Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары)



бет19/33
Дата06.01.2022
өлшемі124,41 Kb.
#11952
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары)


Қазақ даласындағы тізбектеле салынып жатқан бекіністер құрылысына, патшалық әкімшілік реформаларға, шұрайлы жерлерді басып алу қиянатына қарсы күрестер біртіндеп қайта өрбіген Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске ұласты. Сонау ұлт-азаттық күрестің қайнар бастауында тұрған Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олардың қолындағы азаттық туы қайта желбіреді.

Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, әуелде сұлтан кейіннен хан Кенесары (1802—1847 жылдары) бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді.

Кенесары күреске жастайынан араласты. Атасы Абылайдың, әкесі Қасымның ел тәуелсіздігі жолындағы күресін жалғастыруды алдына мақсат етіп қойды.

Кенесары көтерілісінің басты мақсатын көрсететін құжаттар «бүлікшіл сұлтанның» император I Николайға, Орынбор және Сібіргубернаторларына жазған хаттарынан анық байқалады. Олар:

— Абылай хан тұсындағы Қазақ иеліктерінің аумақтық тұтастығын, ұлттың бірлігін қалпына келтіру;

— Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты қоршауға алуды тоқтату, Қазақстанның Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау;

— Түркістан, Әулиеата қалаларымен қоса Ұлы жүздің көп бөлігін Қоқан езгісінен азат ету міндеті тұрды.

Кенесары ордасында тұтқында болған барон Услар оның сыртқы келбетін былайша суреттейді: «Кенесары орта бойлы, арықтау келген, бет-пішінінде қалмақтың белгілері бар, қысыңқы көздерінен ақыл-ой мен қулық қабат аңғарылады, келбетінен көп жағдайда қатаңдық байқалмайды».

Революцияға дейінгі зерттеуші Н.Середа «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымұлының бүлігі (1838—1847 жылдары)» деген еңбегінде Кенесарының жеке басын, оның қолбасшылық дарынын өте жоғары бағалайды, мемлекеттік тұлға дәрежесіне көтереді.

Көріп отырғанымыздай, көтерілістің басталу кезіне қарай Кенесары күрестің қатал мектебінен өтіп, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған болатын. Ол өзінің алдындағы ағаларының кейбір қателіктерінен сабақ алып, қайталамауға тырысты.

Ол, біріншіден, аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін үш жүздің күшін біріктіру қажет екенін түсінді. Және осы жолда тек қарулы күрес қана емес, сонымен қатардипломатиялық айла-тәсілдерге барды. Мысалы, бетпе-бет соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізді. Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін жекелеген сұлтандардың, билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы алауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты.

Кейбір сұлтан, би, рубасыларының қарсылығына қарамастан Кенесары шындығында үш жүздің ру тармақтарының көпшілік бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Кенесары әскерлерінің саны кейбір жағдайларда 20 мыңға жетті. Негізгі күші Орта жүз қазақтарынан тұрды.

Көтеріліс басталған кезден-ақ бұқаралық сипатқа ие болды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдағы азаттық қозғалыстар тарихында тұңғыш рет бүкіл Қазақстандықамтыды. Бүкіл халық үш жүздің ханы ретінде Кенесарыны мойындағанын мұрағат құжаттары да растайды.

Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші — қазақ бұқарасы еді. Оған күшейіп отырған отарлық езгіден қысым көрген қатардағы егіншілер де, рубасылары да, сұлтандар да қатысты. Қазақ жерлерін әскери-әкімшілік отарлауға қарсы күреске наразы халықтың барлық әлеуметтік топтары қатысты. Басты мақсатына қарай ол ұлт-азаттық көтеріліс болды.

Кенесары әскерлерінің жеке жасақтарын басқарғандар арасында белгілі халық батырлары Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Жанайдар, Басығара, Аңғал, Жәуке, Байсейіт, Сұраншы батырлар болды.

Кенесарының жақын серіктерінің қатарында оның туыстары да белсене қатысты. Кенесарының інілері Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі Бопай және жиені Әділғазылар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне айналды. Кенесарының қасында Саржанның балалары, т.б. туыстары болды. Осылардың арасынан ерекше көрінген Наурызбай еді. Наурызбай көтеріліс бойы Кенесарының басы-қасында болып, жан серігіне айналды. Кенесарының кіші інісі. Жас кезінен-ак өзінің ержүрек жауынгерлігімен көзге түседі. Наурызбай өзінің тобымен Кенесарының барлық ірі әскери шайқастарына қатысты. Көптеген ел аузындағы аңыз-жырларда Кенесары мен Наурызбай есімдері бірге аталады. Кенесарыға арналған тарихи жырлардың ішіндегі ең атақтысы Нысанбайдың «Кенесары — Наурызбай» дастаны.

Орысқа анталаған ұстатпады,

Кенекең талай шапты, бір шаппады.

Аруақты Кенесары, Наурызбайға

Жортқанда қарсы келіп жан батпады.



«Ағыбай батыр» поэмасынан

Наурызбай 1847 жылы ағасы Кенесарымен бірге қырғыз жеріндегі қақтығыста мерт болды. Олардың өлімі туралы да ел ауызында қисса- дастандар көп.

Өзінің әскери ерлігімен Кенесарының әпкесі Бопайдың да аты шықты. Ол алғашқы күндерден-ақ өзінің жұбайы, алты баласы және туған-туыстарын ертіп көтерілісшілерге қосылды. Бопай 600 адамдық зекет жинайтын ерекше топты басқарды. Сонымен қатар барлық ірі шайқастарға қатысып, Кенесарының басты ақылшы-кеңесшісіне айналды.

Ал орысшаға жүйрік тағы да бір інісі Әбілғазы Кенесарының Ресей өкімет орындарымен хат-қағаз алмасу ісін жүргізіп отырды.

Көтеріліске қатысушылардың құрамы көп ұлтты еді. Онда қазақтар, орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар, т.б. болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет