Павлодар облысының Білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша Білім беру оқу-әдістемелік орталығы



бет1/10
Дата24.03.2023
өлшемі116,91 Kb.
#75880
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Павлодар облысының Білім беру басқармасы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша Білім беру оқу-әдістемелік орталығы
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы
Ермекова Жұлдыз
6 –сынып оқушысы
Тақырыбы: Павлодар өнірінің мешіттер тарихы
Секция:

Жетекшісі: Мұтан Мұратбек тарих пәнінің мұғалімі
Ақсу 2022


Павлодар өңірінің мешіттер тарихы
Кіріспе
1 Мешіттердің пайда болу тарихынан
1.1 Қазақстан территориясында ислам дінінің таралуы мен мешіттердің салына бастауы
1.2 Алғашқы діни сауат ашу мекемелері


2 Павлодар өңірінің мешіттерінің қалыптасуы
2.1 Павлодар өңіріндегі исламның даму тарихынан
2.2 Павлодар өңірінің мешіттерінің зерттелу тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аннотация
Қазіргі таңда Қазақстандағы мешіттер саны үш мыңға жетіп, күннен күнге артып келеді. Әсіресе, баяғыдан халқында дінге жақын әдет-ғұрыптары ның қалыптасуы және тұрғындар саны басымдығы мен тығыз орналасуына байланысты мешіттердің көпшілігі еліміздің оңтүстік аймақтарында салынып жатыр. Бірақ, кеңес заманында дінге қарсы идеология езгісі мен орыстандыру саясатына мүшкіл болған солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындарында соңғы жылдары рухани санасының оянып өрлеуі айқын көрінеді.
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып табылады. Олардың дұрыс тәрбиесі әр азаматтың саналы түрде өз Отанының бірден бір ертеңі мен бүгініне жауапты тұлғасы ретінде тәрбиелеу үлкен жауапкершілігі барлығына жүктеледі. Қорыта айтсақ, біз дінтану пәнін оқытқанда оның тарихи кезеңдерін сол кездегі қоғамның ауқымды сапалық ерекшелігі әрі өркениетімен сабақтастыра отырып үйретуіміз өзекті болып табылады. Халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарын жаңғыртып, жандандырып, қоғам өміріне кеңінен енгізілуі қажет. Қазақстанның ұлттық-мәдени мемлекеттілігін нығайту үшін Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жастарды сан ғасырлы рухани құндылықтар мен әлемдік және дәстүрлі діндердің жасампаздығына тәрбиелеу. Павлодар өңірінің мешіттерін, ерте кезден келе жатқан діни орталықтарымыздың пайда болуын болашақ ұрпаққа зерттеп көрсету біздің борышымыз.


Annotation
Currently, the number of mosques in Kazakhstan is growing day by day, reaching three thousand. Most of the mosques are built in the southern regions of the country, especially due to the formation of close religious customs and the predominance of the number of inhabitants. But in the inhabitants of the northern and eastern regions, where in Soviet times the oppression of anti-religious ideology and the policy of Russification, the awakening of spiritual consciousness in recent years is clearly visible.
The problem of youth education is relevant for society at all times. The great responsibility for their proper upbringing lies with everyone, who consciously educates every citizen as a person responsible for the future and present of his homeland. In conclusion, it is important that when we teach religious studies, we teach its historical periods in conjunction with a large-scale qualitative feature and civilization of the Society of that time. Modernize and revive the spiritual values that the people have formed over the centuries




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет