Қазақтардың материалдық мәдениеті



Дата16.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#74813
түріҚұрамы
Байланысты:
Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті


Тақырыбы: Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті
Орындаған: Тузелбаев Суйиндик ИС 22-1
БӨЖ
Қазақтардың материалдық мәдениеті.
Қазақстанның көптеген аудандарында ағаштан, тастардан, шикі қыштан және шымнан тұрғызылатын тұрақты тұрғын үйлер тарады. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды «ағаш үй», «жер үй», «кірпіш үй» деп атады. Үйдің аумағы егесінің материалдық жағдайына және от басы құрамына байланысты болды, бірақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелі тұрмыс жағдайына барынша бейімдендіріліп салынды. Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр

Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және аң терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, Ақ бөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілері ерекше қымбат бағаланды.


Теріден жасалатын киімдер
1.Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.
2.Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
3.Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма.
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық.

Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.


Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
Ақындар поэзиясы

Қолданылған әдебиеттер 1.История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. Т.3. Алматы: Алматы кітап,2010 – 312с. 2.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с. 3.Ерофеева И.В. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время). – Алматы: Дайк-Пресс,2001. -256 с. 4.Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. – Алматы:Дайк-Пресс, 2007

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет