Қазақстандағы ашаршылық себептері мен салдары



Дата07.04.2022
өлшемі13,78 Kb.
#30186

Қазақстандағы ашаршылық себептері мен салдары

Ашаршылық - Қазақстан үшін өте күрделі мәселе. Ашаршылық кезінде қазақ елі үшін азаппен өткен күндер болды. 1917-1919жж осы аштық кезінде Түркістан мен Сырдария және Жетісу облыстарында көшпелі халықтың 1млннан астамы осы аштықтан қаза болып кетті. Аштықтың басты себебі – өлкедегі Кеңес билігінің қанап, қырып өздерінің үстемдіктерін көрсетіп қана қоймай, билікке құл болып Қазақстан азаматтарына деген аяусыздығын көрсетіп отырды.

Кейін бұл жайттың екінші кезеңі орын алып отырды. Ол 1921-1923жж аралығында өтті. Сол жылдары болған ашаршылық себебі – халықты қанаумен азамат соғысының өтуімен келіп соқты. Оның басты екі себебі: алғашқысы – Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы, екіншісі – табиғи апат қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. 1921ж ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ға дейін азайды.

1932-1933жж аштық себептері:

1. 1925-1933жж Голощекиннің ұжымдастыру атты идеялық бағыты

2. Жиналған барлық егіндер шаруалардан күштеп алынды. Азық – түліктің жетіспеуі, бүкіл ел бойынша мал санының күрт төмендеуі.

3. Ауа райының қолайсыздығы, құрғақшылықтың болуы.

1932-1933жж аштық салдары:

1. Бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2млн республика халқының 2,1млн қырылды

2. 1млн-нан астам халық республикадан тыс жерге көшіп кетті

3. 3386 адам атылды, 13151 адам 3 жылдан 10 жылға дейін лагерге айдалды

4. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны 4,5 млн болды



5. Республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер болды

1933 жылдың 21 қаңтарына дейін осы қызметте отырған Голощекин тұсында қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан өткізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет