Қазақстан тарихы кафедрасы. Ғылыми тарих мамандығы. Орындаған: Тілеуберген Санжар. Қабылдаған: Абдрахим Мирас



бет1/2
Дата29.03.2023
өлшемі34,21 Kb.
#77385
  1   2


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Тарих,археология және этнология факультеті.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Ғылыми тарих мамандығы.

Орындаған: Тілеуберген Санжар.
Қабылдаған: Абдрахим Мирас.
Алматы 2022
СӨЖ 1.
Тақырып: “XVIII ғасырдағы Франция ”.
Мазмұны:
1)Кіріспе.
2)Негізгі бөлім.
2.1) ХVІІІ ғ. Францияның экономикалық даму ерекшелігі. Франциядағы сословиелік құрылыстың эволюциясы.
2.2) ХVІІІ ғ. Француз абсолюттік монархиясы- ішкі және сыртқы саясаты.
2.3) Ұлы француз буржуазиялық революциясының тарихи алғышарттары мен басталуы.
3)Қорытынды.

1.Кіріспе.
Жаңа заман кезеңінің басында Францияның дамуын елдің
абсолютизм шеңберінде өмір сүруі анықтады. XVIII ғасырдың
аяғында біріккен ұлттық мемлекетті құруда прогрессивті рөл
атқарған абсолюттік монархия енді кертартпа күшке айналды.
Абсолюттік билік ақсүйектер жəне діни қызметкерлердің мүдделерін қорғады. Ел ішіндегі сауданың кеңеюіне натуралды шаруашылық кедергі жасады. Сол себепті феодалдық қарым-қатынастарды жою қажеттілігі туындады. Бұл жағдайға шаруалар да,буржуазияда мүдделі болды. Өнеркəсіп пен сауданың еркін дамуына өндірістің регламентке бағыну талаптары кедергі жасады.
2.Негізгі бөлім.
2.1) ХVІІІ ғ. Францияның экономикалық даму ерекшелігі. Франциядағы сословиелік құрылыстың эволюциясы.
XVIII ғасырдың екінші жартысында Франция Еуропадағы ең қуатты және орталықтандырылған мемлекеттердің бірі болды. Ол аграрлы мемлекет еді, халқының саны - 21 млн адамнан асты. Онын 90%-ы шаруалар болды. Елде мануфактуралық өндіріс жақсы дамыды.
Франция қоғамы үш сословиеден тұрды. Бірінші сословиеге - ақсүйектер, екінші сословиеге - дін қызметшілері кірді. Ал үшінші сословиеге мемлекеттің қалған азаматтарының барлығы кірді. XVIII ғасырдың 80-ші жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы ушыға түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет