Ќазаќстан республикасы премьер-министрініѕ кеѕсесі



Дата28.04.2023
өлшемі404,07 Kb.
#87926




ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ


АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ




УПРАВЛЕНИЕ
РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА



12.12.2018 ЭҚАБЖ МО (7.22.1 нұсқасы)
ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, Басқармалар үйі, тел.: 8 (72533) 5-90-80, ММ коды 1203501; БИК ККMFKZ2A, ИИК KZ42070102KSN5801000, БИН 160240017052 Түркістан облысы бойынша, ҚР ҚМ “қазынашылық департаменті” ММ


_______________________№____________


_____________________________________




161200, город Туркестан, микрорайон Жаңа қала, улица 32, дом управлении , тел.: 8 (72533) 5-90-80, код ГУ 1203501;


БИК ККMFKZ2A, ИИК KZ42070102KSN5801000, БИН 160240017052
ГУ “Департамент казначейства” по Туркестанской области КК МФ РК






№ исх: 40-01-05/4350 от: 30.03.2023
№ вх: 1156 от: 30.03.2023
30.03.2023-ғы № 40-01-05/4350 шығыс хаты
30.03.2023-ғы № 1156 кіріс хаты
Аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдері

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 29.03.2023 жылғы №15-03/1798-И хатына сәйкес, «Білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттау және оларға біліктілік санаттарын беру рәсімін өткізу, олардың білімін бағалауды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 46 бұйрығына сәйкес ақпан айында педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі-біліктілік бағасы басталғанын және қазіргі уақытта аттестаттаудың екінші кезеңі – педагогтердің қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау жүргізілуде екенін хабарлаймыз. Республика бойынша білім беру ұйымдарының 104 000-нан астам педагогі аттестаттаудан өтуді жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың 3-22 сәуір аралығында аттестаттаудың келесі кезеңі - педагогтердің білімін бағалау (тестілеу) өтуде екенін хабарлайды.


Сонымен қатар, бүгінгі таңда жекелеген педагогтарден аттестаттау рәсіміне қатысты сұрақтар келіп түсуде, осыған орай сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты жеткіземіз:
1) аттестаттаудың екінші кезеңінің қорытындылары шығарылғанға дейін педагогтер тестілеуге қатыса алады. Ол үшін өтінішті тиісті тіркеуден өту қажет (өтініштерді тіркеу үшін база а. ж. 27 наурызынан бастап ашық). Тестілеу нәтижелері бір жылға жарамды;
2) аттестаттауды өткізу Қағидаларының 123-тармағына сәйкес: егер педагогтің жалпы педагогикалық өтілі 30 және одан көп жыл болса жаңа жүйе бойынша берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуді тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді. Біліктілік санатын арттыру кезінде жалпы негізде өтеді;

3) аттестаттауды өткізу Қағидаларының 124-тармағына қатысты: егер педагогтің жалпы педагогикалық өтілі 30 және одан көп жыл болса, сондай-ақ ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаты бар педагогтер «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысқан кезде тестілеуден босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді. «Педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын алған кезде жалпы негіздерде өтеді.


Басшының орынбасары А.Садыкова

Орындаған: С. Тасполатова


Телефон: 5-94-37



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет