«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі «Қазақстан тарихы»



Дата10.12.2023
өлшемі26,76 Kb.
#135742

« Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі
1. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.
2.Адамның шығу тегі теориясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің әлеуметтік құрылымы және шаруашылығы.
4. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштер. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
5. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктер
6. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
7. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі.Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу мәселесі және таралу аймағы.
8. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер
9.Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.
10.Ежелгі Қазақстанның тарихы жазба деректері.
11. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар.
12. Үйсіндер мен Қаңлылар мемлекеті. Қоғамдық құрылысы,
шаруашылығы, мәдениеті.
13.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен саяси тарихы.
14.Ұлы Жібек Жолы және оның Қазақстанның экономикалық және
мәдени дамуындағы ролі.
14.Түрік қағанатының құрылуы мен саяси тарихы.
15.Батыс Түрік қағанатының құрылуы,аумағы,этникалық құрамы. (603-704жж.)
16.Түркеш қағанаты. (704-756жж.)
17.Қазақстан аумағына Ислам дінінің енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы.
18. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы,қоныстану аумағы,тайпалық құрамы.( 756-940жж.)
19.Оғыз бірлестігі.(ІХ-ХІғғ.)
20. Қараханидтер мемлекеті.(942-1210жж.)
21. Қарақытай мемлекеті. (1125-1212жж.)
22.Қыпшақ хандығы. (XI–XIII ғғ.)
23.Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі.
24.Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
25.Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы.Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында.
26.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер,саяси және мемлекеттік құрылысы.  (ХІІІ ғ. ортасы - XV ғ. ортасы ) 
27. Ақ Орда хандығы (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).
28. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы) мемлекетінің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы.
29. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.
30. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Объективтік және субъективтік себептері.
31. Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. (ХІІІ-ХV ғғ.)
32. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі.  (ХІІІ ғ. ортасы - XV ғ. ортасы ) 
33.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері. «Қазақ» этнонимінің
әлеуметік , саяси және этникалық мазмұны.
34. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары, Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
35. Қазақ хандығының XVI-XVIIғ. шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы.
36.Қазақ хандығының Қасымхан тұсында нығаюы. (1511 – 1521жж.)
37. Тәуке хан тұсындағы ішкі және сыртқы саяси жағдай. Қазақ қоғамында батырлар мен билер рөлі.
38. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
39.XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері.
40.Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
41.Жоңғар басқыншылығына тойтарыс берудегі Қарақұм, Ордабасы,
Ұлытау жиындары мен қазақ батырларының рөлі.
42.«Ақтабан шұбырынды» және қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы Отан соғысы.
43.Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Бұланты және Аңырақай шайқастарының тарихи маңызы.
44.Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің қазақ халқының тарихындағы алатын орны.
45.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
46. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII ғ. 40 ж.).
47. Орынбор генерал-губернаторы О.Игельстромның реформасы (1786ж.). Кіші және Орта жүздерде хандық билігін жою. (1822,1824 жж.)
48. Патша әскерінің жорығы нәтижесінде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. (ХІХғ. екінші жартысы)
49. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты. Жәңгір ханның билігі: жер иелену мен жер пайдаланудың жаңа формалары, ағарту саясаты.
50. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы. (1773-1775 жж.).
51.И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838жж.)
52. Жанқожа Нұрмұхамедов және Есет Көтібаровтың бастаған азаттық көтерілістері
53.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық
көтерілісі (1783-1797жж.)
54. ХІХ ғасырдын 60-90 жылдардағы патша өкіметінің аймақтық-әкімшілік реформалары.
55.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847жж.)
56.Қазақ халқының көрнекті ағартушылары – Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин.
57. Құрманғазы Сағырбаев (1818-1889), Дәулеткерей Шығаев (1829-1882), Біржан-сала Қожағұлов (1832-1895), Ақан-сері Қорамсин (1843-1913), Жаяу-Мұса (1843-1913), Жаяу-Мұса (1829-1882) Дәулеткерейдің музыкалық шығармашылығы.
58. Жәдидшілдіктің ағартушылық идеяларының әсері және қазақ даладағы мектептердің ашылуы
59.1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсері.Қарқаралы петициясы.
60. Қазақстанда ХХ ғасырдың басында жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленнісуі. Столыпин аграрлық реформаларының зардаптары.
61. ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап»,«Вакыт», «Шуро», «Акмулла», және т.б.).
62. Қазақтардың Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы (1906, 1907 жж.)
63.1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, барысы және негізгі кезеңдері.
64.1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы.
65. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
66.1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
67.Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір (1917ж.). Кеңес өкіметінің орнауы.
68. Алаш және Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы): құрылуы, жойылуы, тарихи маңызы.
69. 1917 жылғы желтоқсанындағы ІІ - ші жалпы қазақ съезі. «Алашорда» өкіметінің құрылуы.
70.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. (1918-1920жж.). «Әскери коммунизм» саясаты.
71. Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі.
72. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық және оның салдары.
73. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясатының мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
74.Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж).
75.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері мен индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістерін талқылау.
76. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
77. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны,салдарлары.Кеңес өкіметіне қарсы шаруалар көтерілістері.
78. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.
79.Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары
80.Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.(1930-1940жж.)
81.Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі. (1941-1945жж.)
82.Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. (1941-1945жж.)
83. Соғыс тұтқындарының тағдыры. Түркістан легионының тарихы. М.Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі.
84.Қоғамдық өмірдегі адам құқын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру.
85.Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.
86.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары.
87. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы экологиялық дағдарыстар.
88. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті және ғылымы.
90. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.
91. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты және оның нәтижелері. (1985-1989 жж.)
92. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан көтерілісі.
93. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. Кеңестік Социалистік Республикаларының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
94. Қазақ Кенестік Социалистік Республиканің Егемендігі туралы Декларациясының жариялауы және оның мәні. (25 қазан 1990 жылы)
95. 1986-1991 жылдардағы тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстар және олардың қызметі.
96. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы Заңының қабылдануы және оның тарихи мәні. (16 желтоқсан 1991 жылы)
97. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау (1993 жыл 28 қаңтар, 1995 жыл 30 тамыз)
98.Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. (ХХ ғ. 90ж-ХХІғ.басы)
99. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі
100. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері.
101. «Қазақстан-2030» Стратегиясы, оның бағыттары (1 қазан 1997 жылы)
102. Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы.
103. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін дамыту, азаматтық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты нығайту
104. М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және басқа жазушы-ақындардың рухани жаңғырудағы маңызы.
105. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, оның бағыттары. (14 желтоқсан 2012 жылы)
106. Қазақстан астанасының көшірілуі, оның маңызы (1997 ж.)
107.«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
108. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
109.Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
110. Қазіргі кезеңде экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол»,«100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
111. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары және оның маңызы (1992-2017жж.).
112. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
113. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
114. Тәуелсіз Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.
115. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы (6 қаңтар 2021 жылы) 
116. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы. (16 наурыз 2022 жылы)
117. Қазақстан Республикасының Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум (2022ж). Ұлттық Құрылтайдың құрылуы(2022ж.)
118.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері.
119. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.
120.Тәуелсіз Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
121. Қазақстан Республикасының жастар саясаты.
122. Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесіндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.
123. Елдің саяси жүйесін демократияландыру және жаңғырту саясаты. «Тыңдаушы мемлекет» түсінігі.
124. Қазақстан Республикасының саяси жүйесін демократияландыру және жаңғырту саясаты
125. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі «Ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.
«Қазақстан тарихы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып,
бекітілген №1, __________ ж.

Қазақстан тарихы кафедрасының


меңгерушісі т.ғ.к.,доцент: С.Джунусбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет