Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Е. А.  Ерназарова  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң



Pdf көрінісі
бет64/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Е. А.  Ерназарова  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң 
институтының 1 «Б» курс курсанты;         
       Ғылыми жетекшісі — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң 
институтының  әкімшілік құқық  және ІІО-ның әкімшілік қызметі  кафедрасының доценті 
полиция подполковнигі Н. Қ. Оразалин.  
ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚ — ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ІС 
Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте алғашқы болып құқық бұзушылықтарға "Мүлдем 
төзбеушілік" саясатын жариялады. Құқық бұзушылықтарға "Мүлдем төзбеушілік" қағидаттарын 
қоғамда қалыптастыру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 
желтоқсандағы  "Қазақстан  Стратегиясы-2050"  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты" 
атты Жолдауымен бастау алған болатын
1
.  
Ұсынылып  отырған  баяндамада  «Ұсақ  бұзақылықтың  алдын  алу  және  оларды  жасағаны 
үшін әкімшілік жауапкершілік мәселелері» тақырыбы қарастырылмақ. Мақаланы жазу барысын-
да  негізінен  әкімшілік  құқық  бұзушылыққа,  оның  ішінде,  ұсақ  бұзақылыққа  ерекше  көңіл  бө-
лінбек.  Және  де  белгілі  бір  әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  жасалуы  барысында  туындайтын 
әкімшілік  жауапкершіліктер  және  оларды  болдырмау  мақсатында  алдын  алу  мәселелерін  ашу 


122 
барысы  жазылмақ.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  бірінші  бабына  сәйкес  мемле-
кетіміздің  ең  қымбат  қазынасы  —  адам  және  адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары 
екені, адамның аталған құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда ешкімнің оны бұзбауға, 
заңға  қайшы  келмейтін  барлық  тәсілдермен  қорғалатыны,  қадір-қасиетін  қорлайтындай  жәбір 
көрсетуге,  не  жазалауға  болмайтыны,  әркім  өз  құқықтары  мен  бостандықтарын  сот  арқылы 
қорғауға,  өмір  сүруге  құқығы  бар  екені  көрсетілген  болатын.  Бұл  қоғамның  негізгі  қағидаты, 
мемлекеттің құқық қорғау органдарының ұстанар бағыты болып табылады
2
.  
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жоспарланып және ол арқылы жұмыстар жасалып жатқан 
бағдарламалардың  барлығының  да  алдына  қояр  мақсаты  осы  қоғамда  тыныштық  пен  тұрақ-
тылықты  қалыпты  деңгейде  ұстай  отырып,  әлеуметтік,  экономикалық  қажеттілікті  қамтамасыз 
ету болып табылады. Оның дәлелі Елбасымызбен ұсынылып отырған  «Ұлт жоспары  —100 қа-
дам»  жоспарында  елімізде  баса  көңіл  аударылуы  керек  бес  институционалдық  бағыт  айқын-
далды. Олар — кәсіби мемлекеттік аппарат құру, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрия-
ландыру  және  экономикалық  өсім,  біртектілік  пен  бірлік,  есеп  беретін  мемлекетті 
қалыптастыру
3

Ата заңымызға сәйкес біздің ұстанған бағытымыз — демократиялық, әлеуметтік, құқықтық 
және зайырлы мемлекет қалыптастыру. Ал бұл — қоғамның әрбір мүшесіне қажетті жағдайлар-
ды қамтамасыз ету. Өкінішке орай бүгінгі күні әлемде дағдарыс орын алып отыр. Соның кесірі-
нен небір алпауыт мемлекеттер қаржылық, өндірістік, әлеуметтік дағдарыстарға орын алдыруда. 
Бұл  орайда  өмірлік  тәжірибесін,  көрегендік  болжамдары  мен  салыстырмалы  зерделеулерін  не-
гізге ала отырып, мемлекет басшысы Қазақстан халқына өзінің кезекті «Қазақстан жаңа жаһан-
дық нақта ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын ұсынған болатын
4

 Бұның  барлығы  дерлік  елімізде  саяси  тұрақтылықты,  экономикалық  өсуді  және  рухани 
құндылықтарды сақтап қана қоймай, оларды ары қарай дамыту, жетілдіру мақсатындағы жұмыс-
тар екендігі белгілі. 
Қазақстан  Республикасының  заман  талабына  сай  құқықтық  алаңының  дамуын,  азаматтар-
дың ой-өрісін құқықтық мәдениеттілік саласында қалыптастырудағы басты бағытарының бірі — 
халықтың назарын заңдылықты сақтау және әртүрлі құқық бұзушылықпен күресу мәселелерінде 
кез  келген  құқық  бұзушылыққа  мүлде  төзбеушілік  көрсетуге  аудару.  Мемлекет  басшысы 
Қазақстан  Парламенті  палаталарының  біріккен  отырысында  сөз  сөйлегенде  аталған  сұрақтың 
маңыздылығы мен өзектілігіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы қылмыстық құқықты 
ізгіліктендіру және қоғамда кез келген құқық бұзушылықтарға «Нөлдік төзімділікті» қалыптас-
тыру тенденциялары арасында жалпы векторды құру қажеттігін, елдегі  құқық бұзушылықтарға 
және  тіпті  ең  ұсақ  қылмыстардың  жазасының  әділдігіне  ешкімнің  күмәні  болмауы  тиістігін  
ерекше атап көрсетті.  
Біз  ең  ұсақ  құқық  бұзушылықпен,  бұзақылықпен,  мәдениетсіздікпен  ымыраға  келмеуіміз 
керек,  өйткені  осының  өзі  қоғам  тыныштығын  бұзады,  өмірдің  сапасына  селкеу  түсіреді. 
Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық 
бұзушылыққа  төзбеу  ахуалы  —  қоғамдық  тәртіпті  нығайтуға,  қылмыспен  күреске  бастайтын 
маңызды қадам»
5

Көтеріліп отырған сұрақ азаматтардың жеке  және қоғамдық қауіпсіздігі мақсатындағы құ-
қық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу проблемаларына жаңа көзқараспен қарау керектігін 
көрсетіп  отыр.  Қоғам  мүшелерінің  өмірі  мен  денсаулығын,  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 
қылмыстық  және  басқа  да  құқыққа  қарсы  қол  сұғушылықтардан  қорғау  арқылы  адамдардың 
өздерін  қауіпсіздікте  сезінуіне  мүмкіндік  беру  мәселелері  жолға  қойылуда.  Құқық  бұзушылық 
профилактикасы  құқық  қорғау  органдары,  оның  ішінде  Ішкі  істер  органдарының  қызметінде 
маңызды орында тұрғаны белгілі. 
Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алды, өсті, көркейді. Елбасымыздың көрегендік саясатыны-
ның нәтижесінде өзге елдермен үзеңгі қағыстыра отырып, әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешу 
мүмкіндігі  шындыққа  айналды.  Дегенмен,  күнделікті  шалғайдан  тартар  мәселелердің  бірі,  ол 
қоғамдық ортада тиылмай отырған құқық бұзушылықтар, оның ішінде, ұсақ құқық  бұзушылық 
көріністері  дегіміз  келеді.  Оларды  әркім  ой  елегінен  өткізсе,  мысалы,  отырған  жерін  қоқыс 
үйіндісіне  айналдыратындай  саябақтың  құрылу  мақсаты  сол  ма?  Жоқ,  ол  —  өзіңдей  жүздеген 
адам серуен құратын демалыс орны.  


123 
Егер,  тазалықты  сақтап,  тәртіпке  жүгінген,  қоғамдық  орындардағы  жүріс-тұрысын  белгілі 
бір заңға бағындырған ортада мұндай жөнсіздіктерге жол берілмейтіні дау туғызбайтын шығар. 
