Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата16.03.2023
өлшемі427,01 Kb.
#74821
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
 
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ 
«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
Педагогикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік 
нұсқаулық
(3, 4 курстар үшін) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шымкент – 2023 ж. 


Педагогикалық практикаға арналған тапсырмалар 
 
Практикалық тапсырма 1. Ашық тәрбие сағатын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу

 
Оқу нәтижелері: 
1. Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын мақсат, міндеттерін анықтады
2. Тәрбие сағатының міндетіне сай, оның мазмұнына қатысты материалдар жасайды; 
3. Тәрбие сағатының дайындау және өткізудің жоспарын құрастырады; 
4. Көрнекілік құрылысын, музыкалық шығармаларын таңдайды; 
5. Тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен 
мұғалімдері шақырудың тиімділігін анықтайды; 
6. Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын 
анықтайды; 
7. Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағаттарынан алынған 
мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастырады. 
 
Нұсқаулық:
- тәрбиелік іс - шара тақырыбы сынып жетекшісінің тәрбиелік жоспарына сәйкес болуы 
керек, оның дәлелі үшін сынып жетекшісінің тәрбие жоспарынан көшірме болу керек; 
- тәрбиелік іс- шара тақырыптары сыныптарына қарай түрліше болуы тиіс; 
- тәрбиелік іс- шараның мақсатын нақты белгілеңіз. (Мысалы, адамгершілік тақырыпта 
болса, қандай адамгершілік қасиет сапаларды түсіндіруді, қалыптастыруды мақсат етіп отырсыз); 
- тәрбиелік іс- шара кезеңдеріне сәйкес болуы керек, яғни әр бір кезеңде орындалатын іс 
әрекетке жауап болуы тиіс; 
- өткізіліген тәрбиелік іс- шараға талдау жасау қажет (кері байланыс). Мұнда тәрбиелік іс - 
шара қалай өтті, тақырып бойынша көзделген мақсатқа жетті ме, жеткен болса, оны қалай 
дәлелдейсіз, жетпесеңіз нендей себептерге байланысты жете алмадыңыз, жету үшін қандай 
жағдайлар, шарттар, әдіс - тәсілдер қажет еді т.б 
- сабақтың нәтижесі сияқты тәрбиелік іс-шараның жоғарыда белгілеген мақсаттарына сәйкес 
нәтижесін көрсетіңіз, оқушыларда іс - шара бойынша қандай қасиет - сапалар қалыптасу керек еді 
және олар қалыптасты ма немесе қалыптастыруға бет бұрды ма, Сіз оны қалай байқадыңыз және 
бағаладыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет