілетін 
жерде қылмыс қаруы,  ұрланған мүлік, қылмыскердің іздері, т.б. табылса, жаңа дәлелдемелерді 
алуға болады.  
Қорыта  айтқанда,  алдын  ала  тергеудің,  яғни  сотқа  дейінгі  қылмыстық  үдерістің  тәртібін 
жеңілдету,  тергеу  жұмысының  көлемін  азайтудың  бір  жолы  Қылмыстық-процессуалдық 
кодекске о баста енгізілгендей, анықтау тәжірибесін процессуалдық түрге сәйкестендіру болып 
табылатындығына  біз  зерттеу  барысында  көз  жеткіздік.  Алдын  ала  тергеу  жүргізуді  толық 
көлемде керек етпейтін іс дәрежелерін кеңейту жоспарланып отырған болатын. Сондықтан осы 
мәселе  бойынша  зерттеу  жұмысы  жүргізіліп,  алдын  ала  тергеу  барысында  жүргізілетін  тергеу 
әрекеттерінің түсінігін анықтап, соларға байланысты қандай  тергеу әрекеттері жүргізілуі қажет 
екендігін айқындадық.


132 
                                                 
1
   Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Төртінші  өнеркәсіптік 
революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  Жолдауы (2018 ж.10.01.). 
2
   Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 2011 ж. 
3
   Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Заңы. 2004 ж. 
4
   Қазақстан  Республикасында  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  мен  қылмысқа  қарсы  күрестің  2005-2007 
жылдарға арналған бағдарламасы туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 
1355 Қаулысы 
5
   Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі. Алматы, «Юрист» 2005 ж. 
6
   Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы. Алматы, «Юрист», 2004ж. 
7
   «Қазақстан  Республикасында  құқықтық  сауатты  ұйымдастыру  шаралары  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы қаулысы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет