Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат



Pdf көрінісі
бет1/37
Дата07.01.2022
өлшемі8,51 Mb.
#19981
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37



УДК 78
Ә 74        
       
   «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат          
   комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша   
   шығарылды»
   
Пікір жазғандар:
 Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген артисі, профессор М. Өтеуов,
                                 композитор Халықаралық байқаулардың лауреаты Х. Сетеков.
Ә 74 Әсем әуен – халықта. Дауыс пен фортепианоға арналып өңделген әндер. Құраст.          
      Қыдырбек Балнұр. – Алматы: “Sansam”, 2012.  – 384 бет.
 
ISBN 9965-864-32-2
ISMN 979-0-9016300-1-7
ISBN 9965-864-32-2                                            
ISMN 979-0-9016300-1-7                                                                                 © Қыдырбек Б., 2012
                                                                                                                           © “Sansam”, 2012                                                                             
Жинаққа дауыс пен фортепианоға арналып өңделген, ел ішінде жиі айтылатын халық әндері 
мен халық ақындарының шығармалары беріліп отыр.
Кітап арнайы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнерсүйер қауымға 
арналған.


3
Қадірменді қауым!
Өздеріңізге ұсынылып отырған бұл жинақтың тарихы отыз жыл бұрын басталып еді. 1983 
жылдың  күзі.  Мен  ол  кезде  Қазақстан  Композиторлар  одағында  аға  кеңесші  болып  қызмет 
істеймін.  Жақында  ғана  келесі  жылы  өтетін  Кенен  Әзірбаевтың  100-жылдығына  арналған 
«Шырқа даусым» жинағын «Өнер» баспасына өткізіп едік. Бұл жинаққа Кенен атаның дау-
ыс  пен  фортепианоға  арналып  өңделген  елу  әні  кіріп  еді.  Оны  Е.Рахмадиев,  Ғ.Жұбанова, 
С.Мұхамеджанов бастаған сол кездегі қазақ өнерінің бетке ұстар он композиторы дайындады. 
Ішіндегі ең жас автор мен едім. Сол жылдары дәстүрлі ән салу онша тарамаған кез, оның үстіне 
Кенен ата әндері тым сирек орындалатын. Сондықтан да жинаққа кірген өңдемелерге қойылған 
талап қатаң келген: ол Кенен ата әндерін жалпы жұртшылыққа кәсіби әншілер арқылы жеткізу 
еді.  Өкінішті  жері,  түбінде  көздеген  мақсатқа  жете  алмадық.  Мерейтой  өткізетін  комиссия 
«бірыңғай болсын» деп, келесі жылы «Шырқа даусым» жинағын 2-томдық ақынның өлеңдер 
жинағы форматымен шығарды (10 х15) және де сувенир ретінде аз шығарды.
 Кешке қарай, үйге кетуге сайланып отырған шақта, хатшы қыз «сені Төраға шақырып жа-
тыр» дегені бар ма! Бастықтың көзіне түсе бермей, аулақ жүруді ұнататынмын, неге десеңіз, 
«сен жассың» деп, ағалардың ұмытып істемей, істегісі келмей кеткен істерін мойныма іліп 
қоятын. Әсіресе, қазақ тілімен байланысты істің бәрі тек қана мені күтіп тұрғандай. Ал бастық 
кешке қарай шақырса, ол міндетті түрде аяқ астынан бірдеңенің шығып тұрғаны. «Бес минут 
бұрын шығып кетпей неге отыра бердім екен» деп өзіме өзім ренжідім. Бірақ, амал жоқ. 
Қазақстан Композиторлар одағының Төрағасы – КСРО халық артисі, профессор Еркеғали 
Рахмадиев. Жүрексініп, табалдырықтан аттадым. Байқап қарасам, әкейдің жүзі жылы, тіпті 
де жылы емес, бірдеңеге мәз болып отыр. «Біз, Шайсұлтан екеуіміз бүгін СовМиннен 12000 
сом арнайы қаржы алдық. Шайсұлтан деген  ағаңды танисың ба? Ол Шаяхметов деген білім 
беру министрі. Қазақ әндерінің дауыс пен фортепианоға арналған өңдемелерін жасайсыңдар. 
120 әнді 5 әннен жігіттерге бөліп бер. Жастарға бөліп бер. Бір жағынан, қазақ фольклорын 
зерттейді және оған ақша алады». 
Ертеңіне әндер тізімін жасап, бастық айтқандай композиторларға бөліп бердім. Бәріміз ентіге 
жұмысқа  кірісе  кеттік.  Жұмысты  қабылдайтын  арнайы  комиссия  құрылды.  Ол  комиссияны 
Қазақ ССР халық артисі Кенжебек Күмісбеков басқарды. Бұл үрдіс бес жыл бойы жалғасып 
жатты. 600 ән жасалды. Жыл-жылымен топтастырылып, бес жинақ жарыққа шығуын күтіп 
жатты...
Заман өзгерді. Жаңа мемлекет пайда болды. 2007 жылдың мамыр айында Қазақстан Компо-
зиторлар  одағының  басшылығына  келген  соң,  алғашқы  есіме  түскен  әндер  жинағы  болды. 
Шаңға батып жатқан кітапханаға кірдік. «Орны жатыр, өзі жоқ, Бурылтайдың...» Біржан ата-
мыздың әнінің осы сөзі еске орала кетті. Топтамалардың сырты жатыр, ал ішінде...  Бірінші-
екінші жылы жасалған әннің біреуі де жоқ. Ол жылдары «Балқурай», «Дударай», «Айттым 
сәлем, Қаламқас» сынды барлық қазақ білетін әндер жасалған. Кейінгі үш жылда жасалған 


4
топтамалар  жұлым-жұлым,  олардың  арасынан  әйгілі  әннің  бәрі  суырылып  әкетілген.  Кім, 
қайда, қанша ән алып кеткені белгісіз.
Жылауға жақын болдым. 83-87 жылдары ксерокс дегенді ешкім білмейтін шақ. 600 әннің 
бәрі тек қана авторлық қолжазба түрінде еді. Авторлардың қатары біраз сиреп, көбі о дүниелік 
болып кетті. Олар жазған дүние біржола жоқ болды деп ойласам, жүрегім сыздап кете береді. 
Бірақ, үмітсіз сайтан, әлі табылып қала ма деп үміттенемін. Олай деп ойлайтыным, былтыр 
Ақтөбе  қаласында  хор  фестивалі  болып,  сонда  кезінде  мен  жасаған,  топтамалар  арасында 
жоқ болған,  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалды. «Өңдемені жасаған Балнұр 
Қыдырбек» дегенде қуанып қалдым. Мені атағанына емес, ноталардың, әйтеуір, бір жерден 
шыққанына қуандым. Басқа әндердің ноталары да осылай табылып қала ма деген үміттемін.
Бұл жинақты қолға алған кезде, «ешкімге керегі болмай қалып қалған ән» деп қарамаңыздар, 
бүгінгі күнде бұл бірегей жинақ. Біріншіден, жинақ ішіне ел көп біле бермейтін әндер кірген, 
екіншіден, авторлардың басым көпшілігі бүгінде қатарымызда жоқ, сол себепті бұл – олардан 
келешек  ұрпаққа  қалған  мұра.  Ал  үшіншіден,  түбінде  жоғалып  қалған  өңдемелер  де  табы-
лар... 
2011  жылы  әндердің  бірінші  кітабы  жарық  көрді.  Енді,  міне  екінші  кітабын  өздеріңізге 
ұсынып отырмыз. Көңілдеріңізден шығады деп сенемін.
Жинақтың бірінші кітабы «Ән шырқайық» атауымен 2011 жылы жарық көрді. «Әсем әуен – 
халықта» екінші бөлімі. Екеуі де ел көңілінен шығар деп сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет