МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Орындаған: Базарбай А. Бәкір Ә.
Бейбіт Э. Мүтетай Д. Хантораев А.
Тексерген:Сандыбаева А. Түркістан-2022ж.
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім
Қорытынды.
Падаланылған әдебиеттер.
Қазақстан республикасының туы.
Мемлекеттің елтаңбасы.
Қазақстан республикасының әнұраны.
Мақсаты
Жалпы рәміздер туралы шолу жасау. Әнұран, ту, елтаңба туралы мәліметтерді ұсыну. Қорытындылай бітіру.
– мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ретінде туы, елтаңбасы және әнұраны жатқызылады.
Рәміздер туралы заңнама
1993 ж. Қазақстан Конституциясы бойынша "республика азаматы мемлекеттік рәміздерді – Елтаңба, Ту, Әнұранды құрметтеуге міндетті" (31-бап). 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін, 1996 жылдың 24 қаңтарында президентті Жарлық ретінде республиканың рәміздері туралы бірыңғай Конституциялық заң шығарылды, ол 2007 жылдың 4 маусымында жаңа "мемлекеттік рәміздер туралы"Конституциялық заңға ауыстырылды.
Қылмыстық кодексте мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапкершілік белгіленген.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Мемлекеттің ресми эмблемасы болып саналатын айырым белгісі. Иесінің тарихи дәстүрін білдіретін нышандық маңыздар беріліп, айшықтар мен заттарды өзара үйлестіру арқылы көрінеді. Елтаңба туларға, мөрлерге, монетаға, архитектуралық құрылыстарға, өнер туындыларына, қолжазбаларға, кітаптарға және т.б. бейнеленеді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Елтаңбанын төменгі бөлігіне - «Қазақстан» деген жазу жазылған. Шаңырақ. - елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ өз нұсқасымен Ошақ, Әлемнің тұтастығын бейнелейді. Шаңырақ — мемлекеттің тірегі болып саналатын — Отбасының нышаны. Ұшқыр тұлпар өз бойына Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол — мәңгілік өмір үлгісі және біздің елтаңбамызда шексіз даму, рухани байлық және Қазақстанда бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың әр түрлілігін бейнелеп тұрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Әнұран авторлары:
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимнінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева
Екінші әнұранды Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді.
Қорытынды
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1) Сандыбаева А. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Оқу құрал. Түркістан, Тұран, 2018. 2) Қазақстан тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық . т.4. - Алматы : Атамұра, 2010. 3) Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы: Дәрістер курсы. Алматы, 2018. Б.Б.Кәрібаев.