Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «Филология және көптілді білім беру»
Кафедрасы: «Шет тілі: Екі шет тілі білім беру»
СӨЖ
Тақырыбы: 1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру" 2. "Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер".
Орындаған: Бахитова Бахыткул 116 топ студенті
Тексерген: Дүйсенбайқызы Айтолқын
Алматы 2021-2022 оқу жылы
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру»
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.
Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірбие бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тұжырымдалады.
Сонымен ағымда әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыруы келесі мүмкіндіктерді туғызады:
— стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау;
— жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу;
— күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау.
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;
Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;
Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді.
Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясы келесі стратегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді.
— әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар;
— ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он жылдық даму жоспары;
— мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық стратегиялық жоспар;
— 1998 жылдан бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары.
Сонымен, даму стратегиясы төрт кезең бойынша іске асырылатын — бағдарлама құжаты:
І. 1998-2000 ж.ж. — Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын реформалау — 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау — 2000 жылдан бастап жүжеге асырылды. Осы кезеңде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады.
ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек — қаржы сыйымды өндірісті дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу, т.б.
"Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы туралы"
Достарыңызбен бөлісу: |