Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі «ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы»



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі30,73 Kb.
#17913
түріРеферат
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
Фармацевтикалық өндірістің технологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Таблеткаларды бөлшектеу және орамдау процестерін жетілдіру жолдары. Таблеткаларды бөлшектеу және орамдауға арналған машиналар.

Орындаған: Әділ А.

Тобы: ФӨТҚБ-02-18

Қабылдаған: Бакарам А.

Шымкент 2021

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Таблетка өндірісінде қолдануға рұқсат етілген орамдауыш түрлері

    2. Таблеткаларды орамдауға арналған машиналар

    3. Флаконда босатылатын таблеткаларды санап шығаруға арналған машиналар

  3. Қорытынды

  4. Қолданылған әдебиеттер


І. Кіріспе

Таблеткалар - ұнтақтарды немесе ұнтақтардың қосымша заттармен қоспасын технологиялық өңдеу және престеу арқылы алынатын қатты дозаланған дәрілік түр. Таблеткалар технологиясындағы ең маңызды кезең престеу болып табылады, сондықтан да таблеткалар ең алғашында Medicamenta compressa деп аталған болатын.

Мемлекеттік Фармакопеяның Х – басылымына таблеткалардың 1 жалпы және 163 жеке мақалалары кірген.

Құрамына байланысты таблеткаларды бір ингредиенттен тұратын қарапайым (Pulveres simplises) және бірнеше ингредиенттерден тұратын күрделі (Pulveres composite) түрлерге бөледі. Мөлшерлеу сипатына байланысты ұнтақтарды жекелеген мөлшерлерге бөлінген (Pulveres divisi) және жекелеген мөлшерлерге бөлінбеген (Pulveres indivisi) түрлерге бөледі. Қолдану тәсіліне байланысты ұнтақтар ішкі және сыртқы қолдануға арналған болып бөлінеді. Сонымен қатар, ұнтақтарды електің ұнтақ толығымен өте алатын тесіктерінің мөлшерімен анықталатын ұсақталуы бойынша жіктейді.

Дәрілік форма ретінде ұнтақтар бірқатар оңды қасиеттерге ие: технологиясының қарапайымдылығы; дисперсиялану деңгейін реттеп отыру мүмкіндігі; кейбір жағдайларда заттардың кристалды құрылымының биологиялық қол жетерлікке оң әсерін тигізуі; мөлшерлеу дәлдігі; ауру балалар мен егде тартқан ауралар үшін ерекше маңызды болып табылатын қолдану ыңғайлылығы; құрамының әмбебаптығы; сақтау және тасымалдау ыңғайлылығы – осылардың бәрі дәрілік заттардың терапиялық белсенділігін барынша қолдануға мүмкіндік береді.

Таблеткаларға кемшіліктер де тән – ұсақ дисперсиялы заттар үлестік бетінің күрт артуының нәтижесінде сәуленің, ылғалдың және ауаның оттегінің қолайсыз әсерлеріне оп-оңай ұшырайды. Гигроскопиялық заттар оп-оңай дымқылданады, ал құрамында кристалданған су немесе ұшпалы құрамдас бөліктері бар заттар жетілдірілмеген орамда оларды оп-оңай жоғалтып алады («ауамен ұшып кетеді»). Ұнтақтар иісті заттардың буларын адсорбциялай отырып, бөгде иіс ала алады. Онымен қоймай, осы дәрілік түрдің кемшіліктеріне мыналарды жатқызады: сұйық дәрілік түрлермен салыстырғанда баяуырақ терапиялық әсер беруі; асқазан-ішек жолының кілегейлі қабығына қоздырғыш әсері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет