Рефлексия – оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындаудың бір шарты
Рефлексия оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындаудың бір шарты ретінде сабақта жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға жәрдемдеседі. Шешілмеген мәселелер, қатысушылардың айта алмай қалған ойлары мен сезімдері сабақта болып жатқан үдерістерді толық қабылдауға кедергі келтіреді. Сондықтан баланы сабаққа дайындау керек. Ал ол үшін оған өзін толғандыратын мәселелерді ашық айтуына мүмкіндік беру қажет. «Өз көңіл-күйіңді денең арқылы бейнеле» жаттығуының сабақ алдында баланың күйзелісін жоюға көмектесіп (мұнда денсаулық сақтаушы рефлексия жүзеге асады), түрлі мәселелерінен арылып, «қазір» және «осында» қалпына ауысуына әсері мол. Сабақ басында 1-2 минут уақыт бөлу арқылы сіз тек өз қабілетіңізді ғана көрсетіп қана қоймай, өз маңыздылығыңызды да түсінесіз, себебі балалар көптеген ересектер сияқты осы әлемнен бөлектеніп кеткендері үшін өте уайымдайды. Рефлексия бұл жерде оқушылардың өзін көрсетуіне де қажетті тәсіл.
Рефлексия бағалаумен қатар оқуға ынталандыруға, мақсатына жету деңгейін анықтауына жәрдемдеседі.
Рефлексия басқа да тәсілдер сияқты жеке және топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Топтық рефлексияның құндылығы сол – жаңа тәжірибе жинақтауға байланысты қатысушыларда болатын күйзелістер топта бәріне «ортақ сурет» түрінде байқалмай қалады. Сондай кезде «Әлем біз ойлағаннан да бай» деген ұғым пайда болады. Толеранттық қарым-қатынас негізі осылай қалыптасады.
Рефлексия – сабақтың аяқталғанын білдіретін белгі, сабақ соңында қойылатын нүкте тәрізді. Бұл жағдайда ол психотерапевтік, денсаулықсақтаушы қызметтерді атқарады: бала өз сезімдерін, ойын айту кезінде сабақта өткенге тағы бір шолу жасайды, сол арқылы материалды қайталап, бекітеді және келесі сабақтағы ақпаратқа орын босатады, бұл оқушының оқу тиімділігін арттырады, шаршауына жол бермейді.
Рефлексия тек сабақ соңында ғана жүзеге асырылмайды, оны сабақтың кез келген бөлімінде қолдануға болады. Ол орындалған тапсырманы түсінуіне, ойлануына, қабылдауына бағытталады. Мақсаты – сабақтан бағаланған нәтижемен ғана кетпей, мағыналық тізбек құрып, басқалар қолданған әдістер мен тәсілдерді өз тәсілдерімен салыстыра алуына жол ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |