Қазақстанның мәдени саясаты Жоспар



Pdf көрінісі
Дата29.04.2022
өлшемі1.35 Mb.
#32806


Ашық дәріс:

Қазақстанның мәдени 

саясаты


Жоспар:

1. Қазақстанның мәдени саясатын саралау.

2. Тapиxи ecкepткiштeр мен өнердегі адамгершіліктік әдеп 

ұғымына анықтама  

3. Қазіргі замандағы дәстүрлі мәдени құндылықтарды 

тәрбиемен ұштастыру мәселелерін анықтау.



Мақсаты: тapиx пeн мәдeниeт ecкepткiштepiн қaлпынa 

кeлтipy, pecтaвpaциялay, кoнcepвaциялay жәнe 

мұpaжaйлaндыpy бoлып тaбылaтын мeмлeкeттiк 

бaғдapлaмaларды сараптау.




• Мәдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты 

бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын

қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты

идеологиялық тұғырнамасы. 

• Қазіргі таңда мәдениет – әлемдегі барлық 

мемлекеттер дамуының маңызды басымдықтарының 

қатарына кіреді. Ұлттық және әлемдік мәдени мұраны 

сақтау мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтарды 

құруды, трансляциялау мен қолдануды қамтамасыз 

ететін мәдени институттар мен механизмдердің тиімді

жұмыс жасайтын инфрақұрылымдарының болуы

дамыған мемлекеттің өлшемін көрсетеді.




• Қазіргі заманғы мәдени саясатты жасауда ЮНЕСКО —

Білім және мәдениет мәселелері  жөніндегі Біріккен

Ұлттар Ұйымы айқындаушы рөл атқарады. 

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері 

Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым 

құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде  орналасқан 67 бюро 

мен бөлімшелер  кіреді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет

мүше.



• «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 

Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті

Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылды. 

Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, 

оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, 

фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих

үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және 

сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық 

әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы

• тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, 

мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды

қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді

дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба

болып табылады.



• «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-

мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және 

сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет

елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

• Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған 

болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы 

екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға 

дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.




Жұмыс бағыты:

Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс 

істейді:

ұлттық мәдениетке  ерекше маңызы бар 

тарихи-мәдени  және сәулет  ескерткіштерін

қалпына келтіру;

археологиялық  зерттеулер;

қазақ халқының мәдени  мұрасы 

саласындағы ғылыми жұмыстар;

ұлттық әдебиет  пен жазулар тәжірибесін 

ортақтастыру,  кеңейтілген  бейне және 

жұмыс қатарларын  құру.





Зерттеу жұмыстары

2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих



пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, 

олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды 



мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 

40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы 

Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе

өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III 

ғғ.).



Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің 



масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 нысан) 

және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәдениет 

ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения 



сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар

нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне 

байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары 

алынды.





• «Мәңгілік ел» идеясының 

тарихи негіздері 2014 жылдың 

17 қаңтарында «Қазақстан жолы

– 2050: бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ» атты өзінің 

Қазақстан халқына Жолдауында

«Қазақстандықтардың  бәсекеге  қабілетті  мәдени 

ментальдігін қалыптастыруға,  заманауи мәдениет 

кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мәдени саясаты

дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу  және 

бекіту» туралы нақты міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге 

асыру – 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдік мәдениет 

пен өнердің даму орталықтарының  біріне айналуына

мүмкіндік береді.





• "Қазақстан 

Республикасының мәдени 

саясатының 

тұжырымдамасы туралы" 

Қазақстан Республикасының 

Президенті

Жарлығының жобасы

туралы Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 

2014 жылғы 22 қыркүйектегі 

№ 998 қаулысы жарық көрді.



• Тұңғыш президент Н.Ә. 

Назарбаевтың 12.04.2017 

ж. «Болашаққа бағдар: 

рухани жаңғыру» атты

мақаласында жарияланды.



• «Тәрбие және білім», «Рухани қазына»,

«Атамекен» және

«Ақпарат толқыны» болып бөлініп, жобалар мен іс-шаралар

реестрі бекітілді. Оның ішінде «Тәрбие және білім» бойынша

құны 1 миллиард 948 миллион теңгеге бағаланған 27

жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. «Рухани қазына»

бағдарламасы аясында 23 жоба қолға алынады. Жобаның құны

— 84,4 миллион теңге. Сондай-ақ, «Атамекен» бағдарламасы



бойынша екі бірдей ірі жоба іске қосылады. Құны — 2

миллиард 855 миллион 647 мың теңге.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет