Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Ауыз қуысының аурулары
Дауыстың пайда болуы мен сөйлеу қабілетінің қызметіне әсер 
ететін ауыз қуысының ауруларының ішінен артикуляция мүшелерінің 
(ерін,   жұмсақ  және   қатты   таңдай,   тіл,   жақ   пен   тістер)   даму 
аномалиялары маңызды орын алады.
Ерін және таңдай дефектілері. Ерін мен таңдай дамуының жиі 
кездесетін аномалиялары бұл үстіңгі ерін мен таңдайдың саңылаулы 
дефектілері болып табылады, ол осы ауыз қуысы бөлімдерін түзетін 
эмбрионалды бастамалардың қосылуға үлгермеу салдарынан болады. 
86

Эмбрионалдық   даму   бұзылысының   байланысты   аномалияның 
әр   түрлі   дәрежелерін   ажыратады.   Ең   оңайы   жоғарғы   еріннің 
саңылаулы болуы, ол бір жақты және екі жақты болуы мүмкін. Бір 
жақты   саңылаулану   күрек   тістер   мен   ит   тістер   аралықтарындағы 
сызықта болады, көбнесе сол жақта. Ол еріннің түгел бойынан өтіп, 
мұрын  тесігімен   қосылған   кезде   толық  болып   келеді,   ал  жартысын 
алғанда   толық   емес   болады.   Екі   жақты   саңылаулану   көбінесе 
семметриялы және жоғарғы ерінді үш бөлімге бөледі – екі бүйір және 
бір ортаңғы (38сур.).
38 Сурет. Жоғарғы еріннің, альвеолярлы өсіндінің және таңдайдың екі 
жақты саңылауы
Еріннің саңылаулануы кезінде тістің орналасуы мен сандарында 
ауытқулар байқалады. 
Жоғарғы   еріннің   айқын   түрде   саңылаулану   болса,   онда 
альвеолярлы өсіндінің саңылаулану байқалады. 
Ең   ауыр   аномалиялар   -   альвеолярлы   өсіндінің,   қатты   және 
жұмсақ таңдайдың, жоғарғы еріннің екі жақты саңылаулануы болып 
табылады.   Жақаралық   сүйектің   бір   жағы   жоғарғы   жақтың 
альвеолярлы   өсіндісімен   өсіп   кетсе,   онда   еріннің,   альвеолярлы 
өсіндінің   және   таңдайдың   толық   саңылаулануы   бір   жақты   болуы 
мүмкін   (39сур.).   Толық   екі   жақты   саңылаулану   кезінде   жақаралық 
сүйек алдына қарай орналасады. 
39 Сурет. Жоғарғы ерін мен таңдайдың бір жақты саңылауы
Жұмсақ таңдайдың саңылаулануы орта сызықта болады. Кейде 
жұмсақ   таңдайдың   бұлшық   етті   қабатының   дефектісі   қалыпты 
87

кілегейлі қабатпен қапталады, кейбір жағдайда қабат қатты таңдайдың 
саңылаулы   дефектісін   жабуы   да   мүмкін.   Мұндай   таңдайдың 
саңылаулануын субмукозды (кілегей асты) деп атайды. 
Ерін мен таңдайдың  туа пайда болған  саңылаулы дефектілері 
нәрестенің   тамақтануына   кедергі   болады.   Бала   еме   алмайды,   тамақ 
оңай түрде мұрын қуысына түсіп, қақалып шашалады, жөтел мен құсу 
пайда   болады.   Тамақтың   тыныс   алу   жолдарына   түсуі   бронха   мен 
өкпенің қабынуын тудырады. 
Қатты   және   жұмсақ   таңдайдың   дефектілері   кейде   мерез 
(сифилис) ауруының нәтижесінде дамуы мүмкін. Осы жағдайда пайда 
болған   саңылау   ауыз   қуысы   мен   мұрын   қуысын   байланыстырады 
және   туа   пайда   болған   таңдай   дефектілері   сияқты   ауытқуларды 
тудырады.   Кейінгі   жылдары   мерез   нәтижесінде   дамыған   таңдай 
дефектілерін алдын алуға болады. 
Ерін мен таңдайдың саңылаулы дефектілерін тек хирургиялық 
жолдармен емдеуге болады. Егер белгілі бір себептерге байланысты 
операция жасалмайтын болса (баланың ауыр жағдайы, ата-аналардың 
келіспеуі   және   т.б.),   онда   қатты   және   жұмсақ   таңдай   дефектілерін 
жабу үшін арнайы дайындалған протездер – обтураторлар (латынның 
obturare – жабу) қолданылады. 
Туа   пайда   болған   дефектілер   қатарына   қысқарған   жұмсақ 
таңдай, тіл және тілдің мүлдем болмауы жатады. Мұндай дефектілер 
қабыну процестерінің нәтижесінде туындайды. 
Тіл дефектілері.  Сирек кездесетін аурулардың қатарына тілдің 
мүлдем   болмауы   –  аглоссия  жатады.   Тілдің   болмауы   сөйлеу 
дыбыстарын айтуға мүмкіндік бермейді. Бірақ артикуляцияның басқа 
мүшелерінің   қатысуымен   арнай   жаттығулар   арқылы   сөйлеу 
дыбыстарын кішкене болса да дұрыстауға болады. Туа пайда болған 
дефетілерге мөлшері жағынан тілдің дамымай қалуы, яғни өте кішкен 
болуы (микроглоссия) және шамадан тыс үлкен болуы (макроглоссия) 
да жатады. Макроглоссия бұлшық етті гипертрофияның нәтижесінде 
пайда болып, тіл ауыз қуысына сыймай сыртқа шығып тұрады. Кейде 
тілдің үлкейуі туа пайда болмай, ісіктің (лимфангиома) нәтижесінде 
туындайды. 
Жақ   пен   тіс   дефектілері.  Жақ   пен   тіс   қатарының   даму 
дефектілері көбнесе тістеу аномалиясы түрінде байқалады. Тістеу бұл 
жақтардың жанасып тұруындағы жоғарғы және төменгі тіс қатарының 
сәйкестігі.   Қалыпты   жағдайда   жоғарғы   тіс   доғасы   төменгісінен 
бірнеше   есе   үлкен,   жоғарғы   тістер   төменгі   алдыңғы-   тістерді   сәл 
жауып   тұрады,   жоғарғы   қатардағы   барлық   тістер   сәйке   төменгі 
қатардағы тістермен жанасады. 
88

Тістеу аномалиясы әрқилы болуы мүмкін. 
1. Прогнатия (гректің pro – алдына қарай және gnathos – жақ) –
жоғарғы жақ және жоғарғы тіс доғасы алдына қарай, төменгі алдыңғы 
тістер жоғары тістерден алыс орналасқан (40сур.); осыған байланысты 
төменгі   алдыңғы   тістер   ұзарып,   қатты   таңдайға   дейін   жетеді.   Азу 
тістерінің қылыпты аралықтары сақталады. 
2.  Прогения  (гректің pro – алдына қарай және geneios – иек) 
төменгі жақтың шамадан тыс дамуымен сипатталады; төменгі жақтың 
алдыңғы   тістері   жоғарғы   жақ   тістеріне   қарағанда   алдына   қарай 
орналасқан (41сур.). 
3. Ашық тістелу жоғарғы және төменгі жақ тістерінің арасында 
бос   аралықтың   болуымен   сипатталады.   Кейде   бос   аралық   алдыңғы 
тістер   арасында   пайда   болады,   сол   кезде   артқы   тістер   қалыпты 
жанасады,   оны   алдыңғы   ашық   тістеу   деп   атайды   (42сур.);   кей 
жағдайда бүйір тістер (азу тістер) арасында бос аралық қалуы мүмкін, 
оны бүйірлі ашық тістеу деп атайды (43 сур.). 
Тістеудің   атап   кеткен   аномалиялардан   басқа   тіс   қатарының 
құрлысындағы ауытқулар кездеседі: орталық тіс аралықтарының кең 
болуы,   белгілі   бір   тістердің   болмауы,   тіс   пішіндерінің   өзгеруі,   тіс 
шеттерінің деформациясы, қосалқы тістердің шығуы және т.б. 
Тістердің   құрлысы   мен   орналасуындағы   барлық   кемшіліктер 
дыбыстың дұрыс, анық шығуын бұзады (сигматизм). 
       42 Сурет. Алдыңғы ашық тістелу              43 Сурет. Бүйірлі ашық тістеу
Тістеу   аномалиялары   мен   тістердің   орналасуындағы 
дефектілерді ортодонтия әдісімен жоюға болады (гректің ortos – түзу 
және odus, odontos –тіс). Тіс қатарын түзетуде арнайы сымды шиналар 
89
40 Сурет. Прогнатия
41 Сурет. Прогения

немесе   уақытша   протездер   қолданылады.   5-6   жастан   10-12   жасқа 
дейін тіс қатарын түзетуге ең тиімді, өйткені осы кезеңде сүйектер 
серпімді болып, механикалық әсерге оңай ұшырайды. 
Қосалқы   тістер   мен   тіс   қатарынан   тыс   өскен   тістер   алып 
тасталады. Тістердің мүлдем болмауында жасанды тістер салынады. 
Ауыз   қуысының   барлық   дефектілерін   хирургиялық   және 
ортодонтиялық емдеумен қатар арнайы логопедиялық жаттығуларды 
жасау   қажет,   әсіресе   жақ   пен   тістердің   дефектілерінде,   кейде   бір 
жаттығудан кейін дыбыстауды жақсртуға болады. 
Жүйке-бұлшық   еттің   бұзылуы.  Ерін   мен   беттің   қалыпты 
қоғалысының бұзылуы көбнесе бет жүйкесі параличінің нәтижесінде 
байқалады.   Бет   жүйкесінің   зақымдалуының   бір   себебі   ортаңғы 
құлақтың   қабынуы   болып   табылады.   Өйткені   бет   жүйкесі   сүйек 
каналы   арқылы   дабыл   қуысының   маңынан   өтеді.   Бет   жүйкесі 
параличінің   басқа   бір   себебі   –   механикалық   зақымдану   және 
инфекция   болуы   мүмкін.   Кейбір   жағдайда   бет   жүйкесінің   параличі 
орталық жүйке жүйесінің күрделі зақымдануы болып байқалады. 
Бет   жүйкесінің   параличі   бір   жақты   болады.   Осы   кезде   бет 
асимметриялы болып келеді; зақымдалған жүйке жағына сәйкес көз 
жабылмайды, қас көтерілмейді, ауыз ұшы мен бет астына түсіп, ауыз 
қарама-қарсы жаққа қарай тартылады. 
Бет   жүйкесінің   параличі   кезінде   еріндік   дауыссыздар   мен 
лабиализденген дауыстылардың дыбысталуы бұзылады.
Көп жағдайда бет жүйкесінің параличі уақытшы болып, сәйкес 
емдеуден өткеннен кейін оның қозғалғыштығы  толығымен қалпына 
келеді. 
Кейде   физиотерапияны,   емдеу   дене   шынықтыруын   және 
логопедиялық жаттығуларды жүргізгенмен паралич тұрақты болады. 
Тіл   қозғалысының   бұзылуы   тіл   асты   жүйкесінің   параличі 
нәтижесінде туындауы мүмкін. Осындай параличтің пайда болу себебі 
әр түрлі болады: жарақат, ісіктің жүйкені қысып тастауы, инфекциялы 
аурулар,   орталық   жүйке   жүйесінің   аурулары.   Тіл   асты   жүйкесінің 
параличі   бір   жақты   болады.   Арнайы   логопедиялық   жаттығулар 
арқылы  сөйлеу   дыбыстырының  дұрыс  айтылуын  қалпына келтіруге 
әбден мүмкін. 
3. Жұтқыншақ аурулары
Жұтқыншақтың   даму   аномалиялары   қысқару   немесе   жұмсақ 
таңдай   мен   тілдің   болмауы   ретінде   кездеседі;   бұл   дефектілер   туа 
пайда   болған   қатты   таңдайдың   саңылауланумен   бірге   байқалуы 
90

мүмкін. Сирек кездесетін аномалиялар ретінде таңдай доғалары мен 
миндалиннің дефектілерін айтуға болады. 
Жұтқыншақтың   деформациясы.  Кейбір   ауыр   жұқпалы 
аурулар   кезінде   (скарлатина,   дифтерия)   жұтқыншақтың   кілегейлі 
қабатының   терең   зақымдануы   байқалады.   Осының   салдарынан 
жұмсақ   таңдай,   тілше   және   таңдай   доғалары   деформацияланады, 
кейде   жұмсақ   таңдай   қалдығы   мен   доғалар   жұтқыншақтың   артқы 
қабырғасына   қарай   тартылады.   Осы   кезде   жұмсақ   таңдай   толық 
немесе   жартылай   жұтқыншақтың   артқы   қабырғасымен   өсіп   кетеді, 
нәтижесінде   ауыз   қуысы   және   ауызжұтқыншақ   толығымен   немесе 
жартылай мұрынжұтқыншақпен ортақтасады. Мұрын арқылы тыныс 
алу осы жағдайда болмайды немесе қиынға соғады. 
Жұтқыншақ   қышқылмен   және   сілтілі   негіздермен   күйгенде 
осындай ұқсас көріністер байқалады. 
Күшті қышқылдар мен сілтілерді дұрыс сақтамағандықтан, оны 
ішіп   қою   жағдайлары   кездеседі.   Әсіресе   бұл   байқаусыз   қалған 
балалармен болады.
Қышқылдармен және сілтілермен күйген кезде кілегейлі қабатта 
қабыршақ   түзіледі.   Ауыр   күйік   кезінде   жұтқыншақ   қабырғасының 
терең өлуі пайда болады, және өңештің күюі байқалады. 
Күйіктен кейін жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ қабырғасының 
деформациясы болады, оны уақытында және дұрыс емдемесе, өңештің 
тарылуына және толығымен жабылуына әкеп соқтыруы мүмкін. 
Жұтқыншақтың   бөгде   заттары.  Тамақты   шайнап,   жұтқан 
кезде   жұтқыншақта   балық   сүйектері,   ет   сүйектерінің   сынықтары 
сияқты бөгде заттар қалып қою мүмкін. 
Кейде   бөгде   заттар   жұтқыншақта   көп   уақыт   болмай,   өңеште 
қалып  кояды.  Балаларда  бөгде  заттар  ретінде   түйме,   тиындар,  ұсақ 
ойыншықтар;   ал   ересек   адамдарда   –   балық   және   ет   сүйектері,   тіс 
протездері және т.б. болады. 
Кейбір жағдайда сүйектерді жұтқаннан кейін кілегейлі қабатта 
жырықтар   қалуы   мүмкін,   бұл   сырқат   адамда   бөгде   зат   тұрып 
қалғандай мазалайды. 
Көп   жағдайларда   сырқат   адамдар   дәрігерге   көрінудің   орнына 
жұтқыншақта   қалып   қойған   затты   қарынға   қарай   нанмен   итеріп 
тастайды.   Осының   салдарынан   бөгде   заттар   кілегейлі   қабатты 
зақымдап,   ауыр   жағдайға   әкелуі   мүмкін.   Жұтқыншақтағы   бөгде 
заттарды алу дәрігер-маманға сондай қиындық туғызбайды. 
Ангина (латынның angere – қысу, тұншықтыру). Ангина барлық 
организмнің өткір жұқпалы ауруы болып табылады, ол айқын түрде 
таңдай   миндалинасында   байқалады.   Аурудың   қоздырғышы   – 
91

стрептококк.   Ангина   балалық   және   жеткіншектік   шақта   жиі 
кездесетін   аурулардың   қатарына   кіреді.   Организмге   суықтың   тиюі 
және   жұмсақ   миндалинаның   созылмалы   қабынуы   (созылмалы 
тонзиллит)   ангинаның   туындауына   себеп   болады.   Ангина   жұтқан 
кезде   тамақтың   ауруымен   басталады;   температура   38-39ºС   дейін 
(балаларда кейде 40º дейін) көтеріледі, бас ауырады, бұлшық ет пен 
буындар ауырсынады. 
Аурудың   бйқалу   сипатына   қарай   ангинаның   үш   формасын 
ажыратады:   катаралды,   лакунарлы   және   фолликулалы.   Катаралды 
ангина   ең   жеңіл   форма.   Миндалиндер   ісінеді,   кілегейлі   қабат 
қызарады.   Бастапқыда   тамақта   құрғақ   сезім,   содан   жұтқанда 
ауырсыну   пайда   болады.   Температура   ересек   адамдарда   сондай 
көтерілмейді, ал балаларда 40º дейін жоғарлайды. Лакунарлы ангина 
кезінде аурудың белгілері айқын көрінеді, температура тез жоғарлап, 
тамақта ауру сезімі пайда болады, кейде бұл сезім құлаққа беріледі. 
Миндалиндің тереніңде іріңді қақпақ түзіледі. Фолликулалы ангина 
көбнесе   кенеттен   температураның   39-40º   дейін   жоғарлауымен, 
тамақтын   ауруымен   басталады.   Аяқ-қолдар,   арқа   мен   бас 
ауырсынады.   Қызарып,   ісінген   миндалинде   дөңгелек   пішінді   сары 
дақтар  пайда болады.  Бұл дақтар  миндалинның ұсақ  бөлшектерінің 
іріңдеуі (фолликулалар) болып табылады. 
Мойына - жылы таңғыш немесе жылытылған компресс, тамақты 
дезинфекциялық ерітінділермен (бор қышқылы – бір стақан суға бір 
шай  қасық,  калии  марганец  қышқылы - әлсіз  қызғылт   түске  дейін) 
шаю   қажет.   Ангина   ауалы-тамшылы   жол   арқылы   таралады, 
сондықтан сырқат адамның жеке ыдысы, орамалы, болуы қажет және 
олар   қоршаған   адамдардан,   әсіресе   балалардан   оқшауланады. 
Ангинаны алдын алу үшін организмді жүйелі түрде шынықтыру және 
жұтқыншақ ауруларын (аденоидтың өсіп кетуі, созылмалы тонзилит) 
уақытында емдеу қажет. 
Ангинада кейін әр түрлі асқынулар байқалады. Солардың ішінде 
ең   маңыздысы   –   жұтқыншақтағы   қабыну   процесінің   есту   түтігі 
арқылы   ортаңғы   құлаққа   өткен   ортаңғы   құлақтың   өткір   қабынуы 
болып табылады. Жалпы асқынуларға ревматизм, эндокардит, бүрек 
қабынуы жатады. 
Ангина жеке ауру түрінде ғана емес, ол сонымен қатар кейбір 
жұқпалы аурулар (скарлатина, дифтерия) белгілерінің бірі және кан 
ауруларының   (лейкоз)   байқалу   белгісі   болуы   мүмкін.   Сондықтан 
ангинаның   бірінші   белгісі   байқала   басталысымен   дәрігерге   көріну 
қажет. 
92

Созылмалы   тонзиллит.  Миндалиннің   созылмалы   қабынуы, 
немесе   созылмалы   тонзиллит   (латынның   tonsilla   –   миндалина) 
ангинаның қайталану нәтижесінде дамып, жиі кездесетін аурулардың 
бірі болып табылады. 
Кейбір   жағдайларда   созылмалы   тонзиллит   ангинаның 
қайталануынсыз-ақ   пайда   болады.   Созылмалы   тонзиллит   кезінде 
байқалатын   белгілер:   жұтқыншақтың   аздап   ауруы,   кейде   ауыздан 
иістің шығуы, кешкі уақытта температураның ұзақ бойы сәл көтерілуі 
(37,2-37,5º). Миндалиннің қызаруы байқалады, оны қысқанда одан ақ 
түсті жағымсыз иісті ірің бөлінеді. 
Созылмалы   тонзиллит   кезінде   ангина   түрінде   асқыну   жиі 
болады. Созылмалы тонзиллиттің қауіптілігі – оның үнемі организмге 
түсетін инфекция мен токсиндердің көзі болуында, ол ангина кезінде 
пайда болған асқынуларды (ревматизм, эндокардит, бүйрек аурулары 
және т.б.) ұстап тұрады. 
Миндалинді   әр   түрлі   дезинфекциялық   ерітінділермен   жағу 
арқылы немесе шаю арқылы созылмалы тонзиллитті емдеуге болады. 
Кейінгі жылдары пенициллин ерітіндісімен шаю қолданылады. 
Миндалинді   күйдіру   және   рентгенотерапия   әдістері   емдеуде 
қолданылады, егер осы барлық емдеу әдістері нәтижесі бермесе, онда 
миндалинді толықтай алып тастайды, оны тек ауруханалық жағдайда 
жасайды. 
Миндалиндер организмге ауыз бен жұтқыншақ арқылы түсетін 
инфекцияларға   қарсы   тұрып,   қорғаныштық   қызмет   атқаратының 
білеміз.   Миндалинді   толықтай   алып   тастау   қауіпті   емес   пе?   деген 
сұрақ туындауы мүмкін. Қалыпты қызмет атқарып тұрған миндалинді 
жоюға болмайды; бірақ миндалиннің созылмалы қабынуы тек өзінің 
қорғаныштық   қызметінен   айырылып   қана   қоймай,   ол   инфекция 
ошағына айналады. Таңдай миндалинінен басқа қорғаныштық қызмет 
атқаратын   ұлпалар   мен   мүшелер   бар,   сондықтан   миндалинді   алып 
тастау организмнің жағдайына қауіп төндірмейді.
Жұтқыншақ   миндалинінің   гипертрофиясы.  Жұтқыншақ 
миндалинінің   қалыпты   дамуы   мұрын   арқылы   тыныс   алуға   кедергі 
болмайды. 10-12 жасқа қарай ол кішірейіп, содан толығымен жоғалып 
кетуі   мүмкін,   көп   жағдайда   ересек   адамдарда   байқалмайды.   Бірақ 
қабыну   процестерінің   қайталануына   орай   жұтқыншақ   миндалині 
үлкен   болып   ісінуі   мүмкін.   Жұтқыншақтың   мұндай   гипертофиясын 
аденоидтар (гректің aden – без және eides –түр) деп атайды (44 сур.). 
Кейде   аденоидтар   мұрынжұтқыншақты   толтырып,   мұрын   арқылы 
тыныс алуды қиындатады. Горизонтальды қалыпта ұйықтаған кезде 
жұтқыншақ миндалинінің қан тамырлары қанға толып, оның көлемі 
93

одан   сайын   кеңейеді,   осы   кезде   мұрын   арқылы   тыныс   алу   мүмкін 
болмайды, бала ауызын ашып ұйықтауға міндетті болады. Ұйқы оны 
мазалайды, қажетті түрде дем ала алмайды; оның жұмыс қабілеті, есі, 
зейіні   төмендейді,   сөйлеген   сөздері   түсініксіз   дыбысталады. 
Аденоиды   бар   балаларда   есту   түтігінің   өткізгіштігінің   бұзылуына 
байланысты жиі есту қабілетінің төмендеуі байқалады. 
44 Сурет. Мұрынжұтқыншақтағы аденоид
Көбнесе   аденоидтар   мектепке   дейінгі   кезеңде   және   төменгі 
мектеп жасындағы (4-8 жас) балаларда жиі байқалады. 
Аденоидтарды   операциялық   жолмен   жою   арқылы   емдейді. 
Операциядан кейін мұрын арқылы тыныс алу қалпына келеді, бірақ 
ауызбен   тыныс   алуға   үйреніп  алған   балалар   тыныс   алу   кедергілері 
болмаса   да,   бірден   мұрын   арқылы   тыныс   алмайды.   Сондықтан 
аденоидтарды   алып   тастағаннан   кейін   ондай   балаларды   мұрын 
арқылы   тыныс   алуға   бейімдеу   қажет.   Тыныс   алу   гимнастикаларын 
ұсыну өте тиімді болып келеді.
Проф.   Б.С.   Преображенский   осы   мақсатта   арнайы 
гимнастикалық жаттығуларды жасауды ұсынады (45сур.). 
1 жаттығу.  Түзу тұрып, ішті тарту; өкшені бір-біріне қосып, 
аяқ   басы   90º   бұрыш   жасап   тұруы   қажет.   Алақанды   төменгі 
қабырғаларға қысып, мұрын арқылы баяу дем алу, іш алдына қарай 
шығып   тұрмауын   қадағалау   керек;   осы   кезде   қол   арқылы 
қабырқалардың   ажырауы   сезіледі.   Демді   мұрын   арқылы   баяу 
шығарады. 
жаттығу. Сондай қалыпта тұрып, қолды артына қарай созып, 
екі алақанды бір-бірінің үстіне қойып, ішті тарту. Мұрын арқылы баяу 
терең   дем   алу;   осы   кезде   кеуде   клеткасы   кеңейеді.   Демді   мұрын 
арқылы баяу шығарады.
3  жаттығу.  Сондай   қалыпта   тұрып,   қолды   шүйде   бөліміне 
қояды,   саусақ   ұштары   бір-бірімен   жанасады;   шынтақ   жаттығудың 
басында   алға   қарай   бағытталады,   содан   мұрын   арқылы   терең   дем 
алғанда бір уақытта біртіндеп екі жаққа созылады. Баяу дем шығарған 
кезде шынтақ бастапқы қалпына оралады. 
94

4  жаттығу.  Дененің   қалпы   сондай;   қол   бос   түрде   салбырап 
тұрады.   Мұрын   арқылы   баяу   терең   дем   алғанда,   қол   артқа   қарай 
созылады; бір уақытта асықпай аяқ ұштарымен көтеріліп, ішті тарту. 
Дем шығарған кезде де асықпай бастапқы қалыпқа оралу қажет. 
Әрбір   жаттығу   кезінде   10   рет   дем   алып,   10   рет   дем 
шығарылады. Жаттығуны 1-2 ай бойы әр күн сайын таңертең және 
кешкі уақытта жасау қажет. 
45 Сурет. Тыныс алу гимнастикасы (Б.С. Преображенский бойынша).
Таңдай   миндалинінің   гипертрофиясы.  Балаларда   таңдай 
миндалині ұлғаяды (гипертрофияға ұшырайды), кейде жұтқыншақтың 
кіре  берісін   жауып,  бір-бірімен  жанасқанға   дейін  үлкейеді  (46сур.). 
Осы кезде жұту және дем алу қиынға соғады, түнде бала қорылдап, 
жиі оянады, кейде түнде миндалина гипертрофиясы аденоидпен бір 
уақытта байқалуы мүмкін.  Егер
 
таңдай
 
миндалинінің 
гипертрофиясы дем алу, жұту және сөйлеу қызметтерін бұзуға дейін 
жетсе, онда хирургиялық емдеуге жүгінеді. Егер миндалиннің ұлғаюы 
созылмалы тонзиллит құбылысымен жүрмесе, онда миндалинді толық 
алып тастау қажеттілігі жоқ. Осындай жағдайларда миндалиннің бір 
бөлігі   алып   тасталады.   Мұндай   операция   амбулаторлы   түрде 
жасалады. 
46 Сурет. Таңдай миндалинінің гипертрофиясы.
95

Мұрынжұтқыншақ   фибромасы.
 Мұрынжұтқыншақты 
фиброма (47сур.) дәнекер ұлпасынан және бірнеше қан тамырларынан 
тұратын ісік болып табылады. Ондай ісік 8-13 жастан басталып, тек ұл 
балаларда   дамиды.   Мұрынжұтқыншақ   фибромасы   тез   өсумен 
сипатталады.   Бастапқы   белгілерінің   бірі   –   мұрынның   бір   жағының 
бітелуі; бірнеше айдан кейін мұрын арқылы тыныс алу мүмкін емес, 
және кейде құлақ аурулары ( есту түтігінің катары, ортаңғы құлақтың 
қабынуы) туындайды. Ісік одан сайын өссе, көздің бақшаюы, мұрын, 
жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың деформациясы байқалады. Тек 
хирургиялық жолмен емделеді. 
47 Сурет. Мұрынжұтқыншақ фибромасы.
Жұмсақ таңдай параличі.  Балаларда жұмсақ таңдай параличі 
жиі   байқалады.   Мұндай   паралич   көбнесе   дифтерия   кезінде 
туындайды. Осындай жағдайда жұмсақ таңдай мүлдем көтерілмейді 
(толық   паралич),   немесе   жартылай   ғана   көтеріледі   (толық   емес 
паралич, немесе парез). Кейде паралич және парез бір жақты болады, 
онда жұмсақ таңдайдың бір жартысы қалыпты көтеріледі, ал басқа бір 
жағы   қозғалыссыз   қалыпта   қалады.   Айтылып   кеткен   барлық 
жағдайларда жұмсақ таңдай өзінің қызметін атқармайды, яғни ауыз 
қуысы
 
мен
 
ауызжұтқыншақты
 
мұрынжұтқыншақпен 
ортақтастырмайды, осыған байланысты дыбыстың дұрыс шығуы және 
жұту қызметі бұзылады (сұйық тамақ мұрынға кіріп кетеді). 
Жұмсақ таңдай параличін оңай аңғаруға болады. Дифтериялы 
паралич   уақытша   сипатта   болып,   арнайы   емдеуді   қажет   етпей 
өздігінен   жазылады.   Қалпына   келтіру   процесін   электризация   және 
медикаментозды емдеу арқылы жылдамдатуға болады. Егер паралич 
тұрақты болса, онда логопедиялық жаттығуларды жүйелі түрде жасап 
отыру қажет. 
96


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет