Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысы Төлеби ауданы



бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі190,2 Kb.
#84969
  1   2   3
Байланысты:
ЖОБА жұмыс


Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі
Түркістан облысы Төлеби ауданы
''Мейір-Бейс''жоғары колледжі


Тақырыбы:
Рабиға Сыздықова және тіл мәселелері”

Бағыты: Рабиға Сыздықова-тіл мәселесін шешуші дара тұлға


Жоба жетекшісі: Ижанова Калима Клыштурдыкызы
Жобаны орындаушы: Жарас Махаббат Серікбайқызы
Тобы: Бб/01-21жқ
Ленгер қаласы
2023жыл
Мазмұны


1

Кіріспе

3

2

Зерттеу бөлімі

4

3

Қорытынды

7




Пайдаланған әдебиеттер





1 Кіріспе

Р әбиға Сәтіғалиқызы Сыздықова – 1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл қалашығында дүниеге келген. Рәбиғаның өзінен екі жас кіші сіңлісі Роза Құтқожина, үлкен ағасы Шавхат және кіші ағасы Хамит болған.Алайда Шавхат Құтқожин ерте қайтыс болып кеткен. Рабиға Сыздықованың ата-анасы да өте сауатты жандар болып, балаларының білім алуына көп көңіл бөлді. Рәбиғаның әкесі Сәтіғали заман өзгерістеріне байланысты жастайынан орыс мектебінде оқып, Ақтөбе уезінде бірнеше байланыс бөлімдерін басқарып, жауапты қызметтер атқарған. Атап айтқанда, Рәбиғаның әкесі Сәтіғали Құтқожин оқыған, заманының білімдісі, кезінде алаштың зиялы азаматтарымен тілдесіп те, бірлесіп те елге еңбегі сіңген азамат еді. Кеңес Одағының заңы бойынша «шынжыр балақ, шұбар төс, халық жауы» атанып, Сәтіғали қамауға алынып, 1937 жылы жазықсыз атылды. Анасы Жеміс пен әкесінің інісі Еркінғали Рәбиғаның ғылым жолына түсуіне шарапатын тигізді. Қиындыққа мойымай, дүрбелеңде ұсталып, жазықсыз атылған жұбайының жоғын жоқтатпай қызының ғылым жолына түсуіне анасы сенімін алға жетеледі деуге болады.


Орта мектепті ойдағыдай аяқтаған қыз 1938 жылы Ақтөбедегі Темір қаласындағы педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1940 жылы үздік бітіреді. Сол жылы Ақтөбедегі «Алға» стансасындағы мектепте бастауыш класс мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. Соғыс басталғаннан кейін 1942-1945 жылдар аралығында Темір, Ақтөбе қалаларында ұстаздық қызмет атқарады. Алайда өз білімін әрі қарай шыңдасам деген арманмен Ақтөбедегі екі жылдық мұғалімдер курсын бітіріп, Рәбиға оқуын әрі қарай жалғастыру үшін Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курсына оқуға қабылданады. Оқуды 1947 жылы бітіріп, осы оқу орнының аспирантурасын 1951 бітіріп шығады. 1948 жылы түрік,француз тілдерінің маманы, халықаралық құқық саласынан алғаш қазақтан шыққан ғылым кандидаты, дипломат Мақаш Сыздықовқа тұрмысқа шығады. Бірақ тағдырдың айтқанымен жары Мақаш қайтыс болғандабес жастағы ұлымен жалғыз қалып, сол ұлын жетілдіріп, немерелер сүйді. Студент кезінен ғылымға жақын қыз, оның ішінде әсіресе тіл біліміне Рәбиға Сыздықова «Қазақ тіліндегі изафет» деген тақырыбы бойынша жасаған баяндамасы жоғары бағаланады. Ол орыстың ұлы жазушысы Антон Чеховтың мақал болып кеткен мына сөзіне изафеттік талдау жасайды: «Адамда барлығы да әдемі болуға тиіс: оның түрі де, киімі де, жаны да, ойлары да сұлу болуы керек». Осы мақала арқылы ол өзінің ғылымға бет бұрғанын көрсете алды. Рәбиға Сыздықова Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты ретінде де көптеген тіл мәселесіне қатысты зерттеулерін, құнды еңбектерімен ерекшеленді. 1959 жылдың шілде айында Алматыда Қазақ КСР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында «Әдеби мұра және оны зерттеу» тақырыбы аясында өткізілген ғылыми –теориялық конференциясында баяндаған еңбегін ұлы заңғар жазушы М.О.Әуезов ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде «Рәбиға Сыздықованың сөзіне конференцияға қатысушылар риза болды деп санаймын. Оның сөзіндегі бір ерекшелік – тіл мамандары мен әдебиетшілерге қатар айтар орынды, келелі ой бар және сол ойды таратып айта аларлық тіл құдіреті мейлінше жеткілікті екендігін аңғартты» («Әдеби мұра және оны зерттеу», «Ғылым» баспасы», 1961 жыл,351-бет).
Таланты мен еңбекқорлығы арқасында ғылымның биік шыңына шығып, әлем таныған аса ірі ғалым Рәбиға Сыздықова АҚШ-тың атақты Колумбия университетінде, Лондонда, Дели мен Токиода өз әріптестеріне дәріс оқып, халықаралық ғылыми конгрестерде баяндама жасады.
Осылайша ол 1957 жылы Қаз КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері болып , көп ұзамай бөлім меңгерушісі, партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. Ал 1979 жылы Қаз КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады.
Алғаш сонау ертерек кездерде мектеп мұғалімі болып бастаған еңбек жолын Р.Сыздықова ғылым жолына түскен соң тіл мәселесін жоғары деңгейде зерттейді. 1959 жылы «Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды. Ал 1971 жылы «Абай шығармаларының тілі» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, филологиялық ғылымының докторы атағын 1972 жылы алады. 1989 жылы Түркі тілдері мамандығы бойынша профессор атағын иеленіп, сол жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері атанады. 2003 жылы Рәбиға Сыздықоваға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі атағы беріледі.
Рәбиға Сыздықова өз ғылымының бағытында Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Одақ көлемінде және әлемдегі біраз елдерде кең танымал, қазақ әйелдері ішінде тіл білімінің тұңғыш докторы және Ұлттық Ғылым академиясының алғашқы корреспондент-мүшесіболған аса көрнекті ғалым. Ол терең ойлы да жаңашыл, өте еңбекқор, ғылымда өрісі кең, көбінесе ер мінезді, ашық, ақкөңіл, ақылгөй, тыңдаушыға айтар сыры да молбілгір оқымысты, талантты тіл зерттеушісі. Ғылым табалдырығын жаңа аттаған жастарға тыңғылықты тәрбиеші, берер кеңесі мол, олардың мамандығын жетілдіруге көп үлес қосқан қамқоршы адам. Сонымен қатар ол белгілі қоғам қайраткері де бола білді.
Таланты мен еңбекқорлығы арқасында ғылымның биік шыңына шығып, әлем таныған аса ірі ғалым Рәбиға Сыздықованың өмірі мен ғылыми еңбектері болашақ ұрпаққа берері мол қазына.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет