Қазақстандағы PR трендтері PR трендтері деп заман жаңашылдығын айтамыз.Заман ағымымен болып жатқан жаңалықтар,жаңашылдықтар,технологиялар дамуы бәріде осы PR трендтеріне жатқызуға болады. Мәселен қазіргі таңда кез келген затта PR тренді бар.Оларға бізде әлеуметтік желілердегі жарнамаларды жатқызуымызға болады.Қазіргі таңда көптеген әлеуметтік желілерде жарнама қатты белең алған.Мысал ретінде өзіміз қарап жүрген инстаграм желісін алып қарасақ.Кез келген историяны көріп отырған кезімізде түрлі креативпен жасалған жарнамалар көп шығады.Сол жарнамалар бұрынғы заман адамдарына жат дүние болған.Ал қазіргі заман адамдарына үйреншікті дүние,сондықтан біз бұл жарнамаларды заман жаңашылдығы,пиар трендтеріне жатады.Жалғыз бұл жарнама емес,СММ мамандарын алып қарастырсақ болады.СММ мамандығы осы уақытта пайда болды.Инстаграм дәуірі қалай өрбіді,СММ мамандығыда солай дамыды.Жалпы СММ дегеніміз белгілі бір компанияның әлеуметтік желідегі парақшасын жүргізетін маман иесі.Сол компанияның имиджін қалыптастыратын,қоғамға таныстыратын,қоғамға әлеуметтік желі арқылы компания өнімін жарнамалайтын маман.Яғни СММ да заман ағымымен дамып пайда болған.Қазірге кезде адамдардың өзі ауыр жұмыстан қашып,жеңіл жұмыспен яғни тикток,инстаграм,фейсбук секілді т.б әлеуметтік желілермен ақша табады.Ол ақшаны таргет арқылы табады.Таргетте қазіргі заман ағымымен дамып пайда болған,маркетингтің бір саласы.Оңай үйде отырып тек ұялы телефон арқылы ақша табу.Таргеттің өзінің қыр сырлары өте көп.Таргетте жарнаманың,посттың,фотоның иә болмаса видеоның креативтілігіне баса қатты назар аударылады.Яғни сенің жарнаманың қоғамға өтімді болуы қажет.Адамдар жарнамаға қызығып белгілі бір компанияның тауарын сатып алу қажет сонда саған жұмысың үшін ақша төленетін болады.Жалпы алып қарасақ қазіргі таңда барлық жаңашылдықты пиар трендтері деп қарастыра берсек болады.Тикток әлеуметтік желісін алып қарасақ.Аздаған уақыт ішінде дамып,әлем бойыншы танымал болды.Негізінен тикток қытайда пайда болды.15-60 секундтық видеоны бөлісу мақсатында ойлап табылған дүние болды.Кейіннен дүние жүзіне танылып жастар арасында тіпті үлкендер арасында кең қолданыста болды.Уақыт өте тикток логотипімен футболка,толстовка,худи,шалбар сынды киім кешектер шыға бастады.Яғни бұл дегеніміз бренд қоғамма өтімді болып сауда нарығындада өз орнын қалыптастыра алды.Тағыда белгілі бір компанияның логотипіндегі атауындағы креативтілікті алып қарастырсақ болады.Қазір компания өте көп,бірақ қоғамға белгілісіде бар белгісіз шетте қалып қойған компанияларда жеткілікті.Бұл жерде бізде пиар мамандарының жұмысы көзге қатты түседі.Себебі пиар мамандарының креативтілігі осы логотип жасауда,компания атын ойлап табуда қатты септігін тигізеді.Біз бұл жағдаймен қазір тіпті осы пиар мамандарында пиардың жаңа трендтері деп қарастырсақ болады.Себебі қазіргі осы мамандықтың қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады.Кез келген компания дағдарысқа ұшыраған күннің өзінде пиар мамандарына жүгінеді,дағдарысты пиар мамандары өздерінің түрлі әдіс тәсілдерімен басқарып,компанияны дағдарыстан алып шығады.Сондықтан пиар мамандығыда қазіргі таңда сұранысқа ие яғни трендтегі мамандық.Сен бұл мамандықпен кез келген жерге жұмысқа тұра аласың.Бірақ та бізде трендтер осы екі үш затпен шектеліп қалмайды,қазіргі заман ағымында кез келген дамыған зат трендте десемде болады.Тренд барлық жерде бар,ол банк болсын мейлі аурухана барлық жерде пиар трендтері бар.