Десе  де,  тұрған  жеріне  түкіре  салып,  әлгінде  ғана  отырған  сәкіге  сағыз  жапсырып  кету,  одан 
қалды, арықтардың арасына, тұрғын үйлердің қуыс-қуыстарында қашаннан жатқаны белгісіз — 
босаған  сусындар  мен  сынған  шөлмектер,  темекі  тұқылдары  мен  тіпті  айтуға  ауыз  бармайтын 
өзге  күл-қоқыс  қазіргі  қазақ  қоғамының  тазалық  пен  тәртіпке  деген  көзқарасын  көрсеткендей 
болады да тұрады.  
Аталған  дертпен  күрес  ретінде  қоғамдық  орындарда  және  көшелерде  құқықтық  тәртіпті 
қамтамасыз  ету  бойынша  жұмыстарды  орындау,  құқық  бұзушылық  профилактикасы  мен  тұр-
ғындар  арасында  жұмыс  жүргізу  —  алдыңғы  шепте  тұратын    әкімшілік  полицияның  қызмет-
керлерінің  еншісінде.  Міне,  сол  мақсатта  қоғамдық  тәртіп  пен  қоғамдық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз етудің бірден бір қатысушылары құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып 
табылады, сондықтан олар сауатты, тәжірибелі, батыл және жауапкершілігі мол болуы қажет.  
Тұрғындар  қоғамдық  қатынастарда  туындаған  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты  көмек 
сұрап бірінші кезекте учаскелік полиция инспекторына жүгінеді. Жолдар мен көше қауіпсіздігін
мерекелік шаралар мен жиындарда құқықтық тәртіпті қорғауды жол-патрульдік полиция жасағы 
қамтамасыз  етеді.  Балалар  және  жасөспірімдер  бойынша  туындаған  мәселелермен  кәмелетке 
толмағандар  істері  бойынша  бөлімше  қызметкерлері  айналысады,  тұрмыстық  зорлық-
зомбылықта  зардап  шегуші  адамдардың  да  арашашысы  —  осы  ІІО-ның  қызметкерлері.  Бұл 
жұмыстың  негізгі  бағыттарының  бірі  жасалынған  құқық  бұзушылыққа  байланысты 
жауапкершілік  шараларын  жүзеге  асыру  және  аталған  құқық  бұзушылықты  болдырмау 
мақсатындағы алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.  
Осы  бағыттағы  жұмыстарды  жергілікті  атқарушы  және  өкілетті  билікпен  келісе  отырып 
жүзеге асыру мақсатында елімізде жергілікті полиция қызметі құрылған болатын. Соған сәйкес 
Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  жергілікті  полиция  қызметінің 
жұмысы  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  2015  жылғы  2 
қарашадағы Қазақстан Республикасының № 388-V Заңы жарық көрді
6

Сонымен  бірге,  бүгінгі  күні  құқық  қорғау  органдарының  кадрлық  саясаты  мамандардың 
қызметке тұруына таңдау жасаудың, олардың оқып- жетілуінің, кәсіптілік деңгейінің көтеруіне 
байланысты  және  қызметте  өсуінің  ыңғайлы  жүйесін  қалыптастыруда.  Бұл  шара  полицейлік 
қызметтің  беделін  көтере  отырып,  болашағына  жол  ашады.  Кәсіби  мамандардың  қатаң 
саралауынан өткен және полиция қызметін атқаруға ынтасы бар кез келген әрекет қабілеттілігі 
бар  Қазақстан  Республикасының  азаматы  полиция  қызметіне  келе  отырып,  азаматтарды  құқық 
бұзушылық  әрекеттерден  қорғауға,  қылмыстың  профилактикасына,  құқықтық  тәртіпті  қамта-
масыз  ету  істерінде  өз  үлесін  қоса  алады.  Осы  бағыттағы  жүргізілген  үгіт,  насихат  шаралары 
қоғамда,  оның  ішінде,  жастар  арасындағы  орын  алып  отырған  құқық  бұзушылықтарды 
болдырмауға мол көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Негізгі жадымызда болатын түсінік қоғамдық 
ортада орын алып отырған келеңсіз жағдайлармен қоғам болып күресуіміз керек, сонда ғана оң 
нәтиже  болары  анық.  Бұл  шарадан  қоғамның  жас  та  егде  де  мүшесі  тыс  қалмауы  керек  деп 
ойлаймыз. 
Қалаларымыз  бен  ауылдарымыздың  көшелерін  қауіпсіз  ету  азаматтардың  конституциялық 
құқықтарын  қорғау  ішкі  істер  органдары  қызметкерлерінің  басты  міндеті  болып  табылады. 
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімі бойынша, ұсақ бұзақылық, яғни 
алкогольдік  мас  күйінде  көшелерде,  ортақ  пайдалану  орындарын  ластаған,  кіші  дәретін 
сындырған,  сондай-ақ  белгіленбеген  орындарда  коммуналдық  қалдықтарды  тастау,  ластау, 
төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекеттер үшін көптеген адамдарға полиция 
қызметкерлері әкімшілік істер бойынша материалдар дайындап, сотқа тапсырды, олардың ішіне 
әкімшілік қамауға алынғандар да жатады. 
Еліміздің  аумағында  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  адам  арқылы  заң  талаптарына 
сәйкес,  оның  ішінде,  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодекс  бойынша  жауаптылыққа 
тартылуға  тиіс  екендігіне  қоғамның  әрбір  мүшесіне  жеткізуге  ықпал  ете  отырып,  тұрақты 
қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал ету. 
Бүгінгі  күні  ӘҚБтК-нің  434-бабы  бойынша,  ұсақ  бұзақылық,  яғни  қоғамдық  орындарда 
былапыт  сөйлеу,  жеке  тұлғаларды  қорлап  тиісу,  тұрғын  жайларды  қорлау,  ортақ  пайдалану 
орындарын,  саябақтарды,  скверлерді  ластау,  оның  ішінде  белгіленбеген  орындарда  комму-


124 
налдық  қалдықтарды  шығару  және  қоғамдық  тәртіпті  және  жеке  тұлғалардың  тыныштығын 
бұзатын,  төңірегіндегілерді  сыйламаушылықты  білдіретін  іс-әрекеттер  үшін  әкімшілік 
жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік істердің саны көбеюде. 
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің талабы бойынша мемлекетіміздің әкімшілік құқық 
бұзушылық  туралы  заңдары  адамның  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етеді  және  құқық  бұзушылық 
жасаған  адамға  әкімшілік  жаза  қолданғанда  адам  жанын  күйзелтуді  немесе  адамның  қадір-қа-
сиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайтынын нақты көрсеткен. Қоғамдық тәртіпке 
және  имандылыққа  қол  сұғатын  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Қазақстан  Респуб-
ликасының ӘҚБтК-нің 25-тарауында көрсетілген
7
.   
Мүлдем  төзбеушілік  —  бұл  азаматтардың  кез  келген  құқық  бұзушылықтарға    көз 
бояушылықпен қарамауының отандық тәрбиесі. Қылмыстың ұсақ, ірісі болмайды. Қандай да бір 
келеңсіз  жайттың  алдын  алу  үшін  ұсақ  құқық  бұзушылыққа  мүлдем  төзбеу  қағидасы  берік 
ұсталынады.  
Бұл  дегеніңіз  —  көшедегі  ұсақ  қылмыстардың  алдын  алу  бағытында  жан-жақты  жұмыс 
атқаралып  келеді  деген  сөз.  Ұсақ  қылмыс  қатарына  көшеге  қағаз,  темекі  тұқылын,  сағыз 
қорабын тастап кетуден бастап, жолдың рұқсат етілмеген жерлерін қиып өту, ұрлық, бұзақылық 
бәрі-бәрі қамтылады.  
Аталған саясатты жүргізудің бастапқы мақсаты: 
-  ұсақ  құқық  бұзушылықтарға  жол  бермеу  мақсатында  тұрғындар  арасында  түсіндірме 
жұмыстарын жүргізу; 
ұсақ  құқық  бұзушылықтың  жасалуына  қарсы  тұрудағы  іске  полиция  қызметкерлері  мен 
азаматтардың күштерін біріктіру;  
- құқық бұзушылықтарға халықтың азаматтық белсенді ұсынымдарын  қалыптастыру
- жаппай профилактикалық және білім беруді жаңғырту компанияларын құру. 
Осы  ұстанымды  ұстанған  Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе заң 
институтында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл бағыттағы нақты атқарылған жұмыстарының 
бірі  —  Ақтөбе  қаласы  ІІБ  мен  Ақтөбе  облыстық  білім  беру  басқармасы  бірлесіп  бекіткен  іс-
шаралар жоспары.  
Бекітілген  жоспарды  жүзеге  асыру  аясында  қоғамда  құқық  бұзушылыққа  «Мүлдем 
төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында халықпен кездесулер өткізу кезінде кеңінен 
қолдануға  және  құқық  бұзушылықтың  алдын  алудың  тиімді  ақпараттық  ықпал  ету  шарасы 
ретінде (плакаттар, буклеттер, блокноттар, парақшалар) дайындалды.  
Аталған  шаралар  шеңберінде  құқық  бұзушылықтарға  "Мүлдем  төзбеушілік"  қағидаттарын 
қоғамда қалыптастыру мақсатында институттың тұрақты және ауыспалы құрамымен БАҚ-тарда, 
атап  айтқанда  (Қазақстан-Ақтөбе,  РИКА  ТВ),  Қазақстан,  Хабар,  24  KZ,  Евразия  бірінші 
арнасында, КТК, НТК, Жетінші канал, 31 канал, сонымен қатар, институттың сайтында ғылыми 
мақалалар дайындалып, баспаларда жарыққа шықты. 
Бұл бағыттағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде күнделікті тәжірибеде қолдану үшін 
институт  қызметкерлерімен  құқық  бұзушылықтарға  "Мүлдем  төзбеушілік"  қағидаттарын 
қоғамда қалыптастыру мақсатында анықтама-жиынтықтары, альбом-кітаптары суреттерімен қо-
са құрастырылып, Қазақстан Республикасы ІІМ ведомоствалық оқу орындарына және облыстық 
ІІД-іне таратылды. 
Сонымен  қатар,  институттың  профессорлық-оқытушылық  құрамымен  Ақтөбе  қаласының 
білім  беру  бөлімімен  келісе  отырып,  қаладағы  оқу  орындарында  «Мен  заңдылықты  ұстанатын 
азаматпын»,  «Мүлдем  төзбеушілікке  менің  көзқарасым»,  «Азаматтардың  заңдылықты  сақтау 
үшін  не  істеу  керек»,  «Болашаққа  құқық  бұзушылықсыз  көзқарас»,  «Немқұрайлы  адам  — 
қандай  адам?»,  «Жаяу  жүргінші,  тоқта!»,  «Жаяу  жүргіншіні  сыйла»,  «Жүргізуші  және  жаяу 
жүргінші» атты тақырыптарда шығарма жазу конкурстары өткізілді. 
Бұл  жүргізілген  конкурстың  нәтижесінде  қатысқан  оқушылардың  жұмыстары  қазылар 
алқасымен бағаланып, құрмет грамоталарымен марапатталды. 
Аталған жоспардың шеңберінде институт қызметкерлерімен құқық бұзушылыққа «Мүлдем 
төзбеушілік»  бойынша  азаматтарға  жеткізу  үшін  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  мәтіндер 
дайындалды. Ақтөбе облыстық  ІІД-мен бөлінген дауыс арттырғыш  құрылғысы бар автокөлікті 
қолдану арқылы азаматтарға жеткізілді.   


125 
Азаматтарға жеткізу адамдардың көп шоғырланатын елді мекендер мен аудандарда  — 41-
разъезде,  Ясный  ауылында,  Қалалық  орталық  базарында,  «Шығыс»,  «Жилгородок»  және  «Ал-
тай»  базарларында,  теміржол  вокзалында,  сонымен  қатар,  М.Оспанов  атындағы  БҚММУ  және 
С.Бәйішев  атындағы  Ақтөбе  университеттерінің  студенттері  арасында  бірнеше  рет  айтылып 
өтті.  
Ақтөбе қаласы ІІБ Сазды ПБ қарасты №12 аумақтық пункті орналасқан 8 мөлтек ауданында 
институт қызметкерлері, Ақтөбе облыстық ІІД мен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп, «Бола-
шаққа құқық бұзушылықсыз» атты акциясын өткізді. 
Осындай  акция  Ақтөбе  қаласы  Ағ.Жұбановтар  көшесіндегі  «Алтай»  базары  және  «Дина» 
супермаркеті  аудандарында  да  өткізілді,  ол  жерде  тұрғындар  белсенді  түрде  қатысып,  құқық 
бұзушылыққа  «Мүлдем  төзбеушілік»  бойынша  бастамаға  бірауыздан  қолдау  көрсетіп,  ұсақ 
құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбейтіндерін көрсетті. 
Акцияның  басты  мақсаты  —  тұрғындардың  және  қала  қонақтарының  жауаптылықтарын 
арттыру,  сонымен  қатар,  жасалып  жатқан  ұсақ  бұзақылықтарға,  қоқыс  тастау,  белгіленбеген 
орындарда  темекі  шегу,  кәмелетке  толмағандардың  көңіл  көтеру  орындарында  болуы  т.б.  сол 
сияқты өзекті мәселелерге олардың көзқарасын аудару. 
Институттың  1-курс  курсанттары  ұйымдастырылып  құрылған  волонтерлық  топпен  бірге 
ӘҚжІІО-ның ӘҚ кафедрасы дайындаған ІІО-ның сенім телефоны бар кітапшаларды (буклеттер) 
адамдардың жаппай жиналатын орындарында таратты.  
Құқық  бұзушылыққа  «Мүлдем  төзбеушілік»  қағидаттарын  қоғамда  қалыптастыру 
мақсатындағы  іс-шара  Ақтөбе  қаласындағы  Бірінші  Президент  саябағында  да  өз  жалғасын 
тапты.    
Акциялар  өткізу  барысында  қала  тұрғындарына  адамдардың  құқықтық  мәдениеттерін 
көтеру және құқықтық тәртіпті нығайтуды үгіттейтін  парақтар таратылды. 
Қала  тұрғындарына  институт  курсанттарының  ұйымдастыруымен  «Тәртіпті  қала» 
тақырыбында  флеэшмобтар  өткізілді.  Ұйымдастырылған  шаралар  бұқаралық  ақпараттар 
құралдарын  жұмылдыра  отырып,  суреттер  мен  бейнетаспаларға  түсірілді.  Қоқыстан  тазарту 
айлығын  өткізу  барысында  институттың  тұрақты  және  ауыспалы  құрамы  Ақтөбе  су  қоймасы 
жағалауын қоқыстан тазалау жұмыстары ұйымдастырды. 
Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу барысы бұқаралық ақпараттар құралдарында жарық 
көрді,  оның  ішінде  құқық  бұзушылыққа  «Мүлдем  төзбеушілік»  қағидаттарын  қоғамда  қалып-
тастыру  мақсатында  жалпы  құқықтық  пәндер  кафедрасы  бастығының  орынбасары  полиция 
майоры  Т.У.  Илаиков  және  жалпы  құқықтық  пәндер  кафедрасының  аға  оқытушысы  полиция 
майоры М.С. Салауатов «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында сұхбат берді. 
«Ішкі  саясат»  ММ  тапсырмасы  бойынша  қоғамда  құқық  бұзушылыққа  «Мүлдем  төзбеу-
шілік» қағидатын қалыптастырудағы әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру аясында қоғам-
мен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлері «Ақтөбе дамуы» 
қоғамдық қорымен бірлесіп, жоғары білікті pooI сарапшылар командасын қалыптастырды.   
Қалыптасқан  командамен  халық  арасында  құқық  бұзушылықтың  алдын  алудағы  және 
құқыққа  қарсы  жасалған  әрекеттер  үшін  жауапкершіліктің  дәрежесін  түсіндіру  жөніндегі 
жүргізілетін  жұмыстарға  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң 
институтының  ӘҚжІІО-ның  ӘҚ  кафедрасының  доценттері  полиция  подполковниктері 
Л.Маланьина мен Н.Оразалин pooI сарапшылар ретінде енгізілді. 
№56 орта мектепте Ақтөбе қаласы мектептерінің психологтарымен және әлеуметтік қызмет-
керлерімен  бірлесіп,  pooI  сарапшылар  командасының  бірінші  отырысы  өтті.  Отырыс  кезінде 
кәмелеттік  жасқа  толмағандар  тарапынан  орын  алатын  әлеуметтік  бекітілетін  стандарттық 
ауытқуға, егуге қатысты сұрақтар талқыланды. 
Әрі  қарай  pooI  сарапшылар  жұмысы  Алға,  Мұғалжар,  Темір,  Ырғыз  және  Хромтау  аудан-
дарында  жалғасын  тапты,  сонымен  қатар,  М.Оспанов  атындағы  БҚММУ  негізінде  Ақтөбе 
қаласы жастарымен кездесу өткізіліп, қорытындысы бойынша оқу орнының оқытушылары мен 
студенттері жастар арасында құқықтық мәдениеттілікті және құқық бұзушылыққа төзбеушілікті 
арттыру  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 
кодексінің баптары түсіндірілді. 
Аталған  барлық  іс-шараларды  өткізу  барысы  бұқаралық  ақпараттар  құралдарында  жарық 
көрді, яғни атқарылған жұмыстар өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге 


126 
бағытталып,  қоғам  назарына  ұсынылды,  себебі,  барлығы  біздің  болашақ  ұрпағымызға  бай-
ланысты  және  қоғамда  құқық  бұзушылыққа  «Мүлдем  төзбеушілік»  қағидасын  қалыптастыру 
мақсатында азаматтар тарапынан жауапкершіліктің дәрежесін арттырады
8
.  
Ұсақ  бұзақылық  жасауға  итермелейтін  себептер  мен  мән-жайларды  зерделеу,  оларды 
болдырмау жағдайларын қарау. Яғни құқық қорғау органдарының қызметкерлері біздің денсау-
лығымызды  өзіміздің  қолымызбен  жасалатын  құқық  бұзушылықтан  қорғайтынын  ескерер 
болсақ,  ол  қоғамдық  іс  деп  аталады.  Мәдениетті,  тәртіпті  ел  боламыз  десек,  әркім  мәдениет-
тілікті, тәртіптілікті өзінен бастауы керек екендігін ұмытпауымыз керек. Олай дейтініміз, көшені 
ластай  отырып,  өзіміздің  және  бізді  қоршаған  қоғамның  денсаулығына  зиян  тигізетінімізді 
ұмытпауымыз керек.
                                                 
1
   2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» 
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
2
   1995  жылғы  30  тамыздағы  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы    (10.03.2017  жылғы  енгізілген  өзгерістер 
мен толықтырулар). 
3
   2015 жылғы 20 мамырдағы  Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» Астана 
4
   Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына 
Жолдауы, 2015 жылғы 20 мамырдағы. 
5
   Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы. 
6
   Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  жергілікті  полиция  қызметінің  жұмысы  мәселелері 
бойынша  өзгерістер мен  толықтырулар енгізу  туралы  2015 жылғы 2 қарашадағы  Қазақстан Республикасының 
№ 388-V Заңы. 
7
   Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексі  2014  жылғы  5  шілдеде  Қазақстан 
Республикасының №235-V Заңымен қабылданған (2017 жылы 28 желтоқсандағы өзгертулермен толықтырулар 
енгізілген). 
8
   Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институтының  қоғамда  құқық  бұзушылыққа 
«Нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру бойынша 2017 жылы іске асырылған іс-шаралар ақпараты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет