Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы және ауыр зардаптары



Дата02.12.2022
өлшемі306,04 Kb.
#54281
Байланысты:
Тарих


Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы
және ауыр зардаптары

КСРО-да жаппай қуғын-сүргін 1927-1953 жылдар аралығында жүргізілді. Бұл қуғын-сүргіндер осы жылдары елді басқарған Иосиф Сталиннің есімімен тікелей байланысты. КСРО-дағы қоғамдық-саяси қуғын-сүргін азамат соғысының соңғы кезеңі аяқталғаннан кейін басталды. Бұл құбылыстар 1930 жылдардың екінші жартысында қарқын ала бастады және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де, ол аяқталғаннан кейін де бәсеңдеген жоқ.


Еліміздегі тұңғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Оның себебі 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген Ф.И. Голощекин еліміздің саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т.б. болды.
Сталиндік репрессиялардың себептеріне бірнеше негіздерін көрсетуге болады. Алып Совет Одағынының индустрияландыру үшін тегін жұмыс күшінің қажеттілігі, бүкіл мемлекет аумағында еңбек лагерлерін құрып, өнеркәсіп және өндіріс орталықтарының маңына мыңдаған әртүрлі халық өкілдерін депортациялау әдісімен шоғырландыру арқылы тегін жұмыс күшіне қол жеткізу. Тоталитарлық билікті күшейту мен жоғарыдан түсетін шешімдерді іске асыру үшін 1939 жылдың аяғына қарай КСРО аумағында 600-ден аса жалпы және ішкі түрмелер салынды, оның ішінде, Қазақстан аумағында 23 жалпы және 11 ішкі түрме болды. Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар әртүрлі өнеркәсіп орталықтарында еңбек еткен.

Сталиндік құрбандар саны


Қазақстан бойынша қамауға алынғандардың саны 105 мың адамды құрады, оның 22 мыңы ату жазасына ұшырады. Зиялы қауым өкілдерін ату – әлеуметтік қорғаудың жоғарғы деңгейі деп аталса, елді басып кеткен лагерьлер – әлеуметтік алдын-алу орны деп аталды.
Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, Ұ. Құлымбетов, О. Исаев, О. Жандосов, Ә. Досов, А. Асылбеков, Ж. Сәдуәқасов, С. Сафарбеков, Т. Жүргенов және тағы басқаларына 1937-1938 жылдар аралығында «ұлтшыл-шафист» және тыңшы деген кінә тағылды. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Ермеков, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, М. Жұмабай, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Шанин, К. Кемеңгеров және тағы басқа да көптеген мәдениет және өнер қайраткерлері, ұлт жанашырларына «халық жауы» деп айыпталып, репрессияға ұшырады. Оларға тағылған айыптар негізсіз сандырақ болды, оларға ауыл шаруашылығының құлдырауына кінәлі, жиырмасыншы-отызыншы жылдары орын алған көтерілістерде жапон тыңшыларымен байланыс жасап, Қазақстанды бөліп алмақшы болды дегендей айыптар тағылды. Басым көпшілігі соттан тыс мекемелермен сотталды.
Репрессиялау барысында тек Қазақстан аумағында ІІХК қызметі жалпы саны 3720 тыңшысы бар 183 ұйымды анықтады. 1920-1953 жылдар аралығында саяси репрессияларға 110 мың адам ұшырады. Қазақстанның партиялық ұйымдарының 17 пайызы 1935-1938 жылдар аралығында халық жаулары деп жарияланып, жазаға ұшырады. Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, М. Жұмабаев бастаған ұлттық-либерал зиялы қауым, сондай-ақ, Алаш Орда партиясының түгелге жуық мүшелері жалпы саны 4297 адам репрессияланды.
Сонымен қатар, ғалымдар, жазушылар, ақындар, мәдениет және өнер, білім қызметкерлері де репрессияның құрбаны болды. Сталиндік қанды жүйе интеллигенцияны толық құрамда жоюды көздеді. Қамауға алынған зиялы қауым өкілдерінің әйелдері 5-8 жылға лагерьлерге айдалса, балалары еңбекпен түзеу лагерьлері мен түрмелерге, балалар үйлеріне жіберілді.

Сталиндік репрессия талай арыстарымызды алып кетті. Жалған жаламен айыпталған жандардың дені ұлтымыз үшін шыбын жаны шырқырап, аянбай еңбек еткен ерлер еді. Олардан айырылу халыққа оңай тиген жоқ. Орындары бертінге дейін ойсырап қалды. Атақты «Елу сегізінші» баппен ұсталып кеткен жандар түрмеде небір азап пен қорлықты бастан өткерді. Қорлықтың ең үлкені өз ұлтынан шыққан азаматтардың тергеуге алып, «туған халқыңа жаусың» деп масқаралауы еді. Сондай азап пен мазақты бастан өткергендердің бірі ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов болды.


Отыз жетінші жылы төртінші әрі соңғы рет ұсталған Ахаңды өзінің жерлесі, қызметке енді кірген жас жігіт Нұржанов деген қазақ тергейді. Ол беріректе сол кезеңде еске түсіріп, былай деген екен: «Ахмет Байтұрсыновтың барлық шығармаларын тергеуден бұрын түгел оқып алдым. Сонсоң тергеу үстінде оның алашордашыл екенін бұлтартпадым. Сонда А.Байтұрсынов маған: «Бәрібір менің айтқаныма иланбайды екен сіздер, олай болса өздеріңізге керектілеріңізді жаза беріңіздер, мен қол қойып бере берейін, оқымай-ақ қоямын қолымды» деді».


Түрмеде небір азап пен қорлықты көріп, көкірегін мұң басқан ақын өзінің көптен бергі қадірлес жолдасы, әрі сырлас інісі болып кеткен Файзолла Сатыпалдыұлына хат жолдайды. Бұл Ахмет Байтұрсыновтың соңғы хаты болса керек. Хатта ол өз басына түскен ауыр қасіретті, қысастық пен зорлықты айтып шағынады.

Елімізде болып өткен репрессиялар жөнінде айтпауға тырысты, айтқан күннің өзінде ол жөнінде жұқалап кана сөз бөлды. Ал Қайта құру заманында елімізде демократия мен жариялылыктың, плюрализмнің дамуына кең жол ашылғанда, партия халықты кайта кұруға, бетбұрыс жасауға, жаңаша ойлауға, құқықтық мемлекетті нығайтуға шақырды. Оның үстіне КОКП ОК-нің 1989 ж. «30-40-шы және 50-ші жылдардың бас кезінде орын алған жазалау шараларының құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сай жазықсыз жазаланғандардын бәрінің толық ақталуына олардың бейнесінің мәңгі есте қалдырылуына тиісті жағдай жасалды.


Осыған байланысты әр жылдары орынсыз жауапқа тартылып, жазықсыз жазаға ұшыраған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ә. Ермеков, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ж. Ақбаев, Н. Нұрмақов, А. Асылбеков, М. Ғатаулин, Н. Нұрсейітов, М. Ордабаев, Ж. Баймолдин, А. Нарешев, Ж. Өмірбеков, 3. Әбділдин, Б. Жақсылықов, А. Рүстемов, Б. Ысқақов, М. Теміров, Р. Нарешев және т.б. реабилитация алды, яғни толық ақталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан тарихындағы қаралы беттердің бірі – жаппай сталиндік саяси репрессиялар. Аталған тақырып бойынша елімізде тарихшы-ғалымдардың атқарып отырған еңбектері кең ауқымды, келешекте сол бір зұлмат заманның көптеген жасырылып келген құпиялары әлі де ашылады деген ойдамын. Ал Қазақ халқының жазықсыз ату жазасына ұшырап, репрессияланған қайраткерлерінің халық алдыңда атқарған еңбегі өзінің тиісті бағасын алуда

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет